Деректерді үздіксіз беру функциясы бар спутниктік навигация жүйесінің техникалық құралын немесе шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысын Қазақстан Республикасының аумағында қолдану және оның бар екенін растау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 137 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 наурызда № 16613 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 496-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Деректерді үздіксіз беру функциясы бар спутниктік навигация жүйесінің техникалық құралын немесе шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысын Қазақстан Республикасының аумағында қолдану және оның бар екенін растау қағидалары бекітілсін.

      2. "Техникалық жабдыққа қойылатын талаптарды және оны қолдану тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 228 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10892 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 28 ақпан


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
247 ақпандағы № 137
бұйрығымен
бекітілген

Деректерді үздіксіз беру функциясы бар спутниктік навигация жүйесінің техникалық құралын немесе шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысын Қазақстан Республикасының аумағында қолдану және оның бар екенін растау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Деректерді үздіксіз беру функциясы бар спутниктік навигация жүйесінің техникалық құралын немесе шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысын Қазақстан Республикасының аумағында қолдану және оның бар екенін растау қағидалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы кодексінің 496-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және деректерді үздіксіз беру функциясы бар спутниктік навигация жүйесінің техникалық құралын немесе шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысын Қазақстан Республикасының аумағында қолдануды және оның бар екенін растау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) диспетчерлік орталық – Қазақстан Республикасында тіркелген спутниктік навигация қызметтерін ұсыну операторы;

      2) спутниктік навигацияның абоненттік терминалы – байланыс арналары бойынша дабыл беру арқылы көлік құралының тұрған жерін айқындауға мүмкіндік беретін деректерді үздіксіз беру функциясы бар шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысы немесе спутниктік навигация жүйесінің техникалық құралы;

      3) штаттан тыс режим – көлік құралының тұрған жерін айқындауға мүмкіндігі болмаған не дабыл берудің белгіленген уақытша параметрлері бұзылған жағдайларда спутниктік навигацияның абоненттік терминалының жұмыс режимі;

      4) штаттық режим – белгіленген уақытша параметрлерге сәйкес көлік құралының тұрған жері туралы дабыл берілетін спутниктік навигацияның абоненттік терминалының жұмыс режимі.

2-тарау. Спутниктік навигацияның абоненттік терминалын қолдану тәртібі

      3. Кедендік тасымалдаушы тіркемелерді, жартылай тіркемелерді, вагондарды, контейнерлерді және өздігінен жүзбейтін кемелерді қоспағанда, кедендік бақылаудағы тасымалдау үшін пайдаланылатын әрбір көлік құралын спутниктік навигацияның абоненттік терминалымен жарақтандырады.

      4. Көлік құралына орнатылған спутниктік навигацияның абоненттік терминалы Қазақстан Республикасының барлық аумағында көлік құралының орналасқан орны туралы дабыл беруді үздіксіз қамтамасыз етеді.

      5. Спутниктік навигацияның абоненттік терминалы диспетчерлік орталықтардың біріне қосылады. Кедендік тасымалдаушы ақпараттық жүйеге логин мен парольды ұсыну жолымен диспетчерлік орталық арқылы мемлекеттік кірістер органына көлік құралының өткізілуі туралы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

      6. Кедендік тасымалдаушы мемлекеттік кірістер органына диспетчерлік орталық арқылы нақты уақыт режимінде мынадай ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді:

      1) спутниктік навигацияның абоненттік терминалы қабылдаған дабылдары негізінде көлік құралының тұрған жерін анықтау;

      2) спутниктік навигацияның абоненттік терминалын қосу және сөндіру күні мен уақыты;

      3) көлік құралдары туралы ақпарат;

      4) көлік құралдарының қозғалысы туралы талдамалық есеп.

      7. Кедендік тасымалдаушы диспетчерлік орталықтар арқылы:

      1) көлік құралында орнатылған спутниктік навигацияның абоненттік терминалының дабылдарын қабылдау мен өңдеуді;

      2) парольдерді белгілеу, есепке алу жазбаларын әкімшілендіру арқылы ақпаратқа қол жеткізуді шектеуді;

      3) көлік құралы туралы ақпаратты 3 жыл ішінде мұрағаттауды және сақталуын қамтамасыз етеді.

      8. Штаттық режимде жұмыс істейтін, көлік құралдарында орнатылған кедендік бақылаудағы тауарлар өткізілетін спутниктік навигацияның абоненттік терминалының дабылдары үшін көлік құралының орналасқан орны туралы спутниктік навигацияның абоненттік терминалының дабыл беру кезеңділігі 10 минуттан аспайды.

