"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай және газ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 48 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 наурызда № 16622 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 10.04.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай және газ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11279 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) "Мұнай және газ саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутек шикізаты), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері кұбырларын пайдалануға арналған лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мұнай және газ саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутек шикізаты), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері кұбырларын пайдалануға арналған лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша қызмет түрімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:

      1) төмендегі қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензияны беру кезінде лицензиялық алым:

      тау-кен өндірістерін (көмірсутек шикізаты) және мұнай-химия өндірістерін жобалауға – 10 айлық есепті көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК);

      тау-кен өндірістерін (көмірсутек шикізаты), мұнай-химия өндірістерін пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға – 100 АЕК құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.

      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.";

      көрсетілген стандартқа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі _____________ Д. Абаев

      2018 жылғы 2 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы "__" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушысы

      _____________ Р. Дәленов

      2018 жылғы 26 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 13 ақпандағы
№ 48 бұйрығына
қосымша
  "Мұнай және газ саласындағы
тау-кен өндірістерін (көмірсутек
шикізаты), мұнай-химия
өндірістерін жобалауға
(технологиялық) және (немесе)
пайдалануға, магистральдық газ
құбырларын, мұнай
құбырларын, мұнай өнімдері
кұбырларын пайдалануға
арналған лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан

Мұнай және газ саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшiн біліктілік талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны

      1. Технологиялық регламенттің болуы туралы (жобалау құжаттарын; технологиялық

      регламенттерді; көмірсутекті шикізат кен орындарын игеру жобаларының техникалық-

      экономикалық негіздемесін жасау; мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық);

      магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану

      жөніндегі қызмет үшін қолданылмайды):

      _______________________________________________________________________________.

      (мәлімделген қызметтің кіші түріне сәйкес технологиялық регламенттің атауы және

                              бекітілген күні)

      2. Өндірістік базаның (ғимараттың, үй-жайдың) болуы туралы:

      _______________________________________________________________________________.

      (өндірістік базаның (ғимараттың, үй-жайдың) болуын растайтын құжаттардың

      (объектілердің техникалық паспортының; мүлікті жалға беру (жалдау) шартының/мүлікті

      сенімгерлікпен басқару шартының атауы, нөмірі және берілген күні)

      3. Мұнай және газ саласында тау-кен (көмірсутек шикізаты), мұнай-химия

      өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, магистральдық газ

      құбырларын, мұнай құбырларын,мұнай өнімдері құбырларын пайдалану жөніндегі

      қызметтер үшін мәлімделген қызметтің кіші түріне сәйкес келетін меншік құқығындағы

      немесе өзге де заңды негіздегі төмендегілердің болуы қажет:

      1) жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді, көмірсутекті шикізат кен

      орындарына арналған жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; мұнай-

      химия өндірістерін жобалау (технологиялық) үшін:

      _______________________________________________________________________________.

      (лицензияланған бағдарламалық қамтылымның атауы; лицензияланған бағдарламалық

      қамтылымның заңды иелігін растайтын құжаттың нөмірі және берілген күні)

      _______________________________________________________________________________.

      (пайдаланылатын компьютерлердің, принтерлердің, плоттерлердің, кәсіпшілік зерттеулерге

                  арналған ұңғымалық аспаптардың атауы, маркасы және саны)

      2) мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру үшін:

      _______________________________________________________________________________.

      (негізгі инженерлік құрылыстардың және қондырғылардың атауы)

      3) көмірсутекті шикізат кен орындарында технологиялық жұмыстар (кәсіпшілік

      зерттеулер; сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар) жүргізу үшін:

      кәсіпшілік зерттеулер үшін:

      _______________________________________________________________________________.

      (ұңғымалық аспаптардың және (немесе) жабдықтың атауы, маркасы, шығарылған жылы,

                        дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)

      геофизикалық жұмыстар үшін:

      _______________________________________________________________________________.

      (ұңғымалық аспаптардың және аспаптардың көрсеткіштерін тіркеуге арналған жерүсті

      аппаратурасының, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүк шығырдың және

      жабдықтардың атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)

      сейсмикалық барлау жұмыстары үшін:

      _______________________________________________________________________________.

      (сейсмикалық станцияның және (немесе) сейсмикалық барлау жабдығының атауы,

      маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)

      4) мұнай; газ; газ конденсаты; айдама ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын

      жүргiзу үшін:

      _______________________________________________________________________________;

      (жарылғыш материалдарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды үнемі

                  қолдануға рұқсаттың атауы, нөмірі және берілген күні)

      _______________________________________________________________________________;

      (жарылғыш материалдарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды үнемі қолдануға

            рұқсаты бар ұйыммен жасалған шарттың атауы, нөмірі және берілген күні)*

      *ұйымның жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы бар болған жағдайда осы

      абзацтың 2-жолы толтырылмайды;

      _______________________________________________________________________________.

      (перфорациялық жабдықтар немесе жүйелерінің атауы, маркасы, шығарылған

      жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)

      5) құрлықта; теңізде; ішкі су қоймаларында көмірсутекті шикізат кен орындарында

      ұңғымаларды бұрғылау үшін:

      _______________________________________________________________________________;

      (бұрғылау қондырғысының, шығарындыға қарсы жабдықтардың және басқа

      да жабдықтың атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)

      6) кен орындарында ұңғымаларды жер астында (күрделi, ағымдағы) жөндеу үшін:

      _______________________________________________________________________________;

      (жөндеу бойынша қондырғының, шығарындыға қарсы жабдықтардың және басқа да

      жабдықтың атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)

      7) көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру,

      сынаудан өткізу үшін:

      _______________________________________________________________________________;

      (қондырғының және (немесе) арнайы техниканың атауы, маркасы, шығарылған жылы,

                        дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)

      8) мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн

      ұлғайту үшін:

      _______________________________________________________________________________.

      (арнайы техниканың және (немесе) жабдықтың атауы, маркасы, шығарылған жылы,

                  дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)

      9) құрлықтағы; теңiздегі кен орындарында көмірсутекті шикізат төгiлуiнiң алдын алу

      және оларды жою жөнiндегi жұмыстар үшін:

      _______________________________________________________________________________.

      (арнайы техниканың және (немесе) құрлықта мұнай жинауға арналған жабдықтардың;

      теңіздегі мұнай жинау құрылғының, жүзуші резервуарлар және бондық тосқауылдардың

            атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)

      10) көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою үшін:

      _______________________________________________________________________________.

      (консервациялауға және жоюға арналған қондырғының және (немесе) жабдықтардың атауы,

            маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)

      11) мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану үшін:

      негізгі технологиялық қондырғылардың және жабдықтардың болуы туралы

      _______________________________________________________________________________;

      (негізгі технологиялық қондырғылардың және жабдықтардың атауын, маркасын,

                  шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін)

      арнайы жабдықталған қоймалардың болуы туралы

      _______________________________________________________________________________;

      (арнайы жабдықталған қоймалардың атауы)

      аттестатталған зертхананың немесе аккредиттелген зертханамен қызмет көрсету

      шартының болуы туралы

      _______________________________________________________________________________;

      (өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша

                  зертханаға берілген аттестаттың нөмірі және күні)

      _______________________________________________________________________________.

      (өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша

            аккредиттелген зертханамен қызмет көрсету шартының нөмірі және берілген күні)*

      *ұйымның жеке зертханасы бар болған жағдайда төртінші абзацтың 2-жолы

      толтырылмайды;

      4. Магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырларын

      пайдалану үшін:

      1) магистральдық газ құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнiмдерi

      құбырларының болуы туралы

      _______________________________________________________________________________;

      (желілік бөлігінің ұзақтығын көрсете отырып, магистральдық газ құбырларының, мұнай

      құбырларының, мұнай өнiмдерi құбырларының болуын растайтын құжаттардың атауы,

                              нөмірі және берілген күні)

      2) диагностикалық аспаптардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдардың,

      жабдықтардың болуы туралы

      _______________________________________________________________________________;

      (мәлімделген қызмет түрлеріне қажетті техникалық талаптарға сәйкес қолданылатын

      магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануды

                  қамтамасыз ететін аспаптар және қондырғылардың атауы)

      3) магистральдық құбырларды техникалық диагностикалау үшін:

      _______________________________________________________________________________;

      (диагностикалық аспаптардың болуы туралы ақпарат)

      4) магистральдық құбырларға техникалық қызмет көрсету үшін:

      _______________________________________________________________________________;

      (бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдардың, жабдықтардың болуы туралы ақпарат)

      5) заманауи жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, қолданыстағы

      өндiрiстiк объектiлердi реконструкциялау, жаңғырту жөнiндегi бекітілген бағдарламалардың;

      жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының) болуы туралы

      _______________________________________________________________________________.

      (бағдарламалар мен жоспарлардың атауы және олардың бекітілген күні)

      5. Мыналарды:

      1) қондырғыларды, машиналарды, механизмдерді, аспаптарды, жабдықтарды

      пайдаланудың және оларға техникалық қызмет көрсетуді;

      2) еңбек қауіпсіздігін;

      3) қоршаған ортаны қорғауды;

      4) метрологиялық бақылауды;

      5) технологиялық процесті сақтауды және берілген сападағы өнімнің шығарылуын

      сақтауды ("мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану" қызметінің кіші түріне таратылады);

      6) магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын

      пайдаланудың технологиялық процесiн сақтауды ("магистральдық газ құбырларын, мұнай

      құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану" қызметтерінің кіші түрлеріне

      таратылады) қамтамасыз ететін қызметтер және (немесе) жауапты тұлғалар:

      _______________________________________________________________________________.

      (қызметтерді және (немесе) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың

      нөмірін және берілген күні)

      6. Тиісті білім деңгейіне жауап беретін:

      1) техникалық басшылар үшін – мұнай және газ саласындағы жоғарғы техникалық

      білімі, көрсетілген салада кемінде 3 жыл кем емес жұмыс тәжірибесі бар;

      2) мамандар үшін – жоғары техникалық немесе орта арнаулы білімі бар, атқаратын

      қызметіне сәйкес жалпы персоналдың 50%-нан кем емес біліктілік құрамының болуы туралы

      _______________________________________________________________________________.

      (әрбір жұмыскер бойынша ақпарат: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), оқу

      орнының атауы, білім туралы құжаттың нөмірі және берілген күні, білімі бойынша

      мамандығы және біліктілігі, лауазымы, тиісті салада еңбек өтілі (еңбек кітапшасына немесе

                                          еңбек шартына сәйкес)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады