БҰЙЫРАМЫН:
1. "Шартты түрде шығарылған тауарларды ұсынудың не кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берудің мақсаты мен шарттарын және (немесе) кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданумен байланысты осы тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулерді сақтауды растау үшін тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу кезінде олардың тұрған жерін растау ерекшелігін, сондай-ақ тауарлар шығарылғаннан кейін шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізу мерзімділігін және жүргізуге қойылатын өзге де талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 225 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 13 наурызда № 16560 болып тіркелді, 2018 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Шартты түрде шығарылған тауарларды ұсынудың не кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берудің мақсаты мен шарттарын және (немесе) кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданумен байланысты осы тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулерді сақтауды растау үшін тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу кезінде олардың тұрған жерін растау ерекшеліктерінде, сондай-ақ тауарлар шығарылғаннан кейін шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізу мерзімділігін және жүргізуге қойылатын өзге де талаптарда:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кодекстің 202-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарларды ұсыну арқылы кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берудің мақсаты мен шарттарын және (немесе) кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданумен байланысты осы тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулерді сақтауды растау не олардың тұрған жерін растау жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды, инвестициялық келісімшарттарды, арнайы инвестициялық келісімшарттарды пайдалану процесінде пайдаланған немесе пайдаланатын шығыс материалдарына, қосалқы бөлшектерга және жиынтықтаушыларға қатысты талап етілмейді.
Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген мақсаты мен шарттарын сақтау бухгалтерлік есеп және есептілік құжаттамалармен және (немесе) деректерімен расталады және осындай тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп тану үшін негіздеме болып табылады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Кодекстің 202-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты талаптардың сақталуын тексеру:
1) Кодекстің 411, 415 және 416-баптарында көзделген кедендік бақылау нысандарын қолдану арқылы;
2) Кодекстің 38-бабына сәйкес ұсынылған, сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы, сондай-ақ жасалған кедендік операциялар туралы есептілікті талдау арқылы жүргізіледі.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Кодекстің 202-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты талаптардың сақталуын тексеру, мерзімділігі 2 (екі) айда 1 (бір) реттен аспай техникалық реттеу бөлігінде тауарлар шығарылғаннан кейін тыйым салулар мен шектеулерді сақтаудың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес растайтын құжаттарды ұсыну мерзімінің аяқталуы бойынша Кодекстің 415-бабына сәйкес үй-жайлар мен аумақтарға кедендік қарап тексеруді жүргізу арқылы мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі