Кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін басталған тексеруді жүргізу туралы, сондай-ақ осындай тексеру жүргізудің нәтижелері туралы тұлғаны хабардар ету қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 292 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 наурызда № 16598 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 411-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 31.10.2022 № 1109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін басталған тексеруді жүргізу туралы, сондай-ақ осындай тексеру жүргізудің нәтижелері туралы тұлғаны хабардар ету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 292 бұйрығына
1-қосымша

Кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін басталған тексеруді жүргізу туралы, сондай-ақ осындай жүргізілген тексерудің нәтижелері туралы тұлғаны хабардар ету қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 31.10.2022 № 1109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарға, кедендік декларацияда мәлімделген және (немесе) тауарлар шығарылғаннан кейін басталған мемлекеттік кіріс органдарына ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтерге тексеру жүргізу туралы, сондай-ақ осындай жүргізілген тексерудің нәтижелері туралы тұлғаны хабардар ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 411-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарға, кедендік декларацияда мәлімделген және (немесе) тауарлар шығарылғаннан кейін басталған, мемлекеттік кіріс органдарына ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтерге тексеру жүргізу туралы тұлғаны хабардар ету тәртібін, сондай-ақ осындай жүргізілген тексерудің нәтижелерін айқындайды.

2-тарау. Кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін басталған тексеруді жүргізу туралы тұлғаны хабардар ету қағидалары

      2. Кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін басталған тексеруді жүргізу туралы хабарлама жіберілгенге дейін мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы, кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге тексеру жүргізу туралы хабарлама (бұдан әрі – кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру жүргізу туралы хабарлама) бойынша алдын ала шешімді Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 73-бабына сәйкес (бұдан әрі – ӘРПК) мемлекеттік кірістер органы басшысының немесе ол уәкілеттік берген мемлекеттік кірістер органы басшысы орынбасарының рұқсаты берілген күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде өзіне қатысты осындай тексеру жүргізілетін тұлғаға табыс етеді немесе жібереді.

      3. ӘРПК-нің 73-бабының талаптарын сақтай отырып жүргізілген кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге тексеру жүргізу туралы хабарлама бойынша алдын ала шешімнен кейін мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы өзіне қатысты осындай тексеру жүргізілетін тұлғаға осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін басталған тексеруді жүргізу туралы хабарламаны табыс етеді немесе жібереді.

      4. Кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге тексеру жүргізу туралы хабарламаны тіркеу күнтізбелік жылға басталатын және нөмірленетін, тігілетін және мемлекеттік кіріс органы басшысының қолымен және мемлекеттік кіріс органының мөрімен бекітілетін кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге тексеру жүргізу туралы хабарламаларды тіркеудің арнайы журналында (бұдан әрі – Журнал) жүзеге асырылады.

      Күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін қорытынды жазба жүргізіледі. Бір Журналда өтпелі жылды тіркеуге рұқсат етіледі, бұл ретте әрбір келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап нөмірлеу бір санымен басталады. Журналдағы жазбаларды кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге жүргізу туралы хабарламаны және кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін басталған тексерудің нәтижесі туралы хабарламаны (бұдан әрі – кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге жүргізілген тексерудің нәтижесі туралы хабарлама) жасаған қызметкер жүзеге асырады.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) апта сайынғы негізде өзінің интернет-ресурсында кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге тексеру жүргізу туралы шығарылған хабарламалардың тізілімін орналастырады.

      Журналда кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге тексеру жүргізу туралы хабарламаны тіркеу туралы мәліметтер болмаған жағдайда мұндай тексеру жарамсыз деп танылады.

      5. Кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге тексеру жүргізу туралы хабарлама қол қойғызып тапсырылады немесе төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен жіберіледі және мынадай жағдайларда тапсырылды деп есептеледі:

      1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы – пошта операторының хабарламасында өзіне қатысты осындай тексеру жүргізілетін тұлға белгі қойған күннен бастап жүзеге асырылады;

      2) электрондық тәсілмен:

      хабарлама веб-қосымшаға жеткізілген күннен бастап;

      хабарлама пайдаланушының жеке кабинетіне "электрондық үкімет" веб-порталында жеткізілген күннен бастап.

      Бұл ретте құжаттарға тексеру жүргізу туралы хабарлама электрондық тәсілмен жіберіледі:

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 321 бұйрығымен айқындалған тәртіппен мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесін пайдаланушы ретінде тіркелген тұлғаларға "Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесін пайдаланушы ретінде тіркеу қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16596 болып тіркелген);

      "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық тәсілмен мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеушілерге;

      "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген салық төлеушілерге.

      6. Пошта операторы немесе байланыс операторы өзіне қатысты осындай тексеру жүргізілетін тұлғаның болмауына байланысты кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге тексеру жүргізу туралы хабарламаны өзінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша тапсырудың мүмкін болмауы себебінен тапсырмаған немесе қайтарған кезде Мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамы 5 (бес) жұмыс күні ішінде кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді осы Қағидалардың 6-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес жіберілген хабарламаны қол қойғызып табыс етпегені не қайтарған күннен бастап, екі куәгерді тарта отырып, тұлғаның орналасқан жері бойынша тексеру жүргізіледі.

      Тексеру актісінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      жасалған орны, күні және уақыты;

      тексеру актісін жасаған мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде);

      мемлекеттік кірістер органының атауы;

      тартылған куәгердің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы;

      өзіне қатысты осындай тексеру жүргізілетін тұлғаның атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;

      тексеру нәтижелері туралы ақпарат.

      Куәгерлер ретінде мемлекеттік кіріс органы лауазымды тұлғаның іс-әрекетінің нәтижесіне мүдделі емес, саны кемінде 2 (екі) адам кәмелетке толған әрекетке қабілетті азаматтар шақырылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарының және кеден өкілінің жұмыскерлерінің, құрылтайшыларының (қатысушыларының) куәгер ретінде қатысуына жол берілмейді.

      Тексеру нәтижесінде өзіне қатысты осындай тексеру жүргізілетін тұлғаның тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша іс жүзінде болмауы анықталған кезде тексеру жүргізу туралы кедендік, өзге де құжаттар және (немесе) мәліметтер, сондай-ақ осындай тексеру жүргізу нәтижелері туралы тұлғаның хабарламасын табыс еткен күн тексеру актісі жасалған күн болып табылады.

3-тарау. Тұлғаны кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге тексеру жүргізу нәтижелері туралы хабардар ету тәртібі

      7. Кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге тексеру аяқталған кезде мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы өзіне қатысты осындай тексеру жүргізілген тұлғаға ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге тексеру жүргізудің нәтижелері туралы хабарлама бойынша алдын-ала шешім табыс етеді немесе жібереді.

      Көзделген хабарламаны жіберу нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 8-тармағымен мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы өзіне қатысты осындай тексеру жүргізілген тұлғаға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін басталған тексерудің нәтижесі туралы хабарламаны табыс етеді немесе жібереді.

      8. Кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге тексеру жүргізу нәтижелері туралы хабарламаны тіркеу осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес жүргізілетін және толтырылатын кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге тексеру жүргізу нәтижелері туралы хабарламаларды тіркеудің арнайы журналында жүзеге асырылады.

      Бұл ретте Комитет апта сайынғы негізде өзінің интернет-ресурсында кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге тексеру жүргізу нәтижелері туралы шығарылған хабарламалардың тізілімін орналастырады.

      Журналда кедендік, өзге де құжаттарға тексеру жүргізу туралы хабарламаны және (немесе) мәліметтерді тіркеу туралы мәліметтер болмаған жағдайда, мұндай тексеру аяқталмаған болып танылады.

      9. Кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге тексеру нәтижелері туралы хабарлама осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көзделген тәртіппен тапсырылады немесе жіберіледі.

      10. 10 (он) жұмыс күні ішінде кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге жүргізілген тексеру нәтижелері туралы хабарлама орындалмаған кезде мемлекеттік кіріс органы тұлғаға кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың және пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген сомалары туралы хабарлама жібереді.

      Кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың және пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген сомалары туралы хабарламаны орындау ерекшеліктері Кодекстің 86 және 137-баптарымен.

      11. Керек жағдайда тұлға кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге тексеру жүрізудің нәтижесі туралы хабарламаға Комитетіне осындай хабарламаны тапсырылған күннен кейінгі бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде шағым жасауға құқылы.

      Кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге тексеру жүргізу нәтижелері туралы хабарламаға шағымның дәлелдерін жан-жақты және толық қарау мақсатында мемлекеттік кірістер органы Кодекстің 47-тарауында белгіленген тәртіппен кедендік тексеруді тағайындайды.

  Кедендік декларацияға қатысты
кедендік, өзге құжаттарды және
(немесе) мәліметтерді, кедендік
декларацияда мәлімделген
мәліметтерді растайтын
құжаттарды, кедендік
декларацияларда мәлімделген
және (немесе) мемлекеттік
кірістер органдарына ұсынылған
құжаттардағы мәліметтерді
тауарлар шығарылғаннан
кейін басталған тексеруді
жүргізу туралы, сондай-ақ
осындай тексеру жүргізудің
нәтижелері туралы тұлғаны
хабардар ету қағидаларына
1-қосымша

      нысан

Кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін басталған тексеруді жүргізу туралы хабарлама

      "____" ________________20___ жыл             № _____________

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 411-бабының 2-тармағына сәйкес

      _________________________________________________________________

                  (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      Сізге________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), оған қатысты осындай тексеру

      жүргізілетін тұлғаның толық атауы), жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес

      сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)

      №_____________________кедендік декларация (-лар) бойынша кедендік, өзге құжаттарға және (немесе) мәліметтерге тексеру жүргізілетіндігі туралы хабарлайды. Кодекстің 426-бабының негізінде осы хабарламаны алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті мынадай құжаттарды және (немесе) мәліметтерді табыс етуді сұраймыз:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Мемлекеттік кірістер органының басшысы

      (басшымен уәкілеттелінген басшының орынбасары)

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы, мөр)

      Хабарламаны алдым________________________________________________

      (тексерілетін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған кезде), толық атауы, ЖСН/БСН, қолы,күні)

      Хабарлама тұлғаға табысталды_______________________________________

      (мемлекеттік кірістер органның лауазымдық адамының тегі, аты,

      жөні (ол болған кезде) қолы, күні)

      Хабарлама тұлғаға жіберілді_________________________________________

      (жіберу және алу фактісін растайтын құжат, күні)

  Кедендік декларацияға қатысты
кедендік, өзге құжаттарды және
(немесе) мәліметтерді, кедендік
декларацияда мәлімделген
мәліметтерді растайтын
құжаттарды, кедендік
декларацияларда мәлімделген
және (немесе) мемлекеттік
кірістер органдарына ұсынылған
құжаттардағы мәліметтерді
тауарлар шығарылғаннан
кейін басталған тексеруді
жүргізу туралы, сондай-ақ
осындай тексеру жүргізудің
нәтижелері туралы тұлғаны
хабардар ету қағидаларына
2-қосымша

      нысан

Кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін басталған тексеру жүргізудің нәтижелері туралы хабарлама

      "____" ___________________ 20___ жыл                  № ______________

      _______________________________________________________________________

                        (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 411-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік, өзге құжаттарға және (немесе) мәліметтерге тексеру жүргізу туралы "___"_____20____ жылғы № __________ ___________хабарламаның негізінде

      Сізге_____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), оған қатысты осындай тексеру

      жүргізілген тұлғаның толық атауы), жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес

      сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)

      кедендік декларацияға, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарға, кедендік декларацияда мәлімделген және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтерге (тіркеу нөмірлерін, деректемелердің күнін және ұсынылған құжаттардың атауын көрсете отырып) қатысты кедендік, өзге құжаттарға және (немесе) мәліметтерге тексеру жүргізілгені туралы хабарлайды.

      1)____________________________________________________________

      2) ____________________________________________________________

      3) ____________________________________________________________

      Тексеру нәтижелері бойынша:


бұзушылықтар анықталған жоқ.

бұзушылықтар анықталды:

      _______________________________________________________________________

      есептелген кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы

      баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың сомасы

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      __________________________________________________________теңгені құрайды.

                  (санмен және жазумен есептеу кезінде)

      Сізге осы соманы белгіленген мерзімде бюджеттік сыныптаманың кодтары бойынша,

      мынадай деректемелер бойынша бюджетке төлеу қажет:

      _________________________________________________________________

                  (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      БСН_________________________________________________________

      № шотқа_____________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының)

      _________________________________________________________________

            (Қазынашылық басқармасы, банктік сәйкестендіру коды (БСК)

      Осы хабарлама ол енгізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде орындалуға жатады.

      Кодекстің 86 және 137-баптарына сәйкес осы хабарлама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, сонымен бір мезгілде сізге және Кодекске сәйкес сізбен бірге кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, пайыздарды, өсімпұлдарды төлеу бойынша ортақ міндет атқаратын тұлғаларға кедендік баждардың белгіленген мерзімде төленбеген сомалары туралы хабарлама жіберілетін болады баждарын, пайыздарды, өсімпұлдарды қоспағанда, осы хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Сіз, қажет болған жағдайда кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге тексеру жүрізудің нәтижесі туралы хабарламаға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне осындай хабарламаны алған күннен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде шағым жасауға құқылысыз.

      Кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге тексеру жүргізу нәтижелеріне шағым жасалған кезде мемлекеттік кірістер органы Кодекстің 47-тарауында белгіленген тәртіппен кедендік тексеруді тағайындайды.

      Қосымшада анықталған бұзушылықтың сипаттамасы ______ бетте.

      Мемлекеттік кірістер органының басшысы

      (басшымен уәкілеттелінген басшының орынбасары)

      __________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы, мөр)

      Хабарламаны алдым________________________________________________

      (тексерілетін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған кезде), толық атауы, ЖСН/БСН, қолы,күні)

      Хабарлама тұлғаға табысталды_______________________________________

      (мемлекеттік кірістер органның лауазымдық адамының тегі, аты, жөні

      (ол болған кезде) қолы, күні)

      Хабарлама тұлғаға жіберілді_________________________________________

      (жіберу және алу фактісін растайтын құжат, күні)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады