Төлемақы төлеушілер, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналастырылу кезеңі мен орны, рұқсат құжаттарының бар (жоқ) екендігі туралы мәліметтің нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 403 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 наурызда № 16703 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 271 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 28.03.2019 № 271 (11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 603-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1) Қоса беріліп отырған Төлемақы төлеушілер, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналастырылу кезеңі мен орны, рұқсат құжаттарының бар (жоқ) екендігі туралы мәліметтің нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      Ж.М. Қасымбек _________________

      2018 жылғы "____" _____________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 наурыздағы
№ 403 бұйрығымен бекітілген
нысан

Төлемақы төлеушілер, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналастырылу кезеңі мен орны, рұқсат құжаттарының бар (жоқ) екендігі туралы мәліметті

      Есепті кезең 20___ жыл ______ айы.

      Кезеңділік: айлық.

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор және жергілікті атқарушы органдар.

      Қайда ұсынылады: сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылған жер бойынша аймақтық мемлекеттік кірістер органдарына.

      Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмей.

Жалпы мәліметтер

Салық төлеушінің атауы (тегі аты әкесінің аты (ол болған кезде), заңды мекенжайы ДК орналасқан жері (тұрғылықты мекенжайы)

Жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі

Салық төлеушінің санаты (жеке тұлға, дара кәсіпкер, заңды тұлға (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі), мемлекеттік орган)

Рұқсат беру құжатының нөмірі, күні, қолданылу мерзімі / Бұзушылық туралы хаттаманың нөмірі, күні

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру орны

Жолдардың маңыздылығы (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық аудандық маңызы бар, ауыл, кент)

Авто көлік жолдарының санаты, нөмірі

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің түрлері

Орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама түрлерінің саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      Кестенің жалғасы

Жалпы мәліметтер

Есепті жылда жарнама объектілерін орналастырудың нақты мерзімі (айда)

Тоқтатылған рұқсаттар бойынша

Сыртқы (көрнекі) жарнама түрінің бір жағының алаңы

Есепті жылда жарнама объектілерін орналастыру мерзімі (ай)

Есепті жылда есептелген төлемақы сомасы (ай), теңге

Төлемақы мөлшерлемесі, айлық есептік көрсеткіш

Есепті жылда бюджетке төлеуге жататын төлемақы сомасы, теңге

Жарнаманы орналастыру үшін айлық төлемақы мөлшері, теңге

Жарнаманы орналастырғаны үшін төлемдер сомасынның төлеуі туралы мәлімет

Төлемақы сомасы, теңге

Төлем құжатының нөмірі мен күні

Бұзылғандығын растайтын құжаттың нөмірі, күні

Есепті жылда (айда) азайтуға жататын төлем сомасы, теңге

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

      ______________________________________________             ________________________

      (Бірінші басшының не міндетін атқарушысының тегі                  (қолы, МО)
      аты әкесінің аты (ол болған кезде)

      _______________________________________________             _________________________

      (Мәліметті жасауға жауапты қызметкердің аты әкесінің                        (қолы)

      аты (ол болған кезде)

      Мәліметтердің жасалған күні 20__ жылғы "___" ______________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады