Әуе немесе су көлігімен және (немесе) теңізбен тасымалданатын шетелдік тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуіне байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 176 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 15 наурызда № 16609 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабы 8-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Әуе немесе су көлігімен және (немесе) теңізбен тасымалданатын шетелдік тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуіне байланысты кедендік операцияларды жасау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

      Төрағасы

      _________________ К. Мәсімов

      2018 жылғы 23 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитетінің төрағасы

      ______________ Н. Айдапкелов

      2018 жылғы 19 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      _________________ Қ. Бозымбаев

      2018 жылғы 27 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 13 ақпандағы
№ 176 бұйрығымен
бекітілген

Әуе немесе су көлігімен және (немесе) теңізбен тасымалданатын шетелдік тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуіне байланысты кедендік операцияларды жасау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әуе немесе су көлігімен және (немесе) теңізбен тасымалданатын шетелдік тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуіне байланысты кедендік операцияларды жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 386-бабы 8-тармағына сәйкес әзірленді және ЕАЭО тауарларының және шетелдік тауарлардың ЕАЭО кедендік аумағынан кетуімен және құрылыс салу (құру, тұрғызу), оларға қатысты Қазақстан Республикасы айрықша юрисдикцияға ие болатын ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан тысқары орналасқан қондырғылардың, құрылыстардың, жасанды аралдардың жұмыс істеуін (пайдалануын, қолдануын) және тіршілік етуін қамтамасыз ету (бұдан әрі – объектілер) мақсатында, сондай-ақ жеке тұлғалар мен ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағы мен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберіндегі объектілер арасында тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын әуе және су кемелерін қалыпты пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасы ету мақсатында әуе немесе су көлігімен және (немесе) теңіз арқылы тасымалданатын осындай тауарлардың ЕАЭО кедендік аумағына келуімен байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың әрекеті мынадай тауарларға:

      кодекстің 385-бабы 5-тармағының 3) тармақшасында және 6-тармағында көзделген Құрылыс салу (құру, тұрғызу), объектілердің жұмыс істеуін (пайдалануын, қолдануын) және тіршілік етуін қамтамасыз ету мақсатында, әуе немесе су көлігімен тасымалданатын ЕАЭО тауарларына, сондай-ақ бұрын ЕАЭО кедендік аумағының қалған бөлігінен объектіге әкелінген ЕАЭО тауарларына және Кодекстің 385-бабы 5-тармағының 4) тармақшасында көзделген көмірсутек шикізатын және (немесе) олардың қайта өңдеу өнімдерін қоса алғанда, ЕАЭО мүше мемлекеттердің континенталды шельфінде орналасқан объектілерде өндірілген ЕАЭО тауарларына (бұдан әрі – ЕАЭО тауарлары);

      кодекстің 202-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес шартты түрде шығарылған деп есептелетін осы тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулерге байланысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер қолданылатын, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған және құрылыс салу (құру, тұрғызу), объектілерде жұмыс істеуді (пайдалануды, қолдануды) және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде жеке тұлғалар мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы мен объектілер арасында тасымалдауды жүзеге асыратын әуе және су кемелерін қалыпты пайдалану мен оларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында әуе немесе су көлігімен және (немесе) теңізбен тасымалданатын тауарларға (бұдан әрі – шетелдік тауарлар) қолданылады.

      3. Осы Қағидалардың қолданысы осы Қағидалардың қолданысқа енгізілген күнге дейін ЕАЭО кедендік аумағынан кеткен және (немесе) ЕАЭО кедендік аумағына келген ЕАЭО тауарларына және (немесе) шетелдік тауарларға қолданылмайды.

2-тарау. ЕАЭО кедендік аумағынан ЕАЭО тауарларының және шетелдік тауарлардың кетуімен байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі

      4. Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген ЕАЭО кедендік аумағынан ЕАЭО тауарларының және (немесе) шетелдік тауарлардың кетуі тауарларды мемлекеттік кірістер органына ұсынбастан жүзеге асырылады.

      5. ЕАЭО кедендік аумағынан кеткен ЕАЭО тауарлары және шетелдік тауарлар туралы мәліметтерді аталған тауарларға қатысты өкілеттікке ие декларант немесе өзге тұлға осындай тауарлар кеткен тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді.

      ЕАЭО және (немесе) шетелдік тауарларға қатысты мәліметтер, ЕАЭО кедендік аумағынан ЕАЭО тауарлары және шетелдік тауарлардың кету орнында орналасқан мемлекеттік кірістер органына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      6. ЕАЭО кедендік аумағынан кеткен ЕАЭО тауарлары және (немесе) шетелдік тауарлар туралы мәліметтер электронды түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат ретінде ұсынылады.

      7. ЕАЭО кедендік аумағынан ЕАЭО тауарлары және шетелдік тауарлардың кету орнында орналасқан мемлекеттік кірістер органы серверде тауарлардың кету туралы мәліметтерді электронды түрде өңдеуді, талдауды және сақтауды қамтамасыз етеді.

      Мәліметтерді сақтау бөлек файлдарды қалыптастыру және қажетті мәліметтерге жедел қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.

3-тарау. ЕАЭО кедендік аумағына ЕАЭО тауарларының және шетелдік тауарлардың келуімен байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі

      8. Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген ЕАЭО кедендік аумағына ЕАЭО тауарларының және (немесе) шетелдік тауарлардың келуі тауарларды мемлекеттік кірістер органына ұсынбастан жүзеге асырылады.

      9. ЕАЭО кедендік аумағына келген ЕАЭО тауарлары және шетелдік тауарлар туралы мәліметтерді аталған тауарларға қатысты өкілеттікке ие декларант немесе өзге тұлға осындай тауарлар келген тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді.

      ЕАЭО және (немесе) шетелдік тауарларға қатысты мәліметтер, ЕАЭО кедендік аумағына ЕАЭО тауарлары және шетелдік тауарлардың келу орнында орналасқан мемлекеттік кірістер органына, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      10. ЕАЭО кедендік аумағына келген ЕАЭО тауарлары және (немесе) шетелдік тауарлар туралы мәліметтер электронды түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат ретінде ұсынылады.

      11. ЕАЭО кедендік аумағына ЕАЭО тауарлары және шетелдік тауарлардың келу орнында орналасқан мемлекеттік кірістер органы серверде тауарлардың кету туралы мәліметтерді электронды түрде өңдеуді, талдауды және сақтауды қамтамасыз етеді.

      Мәліметтерді сақтау бөлек файлдарды қалыптастыру және қажетті мәліметтерге жедел қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.

  Әуе немесе су көлігімен және
(немесе) теңізбен
тасымалданатын
шетелдік тауарлардың
Еуразиялық
экономикалық одақтың кедендік
аумағынан кетуіне және
Еуразиялық
экономикалық одақтың кедендік
аумағына келуіне байланысты
кедендік операцияларды
жасау қағидаларына
1-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинау
  үшін көзделген нысан

ЕАЭО кедендік аумағынан ЕАЭО тауарларының және шетелдік тауарлардың кетуі туралы мәлімет

      Ииндекс: 1- ӘТ

      Кезеңділігі: тоқсан сайын.

      Ұсынады: декларант не тауарларға қатысты өкілеттілігі бар тұлға.

      Қайта ұсынады: мемлекеттік кірістер органына.

      Ұсыну мерзімі: тауарлар кеткен тоқсаннан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей.

      1. "____"________20__ж. №___________

      2. Мемлекеттік кірістер органының коды: _______________________

      3. Әкетілген тауарлар туралы мәліметтерді табыс ету кезеңі:_________

      4. Тауарларды әкеткен заңды тұлғаның атауы, мекенжайы және БСН, не дара

      кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), мекенжайы және ЖСН:______________

      __________________________________________________________________

      ЕАЭО тауарлары:

Әкету күні

Тауардың атауы

Өлшем бірлігін көрсете отырып, тауардың мөлшері

Көлік құралы туралы мәліметтер (кеменің атауы/әуерейсінің нөмірі)

Ескертпе

1

2

3

4

5

      Шетелдік тауарлар:

Әкету күні

Тауардың атауы

Өлшем бірлігін көрсете отырып, тауардың мөлшері

Көлік құралы туралы мәліметтер (кеменің атауы/әуерейсінің нөмірі)

Ескертпе

1

2

3

4

5

      Заңды тұлғаның басшысы, дара кәсіпкер

      ___________________________________

      ___________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә. (ол болған кезде)

  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ЕАЭО кедендік аумағына ЕАЭО тауарларының және шетелдік тауарлардың келуі туралы мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде ЕАЭО кедендік аумағынан әкетілетін тауарларды кедендік әкімшілендіру мақсатында 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген.

      3. Нысанды іс жүзінде әкетілген тауарлар туралы қолда бар мәліметтердің негізінде декларант не тауарларға қатысты өкілеттілігі бар тұлға жасайды және тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін мемлекеттік кірістер органына ұсынады.

      Егер есепті тоқсан ішінде тауарларды әкету жүргізілмеген жағдайда, мемлекеттік кірістер органына мәліметтерді ұсыну талап етіледі.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. 1-тармақта мәліметтерді ұсынылған күн, ай, жыл және тіркеу нөмірі көрсетіледі. Ұсынылатын мәліметтер, мәліметтерді ұсынған заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің ішкі іс қағаздарды жүргізу тәртібіне сәйкес тіркеледі.

      5. 2-тармақта мәліметтер ұсынылатын мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі.

      6. 3-тармақта әкетілетін тауарлар туралы мәліметтер ұсынылатын кезең көрсетіледі.

      7. 4-тармақта тауарларды әкеткен заңды тұлғаның атауы, мекенжайы және БСН, не дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), мекенжайы және ЖСН көрсетіледі.

      8. ЕАЭО тауарлары кестесінде:

      1-бағанда – тауарлар әкетілген күн;

      2-бағанда – тауарлардың атауы;

      3-бағанда – көліктік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес өлшем бірлігін көрсете отырып, тауардың мөлшері;

      4-бағанда – тауарлар әкетілген көлік құралы туралы мәліметтер (кеменің атауы не әуерейсінің нөмірі);

      5-бағанда – қосымша мәліметтер (олар болған кезде) көрсетіледі.

      9. Шетелдік тауарлар кестесінде:

      1-бағанда – тауарлар әкетілген күн;

      2-бағанда – тауарлардың атауы;

      3-бағанда – көліктік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес өлшем бірлігін көрсете отырып, тауардың мөлшері;

      4-бағанда – тауарлар әкетілген көлік құралы туралы мәліметтер (кеменің атауы не әуерейсінің нөмірі);

      5-бағанда – қосымша мәліметтер (олар болған кезде) көрсетіледі.

  Әуе немесе су көлігімен және
(немесе) теңізбен
тасымалданатын
шетелдік тауарлардың
Еуразиялық
экономикалық одақтың кедендік
аумағынан кетуіне және
Еуразиялық
экономикалық одақтың кедендік
аумағына келуіне байланысты
кедендік операцияларды
жасау қағидаларына
2-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинау
  үшін көзделген нысан

ЕАЭО кедендік аумағына ЕАЭО тауарларының және шетелдік тауарлардың келуі туралы мәлімет

      Ииндекс: 2-ӘТ

      Кезеңділігі: тоқсан сайын.

      Ұсынады: декларант не тауарларға қатысты өкілеттілігі бар тұлға.

      Қайта ұсынады: мемлекеттік кірістер органына.

      Ұсыну мерзімі: тауарлар кеткен тоқсаннан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей.

      1. "____"_______20__ж. №_____________

      2. Мемлекеттік кірістер органының коды: ______________________

      3. Әкелінген тауарлар туралы мәліметтерді табыс ету кезеңі:________

      4. Тауарларды әкеткен заңды тұлғаның атауы, мекенжайы және БСН, не дара

      кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), мекенжайы және ЖСН:_______________

      __________________________________________________________________

      ЕАЭО тауарлары:

Әкелу күні

Тауардың атауы

Өлшем бірлігін көрсете отырып, тауардың мөлшері

Көлік құралы туралы мәліметтер (кеменің атауы/әуерейсінің нөмірі)

Ескертпе

1

2

3

4

5

      Шетелдік тауарлар:

Әкелу
күні

Тауардың атауы

Өлшем бірлігін көрсете отырып, тауардың мөлшері

Көлік құралы туралы мәліметтер (кеменің атауы/әуерейсінің нөмірі)

Ескертпе

1

2

3

4

5

      Заңды тұлғаның басшысы дара кәсіпкер

      ___________________________________

      ___________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә. (ол болған кезде)

  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ЕАЭО кедендік аумағына ЕАЭО тауарларының және шетелдік тауарлардың келуі туралы мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде ЕАЭО кедендік аумағынан әкетілетін тауарларды кедендік әкімшілендіру мақсатында2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген.

      3. Нысанды іс жүзінде әкелінген тауарлар туралы қолда бар мәліметтердің негізінде декларант не тауарларға қатысты өкілеттілігі бар тұлға жасайды және тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін мемлекеттік кірістер органына ұсынады.

      Егер есепті тоқсан ішінде тауарларды әкелу жүргізілмеген жағдайда, мемлекеттік кірістер органына мәліметтерді ұсыну талап етілмейді.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. 1-тармақта мәліметтерді ұсынылған күн, ай, жыл және тіркеу нөмірі көрсетіледі. Ұсынылатын мәліметтер, мәліметтерді ұсынған заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің ішкі іс қағаздарды жүргізу тәртібіне сәйкес тіркеледі.

      5. 2-тармақта мәліметтер ұсынылатын мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі.

      6. 3-тармақта әкетілетін тауарлар туралы мәліметтер ұсынылатын кезең көрсетіледі.

      7. 4-тармақта тауарларды әкеткен заңды тұлғаның атауы, мекенжайы және БСН, не дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), мекенжайы және ЖСН көрсетіледі.

      8. ЕАЭО тауарлары кестесінде:

      1-бағанда – тауарлар әкелінген күн;

      2-бағанда – тауарлардың атауы;

      3-бағанда – көліктік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес өлшем бірлігін көрсете отырып, тауардың мөлшері;

      4-бағанда – тауарлар әкелінген көлік құралы (кеменің атауы не әуе рейсінің нөмірі) туралы мәліметтер көрсетіледі;

      5-бағанда – қосымша мәліметтер (олар болған кезде) көрсетіледі.

      9. Шетелдік тауарлар кестесінде:

      1-бағанда – тауарлар әкелінген күн;

      2-бағанда – тауарлардың атауы;

      3-бағанда – көліктік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес өлшем бірлігін көрсете отырып, тауардың мөлшері;

      4-бағанда – тауарлар әкелінген көлік құралы (кеменің атауы не әуе рейсінің нөмірі) туралы мәліметтер;

      5-бағанда – қосымша мәліметтер (олар болған кезде) көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады