"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 103, 105, 486, және 535-баптарына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 22.12.2022 № 1312 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді есепке алу қағидасы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану, қамтамасыз етудің бір тәсілін басқаға ауыстыру қағидасы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану, қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасына ауыстыру, қамтамасыз ету мөлшерін төмендету қағидасы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 15.09.2020 № 872 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 26.11.2021 № 1222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Мына:
1) "Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау және кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 274 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11172 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 2015 жылғы 22 маусымда жарияланған);
2) "Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау және кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 274 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 493 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14323 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 294 бұйрығына 1-қосымша |
Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындаудың бас қамтамасыз етуін қолдану қағидасы 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындаудың бас қамтамасыз етуін қолдану қағидасы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 103-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауын бас қамтамасыз етуді қолдану тәртібін (бұдан әрі – бас қамтамасыз ету) айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 22.12.2022 № 1312 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген мәндерде қолданылады.
Осы Қағидаларда:
кеден заңнамасының сақталуын тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға деп, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті (бұдан әрі – міндет) орындауды қамтамасыз етуге жататын кедендiк операцияларды жасайтын мемлекеттiк кірістертер органының лауазымды тұлғасы түсініледі.
Бұл ретте Кодекстің 139-бабының 1-тармағының екінші бөлігін ескере отырып, міндетті орындауды қамтамасыз ету арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті орындауды қамтамасыз етуді қамтиды;
мемлекеттік кірістер органы деп, Кодекстің 105-бабына сәйкес міндеттің орындалуын қамтамасыз ету тіркеуге жататын мемлекеттік кірістер органы түсініледі;
төлеушілер деп:
міндет туындаған тұлғалар;
Кодекстің 96-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлғалар түсініледі;
уәкілетті лауазымды тұлға деп, бас қамтамасыз етуді тіркеуді жүзеге асырушы, сондай-ақ бас қамтамасыз ету сомаларын есепке алуды жүзеге асырушы мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы түсініледі.
Техникалық мүмкндік деп, мемлекеттік кірістер органдарының автоматтандырылған жүйелерінің құралдары арқылы мәліметтерді алу және жолдау мүмкіндігі түсініледі.
2-тарау. Бас қамтамасыз етуді қолдану тәртiбi
3. Бас қамтамасыз етуді тiркеу төлеушiнiң өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырылады.
4. Бас қамтамасыз етуді мемлекеттiк кірістер органы банктік кепілдіктің және (немесе) сақтандыру және (немесе) кепілгерлік және (немесе) мүліктік кепіл шарттарының қолданыс мерзімінен және (немесе) Кодекстің 89 және 143-бабтарында белгiленген талап қою мерзiмiнен аспайтын төлеушiнiң өтiнiшiнде айқындалған мерзiмде қабылдайды.
5. Өтiнiште көрсетiлген мәлiметтер осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша бас қамтамасыз етуді есепке алу нысанына (бұдан әрі – Нысан) ауыстырылады және (немесе) автоматты түрде өзгертіледі.
6. Бас қамтамасыз етудің тіркеу нөмірі осы бұйрықпен бекітілген, Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу қағидасының 7-тармағына сәйкес беріледі.
7. Егер бас қамтамасыз ету ақшамен ұсынылған жағдайда, мәлімделген мәліметтер мен ұсынылған құжаттар Кодексте және осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде, уәкілетті лауазымды тұлға кейіннен мәлімделген мәліметтер мен ұсынылған құжаттардың сәйкестігі туралы Нысанға белгі қоя отырып, төлем құжатымен расталған ақшаның болуын тексеруді жүзеге асырады және барлық талаптар сақталған кезде бас қамтамасыз етуді тіркейді.
8. Егер бас қамтамасыз ету Кодекстiң 97-бабының 1-тармағының 2), 3), 4) 5) тармақшаларында көрсетiлген әдiстермен ұсынылған жағдайда, мәлімделген мәліметтер мен ұсынылған құжаттар Кодексте және осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде, уәкілетті лауазымды тұлға кейіннен мәлімделген мәліметтер мен ұсынылған құжаттардың сәйкестігі туралы Нысанға белгі қояды және барлық талаптар сақталған кезде бас қамтамасыз етуді тіркейді.
9. Өтініште және (немесе) ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтер Кодексте және осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға мәлімделген мәліметтер мен ұсынылған құжаттардың сәйкес еместігі туралы Нысанға белгі қояды, бас қамтамасыз етуді тіркеуден бастартады.
10. Бас қамтамасыз етуді тiркеу немесе бас тартудың себептерiн көрсете отырып, тіркеуден бас тарту туралы хабарлама, жазбаша немесе электрондық нысанда міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеуден бас тарту туралы хабарлама үшін осы Кодексте белгiленген мерзiмде төлеушіге жолданады.
11. Бас қамтамасыз етуді тiркеу туралы хабарламада бас қамтамасыз етудiң тiркеу нөмiрi болуы тиiс.
12. Төлеуші кеден заңнамасына сәйкес міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету талап етілетін кедендік операцияны жасау үшін мемлекеттік кірістер органына жүгінген жағдайда, кеден заңнамасының сақталуына тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға, осындай өтініш жасалған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей:
уәкілетті лауазымды тұлғаға бас қамтамасыз етудiң есебінен кедендік операция бойынша міндеттемелердің орындалуын, оның ішінде кедендiк операциялардың түрі мен мерзiмi туралы мәлiметтерді көрсете отырып, қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы өтініш жолдайды, немесе;
егер банк кепілдігінің және (немесе) мүліктік кепілі және (немесе) кепілгерлік және (немесе) сақтандыру шарттарының қолданыс мерзімі, сондай-ақ міндеттемені орындауды қамтамасыз ету сомасы Шарттарда және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және (немесе) Кодексте белгіленген шарттарға сәйкес келуі жағдайында техникалық мүмкіндік болған кезде, кеден заңнаманың сақталуын тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға, Нысанда міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылған кедендік операциялар бойынша осындай міндетті тоқтатқанға дейін осындай міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді уақытша шектеу туралы белгі қояды.
13. Техникалық мүмкіндіктер болмаған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағиданың 12-тармағында көрсетілген көрсетілген өтінімді алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, кеден заңнамасының сақталуын тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлғаға Кодекстің талаптарын ескере отырып, бас қамтамасыз ету есебінен кедендік операциялар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мүмкіндігінің бар немесе жоқтығы туралы ақпаратты жолдайды.
14. Техникалық мүмкіндіктер болмаған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағиданың 13-тармағында көрсетілген қолданысымен бір мезгілде бас қамтамасыз ету есебінен кедендік операциялар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мүмкіндігі бар болған кезде, кеден заңнамасының сақталуын тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлғаның өтінішінде көрсетілген сомаға бас қамтамасыз етудің сомасын уақытша шектейді.
15. Егер төлеуші міндетті орындамаса немесе дұрыс орындамаса, кеден заңнаманың сақталуына тексеріс жүргізген лауазымды тұлға төлеуші міндетін орындамаған немесе дұрыс орындамаған күннен кейінгі күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей:
уәкілетті лауазымды тұлғаға төлеушінің міндетті орындамағаны немесе тиіссіз орындағаны туралы ақпаратты жолдайды немесе
техникалық мүмкіндік болған жағдайда, кеден заңнамасының сақталуына тексеріс жүргізетін лауазымды тұлға төлеушінің міндетін орындамауы немесе тиісті түрде орындамауына байланысты кейін шаралар қабылдау үшін Нысанда кедендік операцияны тиісінше аяқтау туралы белгі қояды.
16. Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін Нысанда кедендік операцияны тиісінше аяқталмағаны туралы белгі қояды, ол туралы Нысанда тиісті білгі қойылады.
17. Уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағиданың 16-тармағында көрсетілген әрекеттермен бір мезгілде, Кодексте көзделген мерзімде, Кодекстің 98-бабының 6-тармағында, 99-бабының 4-тармағында, 100-бабының 5-тармағында, 101-бабының 10-тармағында, 102-бабының 4-тармағында белгіленген әрекеттерді жүзеге асырады.
18. Төлеуші міндетін дұрыс орындағаннан кейін кеденк заңнамасының сақталуына тексеріс жүргізетін лауазымды тұлға міндетін орындаудан кейінгі күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей:
уәкілетті лауазымды тұлғаға төлеушінің міндетті дұрыс орындағаны туралы ақпаратты жолдайды немесе
техникалық мүмкіндік болған кезде, кеден заңнамасының сақталуына тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адам Нысанда ақшаны "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 540 Бұйрық) айқындалған тәртіппен есепке алу (қайтару) немесе Кодекске сәйкес қолдану үшін кедендік операцияны тиісінше аяқтау, міндеттің орындалуын қамтамасыз ету шектеуін жою және оны бақылаудан алу туралы белгі қояды.
Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 24.07.2024 № 479 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, уәкілетті лауазымды адам осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін, кейіннен ақшаны № 540 Бұйрығымен айқындалған тәртіппен есепке алу (қайтару) немесе Кодекске сәйкес пайдалану үшін Нысанда кедендік операцияны тиісінше аяқтау, міндеттің орындалуын қамтамасыз ету шектеуін жою және оны бақылаудан алу туралы белгі қояды.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 24.07.2024 № 479 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Төлеушінің өтініші бойынша уәкілетті лауазымды тұлға Нысанға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізе алады.
21. Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәліметтерді төлеуші өтінішке қажетті құжаттарға қосымша арқылы растайды.
22. Бас қамтамасыз етуді есепке алу нысанына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мынадай:
1) бас қамтамасыз етумен қамтамасыз етілген кедендік операцияны жасау мерзімін ұзарту;
2) банктік кепілдік және (немесе) сақтандыру және (немесе) кепілгерлік және (немесе) мүліктік кепіл шарттарының қолданыс мерзімін ұзарту;
3) бас қамтамасыз етуді ұсынған заңды тұлғаның және (немесе) төлеушімен тиісінше банктік кепілдік және (немесе) сақтандыру және (немесе) кепілгерлік және (немесе) мүліктік кепіл шарттарын жасасқан екінші деңгейдегі банктің және (немесе) сақтандыру ұйымының және (немесе) кепілгердің және (немесе) кепіл берушінің қайта ұйымдастырылуы;
4) бас қамтамасыз ету сомасының азайтылуы;
5) бас қамтамасыз ету сомасының өсуі жағдайларында жол беріледі.
23. Бұрын мәлімделген мәліметтерді өзгерту және (немесе) толықтыру туралы өтініште өзгеруге және (немесе) толықтырылуға жататын мәлімет, сондай-ақ бас қамтамасыз етудің тіркеу нөмірі қамтылуы тиіс.
24. Бұрын мәлімделген мәліметтерді өзгерту және (немесе) толықтыру туралы өтініш, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу үшін Кодексте белгіленген мерзімде қарастырылады.
25. Бұрын мәлімделген мәліметі өзгерту және (немесе) толықтыру кезінде уәкілетті лауазымды тұлға көрсетілген өтiнiш тiркелген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің тіркеу нөмірін сақтай отырып, Нысанға тиісті өзгертулер және (немесе) толықтыруларды енгізеді немесе
бұрын мәлімделген мәліметтерді және (немесе) ұсынылған құжаттарды өзгерту және (немесе) толықтыру туралы өтініште көрсетілген мәліметтер Кодексте және осы Қағадаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, бұрын мәлімделген мәліметтерді өзгертуден және (немесе) толықтырудан бас тарту туралы шешім қабылданады.
26. Бұрын мәлімделген мәліметтерді өзгертуден және (немесе) толықтырудан бас тарту туралы хабарламада осындай бас тартудың себебі қамтылуы тиіс.
27. Бұрын мәлімделген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы немесе өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуден бас тарту туралы хабарлама тіркеу немесе осындай тіркеуден бас тарту туралы хабарлама үшін Кодексте берілген мерзімде төлеушiге жолданады.
28 Нысанға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде міндеттің орындалуын бас қамтамасыз ету сомасын еспетеу, Кодекстің 105-бабына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін, мемлекеттік кірістер органдарында Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді есепке алу қағидасының 9, 10, 11, 12, 13, 14, 17, 18, 19, 20, 21, 22 және 23-тармақтарында көрсетілген тәртіпте жүзеге асырылады.
29. Бас қамтамасыз етуді тiркеу туралы өтiнiште көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн, уәкілетті лауазымды тұлға Нысанды жою туралы белгі қояды, бұл туралы көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушіні хабардар етеді.
30. Төлеушінің өтініші бойынша бас қамтамасыз етумен қамтамасыз етілген, міндеттің орындамаған жағдайы болмаса, уәкілетті лауазымды тұлға Нысанды жою туралы белгі қояды, бұл туралы көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушіні хабардар етеді.
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидасына қосымша Нысаны |
Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету
№ _______________________________
Өтініш беруші: заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) | |
өтініш берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі | |
өтініш берушінің заңды мекен-жайы немесе тұрғылықты тұратын жерінің мекен-жайы | |
кепілгер немесе кепіл беруші*: заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) | |
кепілгер немесе кепіл берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі | |
мемлекеттік кірістер органдарының бөлімшелері және (немесе) кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету тіркелген мемлекеттік кірістер органы | |
мемлекеттік кірістер органдарының бөлемшесі (бөлемшелері) және (немесе) кедендік операция жүзеге асырылатын (асатын) мемлекеттік кірістер органдары (органы) | |
мемлекеттік кірістер органдарының бөлемшесі (бөлемшелері) және (немесе) кедендік тасымалдаушылар және (немесе) кеден өкілдері кедендік операцияны жасайтын (асалатын) мемлекеттік кірістер органдары (органы) |
Кедендік операциялардың түрі | Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы тәсілдері | Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын растайтын құжаттардың нөмірі және күні | Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын растайтын құжаттардың әрекет ету мерзімі | 3 жолда көрсетілген кедендік баждарды, салықтарды сомасын растайтын құжат | Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінің есебін нөмірі джәне күні (ол болған кезде) | Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бойынша қамтамасыз етудің сомасы | Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бойынша қамтамасыз етудің мерзімі | Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын нақты мерзімі | Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындамағаны немесе тиіссіз орындағаны нәтежиесінде кедендік баждарды, салықтарды төмендеген сомасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
кестенің жалғасы:
Бас қамтамасыз ету бойынша кедендік баждарды, салықтарды сомасы қалдығы | уәкілетті лауазымды тұлғаның белгісі, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетілуімен және мөрінің жеке нөмірі, сондай-ақ белгінің қойылған күні | Кедендік заңнаманың сақталуын тексеруін жүзеге асратын уәкілетті лауазымды тұлғаның белгісі, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетілуімен және мөрінің жеке нөмірі, сондай-ақ белгінің қойылған күні | Лауазымды тұлғаның белгісі, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетілуімен және мөрінің жеке нөмірі, сондай-ақ белгінің қойылған күні | Ескертпе |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
* егер өтініш беруші кепіл беруші болымаған жағдайда толтырылады
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 294 бұйрығына 2-қосымша |
Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді есепке алу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді есепке алу қағидасы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 105-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді есепке алу тәртібін (бұдан әрі - міндетін орындауды қамтамасыз ету) айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 22.12.2022 № 1312 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген мәндерде қолданылады.
Осы Қағидаларда:
кеден заңнамасының сақталуын тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға деп, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті (бұдан әрі – міндет) орындауды қамтамасыз етуге жататын кедендiк операцияларды жасайтын мемлекеттiк кірістертер органының лауазымды тұлғасы түсініледі.
Бұл ретте Кодекстің 139-бабының 1-тармағының екінші бөлігін ескере отырып, міндетті орындауды қамтамасыз ету арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті орындауды қамтамасыз етуді қамтиды;
мемлекеттік кірістер органы деп, Кодекстің 105-бабына сәйкес міндеттің орындалуын қамтамасыз ету тіркеуге жататын мемлекеттік кірістер органы түсініледі;
төлеушілер деп:
міндет туындаған тұлғалар;
Кодекстің 96-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлғалар түсініледі;
уәкілетті лауазымды тұлға деп, міндетті орындауды қамтамасыз етуді тіркеуді және міндетті орындауды қамтамасыз ету сомаларын есепке алуды жүзеге асырушы мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы түсініледі;
техникалық мүмкндік деп, мемлекеттік кірістер органдарының автоматтандырылған жүйелерінің құралдары арқылы мәліметтерді алу және жолдау мүмкіндігі түсініледі.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және Кодекстің 96-бабының 1 және 2-тармақтарына, 139-бабының 1-тармағына сәйкес көзделген жағдайларда кедендік операцияларды жасау кезінде міндетті орындауды қамтамасыз ету қолданылады.
2-тарау. Мемлекеттік кірістер органдарында міндетті орындауды қамтамасыз етуді есепке алу тәртiбi
4. Міндетті орындауды қамтамасыз етуді тiркеу төлеушiнiң өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырылады.
5. Міндетті орындауды қамтамасыз етуді мемлекеттiк кірістер органы банктік кепілдіктің және (немесе) сақтандыру және (немесе) кепілгерлік және (немесе) мүліктік кепіл шарттарының қолданыс мерзімінен және (немесе) Кодекстің 89 және 143-бабтарында белгiленген талап қою мерзiмiнен аспайтын төлеушiнiң өтiнiшiнде айқындалған мерзiмде қабылдайды.
6. Өтiнiште көрсетiлген мәлiметтер осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша міндетті орындауды қамтамасыз етуді есепке алу нысанына (бұдан әрі – Нысан) ауыстырылады және (немесе) автоматты түрде өзгертіледі.
7. Міндетті орындауды қамтамасыз етудің тіркеу нөмірінің құрылымы:
ККККК/ККААЖЖ/В/ННННННН, мұнда:
КККК – міндетті орындауды қамтамасыз етуді тіркеген мемлекеттік кірістер органының коды;
КК – тіркеу күні;
АА – тіркеу айы;
ЖЖ – тіркеу жылының соңғы екі цифры;
В – міндетін орындауды қамтамасыз ету (1) немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндетін қамтамасыз етуі (2) немесе уәкілетті экономикалық оператордың міндетін қамтамасыз етуі (3), міндетін орындауды бас қамтамасыз ету (4);
ННННННН – міндетін орындауды қамтамасыз етудің реттік нөмірі.
8. Міндетті орындауды қамтамасыз етудің реттік нөмірлерін нөмірлеу бірден басталады. Әрбір келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетін орындауды қамтамасыз етудің реттік нөмірін нөмірлеу бірден басталады.
9. Егер міндетті орындауды қамтамасыз ету ақшамен ұсынылған жағдайда, мәлімделген мәліметтер мен ұсынылған құжаттар Кодексте және осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде, уәкілетті лауазымды тұлға кейіннен мәлімделген мәліметтер мен ұсынылған құжаттардың сәйкестігі туралы Нысанға белгі қоя отырып, төлем құжатымен расталған ақшаның болуын тексеруді жүзеге асырады және барлық талаптар сақталған кезде міндетті орындауды қамтамасыз етуді тіркейді.
10. Уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағиданың 9-тармағында көрсетілген әрекеттерді жүзеге асырғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей, кеден заңнамасының сақталуын тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлғаға Нысанды жолдайды.
11. Міндетін орындау Кодекстiң 97-бабының 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген әдiстермен қамтамасыз етілген жағдайда, мәлімделген мәліметтер және ұсынылған құжаттар Кодексте және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде, уәкілетті лауазымды тұлға мәлімделген мәліметтердің және ұсынылған құжаттардың сәйкестігі туралы Нысанда белгі қояды және барлық талаптар сақталған кезде міндетті орындауды қамтамасыз етуді тіркейді.
12. Уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағиданың 11-тармағында көрсетілген әрекеттерді жүзеге асырғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей, кеден заңнамасының сақталуын тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлғаға Нысанды жолдайды.
13. Техникалық мүмкiндiк болған кезде осы Қағиданың 10 және 12-тармақтарында көрсетiлген iс-әрекеттер орындалмайды.
14. Өтініште және (немесе) ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтер Кодексте және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға мәлімделген ақпарат және (немесе) ұсынылған құжаттардың сәйкес еместігі туралы Нысанда белгі қояды, міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеуден бас тартады.
15. Міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы хабарлама осы бас тартудың себептерiн көрсете отырып, Кодексте белгiленген мерзiмде жазбаша немесе электрондық нысанда төлеушіге жолданады.
16. Міндетін орындауды қамтамасыз етуді тiркеу туралы хабарламада міндетін орындауды қамтамасыз етудiң тiркеу нөмiрi қамтылуы тиiс.
17. Егер банк кепілдігінің және (немесе) сақтандыру және (немесе) кепілгерлік және (немесе) мүліктік кепілі шарттарының қолданыс мерзімі, сондай-ақ міндеттемені орындауды қамтамасыз ету сомасы Шарттарда және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және (немесе) Кодексте белгіленген шарттарға сәйкес келуі жағдайында кеден заңнаманың сақталуын тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға, Нысанда міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылған кедендік операциялар бойынша осындай міндетті тоқтатқанға дейін осындай міндетті орындауды қамтамасыз етуді уақытша шектеу туралы белгі қояды.
18. Нысанда көрсетілген мәліметтер, техникалық мүмкіндік болған жағдайда, міндеттемелердің орындауды қамтамасыз ету ұсынылған кедендік операцияларды жасау үшін қолданылатын құжаттарда қайта жасалады.
19. Төлеушінің міндетін тиісті орындауынан кейін, кеден заңнамасының сақталуына тексеріс жүргізетін лауазымды тұлға міндетін орындаудан кейінгі күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей:
уәкілетті лауазымды тұлғаға төлеушінің міндеттерді тиісті орындағаны туралы ақпаратты жолдайды немесе
техникалық мүмкіндік болған жағдайда, кеден заңнамасының сақталуына тексеріс жүргізетін лауазымды тұлға Нысанда кедендік операцияның тиісті аяқталуы, міндетін орындауды қамтамасыз етуді шектеуді жою және оны бақылаудан алу туралы белгі қояды.
20. Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, уәкілетті лауазымды адам осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін, кейіннен ақшаны "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 Бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есепке алу (қайтару) немесе Кодекске сәйкес пайдалану үшін Нысанда кедендік операцияны тиісінше аяқтау, міндеттің орындалуын қамтамасыз ету шектеуін жою және оны бақылаудан алу туралы белгі қояды.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 24.07.2024 № 479 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Төлеуші міндетін орындамаса немесе дұрыс орындамаса, кеден заңнамасының сақталуына тексеріс жүргізген лауазымды тұлға төлеуші міндетін орындамаған немесе дұрыс орындамаған күннен кейінгі күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей:
уәкілетті лауазымды тұлғаға төлеушінің міндетін орындамағаны немесе дұрыс орындамаған туралы ақпаратты жолдайды немесе
техникалық мүмкіндік болған жағдайда, кеден заңнамасының сақталуына тексеріс жүргізетін лауазымды тұлға кейін шаралар қабылдау үшін Нысанда кедендік операцияны тиісінше орындалмағаны туралы белгі қояды.
22. Техникалық мүмкіндіктер болмаған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін, Нысанда кедендік операцияның тиісті аяқталмауы туралы белгі қояды.
23. Уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағиданың 22-тармағында көрсетілген әрекеттермен бір мезгілде, Кодексте көзделген мерзімде, Кодекстің 98-бабының 6-тармағында, 99-бабы 4-тармағында, 100-бабының 5-тармағында, 101-бабының 10-тармағында, 102-бабының 4-тармағында көзделген әрекеттерді жүзеге асырады, ол туралы Нысанда тиісті білгі қояды.
24. Егер мiндетті орындауды қамтамасыз ету тiркелген күннен бастап төрт айдың iшiнде кедендiк операциялар жасалмаса, уәкілетті лауазымды тұлға Нысанда Нысанды жою туралы белгі қояды, ол туралы мұндай таңбаны қойған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей төлеуші жазбаша немесе электронды нысанда хабардар етіледі.
25. Төлеушінің өтініші бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуі қамтамасыз етілген, міндеттің орындамаған жағдайы болмаса, уәкілетті лауазымды тұлға Нысанды жою туралы белгі қояды, бұл туралы көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушіні хабардар етеді.
26. Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәліметтерді төлеуші өтінішке қажетті құжаттарға қосымша арқылы растайды.
27. Нысанға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мынадай:
1) міндетін орындауды қамтамасыз ету кедендік операциясын жасау мерзімін ұзарту;
2) банктік кепілдік және (немесе) сақтандыру және (немесе) кепілгерлік және (немесе) мүліктік кепіл шарттарының қолданыс мерзімін ұзарту;
3) мыналарды:
міндетін орындауды қамтамасыз етуді ұсынған заңды тұлғаның және (немесе)
төлеушімен тиісінше банктік кепілдік және (немесе) сақтандыру және (немесе) кепілгерлік және (немесе) мүліктік кепіл шарттарын жасасқан екінші деңгейдегі банктің және (немесе) сақтандыру ұйымының және (немесе) кепілгердің және (немесе) кепіл берушінің қайта ұйымдастырылуы;
4) міндетін орындауды қамтамасыз етудің сомасын, оның iшiнде бір тауар партиясында әкелiнетiн тауарлардың бiр бөлiгiн кедендiк ресiмдеу нәтижесiнде азайту;
5) міндетін орындауды қамтамасыз етудің бір тәсілін Кодексте қарастырылған шарттарды сақтаған кезде міндетін орындауды қамтамасыз етудің басқа тәсілімен алмастыру;
6) осы Кодекстің 535-бабының 11, 12, 13 және 14-тармақтарына сәйкес уәкілетті экономикалық оператордың міндетін орындауды қамтамасыз ету сомасын азайту жағдайында рұқсат етіледі.
28. Бұрын мәлімделген мәліметтерді өзгерту және (немесе) толықтыру туралы өтініште өзгертуге және (немесе) толықтыруға жататын мәліметтер, сондай-ақ міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу нөмірі қамтылуы тиіс.
29. Бұрын мәлімделген мәліметтерді өзгерту және (немесе) толықтыру туралы өтініште міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу үшін Кодексте белгіленген мерзімдер қарастырылады.
30. Бұрын мәлімделген мәліметтерді өзгерту және (немесе) толықтыру кезінде уәкiлеттi лауазымды тұлға көрсетілген өтiнiш тiркелген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
Нысанға міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу нөмірін сақтай отырып, тиісті өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізеді немесе
бұрын мәлімделген мәліметтерді және (немесе) ұсынылған құжаттарды өзгерту және (немесе) толықтыру туралы өтініште көрсетілген мәліметтер Кодексте және осы Қағадаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, бұрын мәлімделген мәліметтерді өзгертуден және (немесе) толықтырудан бас тарту туралы шешім қабылданады.
31. Бұрын мәлімделген мәліметтерді өзгертуден және (немесе) толықтырудан бас тарту туралы хабарламада осындай бас тартудың себебі қамтылуы тиіс.
32. Бұрын мәлімделген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы немесе өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуден бас тарту туралы хабарлама міндетті орындауды қамтамасыз етуді тіркеу немесе осындай тіркеуден бас тарту туралы хабарлама үшін Кодексте берілген мерзімде төлеушiге жолданады.
33. Нысанға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде міндеттің орындалуын бас қамтамасыз ету сомасын есепке алу осы Қағиданың 9, 10, 11, 12, 13, 14, 17, 18, 19, 20, 21, 22 және 23-тармақтарында көрсетілген тәртіпте жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 294 бұйрығына 3-қосымша |
Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану, қамтамасыз етудің бір тәсілін басқаға ауыстыру қағидасы 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану, қамтамасыз етудің бір тәсілін басқаға ауыстыру қағидасы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 486-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану, қамтамасыз етудің бір тәсілін басқаға ауыстыру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 22.12.2022 № 1312 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген мәндерде қолданылады.
Осы Қағидаларда:
лауазымды тұлға деп кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асырушы заңды тұлғаларды тізілімге енгізу туралы өтінішті қарастыратын мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы түсініледі;
мемлекеттік кірістер органы деп кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асырушы заңды тұлғаның міндеттерін орындауды қамтамасыз ету Кодекске сәйкес тіркеуге жататын мемлекеттік кірістер органы (бұдан әрі - заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз ету) түсініледі;
уәкілетті лауазымды тұлға деп заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеуді жүзеге асырушы, сондай-ақ заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз ету сомаларын есепке алуды жүзеге асырушы мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы түсініледі;
кеден заңнамаларының сақталуын тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға деп кедендік операцияларды жасауды бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы түсініледі;
заңды тұлға деп кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын және кедендік тасымалдаушы және (немесе) кеден өкілі болып табылатын заңды тұлға түсініледі.
техникалық мүмкндік деп, мемлекеттік кірістер органдарының автоматтандырылған жүйелерінің құралдары арқылы мәліметтерді алу және жолдау мүмкіндігі түсініледі.
2-тарау. Заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз ету әдістерін қолдану тәртібі
3. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тізілімге енгізуге үміткер заңды тұлға кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетін орындауды қамтамасыз етудің таңдалған тәсіліне (тәсілдеріне) байланысты заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу үшін мемлекеттік кірістер органына Кодекстің 98-бабы 4-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде, 99-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде, 100-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде, 101-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде және 102-бабының бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш табыс етеді.
4. Заңды тұлғаның міндетті орындауды қамтамасыз етуін мемлекеттiк кірістер органы банктік кепілдіктің және (немесе) сақтандыру және (немесе) кепілгерлік және (немесе) мүліктік кепіл шарттарының қолданыс мерзімінен және (немесе) Кодекстің 89 және 143-бабтарында белгiленген талап қою мерзiмiнен аспауы тиіс заңды тұлғаның өтiнiшiнде айқындалған мерзiмде қабылдайды.
5. Заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етуін тіркеу немесе осындай тіркеуден бас тартуды кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу үшін Кодексте белгіленген мерзімде уәкілетті лауазымды тұлға жүзеге асырады (бұдан әрі - міндетін орындауды қамтамасыз ету).
6. Заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етуін тіркеу Кодекстің 105-бабына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетін орындауды қамтамасыз етуді есепке алу қағидаларының 6, 7, 8, 9, 11, 14, 16 және 17-тармақтарында қарастырылған тәртіпте жүзеге асырылады.
7. Заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу немесе осындай тіркеуден бас тарту туралы хабарламаны осындай бас тартудың себебін көрсетіп, уәкілетті лауазымды тұлға міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу туралы хабарламаны жолдау үшін Кодексте белгіленген мерзімде жазбаша немесе электрондық түрде заңды тұлғаға жолдайды.
8. Уәкілетті лауазымды тұлға заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етудің таңдаған тәсіліне (тәсілдеріне) байланысты Кодекстің 98-бабы 5-тармағының екінші бөлігінің екінші абзацында, 99-бабының 2-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында, 100-бабының 4-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында, 101-бабының 5-тармағының 1 және 102-бабының 2-тармағының 1), 4) және 5) бөліктерінде көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ Кодекстiң 486-бабының 7 және 8-тармақтарында белгiленген бiр немесе бiрнеше шарттарды сақтамаған жағдайда және (немесе) ұсынылған сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеуден бас тартады.
9. Уәкілетті лауазымды тұлға заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу туралы хабарламаны заңды тұлғаға жолдаумен бір мезгілде лауазымды тұлғаға осы бұйрықпен бекітілген Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетін орындауды бас қамтамасыз етуді пайдалану қағидаларына қосымшаға сәйкес нысан бойынша Міндетін орындауды қамтамасыз етуді есепке алу нысанынан мәліметтерді (бұдан әрі - Нысаны) жолдайды.
10. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тізілімге енгізген немесе осындай тізілімге енгізуден бас тартқан күннен бастап бір жұмыс күні ішінде лауазымды тұлға уәкілетті лауазымды тұлғаға тиісті хабарлама жолдайды.
11. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тізілімге енгізуден бас тартқан жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға Нысанды жою туралы белгі қояды, ол туралы мұндай таңбаны қойған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлға хабардар етеді.
12. Егер банктік кепілдіктің және (немесе) сақтандыру және (немесе) кепілгерлік және (немесе) мүліктік кепілк шарттарының қолданыс мерзімі, сондай-ақ заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз ету сомасы Кодексте белгіленген шарттарға сәйкес келген жағдайда уәкілетті лауазымды тұлға Нысанда заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етуін тіркеу туралы өтініште көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін заңды тұлғаның осындай міндетін орындауды қамтамасыз етуін уақытша шектеу туралы белгі қояды.
13. Заңды тұлға кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарды төлеу жөніндегі міндетін (бұдан әрі – міндет) орындамаған немесе тиісінше орындамаған, кедендік алымдар, өсімпұлдар, пайыздар сомаларын төлемеген кезде кеден заңнамасының сақталуын тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға:
Кодекстің 98-бабының 6-тармағында, 99-бабының 4-тармағында, 100-бабының 5-тармағында, 101-бабының 10-тармағында және 102-бабының 4-тармағында көзделген әрекеттерді жүргізеді;
техникалық мүмкіндіктер болған жағдайда Нысанда заңды тұлғаның міндетін орындамауы немесе тиісінше орындамауы, кедендік алымдар, өсімпұлдар, пайыздар сомаларын төлемеуі туралы белгі қойылады.
14. Кеден заңнамасының сақталуын тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға осы Қағиданың 13-тармағында көрсетілген әрекеттермен бір мезгілде уәкілетті лауазымды тұлғаға осындай әрекеттер туралы ақпаратты жолдайды.
15. Уәкілетті лауазымды тұлғаға осы Қағиданың 14-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Нысанда заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз ету сомасын осындай ақпаратта көрсетілген сомағаы азайтады.
16. Уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген әрекеттермен бір мезгілде Кодексте белгіленген іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін лауазымды тұлғаға тиісті ақпаратты жолдайды.
17. Заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу туралы өтініште көрсетілген мерзім аяқталған соң уәкілетті лауазымды тұлға Нысанды жою туралы белгі қояды, ол туралы көрсетілген мерзім аяқталған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлға хабардар етеді.
18. Егер заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу күнінен бастап бір жыл ішінде осы Қағиданың 10-тармағында көрсетілген хабарлама келіп түспесе, уәкілетті лауазымды тұлға Нысанды жою туралы белгі қояды, ол туралы мұндай таңбаны қойған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлға хабардар етеді.
19. Бұрын мәлімделген мәліметтерге өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі Кодекстің 105-бабына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетін орындауды қамтамасыз етуді есепке алу қағидасының 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31 және 32-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
20. Заңды тұлғаны кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар тізілімінен шығарып тастаған кезде лауазымды тұлға осындай шығарып тастау туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті лауазымды тұлғаға тиісті хабарлама жолдайды.
21. Уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағиданың 20-тармағында көрсетілген ақпаратты алған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей Нысанды жою туралы белгі қояды, ол туралы мұндай таңбаны қоған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлға хабардар етеді.
3-тауар. Заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етудің бір тәсілін алмастыру тәртібі
3. Заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етудің бір тәсілін заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етудің басқа тәсілімен (тәсілдерімен) алмастыру үшін міндетін орындауды қамтамасыз етуге таңдалған тәсіліне (тәсілдерге) байланысты мемлекеттік кірістер органына Кодекстің 98-бабы 4-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде, 99-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде, 100-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде, 101-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде және 102-бабының бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтінішті ұсынады.
23. Заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етудің бір тәсілін заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етудің басқа (басқадай) тәсілімен (тәсілдерімен) алмастыру немесе мұндай алмастырудан бас тартуды уәкілетті лауазымды тұлға міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу үшін Кодексте белгіленген мерзімде жүзеге асырады.
24. Уәкілетті лауазымды тұлға заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етудің бір тәсілін осы Қағиданың 8-тармағында көзделген жағдайларда заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етудің басқа (басқадай) тәсілімен (тәсілдерімен) алмастырудан бас тартады.
25. Заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етудің бір тәсілін заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етудің басқа (басқалай) тәсілімен (тәсілдерімен) алмастыру немесе себебін көрсетіп, мұндай алмастырудан бас тарту туралы хабарламаны уәкілетті лауазымды тұлға міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу туралы хабарлама жіберу үшін Кодексте белгіленген мерзімде уәкілетті лауазымды тұлғаға жазбаша немесе электронды түрде жолдайды.
26. Нысанға заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етудің бір тәсілін заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етудің басқа (басқалай) тәсілімен (тәсілдерімен) алмастыру туралы белгіні, Кодекстің 105-бабына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетін орындауды қамтамасыз етуді есепке алу қағидасының 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31 және 32-тармақтарында белгіленген тәртіпте, бұрын мәлімделген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы уәкілетті лауазымды тұлға қояды.
27. Егер банктік кепіл және (немесе) сақтандыру және (немесе) кепілгерлік және (немесе) мүліктік кепіл шарттарының қолданыс мерзімі, заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз ету сомасы Кодексте белгіленген шарттарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға Нысанда заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етуін тіркеу туралы өтініште көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етуді уақытша шектеу туралы белгі қояды.
28. Уәкілетті лауазымды тұлға заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етудің бір тәсілін заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етудің басқа тәсілімен (тәсілдерімен) алмастыру туралы заңды тұлғаға хабарлама жолдауымен бір мезгілде Нысандағы мәліметтерді лауазымды тұлғаға жолдайды.
29. Техникалық мүмкіндік болған жағдайда, осы Қағиданың 9, 14 және 28-тармақтарында көрсетілген әрекеттер орындалмайды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 294 бұйрығына 4-қосымша |
Уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану, қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасына ауыстыру, қамтамасыз ету мөлшерін төмендету қағидасы 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Уәкілетті экономикалық оператордың міндеттері орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу (бұдан әрі – УЭО қамтамасыз ету) УЭО қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасына ауыстыру, сондай-ақ УЭО қамтамасыз ету мөлшерін төмендету қағидасы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 535-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және УЭО қамтамасыз етуді тіркеу тәртібін, УЭО қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасына ауыстыру тәртібін, сондай-ақ УЭО қамтамасыз ету мөлшерін төмендету тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 22.12.2022 № 1312 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидада пайдаланылатын ұғымдар Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген мәндерде қолданылады.
Осы Қағидаларда:
лауазымды тұлға деп уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы өтінішті қарайтын мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы түсініледі;
уәкілетті лауазымды тұлға деп УЭО қамтамасыз етуін тіркеуді, сондай-ақ УЭО қамтамасыз ету мөлшерін есепке алуды жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы түсініледі.
лауазымды тұлға деп кеден заңдарының сақталуын тексеруді жүзеге асыратын, кедендік операцияның жасалуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы түсініледі;
заңды тұлға деп уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне (бұдан әрі – УЭО тізілім) енуге үміткер заңды тұлға түсініледі.
техникалық мүмкндік деп, мемлекеттік кірістер органдарының автоматтандырылған жүйелерінің құралдары арқылы мәліметтерді алу және жолдау мүмкіндігі түсініледі.
2-тарау. УЭО қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану тәртібі
3. Заңды тұлға кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетін (бұдан әрі – міндет) орындауды қамтамасыз етудің таңдалған тәсіліне (тәсілдеріне) байланысты УЭО қамтамасыз етуді тіркеу үшін мемлекеттік кірістер органына Кодекстің 94-бабы 12-тармағының 4) және 5) тармақшаларында, 98-бабының 4-тармағының үшінші бөлігінде, 99-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде, 100-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде, 101-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтінішті ұсынады.
4. УЭО қамтамасыз етуді мемлекеттік кірістер органы банктік кепіл және (немесе) кепілгерлік және (немесе) мүліктік кепіл шарттарының қолданыс мерзімінен және (немесе) Кодекстің 89 және 143-баптарында белгiленген талап қою мерзiмiнен аспауы тиіс УЭО тізіліміне енуге үміткер заңды тұлғаның өтінішінде белгiленген мерзiмде қабылдайды.
5. УЭО қамтамасыз етуді тіркеуді немесе осындай тіркеуден бас тартуды міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу үшін Кодексте белгіленген мерзімде уәкілетті лауазымды тұлға жүзеге асырады.
6. УЭО қамтамасыз етуді тіркеу, Кодекстің 105-бабына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетін орындауды қамтамасыз етуші есепке алу қағидасының 6, 7, 8, 9, 11, 14, 16 и 17-тармақтарында қарастырылған тәртіпте жүзеге асырылады.
7. УЭО Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен қамтамасыз етілген жағдайда, мәлімделген мәліметтер мен ұсынылған құжаттар Кодексте және осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайында, уәкілетті лауазымды тұлға мәлімделген мәліметтердің және ұсынылған құжаттардың сәйкестігі туралы осы бұйрықпен бекітілген, Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауды бас қамтамасыз етуді қолдану қағидасының қосымшасына сәйкес нысан бойынша УЭО қамтамасыз етуді есепке алу нысанында (бұдан әрі - Нысан) белгі қояды, УЭО қамтамасыз ету тіркеледі.
8. УЭО қамтамасыз етуді тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы хабарламаны осындай бас тартудың себебін көрсетіп, уәкілетті лауазымды тұлға міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу туралы хабарламаны жіберу үшін Кодексте белгіленген мерзімде жазбаша немесе электрондық түрде заңды тұлғаға жолдайды.
9. Уәкілетті лауазымды тұлға УЭО қамтамасыз етуді тіркеуден мынадай:
УЭО қамтамасыз етудің таңдаған тәсіліне (тәсілдеріне) байланысты Кодекстің 98-бабы 5-тармағының екінші бөлігінің екінші абзацында, 99-бабының 2-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында, 100-бабының 4-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында, 101-бабы 5-тармағының 1-бөлігінде көрсетілген;
Кодекстiң 535-бабының 6 және 7-тармақтарында белгiленген бiр немесе бiрнеше шарттарды сақтамаған;
егер Кодекстің 486-бабының 13-тармағын ескере отырып, 532-бабының 4-тармағында, 535-бабының 10, 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтарында белгіленген УЭО қамтамасыз ету мөлшері УЭО қамтамасыз етуді таңдаған тәсіліне (тәсілдеріне) байланысты құжаттарда расталған УЭО қамтамасыз ету мөлшерінен асып кеткен жағдайларда тіркеуден бас тартады.
10. Уәкілетті лауазымды тұлға заңды тұлғаға УЭО қамтамасыз етуді тіркеу туралы хабарламаны жолдаумен бір мезгілде лауазымды тұлғаға осы бұйрықпен бекітілген Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті бас қамтамасыз етуді қолдану қағидаларына қосымшаға сәйкес Нысаннан мәліметтерді жолдайды.
11. Лауазымды тұлға УЭО тізілімге енгізген немесе осындай тізілімге енгізуден бас тартқан күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті лауазымды тұлғаға тиісті хабарлама жібереді.
12. УЭО тізілімге енгізуден бас тартқан жағдайда уәкілетті лауазымды тұлға Нысанды жою туралы белгі қояды, ол туралы мұндай таңбаны қойған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлға хабардар етеді.
13. Егер банктік кепіл және (немесе) кепілгерлік және (немесе) мүліктік кепіл шарттарының қолданыс мерзімі, сондай-ақ заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз ету сомасы Кодексте белгіленген шарттарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға Нысанда УЭО қамтамасыз етуін тіркеу туралы өтініште көрсетілген мерзім аяқталғанғ дейін УЭО қамтамасыз етуін уақытша шектеу туралы белгі қояды.
14. Егер УЭО қатысты кедендік тексеру нысанында кедендік бақылау жүргізілген жағдайда, мұндай бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға, кедендік тексеру басталған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай хабарламаны алған күні Нысанға тиісті белгі қоятын уәкілетті лауазымды тұлғаны бұл туралы хабардар етеді.
15. Осы Қағиданың 14-тармағында көрсетілген кедендік тексеру аяқталғаннан кейін, кедендік тексеру жүргізетін лауазымды тұлға, кедендік тексеру актісін шығарған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, кедендік тексерудің аяқталғаны туралы ақпаратты осындай ақпаратты алған күні Нысанға тиісті белгі қоятын уәкілетті лауазымды тұлғаға жолдайды.
16. УЭО, оның ішінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарды төлеу жөніндегі міндеттердін орындамаған немесе тиісінше орындамаған, кедендік алымдар, өсімпұлдар, пайыздар сомаларын төлемеген кезде, кеден заңнамасының сақталуын тексеруді жүзеге асырушы лауазымды тұлға:
Кодекстің 98-бабының 6-тармағында, 535-бабының 25-тармағында көзделген әрекеттерді жүргізеді;
техникалық мүмкіндік болған жағдайда, заңды тұлғаның, соның ішінде арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардын төлеу бойынша міндетті орындамауы немесе тиісті емес орындауы, кедендік алымдар, өсімпұлдар, пайыздарды төлемеуі туралы белгі қояды.
17. Кеден заңнамасының сақталуын тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға осы Қағиданың 16-тармағында көрсетілген әрекеттермен бір мезгілде уәкілетті лауазымды тұлғаға осы Қағиданың 16-тармағында көрсетілген әрекеттер туралы ақпаратты жолдайды.
18. Уәкілетті лауазымды тұлғаға осы Қағиданың 17-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей, Нысандағы заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз ету сомасын, осындай ақпаратта көрсетілген сомаға азайтады.
19. Уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағиданың 18-тармағында көрсетілген әрекеттермен бір мезгілде лауазымды тұлғаға Кодексте белгіленген іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін тиісті ақпараттар жолдайды.
20. УЭО қамтамасыз етуді тіркеу туралы өтініште көрсетілген мерзім аяқталғаннан соң уәкілетті лауазымды тұлға Нысанды жою туралы белгі қояды, ол туралы көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей УЭО хабардар етеді.
21. Егер УЭО қамтамасыз етуді тіркеу күнінен бастап бір жыл ішінде осы Қағиданың 11-тармағында көрсетілген хабарлама келіп түспесе, уәкілетті лауазымды тұлға Нысанды жою туралы белгі қояды, ол туралы мұндай таңбаны қою күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлға хабардар етеді
22. Егер бірінші үлгідегі куәлігі бар УЭО УЭО-ды қамтамасыз етуді ұсынбай екінші немесе үшінші үлгідегі УЭО тізіліміне енгізілсе, лауазымды тұлға бұл туралы уәкілетті лауазымды тұлғаны хабардар етеді, ол мұндай хабарламаны алған күннен кейін бір күннен кешіктірмей Нысанды жою туралы белгі қояды, ол туралы мұндай таңбаны қою күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей УЭО хабардар етеді.
23. Бұрын мәлімделген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі Кодекстің 105-бабына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетін орындауды қамтамасыз етуді есепке алу қағиданың 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31 және 32-тармақтарында қарастырылған тәртіпте жүзеге асырылады.
24. УЭО тізілімінен УЭО шығарылып тасталған жағдайда, лауазымды тұлға осындай шығарып тастау туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті лауазымды тұлғаға тиісті хабарлама жолдайды.
25. Уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағиданың 24-тармағында көрсетілген ақпаратты алған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, Нысанды жою туралы белгі қояды, ол туралы мұндай таңбаны қою күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлға хабардар етеді.
3-тарау. УЭО қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасымен алмастыру тәртібі
26. УЭО қамтамасыз етудің бір тәсілін УЭО қамтамасыз етудің басқа тәсіліне (тәсілдеріне) алмастыру үшін УЭО қамтамасыз етудің таңдалған тәсіліне (тәсілдеріне) байланысты мемлекеттік кірістер органына Кодекстің 94-бабы 12-тармағының 4) және 5) тармақшаларында, 98-бабының 4-тармағының үшінші бөлігінде, 99-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде, 100-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде, 101-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.
27. УЭО қамтамасыз етудің бір тәсілін УЭО қамтамасыз етудің басқа тәсіліне (тәсілдеріне) алмастыру немесе мұндай алмастырудан бас тартуды уәкілетті лауазымды тұлға міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу үшін Кодексте белгіленген мерзімде жүзеге асырады.
28. Уәкілетті лауазымды тұлға УЭО қамтамасыз етудің бір тәсілін УЭО қамтамасыз етудің басқа тәсіліне (тәсілдеріне) алмастырудан осы Қағиданың 9-тармағында көзделген жағдайларда бас тартады.
29. УЭО қамтамасыз етудің бір тәсілін УЭО қамтамасыз етудің басқа тәсіліне (тәсілдеріне) алмастыру немесе мұндай алмастырудан бас тарту туралы хабарлама себебін көрсетіп, УЭО уәкілетті лауазымды тұлғасы жазбаша немесе электрондық түрде Кодексте белгiленген мерзiмде міндетті орындауды қамтамасыз етудi тiркеу туралы хабарлама жіберу үшін жолдайды.
30. Кодекстің 105-бабына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін, Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетін орындауды қамтамасыз етуді есепке алу қағиданың 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31 және 32-тармақтарында қарастырылған тәртіпте, бұрын мәлімделген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы, Нысанға уәкілетті лауазымды тұлға УЭО қамтамасыз етудің бір тәсілін УЭО қамтамасыз етудің басқа тәсіліне (тәсілдеріне) алмастыру туралы белгіні қояды.
31. Егер банктік кепіл және (немесе) кепілгерлік және (немесе) мүліктік кепіл шарттарының қолданыс мерзімі, УЭО қамтамасыз ету сомасы Кодексте белгіленген шарттарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға Нысанда заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етуін тіркеу туралы өтініште көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін УЭО осындай қамтамасыз етуін уақытша шектеу туралы белгі қояды.
32. Уәкілетті лауазымды тұлға УЭО қамтамасыз етудің бір тәсілін УЭО қамтамасыз етудің басқа тәсіліне (тәсілдеріне) алмастыру туралы УЭО-ға хабарлама жіберумен бір мезгілде Нысаннан мәліметтерді лауазымды тұлғаға жолдайды.
4-тауар. УЭО қамтамасыз ету мөлшерін азайту тәртібі
33. УЭО қамтамасыз ету мөлшерін азайту мақсатында, УЭО қамтамасыз етудің тағдалған тәсіліне (тәсілдеріне) байланысты УЭО мемлекеттік кірістер органына Кодекстің 94-бабы 12-тармағының 4) және 5) тармақшаларында, 98-бабының 4-тармағының үшінші бөлігінде, 99-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде, 100-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде, 101-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.
34. УЭО қамтамасыз ету мөлшерін азайту немесе осындай азайтудан бас тартуды уәкілетті лауазымды тұлға міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу немесе осындай тіркеуден бас тарту үшін Кодекспен белгіленген мерзімдерде жүргізеді.
35. Уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағиданың 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және (немесе) Кодекстің 535-бабының 6, 7-тармақтарында белгілеген бір немесе бірнеше шарттарды сақтамаған жағдайда, сондай-ақ Кодекстің 486-бабының 13-тармағын ескере отырып, 535-бабының 11, 12, 13, 14-тармақтарында белгіленген УЭО қамтамасыз ету мөлшері УЭО қамтамасыз етудің талдалған тәсіліне (тәсілдеріне) байланысты құжаттармен расталатын УЭО қамтамасыз ету мөлшерінен асып кетсе, УЭО қамтамасыз ету мөлшерін азайтудан бас тартады.
36. УЭО қамтамасыз ету мөлшерін азайту немесе азайтудан бас тарту туралы хабарламаның себебін көрсетіп, УЭО-ның уәкілетті лауазымды тұлғасы жазбаша немесе электронды түрде Кодексте белгіленген мерзімде міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу туралы хабарламаны жіберу үшін жолдайды.
37. Кодекстің 105-бабына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетін орындауды қамтамасыз етуші есепке алу қағидалардың 25, 26, 27, 28, 29, 30 ,31 және 32-тармақтарында қарастырылған тәртіпте, бұрын мәлімделген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы, уәкілетті лауазымды тұлға Нысанға УЭО қамтамасыз ету мөлшерін азайту туралы белгіні қояды.
38. Егер банктік кепіл және (немесе) кепілгерлік және (немесе) мүліктік кепіл шарттарының қолданыс мерзімі, УЭО қамтамасуз ету сомасы Кодексте белгіленген шарттарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға Нысанда заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етуін тіркеу туралы өтініште көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін УЭО қамтамасыз етуін уақытша шектеу туралы белгі қояды.
39. Уәкілетті лауазымды тұлға УЭО қамтамасыз ету мөлшерін азайту туралы хабарлама УЭО-ға жіберумен бір мезгілде Нысандағы мәліметтерді лауазымды тұлғаға жолдайды.
40. Техникалық мүмкiндiктер болған жағдайда, осы Қағиданың 10, 17, 32 және 39-тармақтарында көрсетiлген әрекеттер орындалмайды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 294 бұйрығына 5-қосымша |
"Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 22.12.2022 № 1312 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет), Комитеттің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсету тәртібін анықтайды.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Келу тәртібімен – көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесімен қабылданады және көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды өңдеуге жауапты құрылымдық бөлімшесіне беріледі.
Электронды түрде – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы салықтық өтініш портал арқылы қабылданады.
2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" осы Қағидаланың 1-қосымшасына сәйкес жазылған.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 97 бабының 1 тармағы 4 тармақшасында көзделген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жүгінгенге дейін, Кодекстің 101 бабы 1 тармағының екінші бөлігіне сәйкес, мемлекеттік кірістер органына осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалаушының кепіл мүлкінің нарықтық құнын бағалау туралы есебін қоса бере отырып, мүлік кепілі шартын жасау туралы өтініш ұсынады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге:
Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген тәсілдер бойынша кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу, сондай-ақ кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператор міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауды тіркеу туралы өтінішті осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар топтамасын ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисіндегі электрондық құжат ұсынылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Заңда өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті лауазымды тұлғаның электронды цифрлық қол қоюымен расталған электрондық құжат нысанында алады.
Оларда қамтылған ақпараттар мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алынған жағдайда құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды қабылдауын растауы осы Қағиданың 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген, күні, уақыты, құжаттар топтамасын қабылдаған тұлғаның қолы, тегі және аты-жөні бар өтініштің көшірмесіне белгі қою болып табылады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесінде күні, уақыты көрсетіле отырып хабарлама жолданады.
4. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметшісі кедендік іс саласындағы уәкілетті орган тәулік бойғы жұмыс режимін бекіткен көрсетілетін қызметті берушіні қоспағанда, осы Қағиданың 3-тармағының үшінші бөлігінде көзделген, өтінішті және оған қоса берілетін құжаттардың, олар келіп түскен күні қабылдауын жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
5. Құжаттарды қарау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мерзімі:
1) Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген тәсілдермен кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету кезінде Кодекстің 98-бабының 5-тармағының бірінші бөлігіне, 99-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіне, 100-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіне және 102-баптың 1-тармағының алтыншы бөлігіне сәйкес оларды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күн мерзімде;
2) Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген тәртіппен кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету кезінде осы Кодекстің 101-бабына сәйкес оларды кепіл мемлекеттік тіркеу органында ресімделген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күн мерзімде жасалады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
6. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері осы Қағидалардың 3-тармағының үшінші бөлігінде көзделген өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе басшы орынбасарына көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушы етіп айқындауына береді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды электронды түрде ұсынған кезде құжаттарды өңдеу автоматты түрде жүргізіледі. Көрсетілетін қызметті алушы осы тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар топтамасын электронды түрде толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес тыңдау жүргізбей, электронды түрде ұсынылған құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын (қағазда) ұсынған жағдайда:
Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген тәсілдермен көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті өтініште көрсетілген мәліметтердің және (немесе) ұсынылған құжаттардың Кодекстің 98, 99, 100, 101 және 102-баптарында және осы Қағиданың 3-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тексеріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы келу тәртібімен құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған, не осы Қағида тармақшаның үшінші бөлігінде көзделген тәсілдермен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ӘРПК-тің 73-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тыңдау жүргізбей, электронды түрде ұсынылған құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Қазақстан Республикасы заңдарымен бекітілген, тізбенің 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға құжат тапсырылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды жолдайды.
7. Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі туралы хабарламаға көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе басшының жазбаша шешімімен уәкілеттік берілген тұлға осындай хабарламаға қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жіберіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама, көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.
8. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізу тәртібі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларымен анықталады.
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелер істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті берушілер істен шыққан уақыттан бастап 30 (отыз) минут ішінде электронды пошта бойынша e-okno@mgd.kz, мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға берген өтінішті тіркеу нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), көрсетілетін қызметті алушының атауы, қателікке әкеліп соққан әрекеттердің салдарын сипаттайтын, сондай-ақ туындаған қиыңдықтарды түсіндіретін скриншоттарды көрсетіп қолдау қызметіне сұрау сауал жолдайды.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметшілерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;
салықтардың және бюджетке төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына;
мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Бұл ретте, Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация басшысының атына, немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағымдар шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
"Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет), Комитеттің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалар бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәсілі |
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы; |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері |
1) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 97-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген тәсілдермен кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету кезінде Кодекстің 98-баптың 5-тармағының бірінші бөлігіне, 99-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіне, 100-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіне және 102-баптың 1-тармағының алтыншы бөлігіне сәйкес оларды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күн мерзімде; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (жартылай автоматтандырылған)/ қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуді ресімдеу (немесе) уәкілетті экономикалық оператор немесе осы тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Көрсетілген қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – Еңбек Кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заңы) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, кедендік іс саласындағы уәкілетті орган тәулік бойғы жұмыс режимін бекіткен көрсетілетін қызметті берушіні қоспағанда. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
көрсетілетін қызметті берушіге: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) ақшаны кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдалануында; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің – www. kgd. gov. kz, www. minfin. gov. kz интернет-ресурстарында орналастырылған. |
нысан
_________________________ (заңды тұлғаның толық атауы/ жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінін аты (болған кезде) ____________________________ (заңды мекенжайы) ____________________________ (нақты мекенжайы/тұрғылықты жері) ___________________________ (бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі) ____________________________ (электрондық мекенжайы, телефон) ____________________________ (мемдекеттік кірістер органының атауы) |
Мүлік кепілі шартын жасау туралы өтініш
"Қазақстан Республикасында кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 101-бабының 1-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) мүлік шартын жасауға өтінішті кабылдауыңызды сұраймын.
Осы өтінішпен кепілге ұсынылған мүлік
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(кепілдегі заттың атауы және оның нақты мекенжайы)
_____________________________________ мынадай талаптарға жауап беретінін растаймын:
Тиісті ұяшықтардан бір немесе бірнеше ұяшық Х белгісімен белгіленеді
өтімділік болып табылады;
жоғалғаннын немесе бұзылғаннан сақтандырылған (құжат нөмірін (болған кезде) және растайтын құжаттың күні көрсетіледі);
тыйым салынған мүлік болып табылмайды*;
мүлікке мемлекеттік органдармен шектеулер қойылмаған*;
мүлік жеке меншікте және үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынбаған**
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
** Кепілдік мүлік шарты үш тарапты болған жағдайда толтырылады, кепіл нысанасы үшінші тұлғаның жеке меншігі болып табылған жағдайда мынадай мәліметтер көрсетіледі: заңды тұлғаның толық атауы/ кепіл нысанының меншік иесі болып табылатын жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе); заңды мекенжайы; нақты мекенжайы/тұрғылықты жері; бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі; электронды мекенжайы, телефоны.
Өтінішке қосымша:
мүлік кепілі шартының жобасы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________;
кепілдік мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебі:
___________________________________________________________________
(болған кезде нөмірі және күні)
Қосымша: ___ парақ (-та).
Берген күні: ____________________
Заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінін аты (болған кезде)
_____________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінін аты (болған кезде)_____________________________
Қолы ________________
нысан
____________________________ (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) ____________________________ (заңды мекенжайы) ____________________________ (нақты мекенжайы немесе тұрғылықты жері) ____________________________ (бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі) ____________________________ (электрондық мекенжайы, телефон) ____________________________ (мемлекеттік кірістер органының атауы) |
Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу туралы өтініш
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс)
98-бабының 4-тармағына,
99-бабының 1-тармағына,
100-бабының 1-тармағына,
101-бабының 1-тармағына
және 102-бабының 1-тармағына
сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді (бұдан әрі – міндеттерді орындауды қамтамасыз ету) қабылдауыңызды сұраймын.
Тиісті ұяшықтардан бір немесе бірнеше ұяшық Х белгісімен белгіленеді уәкілетті орган уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізудің шарттарын сақтау туралы хабарламаны тіркеу күні (уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізуге үміткер тұлға) толтырады________________________________________________________
Тиісті ұяшықтардан бір немесе бірнеше ұяшық Х белгісімен белгіленеді:
Осы қамтамасыз ету кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттеменің орындалуын бас қамтамасыз етуі болып табыла ма
ия
Жоқ
№ | Тауардың атауы | Тауардың мөлшері, салмағы (өлшем бірліктерін көрсету) | Еуразиялық экономика одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номерклатурасының коды | Тауардың құны | Келісімшаттың, коммерциялық құжаттардың нөмірі және күні (болған кезде) |
№ | Міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі (тәсілдері) | Міндеттердің орындалуын қамтамасыз етудің қолданыс мерзімі | Міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері | Міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжаттың нөмірі (болған кезде) және күні |
1 | Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы | |||
2 | Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы | |||
3 | Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы | |||
4 | Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы | |||
5 | Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы |
Тиісті ұяшықтардан бір немесе бірнеше ұяшық Х белгісімен белгіленеді:
Кеден операцияларының түрі | |
Кодекстің 194-бабы | |
Кодекстің 195-бабы | |
Кодекстің 196-бабы | |
Кодекстің 226-бабы | |
Кодекстің 257-бабы | |
Кодекстің 354-бабы | |
Кодекстің 387-бабы | |
Кодекстің 96-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы | |
Кодекстің 96-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы | |
Кодекстің 96-бабы 2-тармағының 4) тармақшасы | |
Кодекстің 96-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы |
Тиісті ұяшықтардан бір немесе бірнеше ұяшық Х белгісімен белгіленеді:
Кедендік тізілім | |
кедендік өкілдер | |
кедендік тасымалдаушылар | |
уәкілетті экономикалық операторлар | |
Мәліметтер қамтамасыз ету сертификатын ресімдеу жағдайында толтырылады | |
Кеден транзит кедендік рәсіміне тауарды орналастырумен байланысты кедендік операцияларды жасайтын жөнелтуші кеден органы | |
Межелі кеден органы | |
Алдыңғы қамтамасыз ету сертификатының тіркеу нөмірі (болған кезде) | |
Коммерциялық және көліктік (тасымалдау) құжаттар туралы мәліметтер |
Осы өтінішке:
кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз етудің таңдап алған тәсіліне (тәсілдеріне) байланысты:
1) Кодекстің 94-бабы 12-тармағының 4) және 5) тармақшаларына көрсетілген құжаттар;
2) кепіл беруші – екінші деңгейдегі банк пен төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шартын және банк кепілдігі;
3) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекске сәйкес жасалған кепілгерлік шарт;
4) мүліктік кепілдік шарты, бағалаушының кепіл мүлігінің нарықтық құнын бағалау туралы есебі және мүлікті сақтандыру шарты;
5) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар, сақтандыру ұйымдарының тізіліміне енгізілген сақтандыру ұйымдары берген сақтандыру шарттары қоса беріледі.
Қосымша: ___ парақ (-та).
Берген күні: ____________________
Жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) _____________
Қолы ________________