"Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік аттарды тіркеу, пайдалану және бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 38/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 354/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қыркүйекте № 21334 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік аттарды тіркеу, пайдалану және бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 38/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16654 болып тіркелген, 2018 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк аттарды тiркеу, пайдалану және бөлу қағидаларында:

      2-тармақта:

      2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) домендiк ат – Интернетті адрестеу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған, белгiлi бiр желiлiк адреске сәйкес келетiн және Интернеттің объектiсiне атауландырып өтініш жасауға арналған символдық (әрiптiк-цифрлық) белгiлеме;";

      "3) домендік аттар жүйесі (Domain Name System, бұдан әрі – DNS) – домендік аттар туралы ақпарат алу үшін бөлінген деректер қоры. Домендік аттарға және Internet Protocol (IP) мекенжайларына сәйкестігі туралы ақпаратты қамтиды және 1032, 1034, 1035, 1122, 1133, 1591 Request for Comments стандарттарына (бұдан әрі – RFC) сәйкес жұмыс істейді;";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Домендік атты Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде пайдалану:

      1) тіркелуші домендік атты тіркеу үшін ұсынған өтінімде тіркелуші туралы дұрыс емес мәліметтер анықталған;

      2) интернет-ресурста Интернетті қауіпсіз пайдалануға қатер төндіретін, зиянды бағдарламалық қамтылым анықталған;

      3) домендік атты пайдалануды уақытша тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімі болған;

      4) уәкілетті органнан немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Мемлекеттік техникалық қызмет" акционерлік қоғамының компьютерлік оқыс оқиғаларға ден қою қызметінен ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғасы туралы хабарлама түскенде, оны тіркеуші жоймаған;

      5) қауіпсіздік сертификаты (отандық немесе шетелдік) болмаған;

      6) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс аппараттық-бағдарламалық кешендерде интернет-ресурстарды орналастырған жағдайларда уақытша тоқтатылады;";

      "27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      Интернет-ресурстармен деректерді беру кезінде Интернеттің қазақстандық сегментiнің кеңістігінде .KZ және (немесе) .ҚАЗ домендік аттарды пайдалану қауіпсіздік сертификаттарын қолдана отырып жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады