Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округінің Жымпиты ауылының атаусыз көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 162 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 қаңтарда № 5024 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Жымпиты ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қортындысы негізінде Жымпиты ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округінің Жымпиты ауылының атаусыз көшелеріне:

      "№1" жобалық көшесі – "Атамекен" көшесі;

      "№2" жобалық көшесі – "Астана" көшесі;

      "№3" жобалық көшесі – "Береке" көшесі деп атаулар берілсін.

      2. Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А.Умирзакова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жымпиты ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы
С.Кыдыралин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады