"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 182 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 2 ақпандағы № 3/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 21 ақпанда № 16405 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 16-тармағының 125-15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 182 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9574 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Гаупвахтада:

      1) 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 131-бабына сәйкес мерзімге қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген орган ұстаған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері;

      2) Кодекстің 151-бабына сәйкес мерзімге сот санкциялаған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін орган күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолданған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдіктелген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері;

      3) Кодекстің 151-бабына сәйкес мерзімге сот санкциялаған күзетпен ұстау бұлтарпау шарасы қолданылған қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері ұсталады.";

      119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "119. Күдіктілерді немесе айыпталушыларды күзетпен ұстаудан босатуды гауптвахта бастығы осы Кодекстің 145-бабының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, күзетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасын өзгертуді немесе күшін жоюды санкциялау туралы тергеу судьясының қаулысын алған соң жүзеге асырады.";

      120-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "120. Егер Кодекстің 131-бабы төртінші бөлігінің 1) – 6) тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, нақты ұстау жүргізілген сәттен бастап қырық сегіз сағат ішінде гауптвахта бастығына күдіктіні күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялауы туралы соттың қаулысы түспесе, гауптвахта бастығы тез арада өз қаулысымен ұсталған адамды босатады және ол туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуші органға немесе адамға және прокурорға хабарлайды. 

      Кодекстің 131-бабы төртінші бөлігінің 1) – 6) тармақтарында көзделген жағдайларда гауптвахта бастығына нақты ұстау жүргізілген сәттен бастап жетпіс екі сағат ішінде күдіктіні күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялауы туралы соттың қаулысы түспесе, ол күдіктіні тез арада өз қаулысымен босатады және бұл туралы істі жүргізіп жатқан адамды және прокурорды хабардар етеді.";

      аталған Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полициясы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды;

      4) осы бұйрықты ол ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2018 жылғы 2 ақпандағы
№ 3 қ/е бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
әскери полициясы
органдарының
гауптвахталарында күдікті және
айыпталушы әскери
қызметшілерді ұстаудың
ішкі тәртібінің қағидаларына
1-қосымша
Бекітемін
Әскери полиция органының
бастығы
____________________________
(лауазымы, қолы, тегі және
аты-жөні)
20 ___ жылғы " ___ " _________

ІШКІ ТӘРТІП

      1. Күдіктілер мен айыпталушылар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібі қағидаларының талаптарын сақтайды.

      2. Гауптвахтада ұсталатын күдіктілер мен айыпталушылар үшін мынадай ішкі күн тәртібі белгіленеді:

Р/с

Өткізілетін іс-шаралардың атауы

Ұзақтығы

Өткізу уақыты

басталуы

аяқталауы

1.

Тұрғызу

10 мин

6.00

6.10

2.

Күдіктілерді және айыпталушыларды тексеру, төсек жабдықтарын тапсыру, сәкіні көтеру

20 мин

6.10

6.30

3.

Таңертеңгі жуынып-шайыну

40 мин

6.30

7.10

4.

Гауптвахтаның камералары мен орын-жайларын жинастыру

40 мин

7.10

7.50

5.

Таңертеңгі тексеріп қарау

30 мин

7.50

8.20

6.

Ертеңгі ас

20 мин

8.20

8.40

7.

Гауптвахта қызметкерлерінің камераларды аралап шығуы

20 мин

8.40

9.00

8.

Жуыну

20 мин

13.20

13.40

9.

Түскі ас

40 мин

13.40

14.20

10.

Жеке уақыт

30 мин

14.20

14.50

11.

Серуендеу

60 мин

14.50

15.50

Жүкті әйелдердің серуендеуі

180 мин

14.50

17.50

12.

Шаруашылық жұмыстар өткізу

40 мин

17.50

18.30

13.

Жеке уақыт

30 мин

18.30

19.00

14.

Кешкі ас

30 мин

19.00

19.30

15.

Мерзімдік басылым мен журналдарды қарау

50 мин

19.30

20.20

16.

Гауптвахтаның камералары мен орын-жайларын жинау

40 мин

20.20

21.00

17.

Кешкі жуыну

30 мин

21.00

21.30

18.

Кешкі тексеру

20 мин

21.30

21.50

19.

Төсек жабдықтарын беру, сәкілерді түсіру

10 мин

21.50

22.00

20.

Ұйықтау

22.00

      Гауптвахта бастығы

      _______________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20__ жылғы "__" _______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады