"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 444-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 16.07.2021 № 685 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде салық салынатын импорттың мөлшерін түзету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 103 бұйрығымен бекітілген |
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде салық салынатын импорттың мөлшерін түзету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде салық салынатын импорттың мөлшерін түзету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) 444-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде салық салынатын импорттың мөлшерін түзету тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 16.07.2021 № 685 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Салық салынатын импорттың мөлшерін түзету тәртібі
2. Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген (әкелінетін) тауарлардың құнын растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде салық салынатын импорттың мөлшерін түзетеді.
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген (әкелінетін) тауарлардың құнын растайтын құжаттарға мынадай кезектіліктегі құжаттардың бірі:
1) Кодекстің 456-бабының 2-тармағының 4) тармақшасында көрcетiлген шарттар (келiсiмшарттар);
2) Кодекстің 456-бабының 2-тармағының 3) тармақшасында көрcетiлген шот-фактуралар;
3) Кодекстің 456-бабының 2-тармағының 2) тармақшасында көрcетiлген тауарға iлеспе және (немесе) өзге де құжаттар;
4) осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттар жатады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 16.07.2021 № 685 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген мәліметтер болмаған жағдайда, мынадай кезектілікпен пайдаланылатын төменде келтірілген мәліметтер Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде салық салынатын импорттың мөлшерін түзету кезіндегі ақпарат көздері болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы заңнамасына сәйкес Ұлттық палатасы беретін тауарларға сараптама актісі (қорытынды) не Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы беретін тауарлар бағасының есебі;
2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына осындай тауарларды әкелгенге дейін тоқсан күннен ерте емес импортталған тауарлар бойынша салық есептілігін талдау жолымен алынған мемлекеттік кірістер органдарында бар бірдей (ұқсас) тауарлардың (олар болмаған жағдайда – біртекті тауарлар) бағалары туралы мәліметтер.
Бірдей (ұқсас) тауарлар деп өзіне тән мынадай бірдей негізгі белгілері: физикалық сипаттамалары, сапасы, шығарылған елі және өндірушісі бар тауарлар түсініледі.
Біртекті тауарлар деп бірдей (ұқсас) болмаса да жақын сипаттамалары бар, ұқсас құрамдастардан тұратын тауарлар түсініледі, бұл оларға бір және сол функцияларды атқаруға және оларды өзара алмастыруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте, осы тармақшада көрсетілген ақпарат болмаған жағдайда Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде салық салынатын импорттың мөлшерін түзету кезінде бағалар туралы ақпарат көздері ретінде бірдей (ұқсас) немесе біртекті тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенге дейін алдыңғы күнтізбелік тоқсандар ішінде, бірақ күнтізбелік бір жылдан аспайтын мерзімде қалыптасқан осындай тауарларға ақпарат пайдаланылады.
Егер осы тармақшада көрсетілген ақпарат қолданылған кезде бірдей (ұқсас) тауарлар, ал олар болмаған кезде – біртекті тауарлар бойынша мәміленің екі және одан көп бағасы анықталса, онда салық салынатын импорттың мөлшерін айқындау үшін олардың ең төменгі бағасы қолданылады.
3) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздері болып табылады.
4. Осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген жағдайда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттайтын салық төлеуші салық салынатын импорттың мөлшерін дербес түзетеді.
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген (әкелінетін) тауарлардың құнын растау мақсаттары үшін ақпарат көзі ретінде осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген баға туралы мәліметтерді салық төлеуші мемлекеттік кірістер органдарынан сұратады.
Мемлекеттік кірістер органдары сұрау салған тауарлар бойынша баға ақпаратының тізбесін қоса бере отырып мұндай баға туралы мәліметтерді он жұмыс күні ішінде табыс етеді.
Бұл ретте салық төлеушінің салық салынатын импорттың мөлшерінің тиісті салық есептілігіне түзету енгізуіне:
1) тексерілетін салық кезеңі – кешенді және тақырыптық тексерулер кезеңінде;
2) шағымдалатын салық кезеңі – шағым берудің қалпына келтірілген мерзімі ескеріле отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды беру және қарау мерзімі кезеңінде;
3) салықтық тексеру жүргізілген салық кезеңі бойынша жол берілмейді.
5. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қарайтын мемлекеттік кірістер органы салық салынатын импорттың мөлшеріне түзетуді өтінішті қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Түзету нәтижелері бойынша салық төлеушіге Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 10)-тармақшасында көзделген камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолданады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 31.03.2021 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.