Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы № 11-1-4/1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 ақпанда № 16354 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 59-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 26.05.2022 № 11-1-4/240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау қағидалары бекітілсін.

      2. "Шет елдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұруға рұқсат беруді рәсімдеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 18 қазандағы № 222 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1463 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2001 жыл, № 24, 419 құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:

      1) осы бұйрықтың заңнамада көрсетілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құқықтық сараптама басқармасына ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
Қ. Әбдірахманов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

      К. Мәсімов_____________

      2018 жылғы 12 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      Қ. Қасымов_____________

      2018 жылғы 10 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      С. Жасұзақов______________

      2018 жылғы 29 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2018 жылғы 4 қаңтардағы
№ 11-1-4/1 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 26.05.2022 № 11-1-4/240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 59-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заң) 10-бабы 1)-тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау тәртібін айқындайды.

      2. "Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі көрсетеді.

2-тарау. Құжаттарды қабылдау және жолдау тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті алу үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының өздері немесе олардың заңды өкiлдерi (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге келесі құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш-сауалнама;

      2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).

      Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және/немесе баланың туу туралы куәлігін немесе анықтамасын қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші олардың көшірмелерін жасайды, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаларын қайтарып береді. Қазақстан Республикасы жеке куәлігінің түпнұсқасы алынып қояды.

      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда көрсетілетін қызметті алушы еркін нысанда жазбаша түсініктеме береді.

      Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының шет елде жүрген азаматына паспорт дайындауға арналған құжаттарды жазбаша түсініктемемен бір уақытта береді;

      3) алимент алушы отбасы мүшелерінің алдында міндеттемелері болған жағдайда, шығатын адамның заң бойынша асырауындағы отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрса, "Неке (ерлі - зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 22-тарауында көзделген тәртіппен жасалған алименттерді төлеу туралы келісім ұсынылады. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда шығатын адам алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу немесе алиментті біржолғы төлеу не белгілі бір мүлікті алимент есебіне беру немесе алиментті өзге де тәсілмен төлеу не шығатын адамның шығып кетуі үшін заңда көзделген кедергілердің болмауы фактісі анықталғаны туралы соттың шешімін береді;

      4) өндіріп алушымен жасалған әрі сот бекіткен бітімгершілік келісім; өндіріп алушымен арадағы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім; өндіріп алудың немесе атқарушылық құжаттың өзге талабының орындалғанын растайтын құжаттар; егер Қазақстан Республикасының азаматы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса, тиісті органның атқарушылық құжатты беруге негіз болған шешімінің күші жойылғанын растайтын құжаттар;

      5) алып тасталды – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 23.11.2022 № 11-1-4/628 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

      6) Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдарының он жасқа толған баланың ата-анасымен не өзге де заңды өкiлдерімен бірге шығу туралы шешiм қабылданған кездегі пiкiрiн есепке алу туралы қорытындысы;

      7) он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары тұрақты тұруға ата-анасының (қамқоршысының, қорғаншысының) бiрiмен бiрге шығатын кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын екiншi ата-анасының нотариалды түрде расталған келiсiмi болуы қажет. Келiсiм болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған баланың шығуы сот тәртiбiмен шешiлуі мүмкін;

      8) консулдық алым төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.

      Азаматтардан басқа құжаттарды сұратуға жол берiлмейдi.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес берілген.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 23.11.2022 № 11-1-4/628 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған жағдайда, өтініштің көшірмесінде қабылданған күні, құжаттар топтамасын қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын (бұдан әрі - құжаттар) ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттар негізінде енгізілетін ақпараттың толық болуын қамтамасыз ете отырып, екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен (бұдан әрі – Ұлттық қауіпсіздік комитеті) келісу үшін "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Бүркіт" БАЖ) енгізеді.

      7. Мәліметтер "Бүркіт" БАЖ-ға енгізілгеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші қабылданған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті арқылы (бұдан әрі – Консулдық қызмет департаменті) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасындағы соңғы тіркелген жері бойынша орналасқан ішкі істер органдарына (бұдан әрі – ішкі істер органы) жібереді.

      8. Ішкі істер органы келіп түскен құжаттарды қарастырып, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы аумағындағы тұрақты тіркеуінің өтініш берген сәтте бар/жоғына қарамастан, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсат ресімдеу туралы шешім қабылдайды.

      9. Ішкі істер органы Консулдық қызмет департаменті арқылы күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, бір мезгілде "Бүркіт" БАЖ-ға белгі енгізе отырып, көрсетілетін қызметті берушіні құжаттарды қарастыру нәтижесі туралы жазбаша хабардар етеді.

      10. Ішкі істер органы Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға оң шешім қабылдаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға ішкі істер органынан жазбаша хабарлама келіп түскен және (немесе) "Бүркіт" БАЖ-ға рұқсат белгісі қойылған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға шешім ресімделгені туралы Қазақстан Республикасының консулдық лауазымды адамының қолымен және мөрімен расталған хабарлама береді.

      11. Ішкі істер органы Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсат ресімдеуден бас тартқан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ішкі істер органынан бас тарту туралы жазбаша хабарлама келіп түскен және (немесе) "Бүркіт" БАЖ-ға белгі қойылған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім жөнінде, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша позицияны білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті алушыға тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталардан кемі үш жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші қажетті материалдар қосылған тыңдау хаттамасын ішкі істер органдарына қайта қарауға жіберу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      12. Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсат ресімдеу құжаттарын қарау мерзімі көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды берген күнінен бастап есептеледі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер органында қарау мерзімін қоса алғанда үш айдан аспайды.

      13. Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсат алған адамдардың есебі Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес рұқсат алған азаматтардың есебі жөніндегі жеке журналда жүргізіледі.

      14. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 5-бабы 2-тармағы 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      14-1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар қолданысқа енгізілген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.

      Ескерту. 14-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 23.11.2022 № 11-1-4/628 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде реттік нөмірі 9-жолда көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 23.11.2022 № 11-1-4/628 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шағымның қаралуын жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды шағым қарайтын органға жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына көрсетілетін қызметті алушыдан түскен шағым "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабы 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жүгінуге жол беріледі.

  Қазақстан Республикасынан тыс
жерге уақытша жұмыстармен
шыққан және онда тұрақты тұру
үшін қалуға тілек білдірген
Қазақстан Республикасы
азаматтарының құжаттарын
қабылдау және жолдау
қағидаларына
1-қосымша

САУАЛНАМА–ӨТІНІШ/ЗАЯВЛЕНИЕ – АНКЕТА

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 23.11.2022 № 11-1-4/628 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жеке сәйкестендіру нөмірі/Индивидуальный идентификационный номер




      Тегі/Фамилия




      Аты/Имя




      Әкесінің аты (бар болған жағдайда)/Отчество (при его наличии)




4. Туған күні /
Дата рождения

күні/день




айы/месяц




жылы/год




5. Жынысы / Пол

ер / мужской




әйел /женский




      7. Азаматтығы / Гражданство




      8. Ұлты / Национальность



8-1. Байланыс деректері (мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта) /
Контактные данные (адрес, номер телефона, электронная почта)
___________________________________________________________________

8-2. Елден кету күні / Дата выезда из страны _____________________________


9. Туған жері / Место рождения

Ел / Страна


Облыс / Республикалық маңызы бар қала / Область / Город республиканского значения


Аудан / Республикалық маңызы бар қаладағы аудан/ Облыстық маңызы бар қала /
Район / Район в городе республиканского значения /Город областного значения


Округ / Аудандық маңызы бар қала/ Облыстық маңызы бар қаладағы аудан /
Округ / Город районного значения / Район в городе областного значения


Елді мекен / Населенный пункт


10. Қайдан кетеді/Откуда выбывает
_________________________________
Ел / Страна
_________________________________
Облыс / Республикалық маңызы бар қала /
Область / Город республиканского значения
_________________________________
Аудан / Республикалық маңызы бар қаладағы аудан/ Облыстық маңызы бар қала /
Район / Район в городе республиканского значения /Город областного значения
_________________________________
Округ / Аудандық маңызы бар қала/ Облыстық маңызы бар қаладағы аудан /
Округ / Город районного значения / Район в городе областного значения
_________________________________
Елді мекен / Населенный пункт

11. Қайда кетеді / Куда выбывает
_______________________________
Ел/ Страна
_______________________________
Елді мекен / Населенный пункт
_______________________________
_______________________________
_______________________________

12. Кету мақсаты/ Цель выбытия

2. Жұмысқа байланысты/В связи с работой




3. Оқуға байланысты / В связи с учебой




4. Отбасылық жағдайға байланыста/ Семейные обсоятельства




9. Басқа / Другое




      Келесі бөлімдерді 16 және одан жоғары жастағы адамдар толтыруы тиіс / В дальнейших разделах необходимо заполнить лицам в возрасте 16 лет и старше.

      Көрсетілген нұсқалардың біреуін таңдаңыз / Выберите один из указанных вариантов.

13. Қоғамдық санаты / Общественная категория

1. Жалдамалы (ақы төленетін) қызметкер (ұйымда, мекемеде, жеке тұлғаларда, шаруа немесе фермер қожалығында) / Наемный (оплачиваемый) работник (в организации, предприятии, у отдельных физических лиц, крестьянском или фермерском хозяйстве)




2. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкер (жұмыс беруші, өз бетінше жұмыс істейтін (өз есебінен жұмыс істейтін), отбасы кәсіпорнының көмекші (ақы төленбейтін) қызметкері, кооператив мүшесі және жеке аулада жұмыс істейтін қызметкер / Самозанятый работник (работодатель, самостоятельные работники (работающие за свой счет), помогающие не оплачиваемые работники семейных предприятий, члены кооперативов и занятые в личном подсобном хозяйстве)




3. Жұмыссыз / Безработный




4. Студент / Студент




5. Зейнеткер / Пенсионер




9. Өзгелер (оқушылар, үй шаруашылығындағы әйелдер және тағы басқа) / Прочие (учащиеся, домохозяйки и так далее)




14. Білім деңгейі / Уровень образования (Тіркеу сәтінде жеткен ең жоғарғы білім деңгейін көрсету қажет / Необходимо указать максимально достигнутый уровень образования на момент регистрации)

15. Білімі бойынша мамандығы / Специальность по образованию

1. Сәулет-құрылыс /Архитектурно-строительная




1. Жоғары / Высшее




2. Медициналық / Медицинская




3. Педагогикалық / Педагогическая




2. Орта техникалық және кәсіптік/ Среднее техническое и профессиональное




4. Техникалық / Техническая




5. Экономикалық / Экономическая




3. Жалпы орта / Общее среднее




6. Заңгерлік / Юридическая




7. Ауыл шаруашылығы / Сельскохозяйственная




4. Негізгі орта /Основное среднее




8. Басқа / Другая




16. Неке жағдайы / Состояние в браке

1. Ешқашан некеге тұрмаған / Никогда не состоял (а) в браке

2. Некеге тұрған / Состоит в браке

3. Тұл еркек (жесір әйел) /Вдовец (вдова)

4. Ажырасқан / Разведен (а)













      Осымен бір уақытта менің кәмелетке толмаған балаларыма шығу құжаттарын ресімдеп беруді сұраймын / Одновременно прошу оформить документы на выезд моим несовершеннолетним детям

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) /Фамилия, имя, отчество (при его наличии)

Жеке сәйкестендіру нөмірі /Индивидуальный идентификационный номер

Туған күні / Дата рождения

Паспорт № / № паспорта

Жынысы / Пол





















      17. Жақын туыстары (ата-анасы, жұбайлары (оның ішінде бұрынғы), балалары) туралы мәліметтер / Сведения о близких родственниках (родители, супруги (в том числе бывшие), дети)

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) /Фамилия, имя, отчество (при его наличии)

Жеке сәйкестендіру нөмірі/Индивидуальный идентификационный номер

Туыстық дәрежесі (егер қайтыс болса қайтыс болғаны туралы куәлік қоса беріледі) / Степень родства (если умерли, приложить свидетельство о смерти)

Туған жылы және орны /Год и место рождения

Болу елі мен тұрғылықты мекенжайы /Страна пребывания и адрес места жительства

Жұмыс орны /Место работы

Некесі (лері) тіркелген орын (тіркелген некесі (лері) бар адамдар үшін) / Место регистрации брака (-ов) (для лиц, имеющих зарегистрированный (-ые) брак (-и)















      18. Соңғы 5 жыл ішіндегі еңбек қызметі / Трудовая деятельность за последние 5 лет

Орналасқан және босаған жылы / Год поступления и увольнения

Кәсіпорының, мекеменің атауы /Наименование предприятия, учреждения

Кәсіпорының, мекеменің мекенжайы /Адрес предприятия, учреждения

Жұмыс орны /Место работы

Лауазымы /Занимаемая должность

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына, оның ішінде бұрынғы жұмыс (қызмет) орындары бойынша) рұқсатының бар/жоғы / Наличие допуска к государственным секретам Республики Казахстан, в том числе по прежним местам работы (службы)



















      Сауалнама-өтініште біле тұра көрсетілген жалған деректерге қатысты жауапкершілік туралы ескертілдім (Негіз: "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңы). Мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімімді беремін.

      Предупрежден(-а) об ответственности за заведомо ложные данные в заявлении-анкете (основание: Закон Республики Казахстан "О миграции населения"). Даю согласие на доступ к персональным данным ограниченного доступа, которые требуются для оказания государственной услуги.

      ________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының қолы/подпись услугополучателя)

      20 ___ жылғы "___" _____________ / "_____" ___________ 20 __ года

      Тіркелген күні / Дата регистрации: ________________________________

  Қазақстан Республикасынан тыс
жерге уақытша жұмыстармен
шыққан және онда тұрақты тұру
үшін қалуға тілек білдірген
Қазақстан Республикасы
азаматтарының құжаттарын
қабылдау және жолдау
қағидаларына
2-қосымша

Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға байланысты әскери есептен шығару және жеке әскери-есептік құжатты тапсыру туралы анықтама беруге қатысты өтініш

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 23.11.2022 № 11-1-4/628 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасынан тыс
жерге уақытша жұмыстармен
шыққан және онда тұрақты тұру
үшін қалуға тілек білдірген
Қазақстан Республикасы
азаматтарының құжаттарын
қабылдау және жолдау
қағидаларына
3-қосымша

Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 23.11.2022 № 11-1-4/628 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерін беруді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері жүзеге асырады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

3 (үш) ай.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету түрі

Қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсаттың ресімделгені туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту.

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу әдісі

Мемлекеттiк қызмет консулдық алым ставкаларының мөлшері бойынша жеке тұлғаларға "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес (бұдан әрі – Салық кодексі), Салық Кодексінің 628-бабында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, ақылы негізде көрсетіледі.
Консулдық алымды төлеу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзілісі бар сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші сағат 09:30-дан 12:30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырады. Сәрсенбі – қабылдау болмайтын күн.
Климаты ыстық және ылғалды шет мемлекеттерде жұмыс кестесі жергілікті жағдайларға қатысты белгіленеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, кезекті көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттандыру объектілері арқылы брондауға болады.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары және шет елдердегі мекемелердің жұмыс кестесі Сыртқы істер министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш-сауалнама;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және/немесе баланың туу туралы куәлігін немесе анықтамасын қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші олардың көшірмелерін жасайды, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаларын қайтарып береді. Қазақстан Республикасының жеке куәлігінің түпнұсқасы алынып қояды.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы еркін нысанда жазбаша түсініктеме береді.
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының шет елде жүрген азаматына паспорт дайындауға арналған құжаттарды жазбаша түсініктемемен бір уақытта береді;
3) алимент алушы отбасы мүшелерінің алдында міндеттемелері болған жағдайда, шығатын адамның заң бойынша асырауындағы отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрса, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 22-тарауында көзделген тәртіппен жасалған алименттерді төлеу туралы келісім ұсынылады. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда шығатын адам алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу немесе алиментті біржолғы төлеу не белгілі бір мүлікті алимент есебіне беру немесе алиментті өзге де тәсілмен төлеу не шығатын адамның шығып кетуі үшін заңда көзделген кедергілердің болмауы фактісі анықталғаны туралы соттың шешімін береді;
4) сот бекіткен, өндіріп алушымен жасалған бітімгершілік келісім; өндіріп алушымен арадағы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім; өндіріп алудың немесе атқарушылық құжаттың өзге талабының орындалғанын растайтын құжаттар; егер Қазақстан Республикасының азаматы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса, тиісті органның атқарушылық құжатты беруге негіз болған шешімінің күші жойылғанын растайтын құжаттар;
5) Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдарының он жасқа толған баланың ата-анасымен не өзге де заңды өкiлдерімен бірге шығу туралы шешiм қабылданған кездегі пiкiрiн есепке алу туралы қорытындысы;
6) он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары тұрақты тұруға ата-анасының (қамқоршысының, қорғаншысының) бiрiмен бiрге шығатын кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын екiншi ата-анасының нотариалды түрде расталған келiсiмi болуы қажет. Келiсiм болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған баланың шығуы сот тәртiбiмен шешiлуі мүмкін;
7) консулдық алым төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздері

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электронды түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызмет ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасынан тыс
жерге уақытша жұмыстармен
шыққан және онда тұрақты тұру
үшін қалуға тілек білдірген
Қазақстан Республикасы
азаматтарының құжаттарын
қабылдау және жолдау
қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсат ресімделгені туралы хабарлама

      __________________ тұрғылықты тұру үшін шығуға РҰҚСАТ ЕТІЛДІ

      Негіздеме: ____________________ Полиция департаментінің

      20____ жылғы "____" ____________ № _______________ шешімі

      Консулдық лауазымды адам

      ___________________

      (қол мен мөрдің орны)

  Қазақстан Республикасынан тыс
жерге уақытша жұмыстармен
шыққан және онда тұрақты тұру
үшін қалуға тілек білдірген
Қазақстан Республикасы
азаматтарының құжаттарын
қабылдау және жолдау
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсат алған Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке алу журналы

№ р/с

Өтініш білдірілген күн

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған күні

Паспорт нөмірі

Хабарлама берілген күн

Байланыс деректері

1

2

3

4

5

6

7










Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады