Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 04.05.2017 № 102 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі аудан аумағында 2016 жылғы егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы (М. М. Мырзаш) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Әлиев |
2016 жылғы 19 сәуірдегі № 89 Тасқала ауданы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы
өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі аудан
аумағында 2016 жылғы егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының
оңтайлы мерзімдері
№ | Дақылдардың түрлері | Оңтайлы мерзімдері | |
басталуы | аяқталуы | ||
3 құрғақ дала аймағы | |||
1 | Жаздық бидай | 1 мамыр | 10 маусым |
2 | Жаздық арпа | 1 мамыр | 1 маусым |
3 | Тары | 10 мамыр | 10 маусым |
4 | Күнбағыс | 10 мамыр | 10 маусым |
5 | Күздік бидай | 10 тамыз | 10 қыркүйек |