Қазақстан Республикасында тұрған мүлікті өткізу кезіндегі мәмілеге қатысушылар және параметрлері және акциялар, салық агенті болып табылатын бейрезидент туралы мәліметті қоса, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты қатысу үлесі туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 157 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 1 наурызда № 16451 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 26-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тұрған мүлікті өткізу кезіндегі мәмілеге қатысушылар және параметрлері және акциялар, салық агенті болып табылатын бейрезидент туралы мәліметті қоса, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты қатысу үлесі туралы мәліметтер нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________ Ж. Қасымбек

      12 ақпан 2018 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрі

      _________ Қ. Бозымбаев

      12 ақпан 2018 жылы

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 157 бұйрығымен бекітілген
  Нысаны

Қазақстан Республикасында тұрған мүлікті өткізу кезіндегі мәмілеге қатысушылар және параметрлері және акциялар, салық агенті болып табылатын бейрезидент туралы мәліметті қоса, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты қатысу үлесі туралы мәліметтер

р/с №

Жасалған мәміле бойынша иеліктен шығаруға жататын жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер туралы мәлімет

Жер қойнауын пайдаланушы (сатушы) туралы мәліметтер

Қатысу үлесін (акцияларды) өткізу жөніндегі мәміленің нөмірі мен күні

Шартта көзделген жасалған мәміле бойынша табыс төлеу күні

Валюта атауы

Жер қойнауын пайдаланушының ЖСН/БСН (егер резидент еліндегі оның аналогы бей резидент болса)

жер қойнауын пайдаланушының атауы немесе Т.А.Ә.

Жарғылық капиталдың мөлшері

жер қойнауын пайдалануға арналған Келісімшарттің № және күні

Резидент елі

1

2

3

4

5

6

7

8

9











Жер қойнауын пайдаланушының (сатушының) тікелей қатысу үлесі бар қатысушылар туралы ақпарат

Қатысушысының
ЖСН/БСН (егер резидент еліндегі оның аналогы бей резидент болса)

Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануға қатысушы резиденттері мен бейрезиденттер атауы / Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануға тікелей қатысушы резиденттер мен бейрезиденттер Т.А.Ә.

Жер қойнауын пайдаланушының атауы немесе Т.А.Ә.

Жер қойнауын пайдаланушының жарғылық капиталына қатысу үлесі (акциялар) ( % )

Резидент елі қатысушы

Резидент елінде орналасқан жері

Резидент еліндегі мемлекеттік тіркеу № және күні

иеліктен шығару үлесінің (акциялар), мөлшері %

Басқа адамдардың алғашқы иесінде қалатын құқықтарының көлемі

Басқа тұлғалармен мүлікті өткізетін тұлғаның аффилирленуі туралы мәлімет (тікелей немесе жанама қатысу үлесі %)

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19












Жер қойнауын пайдаланушының жанама үлесі бар қатысушылар туралы мәлімет (бұдан әрі - жанама қатысушы)

Жанама қатысушының ЖСН/БСН (егер резидент еліндегі оның аналогы бейрезидент болса)

Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланушы резиденттер және бейрезидент жанама қатысушы атауы / Т.А.Ә.

Қатысу үлесі (ол иеленетін акцияларда) бар тұлғаның атауы, жанама қатысушы

Жер қойнауын пайдаланушының жарғылық капиталына жанама қатысушының қатысу үлесі (акция),%

Жанама қатысушы резидент елі

20

21

22

23

24







Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатушы туралы мәліметтер

Сатушының ЖСН /БСН

Сатушының атауы немесе Т.А.Ә.

Резидент елінде мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні

Сатушының резидент елі

Рездент елінде тұрған жері

Жер қойнауын пайдаланушының жарғылық капиталындағы иеліктен шығарылған үлесінің (акция) мөлшері

Сатушының қатысу үлесін сатып алу жөніндегі мәміленің нөмірі мен күні

Сатушының қатысу үлесін (акция) сатып алу құны (құн өсімін анықтау мақсатында)

Валюта атауы

Басқа адамдардың алғашқы иесінде қалатын құқықтарының көлемі

Басқа тұлғалармен мүлікті сататын тұлғаның аффилирленуі туралы мәлімет (% -ға тікелей немесе жанама қатысу үлесі)

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35













Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алушы туралы мәлімет

Сатып алушының ЖСН/БСН

Сатып алушының атау, Т.А.Ә.

Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, құжаттың нөмірі мен берілген күні / резидент елінде мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі

Сатып алушының резидент елі

Резидент еліндегі тұрған жері (құрылтай құжаттарына сәйкес)

Мәміле жасаған жыл алдындағы соңғы үш жыл ішінде өзінің қызметін жүзеге асырған мемлекеттердің тізімін қоса алғанда, сатып алушының бұрынғы қызметі туралы мәлімет

36

37

38

39

40

41








Сатушы сатып алған және өткізген объектінің құны

Сатушының сатқан үлесін (акцияларын) сатып алу туралы мәміленің нөмірі мен күні

Сатып алу құны (алғашқы құн) сатушының қатысу (акция) үлесі (құнның өсуін айқындау мақсатында)

Сатушының қатысу үлесін (акцияларын) өткізу жөніндегі мәміленің нөмірі мен күні

Қатысу (акция) үлесін өткізу құны

Табыстарды төлеу күні

Валюта атауы

42

43

44

45

46

47







      Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:

      БСН/ЖСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі / жеке сәйкестендіру нөмірі

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда).

      "Қазақстан Республикасында тұрған мүлікті өткізу кезіндегі мәмілеге қатысушылар және параметрлері және акциялар, салық агенті болып табылатын бейрезидент туралы мәліметті қоса, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты қатысу үлесі туралы мәліметтер" нысанына түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Қазақстан Республикасында
тұрған мүлікті өткізу кезіндегі
мәмілеге қатысушылар және
параметрлері және акциялар,
салық агенті болып табылатын
бейрезидент туралы мәліметті
қоса, Қазақстан
Республикасында жер қойнауын
пайдалануға байланысты қатысу
үлесі туралы мәліметтер"
нысанына қосымша

Қазақстан Республикасында тұрған мүлікті өткізу кезіндегі мәмілеге қатысушылар және параметрлері және акциялар, салық агенті болып табылатын бейрезидент туралы мәліметті қоса, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты қатысу үлесі туралы мәліметтер" нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      1. Нысан "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 26-бабы 7-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Егер ақпарат бар болса, нысанды мәліметтерді толтыру бойынша жауапты лауазымды тұлға толтырады және электронды құжат айналымы жүйесінің бірыңғай жүйесі (ЕСЖС), және қағаз жүзінде немесе бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесі (БМБЖ) арқылы мемлекеттік кірістер органдарына Қазақстан Республикасында тұрған мүлікті өткізу, акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты қатысу үлесі туралы мәмілелері жасалған күннен бастап ұсынады.

      3. Нысанға бірінші басшы немесе оның орынбасары, мәліметтерді ұсыну үшін жауапты лауазымды адам қолын қояды.

      4. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      5. Нысанның 2-бағанында қатысу (акцияларын) үлестерін іске асыру бойынша мәміле нөмірі мен күні көрсетіледі.

      6. Нысанның 3-бағанында шартта көзделген мәмілені жасау бойынша табыс төленген күні көрсетіледі.

      7. Нысанның 4-бағанында мәміле шартында көзделген валютаның атауы көрсетіледі.

      8. Нысанның 5-бағанында жер қойнауын пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) (егер резидент еліндегі оның аналогы бейрезидент болса) көрсетіледі.

      9. Нысанның 6-бағанында жер қойнауын пайдаланушының атауы немесе тегі, атын, әкесінің атын (бұдан әрі – Т.А.Ә.) көрсетіледі.

      10. Нысанның 7-бағанында жарғылық капитал мөлшері көрсетіледі.

      11. Нысанның 8-бағанында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі мен күні көрсетіледі.

      12. Нысанның 9-бағанында Резидент елі көрсетіледі.

      13. Нысанның 10-бағанда қатысушының (егер резидент еліндегі оның аналогы бейрезидент болса) ЖСН/БСН көрсетіледі.

      14. Нысанның 11-бағанында Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануға қатысушы резиденттері мен бейрезиденттер атауы / Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануға тікелей қатысушы резиденттер мен бейрезиденттер Т.А.Ә. көрсетіледі.

      15. Нысанның 12-бағанында жер қойнауын пайдаланушының атауы немесе Т.А.Ә. көрсетіледі.

      16. Нысанның 13-бағанында жер қойнауын пайдаланушының жарғылық капиталға қатысу үлесі (акциялар) жалпы үлеске пайыздық қатынаста көрсетіледі.

      17. Нысанның 14-бағанында қатысушының резиденттік елі көрсетіледі.

      18. Нысанның 15-бағанында резиденттік еліндегі орналасқан жері көрсетіледі.

      19. Нысанның 16-бағанында резиденттік еліндегі мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні көрсетіледі.

      20. Нысанның 17-бағанында үлесті (акциялар) иеліктен шығару мөлшері жалпы үлеске пайыздық қатынаста көрсетіледі.

      21. Нысанның 18-бағанында басқа адамдардың алғашқы иесінде қалатын құқықтарының көлемі көрсетіледі.

      22. Нысанның 19-бағанында басқа тұлғалармен мүлікті өткізетін тұлғаның аффилирленуі туралы мәлімет (тікелей немесе жанама қатысу мөлшері) көрсетіледі.

      23. Нысанның 20-бағанында жанама қатысушының ЖСН/БСН (егер резидент еліндегі оның аналогы бейрезидент болса) көрсетіледі.

      24. Нысанның 21-бағанында Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланушы резиденттер және бейрезидент жанама қатысушы атауы / Т.А.Ә көрсетіледі.

      25. Нысанның 22-бағанында қатысу үлесі (ол иеленетін акцияларда) бар тұлғаның атауы, жанама қатысушы көрсетіледі.

      26. Нысанның 23-бағанында жер қойнауын пайдаланушының жарғылық капиталына жанама қатысушының қатысу (акция) үлесі пайыздық қатынаста көрсетіледі.

      27. Нысанның 24-бағанында жанама қатысушының резидент елі көрсетіледі.

      28. Нысанның 25-бағанында сатушының ЖСН/БСН көрсетіледі.

      29. Нысанның 26-бағанында сатушының атауы немесе Т.А.Ә. көрсетіледі.

      30. Нысанның 27-бағанында резидент еліндегі сатушының мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні көрсетіледі.

      31. Нысанның 28-бағанында сатушының резидент елі көрсетіледі.

      32. Нысанның 29-бағанында сатушының резидент еліндегі тұрған жері көрсетіледі.

      33. Нысанның 30-бағанында жер қойнауын пайдаланушының жарғылық капиталындағы иеліктен шығарылған үлесінің (акция) мөлшері көрсетіледі.

      34. Нысанының 31-бағанында сатушының қатысу үлесін (акцияларын) сатып алу жөніндегі мәміленің нөмірі мен күні көрсетіледі.

      35. Нысанның 32-бағанында сатушының қатысу үлесін (акцияларын) (құнның өсуін айқындау мақсатында) құны көрсетіледі

      36. Нысанның 33-бағанында валюта атауы көрсетіледі.

      37. Нысанның 34-бағанында басқа адамдардың алғашқы иесінде қалатын құқықтарының көлемі көрсетіледі.

      38. Нысанның 35-бағанында басқа тұлғалармен мүлікті өткізетін тұлғаның аффилирленуі туралы мәлімет (тікелей немесе жанама қатысу мөлшері пайыздық қатынаста) көрсетіледі.

      39. Нысанның 36-бағанында сатып алушының ЖСН/БСН көрсетіледі

      40. Нысанның 37-бағанында сатып алушының атауы, Т.А.Ә. көрсетіледі.

      41. Нысанның 38-бағанында жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, құжаттың нөмірі мен берілген күні/резидент елінде мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі көрсетіледі.

      42. Нысанның 39-бағанында сатып алушының резидент елі көрсетіледі.

      43. Нысанның 40-бағанында резидент елінің тұрған жері (құрылтай құжаттарына сәйкес) көрсетіледі.

      44. Нысанның 41-бағанында мәміле жасаған жыл алдындағы соңғы үш жыл ішінде өзінің қызметін жүзеге асырған мемлекеттердің тізімін қоса алғанда, сатып алушының бұрынғы қызметі туралы мәлімет көрсетіледі.

      45. Нысанның 42-бағанында сатушының қатысу үлесін (акцияларын) сатып алу бойынша мәмілені нөмірі мен күні көрсетіледі.

      46. Нысанның 43-бағанында сатып алу құны (алғашқы құн) сатушының қатысу (акция) үлесі (құнның өсуін айқындау мақсатында) көрсетіледі.

      47. Нысанның 44-бағанында сатушының қатысу үлесін (акцияларын) өткізу жөніндегі мәміленің нөмірі мен күні көрсетіледі.

      48. Нысанның 45-бағанында қатысу үлесін (акциялар) өткізу құны көрсетіледі

      49. Нысанның 46-бағанында сатушыға табысты төлеу күні көрсетіледі.

      50. Нысанның 47-бағанында сатушыға табыс төленген валютаның атауы көрсетілед.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады