Теректі ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 маусымдағы № 12-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 шілдеде № 4857 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 31-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 23.12.2022 № 31-4 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19-1 бабына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес Теректі ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтері бекітілсін.

      2. Теректі аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 31 наурыздағы № 11-6 "Теректі ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешімі жойылсын.

      3. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (В.Мустивко) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Е. Плотникова
      Аудандық
мәслихат хатшысы
Ә. Нұрғалиев

  Теректі аудандық
мәслихатының 2017 жылғы
9 маусымдағы № 12-5 шешіміне
қосымша

Теректі ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтері

п/п

Объект

Есеп айырысу бірлігі

Баға теңгемен (ҚҚС жоқ)

1.

Тұрмысқа жайлы иеліктегі үйлер

тұрғын/айына

113

2.

Тұрмысқа жайлы емес иеліктегі үйлер 

тұрғын/айына

113

3.

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінен

1 м³

358

      Аббревиатураның ажыратып жазылуы:
м³ - текше метр;
ҚҚС - қосылған құн салығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады