Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде қамтылған ақпаратқа тұлғалардың қол жеткізу, оны алу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 389 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 наурызда № 16684 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағыҚазақстан Республикасының Кодексі 438-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде қамтылған ақпаратқа тұлғалардың қол жеткізу, оны алу және пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 19 наурыздағы
№ 389 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде қамтылған ақпаратқа тұлғалардың қол жеткізу, оны алу және пайдалану қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде қамтылған ақпаратқа тұлғалардың қол жеткізуі, оны алуы және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағыҚазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі –Кодекс) 438-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде (бұдан әрі – МКО АЖ) қамтылған ақпараттытұлғалардың қол жеткізу, алу және пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭС) және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес қолданылады.

      3. Тауарларға кедендік декларациялауды жүзеге асыру арқылы МКО АЖ бағдарламалық қамтамасыз ету web-технологияларды қолданумен іске асырылады және www.kgd.gov.kz сайтында орналастырылады.

      4. Қызметтер МКО АЖ арқылы жеке және заңды тұлғаларға ұсынылады.

      5. МКО АЖ-да сыртқы және ішкі модульдер бар.

      6. МКО АЖ-дың ішкі модульдері:

      1) шектелген қолжеткізушілік болып табылады, сыртқы экономикалық қызметтің субъектілеріне және (немесе) кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға, оның ішінде уәкілетті экономикалық операторларға (бұдан әрі – тұлғалар) қызмет көрсету мақсатымен іске асырылады;

      2) тұлғаларға "бір терезе қағидаты" бойынша орталықтанған нысанда қызмет көрсету бойынша іске асырылған.

      7. МКО АЖ сыртқы модулі жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады.

2-тарау. Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде қамтылған ақпаратқа тұлғалардың қол жеткізу қағидалары

      8. МКО АЖ сыртқы модуліне қолжеткізу интернет желісіне қолжетімділігі бар барлық тұлғаларға шексіз ұсынылады.

      9. МКО АЖ сыртқы модулі арқылы "Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінің пайдаланушысы ретінде тіркелу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 321 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16596 болып тіркелген) сәйкес өтініштердің берілуі және пайдаланушы ретінде тұлғаларды тіркеу жүзеге асырылады.

      10. Ішкі модульге кіруді Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының (бұдан әрі – ҰКО ЭЦҚ) электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы тұлғаларжүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде қамтылған ақпаратты тұлғалардың алу тәртібі

      11. Тұлғалар Кодекстің 19 және 449-баптарын ескере отырып, кедендік операцияларды жасау мақсатында ғана шектеулі қолжетімділігі бар және мемлекеттік кірістер органдарының жүргізуіндегі МКО АЖ қамтылған ақпаратты алады.

      12. МКО АЖ-дың ішкі модуліне орналастырылған ақпарат шектеулі қол жетімділігі бар дербес деректерді қамтиды.

      13. МКО АЖ-ғаақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ақпарат алу кезінде тұлғалар сұрау салуларды ҰКО ЭЦҚ арқылы куәландырады.

      14. МКО АЖ-да тұлғалар:

      ҰКО ЭЦҚ пайдалана отырып, кедендік декларациялардың барлық түрлерін электрондық түрде береді;

      келу туралы хабарлама, транзиттік декларация, тауарларға арналған алдын ала кедендік декларация, көлік құралына арналған декларация, қосымша құжаттарды ұсынбай уақытша сақтауға орналастыруға арналған құжаттар ретіндегі алдын ала ақпаратты ҰКО ЭЦҚ пайдалану мен электрондық құжат түрінде пайдаланады;

      алдынала кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде ҰКО ЭЦҚ пайдалана отырып, қосымша құжаттарды ұсынбай алдынала ақпарат ретінде береді және пайдаланады;

      уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар болып табылатын халықаралық тасымалдаудың уақытша әкетілген көлік құралдарына қатысты операцияларды жасау туралы өтінішті, тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін шығару туралы өтінішті ҰКО ЭЦҚ пайдалана отырып, электрондық құжаттар түрінде береді;

      кедендік әкелу баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін есептейді;

      кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептейді;

      бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріліп алынған кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлемдер түрінде өндіріліп алынатын кедендік баждарды, салықтарды есептейді.

      15. Тұлғалар МКО АЖ-ды қолдау қызметіне электрондық пошта арқылы жүгіне алады.

4-тарау. Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде қамтылған ақпаратты тұлғалардың пайдалану тәртібі

      16. МКО АЖ-да орналастырылған ақпарат Қазақстан Республикасындағы тауарларды кедендік тазарту шеңберіндегі жұмыс үшін пайдаланылады.

      17. МКО АЖ сыртқы модулі барлық мүдделі тараптар үшін жалпыға бірдей ақпаратты қамтиды, оның ішінде:

      МКО АЖ серверлік жабдықтардағы профилактикалық жұмыстар бойынша;

      Қазақстан Республикасында кедендік реттеу мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық ақпарат;

      МКО АЖ бағдарламалық қамтамасыз ету;

      нормативтік-анықтамалық ақпарат (Еуропалық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары, кеден бекеттерінің кодтары,басқа);

      МКО АЖ жұмыс істеу үшін қажетті оқыту және нұсқамалық материалдар.

      18. МКО АЖ ішкі модулі кедендік құжаттар, дербес шоттар бойынша ақпаратты қамтиды.

      19. МКО АЖ ішкі модуліндегі тұлғалар мыналарға:

      1) ҰКО ЭЦҚ пайдалана отырып электронды түрде автоматтандырылған түрде:

      тауарларға арналған декларацияны;

      транзиттік декларацияны;

      көлік құралына арналған декларацияны;

      тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін шығару туралы өтінішті;

      уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар болып табылатын халықаралық тасымалдаудың уақытша әкетілген көлік құралдарына қатысты операцияларды жасау туралы өтінішті беруге;

      2) тауарларды шығарғанға дейін алдын ала ақпараттандыру ментауарларды кедендік декларациялауға;

      3) тауарларға арналған декларацияны автоматты түрде МКО АЖ бергенге дейін шығару туралы өтінішті тіркеумен байланысты, кедендік операцияларды жасауға;

      4) тауарларды көрсетілген алдын ала декларацияны тіркеу орнына қарамастан ЕАЭО-ның кедендік шекарасының қазақстан учаскесіндегі өткізу пункттерінде тікелей шығаруын жүргізуге;

      5) қағаз тасымалдағыштағы шығу нысандарын басып шығаруға;

      6) электронды түрде есепті және төлеуді жүргізуге:

      кедендік әкелу баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету;

      кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары;

      кедендік баждар, бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріліп алынатын салықтар не жиынтық кедендік төлемдер түрінде өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар.

      7) ҰКО ЭЦҚ арқылы мыналарды алумүмкіндігіне ие болады:

      кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша кейінге қалдыруды және бөліп төлеуді ұсыну немесе оларды беруден бас тарту туралы мемлекеттік кірістер органының шешімін;

      кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарды төлеу бойынша міндеттерді орындау мерзімінің басталуы туралы хабарламаны;

      кедендік кіріс ордерін;

      және МКО АЖ пайдалану арқылы жүзеге асырылатын кедендік операцияларды жасау мақсатына арналған өзге де кедендік құжаттарды;

      8) жеке кабинет арқылы экспорттық-импорттық операцияларды электронды түрде жүзеге асыруға;

      9) өздерiнiң деректерiн және өзге де әрекеттердi түзету бойыншаәрекеттерді жүргізуге мүмкіндік алады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады