"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 331-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тауарларды жою актісінің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 161 бұйрығымен бекітілген |
|
нысан |
Тауарды жою туралы акт
Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 11.11.2020 № 1089 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20 __ жылғы "___" __________ |
1. Осы акт,
№ __________________________________________________________________
Тауарларға арналған декларацияға (декларацияларға) сәйкес, мына:
Тауарлардың атауы | ЕЭО СЭҚ ТН бойынша тауарлардың коды | Мөлшері |
1 | 2 | 3 |
тауарларды жою кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды жою туралы құрастырылған
2. Жою кедендік рәсімін мәлімдеген тұлға туралы мәліметтер: ____________________
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), ЖСН (жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін –
аталынуы, БСН))
3. Бұл ретте тауарларды жоюдың мынадай : _____________________________________
_____________________________________________________________ тәсілдері қолданылды
4. Тауарларды жою орны: ___________________________________________________
_______________________________________________________________________________
5. Тауарларды жою нәтижесінде келесідей қалдықтар пайда болды:
Ұсақ қалдықтардың атауы | ЕЭО СЭҚ ТН бойынша ұсақ қалдықтардың коды | Мөлшері және өлшем бірлігі | Ұсақ қалдықтардың орналасқан жері | Ұсақ қалдықтардың жай-күйі | Олардың одан әрі пайдалану мүмкіндігі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
6. Жою кезінде қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер:
_________________________________________________________ |
_________________ |
_________________________________________________________ |
_________________ |
_________________________________________________________ |
_________________ |
_________________________________________________________ |
_________________ |
7. Тауарларды жою фактісі фото және (немесе) бейнетүсірілімдер қолданыла отырып тіркелді:
№ | Аппараттың атауы | Маркасы | Моделі | Кім жүргізді (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) | Қолы |
1 |
Ескерту: Жою актісі комиссияның барлық мүшелерінің және қатысқан адамдардың қолымен расталады, үш данада ресімделеді: бірінші данасы кеден органында сақталады; екінші данасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне беріледі; үшінші данасы декларантта қалады.
Аббревиатуралардың мағынасын ашу:
БСН - бизнес сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;
ЕАЭО СЭҚ ТН - Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқыэкономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы.