"Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 9 ақпандағы № 47 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 наурызда № 16471 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1307) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидаларында:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Формативтік бағалау білім алушылардың оқыту мақсатына жету мониторингін жүргізу және орындалған үй жұмысы мен педагогтің жазбаша түрдегі (дәптерге немесе күнделікке) немесе ауызша ұсынымдамаларының қорытындысын ескере отырып сараланған жұмыстарды одан әрі теңестіру үшін жүргізіледі."

      мынадай мазмұндағы 13-1 және 13-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "13-1. Формативтік бағалау кезінде педагог білім алушылардың санын және кері байланысты беру жиілігін дербес анықтайды.

      13-2. Формативті бағалау нәтижелері басып шығару мен одан әрі сақтауды талап етпейді.

      Формативті бағалау нәтижелерін қою бағаланатын жұмыс орындалған дәптерлерінде жүзеге асырылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды тоқсан, бөлім (ортақ тақырып) аяқталғаннан кейін оқу материалдарының мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау және қадағалау үшін жиынтық бағалау нысанында педагогтер жүргізеді.

      Жиынтық бағалау үшінші тоқсаннан бастап 1-сыныптарда, бірінші тоқсаннан бастап 2-11 (12) сыныптарда жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 14-1, 14-2, 14-3, 14-4, 14-5, 14-6, 14-7 және 14-8 тармақтармен толықтырылсын:

      "14-1. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (бұдан әрі - БЖБ) нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескерілетін балдар қойылады.

      14.2. БЖБ үшін максималды бал, БЖБ өткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, ауызша сұрау, эссе) мен сабағы және БЖБ орындау уақыты реттелмейді.

      14.3. Бөлім және тоқсандық жұмыс үшін жиынтық бағалауға қойылатын қорытынды балды қою кезінде қолмен жөнделген жер, сондай-ақ оқу тапсырмалары мен есептер шарттарын ресімдеу сапасы есептелмейді.

      14-4. Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ тоқсанда екі реттен артық емес жүргізіледі.

      14-5. Бөлімдер/ортақ тақырыптар тоқсанына үш және одан да көп бөлімдерді (ортақ тақырыптар) оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың ерекшеліктерін және оқыту мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі.

      Тоқсанда бір бөлімді (ортақ тақырыпты) оқып-зерделеген жағдайда, БЖБ тоқсанның екінші жартысында, тоқсанның соңына дейін кемінде екі апта бұрын бір рет өткізіледі. Оны екі кезеңге бөліп жүргізуге болады.

      14-6. Пәндердің күрделілік деңгейін есепке ала отырып, бір күнде үш тоқсандық жиынтық бағалау жүргізуге болады. Олар тоқсан аяқталатын соңғы күні жүргізілмейді.

      14-7. Үйде оқитын білім алушыларды бағалау кезінде педагог үйде оқитын білім алушылардың оқу жүктемесін және олардың оқып-зерделеген оқу материалын ескере отырып, сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды әзірлейді.

      14-8. Ерекше оқу қажеттіліктері бар білім алушыларды бағалау кезінде педагог сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды қолданып, сондай-ақ, оқушының ерекшелігін есепке ала отырып, бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізеді.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. "Өзін-өзі тану", "Көркем еңбек", "Музыка", "Дене шынықтыру", "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері", "Графика және жобалау", "Қоғам және дін" пәндері бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді.

      Тоқсан ("Дене шынықтыру", "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" және "Графика және жобалау"), жарты жыл ("Өзін-өзі тану", "Көркем еңбек", "Музыка", "Қоғам және дін") және оқу жылының соңында аталған пәндер бойынша "есептелінді" ("есептелінген жоқ") деген белгі жазылады.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Білім алушы белгілі себептермен болмаған жағдайда (ауырып қалуына байланысты, жақын туыстарының қайтыс болуы, конференцияға, олимпиадалар мен ғылыми жобаларға (ғылыми жарыстарға) қатысу)) жеке кесте бойынша жиынтық бағалауды тапсырады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Білім алушылардың жиынтық бағалау нәтижелері балл түрінде (қағаз/электрондық) журналға қойылады және осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес балды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша тоқсандық және жылдық бағаға ауыстырылады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. 2-11 (12) сынып білім алушыларының пәндер бойынша жылдық бағалары бөлім (ортақ тақырыптар) және тоқсандық жиынтық бағалары нәтижелерінің жиынтығы негізінде 50%-да 50% пайыздық арақатынаста қойылады және қорытынды баға болып табылады.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Оқушылар бір мектептен екінші мектепке ауысқан кезде, оқу жылы көлеміндегі оның жиынтық бағалау нәтижесі (бөлім (ортақ тақырыптар) және тоқсан үшін жиынтық бағалаудың максималды балы және білім алушының қорытынды балдары) электронды (қағаз) журналдан жазба арқылы ресімделіп, директор және мектеп мөрімен расталып, оқушының жеке іс қағазымен беріледі.";

      32-тармақ алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 39-1 және 39-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "39-1. Мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттардың 11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

      1) ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан:

      2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан.

      39-2. Мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттардың 12 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

      1) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан;

      2) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу;

      3) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) тестілеу.".

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Білім алушыларды "Технология" (Көркем еңбек), "Алғашқы әскери дайындық" ("Алғашқы әскери және технологиялық дайындық") және "Дене тәрбиесі" оқу пәндерінен Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген пәртіпте босату олардың үлгеріміне, қорытынды аттестаттауға жіберуге келесі сыныптарға көшіруге әсер етпейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ш.Т. Каринова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электронды түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді басылымдарға ресми жариялау үшін жолдау;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.К. Аймағамбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады