"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 140-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органы кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізіп отырған салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асырған тұлғаларға, көрсетілген тұлғалардан осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында сұрау салулар, сондай-ақ осындай сұрау салулар бойынша тұлғалардың мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 198 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік кірістер органы кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізіп отырған салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асырған тұлғаларға, көрсетілген тұлғалардан осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында сұрау салулар, сондай-ақ осындай сұрау салулар бойынша тұлғалардың мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік кірістер органы кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізіп отырған салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асырған тұлғаларға, көрсетілген тұлғалардан осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында сұрау салулар, сондай-ақ осындай сұрау салулар бойынша тұлғалардың мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес әзірленді және салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асыратын, осындай операциялар туралы аталған тұлғалардан қосымша ақпарат алу, сондай-ақ осындай сұрау салулар бойынша тұлғалардың мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну мақсатында оларға қатысты мемлекеттік кірістер органы кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізетін тұлғаларға сұрау салулар жіберудің тәртібін айқындайды.
2. "Пирамида" талдамалық есебі салық төлеуші (салық агенті) ұсынған қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті және ақпараттық жүйелерінің мәліметтерін зерделеу және талдау негізінде мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын бақылаудың нәтижелері болып табылады.
2-тарау. Мемлекеттік кірістер органы кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізіп отырған салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асырған тұлғаларға, көрсетілген тұлғалардан осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында сұрау салулар, сондай-ақ осындай сұрау салулар бойынша тұлғалардың мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну тәртібі
3. Мемлекеттік кірістер органдары салықтық тексеру барысында салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асыратын, "Пирамида" талдамалық есебі бойынша анықталған алшақтықтар жөнінде аталған тұлғалардан қосымша ақпарат алу мақсатында оларға қатысты мемлекеттік кірістер органы кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізетін тұлғаларға сұрау салулар жібереді.
4. Сұрау салулар мынадай:
электр және (немесе) жылу энергиясын, суды, газды, байланыс қызметтерiн (егер тізбеленгендер тауар болып табылмайтын жағдайда) жеткізуді жүзеге асыратын;
салық мониторингіне жататын;
Салық кодексінің 91-бабында айқындалған тәртіппен әрекетсіз деп танылған;
соттың заңды күшіне енген үкiмi немесе қаулысы негізінде жалған кәсіпорындар деп танылған;
заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тіркелуі (қайта тіркелуі) жарамсыз деп танылған;
Қазақстан Республикасы қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын және қызметтерін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын жұмыстарды (қызметтерді) орындаған бейрезиденттер;
Салық кодексінің 314-бабының 1-тармағында белгіленген салық кезеңінде, оның ішінде көрсетілген салық кезеңінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізудің жалпы сомасы мемлекеттік кірістер органы оларға қатысты кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізетін салық төлеушімен (салық агентімен) азаматтық-құқықтық мәміле (мәмілелер) бойынша 50 000 000 теңгеден асып кеткен жағдайда салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты жіберілмейді.
5. Мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы салық төлеушіге (салық агентіне) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі, онда сұрау салу жіберу себептері, операциялар қандай жеткізушімен немесе сатып алушымен жүргізілгені, осындай операцияларды растау қажет болатын кезең, сондай-ақ олардың шеңберінде осындай сұрау салу жіберіліп отырған кешенді немесе тақырыптық тексеру барысында туындайтын өзге де мәліметтер, сондай-ақ осындай сұрау салу бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну қажет құжаттардың көшірмелері көрсетіледі.
Бұл ретте мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы салық төлеушіге (салық агентіне) келуі тәртібінде не хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы табыс етіледі.
6. Мемлекеттік кірістер органының сұрау салуында көрсетілген мәліметтерді және (немесе) құжаттарды салық төлеуші (салық агенті) сұрау салуды жіберген мемлекеттік кірістер органына осындай сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде, ілеспе хатпен өзінің апарып беру тәртібімен немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы беруі тиіс.
20__ жылдан бастап 20___ жылға дейінгі кезең үшін мәліметтерді ұсынуға мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы
Салық төлеушінің (салық агентінің) атауы _______________________________
ЖСН /БСН _______________________________________________________________
Сұрау салуды жіберу себептері___________________________________________
________________________________________________________________________
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
салық төлеушінің (салық агентінің) атауы, ЖСН-і, БСН-і
________________________________________________________________________
_______________________________________________________ салық төлеушінің
(салық агентінің) атауы, ЖСН-і, БСН-і
контрагент бойынша мынадай мәліметтерді ұсыну қажет:
1. Тиеп-жөнелтілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша мәліметтер:
№ | Контрагенттің (жеткізушінің , сатып алушының ) атауы | Контрагенттің (жеткізушінің, сатып алушының) ЖСН/БСН-і | Шарттың нөмірі | Шарттың күні | Шот - фактураның күні | Шот-фактураның нөмірі | Тауардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Құны | Жалпы сомасы | ҚҚС сомасы |
Бухгалтерлік есепте көрсетілген |
Салық есептілігінде көрсетілген | ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген (кезең) |
Барлық жалпы сомасы: _________________________ теңге.
Барлық ҚҚС сомасы: ______________________ теңге.
2. Тиеп-жөнелтілген тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге ақы төлеу туралы мәліметтер:
№ | Төлем құжатының түрі | Төлем құжатының күні | Төлем құжатының нөмірі | Сома сы | Ескертпе |
Барлық сомасы:
3. Қосымша мәліметтер (өзара талаптарды өтеу, тауар алмасу және өзге де ақшасыз операциялар, бартер, өтеусіз беру және басқа) :
№ | Операция атауы | Мазмұны | Құжаттың атауы | Құжаттың нөмірі мен күні | Операция сомасы |
Бухгалтерлік есепте көрсетілген |
Салық есептілігінде көрсетілген | ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген (кезең) |
4. Алушы мен жеткізушінің арасындағы берешек (кредиторлық және дебиторлық):
Салық кезеңінің басында: 20__ жылғы "___"__________, _________ (теңге) тең.
Салық кезеңінің аяғында: 20__ жылғы "___"__________, _________ (теңге) тең.
5. ________________________________________________________________________
сұрау салу бойынша ұсынылуы қажет құжаттардың көшірмелері.
Мемлекеттік кірістер органдарының заңды талаптарын орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 288-бабына сәйкес әкімшілік жазаға тарту шаралары қолданылады. Салық кодексінің 187-бабына сәйкес салық төлеуші немесе оның уәкілетті өкілі мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органына немесе сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
Мемлекеттік кірістер органының басшысы (орынбасары)
_____________________________________
(Т.А.Ә.(ол болған кезде), қолы, мөрі)
Ескертпе:
Салық төлеуші (салық агенті) сұрау салудың 1-4-тармақтары бойынша осындай қаржы-шаруашылық операциялары болған жағдайда мәліметтерді толтырады.
Аббревиатураларды таратып жазу:
ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру немесе бизнес- сәйкестендіру нөмірі;
ҚҚС – қосылған құн салығы.