      9. Спутниктік навигацияның абоненттік терминалы штаттан тыс жұмыс істеу режимінің функциясын қолдайды, ол автоматты режимде мынадай жағдайларда:

      1) көлік құралының орналасқан жерін анықтау мүмкін болмағанда;

      2) көлік құралында орнатылған спутниктік навигацияның абоненттік терминалының белгіленген штаттық режимі бұзылғанда енгізіледі.

      Спутниктік навигацияның абоненттік терминалының қауіпті дабылдар беруінің басталуы штаттан тыс режим енгізілген сәттен бастап 5 минуттан аспауға тиіс.

      10. Спутниктік навигацияның абоненттік терминалы, штаттан тыс жұмыс режимін қоспағанда, кедендік бақылаудағы тауарларды өткізудің барлық кезеңінде жарамды күйде және дабыл беру режимінде болады.

      11. Спутниктік навигацияның абоненттік терминалын қосу тауарларды кедендік бақылауға орналастырылғаннан кейін қамтамасыз етіледі, ал сөндіруге кедендік бақылау аяқталғаннан кейін рұқсат етіледі.

3-тарау. Спутниктік навигацияның абоненттік терминалының бар болуын растау тәртібі

      12. Спутниктік навигацияның абоненттік терминалының бар болуын растау үшін кедендік тасымалдаушы өзінің тіркеу орны бойынша мемлекеттік кірістер органына көлік құралын ұсынады.

      13. Мемлекеттік кірістер органы спутниктік навигацияның абоненттік терминалының бар болуын және жұмысқа қабілеттілігін қарап тексереді, пломбаны орнатады және осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралында спутниктік навигацияның абоненттік терминалының бар болу туралы акті (бұдан әрі – Акт) береді.

      14. Акт әрбір көлік құралына жеке толтырылады.

  Деректерді үздіксіз беру функциясы
бар спутниктік навигация жүйесінің
техникалық құралын немесе шұғыл
қимылдайтын жедел қызметтерді
шақыру құрылғысын Қазақстан Республикасының аумағында қолдану және оның бар екенін растау
қағидаларына қосымша
нысан

Көлік құралында спутниктік навигацияның абоненттік терминалының бар болу туралы акті

  20___ жылғы "____"
________________ №
________________
__________________________
___________________________
(кеден органының атауы)

      Осы акт "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 412-бабына сәйкес лауазымды тұлға (лар)

      ________________________________________

      __________________________________________________________________,

      (лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Декларанттың немесе оның өкілінің:

      __________________________________________________________________

      (жұмыс орны, лауазымы, тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке басты куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жері)

      __________________________________________________________________,

      автокөлік құралының:

      1. Иесі _______________________________________________________

      2. Тіркеу нөмірі _______________________________________________

      3. Көлік құралының түрі _______________________________________

      4. Марка, модель ______________________________________________

      5. Шығарылған жылы __________________________________________

      6. Шынақ нөмірі ______________________________________________

      7. Шасси нөмірі _______________________________________________

      8. Түсі _____________________________________________________

      теміржол жылжымалы құрамының:

      1. Иесі _______________________________________________________

      2. Зауыт нөмірі ________________________________________________

      3. Сериясы __________________________________

      4. Жылжымалы құрамның түрі ________________________________

      5. Шығарылған жылы _________________________________________

      су көлік құралының:

      1. Кеменің меншік иесі ________________________________________

      2. Кеме иесі __________________________________________________

      3. Кеменің атауы

      4. Тіркеу нөмірі ______________________________________

      5. Кеменің түрі __________________________________

      6. Жасалған жылы _____________________________________________

      7. Кемені тіркеу порты _________________________________________

      Көлік құралын қарап тексеру нәтижелері бойынша спутниктік навигацияның абоненттік терминалының бар болуы анықталды:

      1. Марка, модель ______________________________________________

      2. Сериялық нөмірі ____________________________________________

      3. Диспетчерлік орталықтың атауы _______________________________

      4. Диспетчерлік орталықтың байланыс деректері____________________

      ______________________________________________________________

      5. Ақпараттық жүйенің мекенжайы (URL*) ________________________

      ______________________________________________________________

      6. Ақпараттық жүйеге логин** __________________________________

      7. Ақпараттық жүйеге пароль** _________________________________

      Ескертулер:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (Мемлекеттік кірістер органының лауазымды қызметкерінің лауазымы, тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

      Ескерту: *URL – ресурстың бірыңғай көрсеткіші.

      **Ақпараттық жүйеге логин мен парольді кедендік тасымалдаушы ұсынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады