Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидаларын, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналының нысанын және тұлғаның тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау туралы өтінішінің нысанын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 200 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 3 наурызда № 16484 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.03.2021 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 45-бабы 1 және 5-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидалары, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналының нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тұлғаның тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау туралы өтінішінің нысаны бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.03.2021 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 200 бұйрығына
1-қосымша

Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидалары, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналының нысаны

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.03.2021 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидалары, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналының нысаны "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 45-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында (бұдан әрі – Тіркеу журналы) тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу тәртібін және де тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналының нысанын айқындайды.

      2. Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары Кодекстің 44-бабында белгіленген тәртіпте тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерін қабылдайды.

      3. Тіркеу журналында тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдердің тіркеуін лауазымды (функционалды) міндеттеріне сәйкес осындай тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді беруге уәкілетті мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары жүзеге асырады.

      4. Тіркеу журналдың парақтары нөмірленеді, тігіледі және мөр басылады.

2-тарау. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді Тіркеу журналында тіркеу тәртібі

      5. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тіркеу журналында жүзеге асырылады.

      6. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу кезінде Тіркеу журналындағы бағандарда мыналар:

      1) "№" деген 1-бағанда шешімнің реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) "Кіріс хат-хабардың №" деген 2-бағанда мемлекеттік кірістер органының кеңсесі қойған құжаттың кіріс нөмірі көрсетіледі;

      3) "Өтініш беруші (БСН/ЖСН)" деген 3-бағанда тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау туралы өтінішін берген тұлға туралы көрсетіледі:

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі – бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметті жүзеге асыратын ұйым (филиал мен өкілдік) және дара кәсіпкер үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірі, не жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке кәсіпкерлік түрінде қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін, оның ішінде дара кәсіпкер үшін жеке сәйкестендіру нөмірі;

      4) "Өтініш берушінің мекенжайы" деген 4-бағанда мекенжай (ұйымның орналасқан жері немесе жеке тұлғаның тұрғылықты жері) туралы мәлімет көрсетіледі;

      5) "Тауардың атауы" деген 5-бағанда өтініш берушінің сұрау салуында көрсетілген тауардың атауы көрсетіледі;

      6) "ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес тауардың коды" деген 6-бағанда Еуразиялық экономикалық одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауардың он мәнді сыныптау коды көрсетіледі;

      7) "Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің тіркеу №" деген 7-бағанда мынадай схема бойынша қалыптастырылған тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің тіркеу нөмірі көрсетіледі:

      ХХ / ХХХХХ / ХХХХХХ / ХХХХ , мұнда: 1 2 3 4

      "1" элементі – мемлекеттік кірістер органы әлем елдерінің сыныпталуына сәйкес тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдаған Қазақстан Республикасының коды;

      "2" элементі – Қазақстан Республикасында қолданылатын мемлекеттік кірістер органдарының сыныпталуына сәйкес тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдаған мемлекеттік кірістер органының коды;

      "3" элементі – Күн Ай Жыл форматында тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау күні, КК – күні, АА – айы, ЖЖ – күнтізбелік жылдың соңғы екі цифры;

      "4" элементі – мемлекеттік кірістер органында тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің реттік нөмірі (бірден бастап күнтізбелік бір жылдың ішінде өтпелі нөмірлеу);

      7-бағанда барлық элементтер "/" деген бөлгіш белгісі арқылы көрсетіледі, элементер арасында бос орын қойылмайды;

      8) "Шығыс хат-хабардың №" 8-бағанда деген мемлекеттік кірістер органының кеңсесі тіркеген шығыс нөмірі көрсетіледі;

      9) "Төлем сомасы" деген 9-бағанда "Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 171 қаулысына сәйкес белгілі бір марканы, моделді, артикул мен модификацияны қамтитынтауардың әрбір атауы үшін 32 000 теңге мөлшерінде тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдағаны үшін кедендік алымның сомасы көрсетіледі;

      10) "Чектің, төлем тапсырмасының, түбіртектің №, күні" деген 10-бағанда алдын ала шешімді қабылдағаны үшін кедендік алымның төленгенін растайтын құжаттың нөмірі, күні көрсетіледі;

      11) "Орындаушының Т.А.Ә. (ол болған кезде) және қолы" деген 11-бағанда тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), және оның қолы көрсетіледі.

  Тауарды сыныптау туралы
алдын ала шешімдерді тіркеу
журналында тауарды сыныптау
туралы алдын ала шешімдерді
тіркеу қағидаларына, тауарды
сыныптау туралы алдын ала
шешімдерді тіркеу
журналының нысанына
қосымша
  нысан

Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналы

Кіріс хат-хабардың №

Өтініш беруші (БСН/ЖСН)*

Өтініш берушінің мекен-жайы

Тауардың атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН** бойынша тауар коды

Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің тіркеу №

Шығыс хат-хабардың №

Төлемнің сомасы

Чектің, төлем тапсырмасының, түбіртектің №, күні

Орындаушының Т.А.Ә***. (ол болған кезде) және оның қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

      Ескертпе:

      * БСН/ЖСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ** ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы;

      *** Т.А.Ә. – тегі, аты және әкесінің аты.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 200 бұйрығына
2-қосымша
  нысан

Тұлғаның тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау туралы өтініші*

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.03.2021 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Өтініш беруші (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, бизнес-сәйестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)

2.Тауардың сипаты (фирмалық атауы (тауарлық белгі)

3. Тауарды сыныптауға ықпал ететін ұсынылған қосымшалар мен үлгілер**

4. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алымның төленгені туралы мәлімет (нөмірі мен күні)

5. Өтініш берушімен ұсынылатын Еуразиялық экономикалық одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес тауардың коды (мұндай ақпарат болмаған жағдайда баған толтырылмайды)

6. Бұдан бұрын сіз бірдей немесе осындай тауарлар туралы алдын ала шешімге өтініш бердіңіз бе? Ия

Жоқ


7. Мен, осы нысандағы өтініш пен қосымшадағы барлық ақпараттар шынайы, нақты және дұрыс болып табылатынын мәлімдеймін

8. Өтініш берушінің қолы:

9. Күні: нөмірі:

10. Телефон: Факс: Электрондық пошта:

      Ескертпе:

      * Аталған өтініш 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 45-бабы 2-тармағына сәйкес құжаттардың электрондық не сканерленген көшірмелерімен қоса, өтініш беруші электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырған электрондық құжат түрінде немесе қағаз жеткізгіште беріледі;

      Мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесі істен шығу туындаған жағдайда өтініш қағаз жеткізгіштегі түрінде беріледі.

      ** Аталған жолда Кодекстің 45-бабы 2-тармағына сәйкес өтінішке қоса берілетін құжаттар тізбесі көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады