"Тауарларды жою актісінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 161 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 11 қарашадағы № 1089 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 13 қарашада № 21625 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауарларды жою актісінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 161 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16459 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген тауарды жою туралы актінің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 11 қарашасы
№ 1089 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 161 бұйрығымен
бекітілді
  нысан

Тауарды жою акт 20 __ жылғы "___" __________

      1. Осы акт,

      №______________________________________________________________

      тауарларға арналған декларацияға (декларацияларға) сәйкес, мына:

Тауардың атауы

ЕЭО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды

Мөлшері

1

2

3




      тауарларды жою кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды жою туралы құрастырылған

      2. Жою кедендік рәсімін мәлімдеген тұлға туралы мәліметтер:

      __________________________________________________________________________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), ЖСН/аталынуы, БСН))

      3. Бұл ретте тауарларды жоюдың мынадай:___________________________

      _________________________________________________ тәсілдері қолданылды

      4. Тауарларды жою орны:__________________________________________

      5. Тауарларды жою нәтижесінде келесідей қалдықтар пайда болды:

Ұсақ қалдықтардың атауы

ЕЭО СЭҚ ТН бойынша ұсақ қалдықтардың коды

Мөлшері және өлшем бірлігі

Ұсақ қалдықтардың орналасқан жері

Ұсақ қалдықтардың жай-күйі

Олардың одан әрі пайдалану мүмкіндігі

1

2

3

4

5

6







      6. Жою кезінде қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер:

_____________________________________
(жойылатын тауарларға қатысты иелену,
қолдану және (немесе) билік ету құқығына
ие тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде))

_________________
(қолы)

____________________________________
(қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі
өкілінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде))

_________________
(қолы)

_____________________________________
(жою кезінде қатысқан мемлекеттік кірістер
органдарының лауазымды тұлғаларының
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде))

_________________
(қолы)

_____________________________________
(жою кезінде қатысқан өзге мемлекеттік
органдардың сарапшылары не мамандарының
лауазымы , тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде))

_________________
(қолы)

      7. Тауарларды жою фактісі фото және (немесе) бейнетүсірілімдер қолданыла отырып тіркелді:

Аппараттың атауы

Маркасы

Моделі

Кім жүргізді (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))

Қолы

1

2

3

4

5

6







      Ескерту: Жою актісі комиссияның барлық мүшелерінің және қатысқан адамдардың қолымен расталады, үш данада ресімделеді: бірінші данасы кеден органында сақталады; екінші данасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне беріледі; үшінші данасы декларантта қалады.

      Аббревиатуралардың мағынасын ашу:

      БСН - бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЕАЭО СЭҚ ТН - Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқыэкономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады