Қаратөбе ауданы бойынша 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 58 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 мамырда № 5658 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 72 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 26.05.2020 № 72 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Қаратөбе ауданы бойынша 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 53 "2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата - ананың ақы төлеу мөлшерiн бекiту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4808 тіркелген, 2017 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы (К.Хитаров) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативитік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтанға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  2019 жылғы 8 мамырдағы № 58
Қаратөбе ауданы әкімдігінің
қаулысына қосымша

Қаратөбе ауданы бойынша 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата - ана төлемақысының мөлшері

№ Р/с

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік - аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Ай сайын 1 тәрбиеленушіге мемлекеттік білім беру тапсырысы (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдарда ата - ананың 1 айдағы ақы төлеу мөлшері (теңге)

3 жасқа дейінгі

3 жастан 6 жасқа дейінгі

Бөбекжай (жергілікті бюджет)

1

Қаратөбе ауылы

"Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балдырған" бөбекжайы" МКҚК

120

31663

6000

7200

2

Қаратөбе ауылы

"Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Жазира" бөбекжайы МКҚК

90

30869

6000

7200

3

Шөптікөл ауылы

"Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Шұғыла" бөбекжайы МКҚК

35

49012

6000

7200


Егіндікөл ауылы

Егіндікөл ауылдық округінің "Балбұлақ" бөбекжайы МКҚК

30

49609

6000

7200

Балалар бақшасы (жергілікті бюджет)

4

Қарақамыс ауылы

"Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің Саралжын селолық округіндегі "Айгөлек" балабақшасы МКҚК"

25

54163


7200

5

Қоскөл ауылы

Қоскөл селолық округіндегі "Қарлығаш" балалар бақшасы МКҚК

25

54357


7200

6

Сулыкөл ауылы

"Сулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің "Балапан" балалар бақшасы" МКҚК

25

46533


7200

7

Үшана ауылы

"Сулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Раушан" балалар бақшасы" МКҚК

25

55012


7200


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады