"Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 294 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 479 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 25 шілдеде № 34808 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 294 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16600 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындаудың бас қамтамасыз етуін қолдану қағидаларында:

      18-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "техникалық мүмкіндік болған кезде, кеден заңнамасының сақталуына тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адам Нысанда ақшаны "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 540 Бұйрық) айқындалған тәртіппен есепке алу (қайтару) немесе Кодекске сәйкес қолдану үшін кедендік операцияны тиісінше аяқтау, міндеттің орындалуын қамтамасыз ету шектеуін жою және оны бақылаудан алу туралы белгі қояды.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, уәкілетті лауазымды адам осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін, кейіннен ақшаны № 540 Бұйрығымен айқындалған тәртіппен есепке алу (қайтару) немесе Кодекске сәйкес пайдалану үшін Нысанда кедендік операцияны тиісінше аяқтау, міндеттің орындалуын қамтамасыз ету шектеуін жою және оны бақылаудан алу туралы белгі қояды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді есепке алу қағидаларында:

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, уәкілетті лауазымды адам осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін, кейіннен ақшаны "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 Бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есепке алу (қайтару) немесе Кодекске сәйкес пайдалану үшін Нысанда кедендік операцияны тиісінше аяқтау, міндеттің орындалуын қамтамасыз ету шектеуін жою және оны бақылаудан алу туралы белгі қояды.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) және тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады