Шартты түрде шығарылған тауарларды ұсынудың не кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берудің мақсаты мен шарттарын және (немесе) кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданумен байланысты осы тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулерді сақтауды растау үшін тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу кезінде олардың тұрған жерін растау ерекшелігін, сондай-ақ тауарлар шығарылғаннан кейін шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізу мерзімділігін және жүргізуге қойылатын өзге де талаптарды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 225 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 наурызда № 16560 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 400-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Шартты түрде шығарылған тауарларды ұсынудың не кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берудің мақсаты мен шарттарын және (немесе) кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданумен байланысты осы тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулерді сақтауды растау үшін тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу кезінде олардың тұрған жерін растау ерекшелігін, сондай-ақ тауарлар шығарылғаннан кейін шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік бақылауды жүргізу мерзімділігін және жүргізуге қойылатын өзге де талаптарды бекіту туралы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 225 бұйрығымен
бекітілді

Шартты түрде шығарылған тауарларды ұсынудың не кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берудің мақсаты мен шарттарын және (немесе) кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданумен байланысты осы тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулерді сақтауды растау үшін тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу кезінде олардың тұрған жерін растау ерекшелігін, сондай-ақ тауарлар шығарылғаннан кейін шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік бақылауды жүргізу мерзімділігін және жүргізуге қойылатын өзге де талаптар 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шартты түрде шығарылған тауарларды ұсынудың не кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берудің мақсаты мен шарттарын және (немесе) кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданумен байланысты осы тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулерді сақтауды растау үшін тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу кезінде олардың тұрған жерін растау ерекшелігін, сондай-ақ тауарлар шығарылғаннан кейін шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік бақылауды жүргізу мерзімділігін және жүргізуге қойылатын өзге де талаптар "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 400-бабына сәйкес әзірленді және:

      кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді ұсынудың мақсаты мен шарттарын сақтауды және (немесе) кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданумен байланысты осы тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулерді растамай, мемлекеттік кірістер органына көрсетілген тауарларды ұсынбау не осындай тауарларға қатысты тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүргізу кезінде олардың тұрған жерін растамау болып саналуына сәйкес, Кодекстің 400-бабының 1-тармағының 2) тармақшасын тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты қолдану ерекшелігін;

      оларға қатысты:

      1) осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен қатар қолданылған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылған;

      2) тыйым салулар мен шектеулерді сақтау 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ шартқа және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарды шығарғаннан кейін расталуы мүмкін;

      3) Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберіндегі халықаралық шарттарға немесе Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттарға (мемлекеттің Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуы туралы халықаралық шарттарға) (бұдан әрі – Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттар) сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленгенге қарағанда кедендік әкелу баждарының неғұрлым төмен мөлшерлемелері қолданылған тауарларды шығарғаннан кейін шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік бақылауды жүргізу кезеңділігін және жүргізудің өзге де талаптарын айқындайды.

2-тарау. Жекелеген тауарлар санатына қатысты шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүргізу ерекшеліктері

      2. Кодекстің 202-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарларды ұсыну арқылы кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берудің мақсаты мен шарттарын және (немесе) кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданумен байланысты осы тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулерді сақтауды растау не олардың тұрған жерін растау жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды, инвестициялық келісімшарттарды, арнайы инвестициялық келісімшарттарды пайдалану процесінде пайдаланған немесе пайдаланатын шығыс материалдарына, қосалқы бөлшектерга және жиынтықтаушыларға қатысты талап етілмейді.

      Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген мақсаты мен шарттарын сақтау бухгалтерлік есеп және есептілік құжаттамалармен және (немесе) деректерімен расталады және осындай тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп тану үшін негіздеме болып табылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 14.08.2020 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Тауарлар шығарылғаннан кейін шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік бақылауды жүргізу кезеңділігі мен жүргізудің өзге де талаптары

      4. Кодекстің 202-бабының 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарларға арналған декларациясының тіркеу нөмірі туралы ақпарат кедендік тазарту бөлімшесі осы декларацияны тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күннен кешіктірмей тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органдарының тиісті құрылымдық бөлімшесіне беріледі.

      4. Кодекстің 202-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты талаптардың сақталуын тексеру:

      1) Кодекстің 411, 415 және 416-баптарында көзделген кедендік бақылау нысандарын қолдану арқылы;

      2) Кодекстің 38-бабына сәйкес ұсынылған, сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы, сондай-ақ жасалған кедендік операциялар туралы есептілікті талдау арқылы жүргізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 14.08.2020 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Оларға қатысты шектеулердің сақталуын растайтын сертификаттар, рұқсаттар немесе өзге құжаттар ұсынылмаған Кодекстің 202-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарларға арналған декларациясының тіркеу нөмірі туралы ақпарат кедендік тазарту бөлімшесі осы декларацияны тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күннен кешіктірмей тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органдарының тиісті құрылымдық бөлімшесіне беріледі.

      6. Кодекстің 202-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты талаптардың сақталуын тексеру, мерзімділігі 2 (екі) айда 1 (бір) реттен аспай техникалық реттеу бөлігінде тауарлар шығарылғаннан кейін тыйым салулар мен шектеулерді сақтаудың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес растайтын құжаттарды ұсыну мерзімінің аяқталуы бойынша Кодекстің 415-бабына сәйкес үй-жайлар мен аумақтарға кедендік қарап тексеруді жүргізу арқылы мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 14.08.2020 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Үй-жайлар мен аумақтарға кедендік қарап тексеру нәтижелері бойынша "Кедендік құжаттардың нысандары туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 шешімімен бекітілген нысан бойынша акт жасалады.

      8. Кодекстің 202-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарларды пайдалану және (немесе) иелік ету бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы декларантты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 553-бабына сәйкес жауапкершілікке тартады, содан кейін 3 (үш) жұмыс күн ішінде тиісті материалдарды (үй-жайлар мен аумақтарға кедендік қарап тексеру актісі, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама) кеден ісі саласындағы уәкілетті органға оларды техникалық реттеу және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларындағы уәкілетті органдарға 3 (үш) жұмыс күні ішінде одан әрі беру үшін жолдайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады