"Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды бюджет қаражатының есебінен өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 627 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 61 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 23 ақпанда № 16421 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-190/2020 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.11.2020 № ҚР ДСМ-190/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 81) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1."Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды бюджет қаражатының есебінен өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 627 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11976 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды бюджет қаражатының есебінен өтеу қағидаларына:

      бүкіл мәтін бойынша "МФҚБК" деген аббревиатура "ҚДСК" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақта:

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі - әкімші) - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі немесе облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі - ДСБ);";

      36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "36) Министрліктің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті (бұдан әрі - ҚДСК) - Министрліктің медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - ҚДСК АД);";

      45), 46) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "45) тапсырыс беруші - республикалық немесе жергілікті бюджеттер қаражатының есебінен шығындарын өтеуді жүзеге асыратын Министрліктің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменті немесе ДСБ;

      46) тарификатор - Денсаулық туралы кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен медициналық қызметтерге арналған тарифтердің тізбесі;

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. ТМККК көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды бюджет қаражатының есебінен өтеу тәртібі";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бюджет қаражатының есебінен ТМККК көрсететін ұйымдарға шығындарды өтеуді тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы азаматтарының ТМККК көрсететін субъектіні еркін таңдау құқығын және медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылау нәтижелерін ескере отырып, әкімшінің тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларында көзделген қаражаттың шегінде, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған сомалардың шегінде, алдыңғы қаржы жылына ТМККК көрсетуге шарттар жасасқан қызметтер берушілермен ағымдағы қаржы жылының бюджет қаражаты есебінен алдыңғы қаржы жылының соңғы айында көрсетілген медициналық қызметтер үшін ТМККК көрсетуге жасалған шарттардың негізінде жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 41-1-тармақпен толықтырылсын:

      "41-1. Алдыңғы қаржы жылының соңғы айында есеп-тізілімге кірмеген және (немесе) сапасы мен көлемін бақылауды жүргізуге байланысты тиісті қаржы жылы ТМККК көрсетуге шарттың қолданысы ішінде төлемге қабылданбаған ТМККК көрсетуге арналған шартқа сәйкес ТМККК шеңберінде консультациялық-диагностикалық көмек түрінде көрсетілген қызметтерге төлем ағымдағы қаржы жылында жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 79-1-тармақпен толықтырылсын:

      "79-1. Сызықтық шкаланы қолдануға байланысты төлемге қабылданбаған алдыңғы қаржы жылында осы Қағидаларға 32-1-қосымшаға сәйкес Сызықтық шкала қолданылмайтын және АХЖ-10 бойынша балалар мен ересектердің гематологиялық ауруларының тізбесі бойынша лимфойдты және қан өндіретін тіндердің қатерлі ісіктерімен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары мен "University Medical Center" корпоративтік қорының ұсынған қызметтеріне төлем ағымдағы қаржы жылында жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 144-1-тармақпен толықтырылсын:

      "144-1. Алдыңғы қаржы жылының соңғы айында есеп-тізілімге және (немесе) атқарылған жұмыстардың актілеріне кірмеген және (немесе) сапасы мен көлемін бақылауды жүргізуіге байланысты алдыңғы қаржы жылы ТМККК көрсетуге шарттың қолданысы ішінде төлемге қабылданбаған ТМККК көрсетуге арналған шартқа сәйкес ТМККК шеңберінде онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсету кезінде кешенді тарифке қосылмаған химиялық, оның ішінде таргеттік препараттарға төлем ағымдағы қаржы жылында жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесін баспа және электрондық түрде бір данада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

      КЕЛІСІЛГЕН

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ____________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы "___" ________

      КЕЛІСІЛГЕН

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы "___" ________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады