Теректі ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 31-4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 желтоқсанда № 31428 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Теректі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Теректі ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Теректі аудандық мәслихатының "Теректі ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2017 жылғы 9 шілдедегі № 12-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4857 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Теректі аудандық мәслихат хатшысы А. Нургалиев

  Қазақстан Республикасы
Батыс Қазақстан облысы
Теректі аудандық мәслихаты
2022 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 31-4 шешіміне қосымша

Теректі ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (Қосылған құн салығысыз)

Жайлы үйлер

1 тұрғыннан айына

285,95

Жайлы емес үйлер

1 тұрғыннан айына

315,64

Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф

1 м3

1 875,11


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады