2017 жылғы егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 4 мамырдағы № 102 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 мамырда № 4802 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 98 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 24.04.2018 № 98 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі аудан аумағында 2017 жылғы егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы (М. Мырзаш) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Тасқала ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 89 "2016 жылғы егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4363 тіркелген, 2016 жылғы 29 сәуірде "Екпін" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Сафималиевке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С.Әлиев

  Тасқала аудан әкімдігінің
2017 жылғы 4 мамырдағы
№102 каулысына қосымша

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі аудан аумағында 2017 жылғы егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері

Дақылдардың түрлері

Оңтайлы егу мерзімдері

басталуы

аяқталуы

Құрғақ далалық аймақ

1

Жаздық бидай

16 мамыр

10 маусым

2

Жаздық арпа

16 мамыр

1 маусым

3

Тары

20 мамыр

10 маусым

4

Күнбағыс

20 мамыр

10 маусым

5

Күздік бидай

10 тамыз

10 қыркүйек


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады