"Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк аттарды тiркеу, пайдалану және бөлу қағидалары бекітілсін.
2. "Интернет желісінің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік аттарды тіркеу, пайдалану және бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 118 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13221 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Атамқұлов |
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы| № 38/НҚ бұйрығымен бекітілген |
Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік аттарды тіркеу, пайдалану және бөлу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік аттарды тіркеу, пайдалану және бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-1-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік аттарды тіркеу, пайдалану және бөлу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) ақпараттық қауіпсiздiкті қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ақпараттық қауіпсiздiкті қамтамасыз ету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) домендiк ат – Интернетті адрестеу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған, белгiлi бiр желiлiк адреске сәйкес келетiн және Интернеттің объектiсiне атауландырып өтініш жасауға арналған символдық (әрiптiк-цифрлық) белгiлеме;
3) домендік аттар жүйесі (Domain Name System, бұдан әрі – DNS) – домендік аттар туралы ақпарат алу үшін бөлінген деректер қоры. Домендік аттарға және Internet Protocol (IP) мекенжайларына сәйкестігі туралы ақпаратты қамтиды және 1032, 1034, 1035, 1122, 1133, 1591 Request for Comments стандарттарына (бұдан әрі – RFC) сәйкес жұмыс істейді;
4) домендік аттардың тіркелушісі (бұдан әрі – тіркелуші) – Интернеттің қазақстандық сегментiнің кеңістігіндегі домендік аттарды тіркегішке Интернеттің қазақстандық сегментiнің кеңістігіндегі домендік аттарды тіркеу үшін өтінім жіберген және домендік аттарды Интернеттің қазақстандық сегментiнің кеңістігінде тіркеу кезеңінде оның иесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
5) Интернеттің қазақстандық сегментiнің кеңістігі – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан аппараттық-бағдарламалық кешендерде орналастырылатын интернет-ресурстар жиынтығы;
6) Интернеттің қазақстандық сегментiнің домендік кеңістігіндегі домендік аттардың әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – Интернеттің қазақстандық сегментiнің домендік кеңістігін дамытуды жүзеге асыратын "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган белгілеген коммерциялық емес қоғамдық ұйым;
7) Интернеттің қазақстандық сегментiнің кеңістігіндегі бірінші деңгейлі домендiк ат (бұдан әрі – бірінші деңгейлі домендік ат) – .KZ және (немесе) .ҚАЗ, Қазақстан Республикасы мүддесінде пайдалану үшін ICANN халықаралық ұйымы бөлген, Интернеттің қазақстандық сегментiнің домендік кеңістік иерархиясында негізгі домендік аттан бір саты төмен орналасқан және негізгі домендік аттың (RFC-882) тікелей нақты ішкі домені болып табылатын домендік ат;
8) Интернеттің қазақстандық сегментi кеңістігіндегі екінші деңгейлі домендік ат (бұдан әрі – екінші деңгейлі домендік ат) – Интернеттің қазақстандық сегментiнің домендік кеңістік иерархиясында бірінші деңгейлі домендік аттан бір саты төмен орналасқан және бірінші деңгейлі домендік аттың тікелей (нақты) ішкі домені болып табылатын (RFC-882) домендік ат;
9) Интернеттің қазақстандық сегментiнің кеңістігіндегі домендік аттардың тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – тіркелген домендік аттар туралы барлық мәліметтер қамтылған Интернеттің қазақстандық сегментiнің кеңістігіндегі барлық тіркелген домендік аттар дерекқорының орталықтандырылған жиынтығы;
10) Интернеттің қазақстандық сегментiнің кеңістігіндегі домендік аттарды тіркеу орны (бұдан әрі – тіркеу орны) – тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын және бірінші деңгейлі қазақстандық домендік аттың тұрақты жұмысын жүзеге асыратын заңды тұлға;
11) Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігіндегі домендік аттарды тіркегіш (бұдан әрі – тіркегіш) – домендік аттарды тіркеу, тізіліміне домендік ат туралы ақпарат енгізу және оны жою, сондай-ақ тіркеу орны мен тіркеуші арасындағы келісімнің негізінде домендік аттарды тіркеушінің домендік атты пайдалану бойынша құқығын қамтамасыз ету тізіліміне енгізілетін мәліметтерді өзгерту бойынша қызметтерді көрсету үшін (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) әкімші аккредиттеген заңды тұлға, Қазақстан Республикасының резиденті. Қазақстан Республикасының бейрезиденті ICANN Тіркеушісі ретінде аккредитациясы болған жағдайда ғана ұлттық домендік атаулар әкімшісінің аккредитациясын алуға құқылы;
12) Интернеттің қазақстандық сегментi кеңістігіндегі үшінші деңгейлі домендік ат (бұдан әрі – үшінші деңгейлі домендік ат) – Интернеттің қазақстандық сегментiнің домендік кеңістік иерархиясында екінші деңгейлі домендік аттан бір саты төмен орналасқан және екініші деңгейлі домендік аттың тікелей (нақты) ішкі домені болып табылатын (RFC-882) домендік ат;
13) интернет-ресурстың резервтік көшірмесі - негізгі интернет-ресурс істен шыққан кезде қолданылатын интернет-ресурс деректерінің резервтік жиынтығы;
14) негізгі домендік ат – Интернетте RFC-882 стандартының негізінде жұмыс істейтін, "." нүктесімен белгіленетін домендік ат;
15) отандық қауіпсіздік сертификаты – отандық куәландырушы орталығы берген, шифрлауды қолдайтын, хаттамаларды қамтитын, трафикті өткізу үшін қолданылатын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы;
16) өтінім – Интернеттің қазақстандық сегментiнің кеңістігіндегі домендік аттарды тіркеу (тіркеу мерзімін ұзарту) үшін барлық мәліметтерді, бұрын мәлімделген мәліметтерді өзгертуді, домендік атты беруді, тасымалдауды немесе қолданыстағы тіркелуінің күшін жоюды қамтитын тіркеушінің тіркегішке өтініші;
17) резервтелген домендік аттар – осы Қағидаларда белгіленген қысқартылған аттарға сәйкес келетін мемлекет мұқтажына арналған домендік аттар;
18) фишинг – Интернетті пайдаланушының есептік немесе құпия деректерін заңсыз алуға бағытталған әдістер жиынтығы;
19) шетелдік қауіпсіздік сертификаты – шетелдік куәландырушы орталығы берген, шифрлауды қолдайтын, хаттамаларды қамтитын, трафикті өткізу үшін қолданылатын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы;
20) DNS-сервер – домендік аттар жүйесіне қызмет көрсетуге арналған мамандандырылған бағдарламалық қамтылым, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым орындалатын жабдық;
21) RFC – Интернеттің жұмыс істеуінің техникалық және ұйымдастырушылық жағдайларын айқындайтын және Internet Engineering Task Force және Internet Engineering Steering Group қоғамдық ұйымдар қабылдайтын құжат;
22) WHOIS-сервер – RFC-3912-ге сәйкес жұмыс істейтін, тіркелген домендік аттар туралы мәліметтер алуға арналған мамандандырылған бағдарламалық қамтылым, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым орындалатын жабдық.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 20.09.2022 № 337/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік аттарды тіркеу тәртібі
3. Домендік атты тіркеу үшін тіркелуші осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық немесе қағаз түрінде дұрыс және толық ақпарат берілген тіркелуші өтінімін (бұдан әрі – өтінім) ұсынады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 20.09.2022 № 337/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Барлық өтінімдер, оларды тіркеушіге жолдаудың тіркелген уақытына сәйкес олардың тіркеушіге келіп түсу тәртібімен қаралады.
5. Тіркеуші тіркелушіден өтінімді алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мыналарды тексеруді жүргізеді:
1) домендік ат пайдаланатын Интернеттің қазақстандық сегментiнің кеңістігінде серверлік жабдықтың орналасқан жері туралы ақпаратты қосқанда, өтінімде көрсетілген ақпараттың дұрыстығын және толықтығын;
2) өтінімді ұсыну сәтінде сұрау салынып отырған домендік аттың тіркеу үшін қолжетімділігін;
3) сұрау салған домендік аттың мынандай Интернет стандарттарына сәйкестігін: RFC-1032, RFC-1034, RFC-1035, RFC-1122, RFC-1133, RFC-1591;
4) сұрау салынып отырған домендік аттың осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген резервіленген домендік аттар тізілімінде болмауын;
5) заңды күшіне енген тіркелетін домендік атты пайдалануға тыйым салу туралы сот шешімінің болмауын;
6) сұрау салынып отырған домендік аттың мазмұнында Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған ақпараттың болмауын.
6. Сұрау салынған домендік ат осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген бір немесе бірнеше шартқа сәйкес болмаған жағдайда тіркеуші өтінімді тіркелушіге қайтарады.
7. Сұрау салынған домендік ат осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген барлық шарттарға сәйкес болған жағдайда тіркеуші тіркелушімен келісім жасайды және тіркелген домендік ат туралы ақпаратты тізілімге енгізеді.
8. Домендік аттар туралы ақпаратты тізілімге енгізген сәттен бастап олар тіркелген болып саналады.
9. Тіркелуші жеке тұлғаның барлық өзгерістері немесе келісімде көрсетілген заңды тұлға туралы мәліметтерді тіркеушіге осындай өзгерістер орын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды. Келісімде көрсетілген жеке тұлға туралы мәліметтер құпия болып табылады және заңдарда көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша ғана үшінші тұлғаға берілуі мүмкін.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 20.09.2022 № 337/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Тіркеуші жеке тұлғаның барлық өзгерістері немесе келісімде көрсетілген және заңды тұлға туралы хабарламаны тіркелушіден алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде өзгерістерді тізілімге енгізеді.
11. Тіркелуші домендік атты басқа жеке немесе заңды тұлғаға пайдалануға беру ниетін білдірген жағдайда, тіркелуші домендік атты пайдалану құқықтарын беру болжалған тұлға туралы мәліметтерді көрсете отырып, пайдаланылатын домендік ат құқықтарын беру туралы тіркеушіні хабардар етеді.
12. Келісімнің аяқталу мерзіміне дейін кем дегенде 20 (жиырма) жұмыс күні бұрын тіркеуші тіркелушіге тиісті хабарлама жібереді.
13. Егер тіркелуші домендік атты алдағы уақытта пайдаланудан бас тартқан жағдайда, тіркелуші келісімнің қолданыс мерзімінің аяқталу мерзімінен бұрын тіркеушіге келісімді тоқтатудың болжамды күні туралы хабарлама жібереді.
14. Тіркеуші ұсынылған хабарламада тіркелуші көрсеткен пайдалану тоқтатылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде домендік атауды тізілімнен алып тастауды жүргізеді және тіркелушіні Келісімнің қолданылуы тоқтатылғаны туралы, сондай-ақ қашықтағы домендік атауды қайта тіркеудің мүмкін еместігі туралы күнтізбелік 60 (алпыс) күннен ерте емес хабардар етеді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 20.09.2022 № 337/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14-1. Домендік ат тіркеуші мен тіркелуші арасында домендік атауды оның қолданылу мерзімі өткенге дейін ұзартуға келісім болған кезде ұзартылады.
Ескерту. Қағида 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 20.09.2022 № 337/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14-2. Домендік аттың қолданылу мерзімі өткен кезде тіркелуші 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде осы Қағидалардың 14-1-тармағында көрсетілген шартқа сәйкес домендік атты ұзартады.
Ескерту. Қағида 14-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 20.09.2022 № 337/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Тіркеу орны тізілімінің жұмыс істеуін, тіркегіштердің Интернеттің қазақстандық сегментiнің кеңістігіндегі домендік аттар тізіліміне өзгерістер енгізу, WHOIS-сервер арқылы домендік аттарды тапсыру және барлық тіркелген домендік аттар туралы ағымдағы мәліметтерді ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
3-тарау. Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік аттарды пайдалану тәртібі
16. Домендік атты Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде пайдалану:
1) тіркелуші домендік атты тіркеу үшін ұсынған өтінімде тіркелуші туралы дұрыс емес мәліметтер анықталған;
2) интернет-ресурста Интернетті қауіпсіз пайдалануға қатер төндіретін, зиянды бағдарламалық қамтылым анықталған;
3) домендік атты пайдалануды уақытша тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімі болған;
4) уәкілетті органнан немесе Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығынан ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғасы туралы хабарлама түскенде, оны тіркеуші жоймаған;
5) қауіпсіздік сертификаты (отандық немесе шетелдік) болмаған;
6) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс аппараттық-бағдарламалық кешендерде интернет-ресурстар орналастырылған;
7) интернет-ресурста Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығынан немесе Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінен, салалық Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығынан келіп түскен фишингтің анықталғаны туралы хабарлама болған жағдайларда уақытша тоқтатылады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 20.09.2022 № 337/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген домендік атты пайдалануға байланысты бұзушылықтар орын алған жағдайда уәкілетті органның өтініші бойынша тіркеу орны жол берілген бұзушылықтың мазмұнын көрсете отырып, тіркеушіге хабарлама жібереді.
18. Тіркеу орны Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік атты тіркеуді уақытша тоқтатудың негіздемелерін жою қажеттілігі туралы тіркеушіге хабарлама жібере отырып, 1 (бір) жұмыс күні ішінде домендік аттарды тіркеуді уақытша тоқтатады.
19. Тіркеу орнынан хабарлама алғаннан кейін тіркеуші 1 (бір) жұмыс күні ішінде заңды күшіне енген сот шешімінде басқа мерзім белгіленбесе, хабарламаны алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жол берілген бұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы тіркелушіні хабардар етеді.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 20.09.2022 № 337/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Бұзушылықты жою кезеңінде тіркеу орны тізілімге тиісті жазба енгізу арқылы домендік атты пайдалануды уақытша тоқтатады.
21. Тіркелуші тіркеу хабарламасында көрсетілген бұзушылықтар жойылғаннан кейін тіркеу орнына хабарлама жібереді.
22. Тіркелушінің тіркеу орнының хабарламасында көрсетілген бұзушылықтарды жойған туралы хабаралама алғаннан кейін тиісті жазба енгізу арқылы тіркеу орны 1 (бір) жұмыс күні ішінде домендік атты пайдалануды қалпына келтіреді.
23. Домендік атты Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде пайдалану:
1) тіркелушінің домендік атты тіркеуді тоқтату туралы өтінімі болған;
2) тіркелуші мен тіркеуші арасындағы келісімнің қолданыс мерзімі аяқталған;
3) тіркеу орнының хабарламада көрсетілген тіркеу орнының белгіленген мерзімде домендік атты пайдалануды уақытша тоқтатуға әкеп соқан бұзушылықтар жойылмаған;
4) домендік атты пайдалануды тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда тоқтатылады.
24. Осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген шарттадың біреуі орын алған жағдайда тіркеуші тіркелушіге келісімнің қолданысы тоқтатылғаны туралы хабарлама жібереді.
25. Осы Қағидалардың 23-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда тізілімге тиісті мәліметтер енгізе отырып, домендік атты тіркеуді тоқтатуды тіркеуші жүргізеді.
26. Осы Қағидалардың 23-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда тіркеушіні ескертіп тізілімге тиісті мәліметтер енгізе отырып, домендік атты тіркеуді тоқтатуды тіркеу орны жүргізеді.
27. Интернет-ресурстармен деректерді беру кезінде Интернеттің қазақстандық сегментiнің кеңістігінде .KZ және (немесе) .ҚАЗ домендік аттарды пайдалану қауіпсіздік сертификаттарын қолдана отырып жүзеге асырылады.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.09.2020 № 354/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік аттарды бөлу тәртібі
28. Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік аттарды бөлу, тіркелген домендік аттар мен резервіленген екінші деңгейлі домендік аттар туралы ақпаратқа еркін қолжетімділік негізінде жүзеге асырылады.
29. Резервілеген екінші деңгейлі және кейінгі деңгейлі домендік аттарға мына домендік аттар жатады:
1) EDU.KZ – білім беру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы резиденттерінің ұйымдары үшін үшінші деңгейлі домендік аттарды тіркеуге арналған;
2) GOV.KZ – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін үшінші деңгейлі домендік аттарды тіркеуге арналған;
3) MIL.KZ – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі органдары үшін үшінші деңгейлі домендік аттарды тіркеуге арналған.
30. Резервіленген домендік аттарды бөлу осы Қағидалардың 29-тармағындағы қызмет түрлеріне сәйкес өтінімдер бойынша жүзеге асырылады.
Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік аттарды тіркеу, пайдалану және бөлу қағидаларына қосымша |
Нысан
Тіркеушіге _______________________ (тіркеушінің атауы) |
Тіркелушінің өтінімі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 20.09.2022 № 337/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. *Домендік аттың атауы.
2. *Домендік атты тіркеу кезеңі.
3. *Тіркеу мақсаты.
4. *Төрт байланыс туралы мәліметтер:
1) *тіркелуші;
2) әкімшілік байланыс;
3) техникалық байланыс;
4) қаржылық байланыс.
5. *Әрбір байланыс мынадай деректерден тұруы қажет:
1) *байланыс тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН (егер байланыс жеке тұлға болса);
2) *ұйымның атауы, БСН (егер байланыс заңды тұлға болса);
3) *пошталық мекенжай (қаланы, облысты қосқанда);
4) *пошталық индекс;
5) *елдің екі әріптік коды;
6) *телефон;
7) факс;
8) *электрондық пошта мекенжайы.
6. *DNS-серверлер туралы мәліметтер:
1) *алғашқы DNS-сервердің мекенжайы;
2) *екінші DNS-сервердің мекенжайы;
3) қосымша DNS-серверлердің мекенжайлары;
4) *домендік ат пайдаланатын серверлік жабдық орналасқан жерінің пошталық мекенжайы (қаланы, облысты қосқанда).
7. Тауар белгісінің Қазақстан Республикасының аумағында тіркелгенін растайтын құжаттардың көшірмелері.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын.
Тіркеушінің интернет-ресурсында жарияланған домендік атты тіркеу бойынша қызмет көрсетудің толық шарттарын қамтитын домендік атты тіркеу туралы келісімнің мәтінімен келісетінімді растаймын.
___________________
(тіркелушінің қолы/тіркелушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы)
_________________
(күні)
Ескертпе:
Тіркелуші мәліметтерді тіркеушіге ұсынады және барлық тіркеу мерзімі ішінде тізілімде сақталады.
* белгіленген тармақтар толықтыруға міндетті болып табылады.
Барлық мәліметтер латын транскрипциясында беріледі.
Техникалық және қаржылық байланыстар туралы деректер болмаған жағдайда, олардың қызметін автоматты түрде әкімшілік байланыс орындайды.
Әкімшілік байланыс туралы деректер болмаған жағдайда, оның қызметін автоматты түрде тіркелуші орындайды.
Серверлік жабдыққа қойылатын міндетті талап – оның физикалық орналасқан жерінің Қазақстан Республикасының аумағы болуы.
Тіркеу кезінде жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі (егер тіркелуші жеке тұлға болса), тіркеу туралы куәлік немесе анықтама (егер тіркелуші заңды тұлға болса) ұсынылуы қажет.