Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 11.05.2020 № 469 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.05.2020 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес оңалту рәсімін қолдану кезінде уақытша әкімшінің қызметін;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес оңалту рәсімін жүргізуіне оңалту басқарушысының қызметін;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде уақытша басқарушының қызметін;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес банкроттық рәсімін жүргізуіне банкроттық басқарушының қызметін тексеру парақтары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасының |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің төрағасы
______________ Б. Мусин
2018 жылғы 2 ақпан
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 41 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 115 бірлескен бұйрығына 1-қосымша |
Оңалту рәсімін қолдану кезінде уақытша әкімшінің қызметін тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________
________________________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акті ___________________________________________________
(№, күні)
________________________________________________________________________________
(тексеруді тағайындау мәні)
Уақытша әкімшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) ________________________________
________________________________________________________________________________
Уақытша әкімшінің жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) __________________________________
Орналасқан орнының мекенжайы ___________________________________________________
№ | Талаптардың тізбесі | Талап етіледі | Талап етілмейді | Талаптарға сәйкес | Талаптарға сәйкес емес |
1 | Өзінің тағайындалған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде оңалту рәсімінің қолданылғаны туралы және кредиторлардың талаптарды қою тәртібі туралы хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органға жолдау | ||||
2 | Өзінің қызметін жүзеге асыру туралы ағымдағы және уәкілетті орган сұраған ақпаратты уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, тәртіпте және мерзімде ұсыну | ||||
3 | Қарапайым коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді келісу туралы борышкердің өтінішін бес жұмыс күні ішінде қарау | ||||
4 | Сотқа уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы қорытындыны ұсыну | ||||
5 | Кредиторлар талаптарын мәлімдеген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде қарау және танылған талаптарды тізілімге енгізу | ||||
6 | Кредитордың талаптарын шешім қабылданған күннен кейінгі күні қарау нәтижелері туралы (толық көлемде немесе бір бөлігін мойындау немесе мойындамау туралы) оның хабарламасы (мойындамау себебін көрсете отырып) | ||||
7 | Кредиторлар талаптары тізілімін оңалту рәсімін қолдану сәтінен бастап екі айдан аспайтын тәртіпте және мерзімде қалыптастыру | ||||
8 | Кредиторлар талаптары тізілімін, сондай-ақ талаптары мойындалмаған кредиторлар тізбесін уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін оңалту рәсімін қолдану сәтінен бастап екі айдан аспайтын мерзімде уәкілетті органға ұсыну | ||||
9 | Кредиторлардың алғашқы жиналысының өткізілу орны және күні туралы "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 75-бабы 1-тармағында белгіленген мерзімде барлық кредиторларға хабарлау | ||||
10 | Кредиторлар жиналысының хаттамасын үш данада жасау және оған қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бір данасын уәкілетті органға, екіншісін – кредиторлар комитетіне беру | ||||
11 | Заңның 82-бабының 6-тармағында қарастырылған жағдайларда оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен негіздердің бірі келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сотқа жүгіну |
Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы (-лары):
___________ _________ _________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған кезде))
Тексеру парағын алғаны туралы белгі Уақытша әкімші:
__________________________ ____________________
(Т.А.Ә. (болған кезде)) (қолы)
Күні 20____ ж. "____" __________
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 41 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 115 бірлескен бұйрығына 2-қосымша |
Оңалту рәсімін жүргізуіне оңалту басқарушысының қызметін тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________
________________________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акті ___________________________________________________
(№, күні)
________________________________________________________________________________
(тексеруді тағайындау мәні)
Оңалту басқарушының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) _____________________________
________________________________________________________________________________
Оңалту басқарушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _______________________________
Орналасқан орнының мекенжайы ___________________________________________________
№ | Талаптардың тізбесі | Талап етіледі | Талап етілмейді | Талаптарға сәйкес | Талаптарға сәйкес емес |
1 | Борышкерді төлемге қабілетсіздікке қасақана жеткізгендігі белгілерінің бар (жоғын) анықтау бойынша міндеттемені орындау | ||||
2 | Тиісті тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту үшін әдейі немесе жалған банкроттық белгілері анықталған сәттен бастап бір ай мерзімінде құқық қорғау органдарына жүгіну | ||||
3 | Егер талаптарды есепке алу кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігін бұзбаса, басқа тұлғалар тартылмай, тікелей, өзаралық негізде болып табылса, талаптарды есепке алу туралы кредиторға мәлімдеу | ||||
4 | Оңалту рәсімін жүзеге асыру барысы туралы ағымдағы және уәкілетті орган сұраған ақпаратты уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, тәртіпте және мерзімде ұсыну | ||||
5 | Оңалту жоспарында қарастырылған мәмілелерді қоспағанда, қарапайым коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді кредиторлар жиналысымен келісу | ||||
6 | Борышкердің тұтынуға, соның iшiнде борышкер жұмыскерлерiнің еңбекақысын төлеуге шығындарды ұлғайтуға әкеп соғатын шешiмдерді кредиторлар жиналысымен келісу | ||||
7 | Оңалту рәсімінің мерзімін ұзартуды кредиторлар жиналысымен келісу | ||||
8 | Борышкердің мүлкін қорғау мен бақылауды қамтамасыз ету және бақылау үшін борышкердің мүлкін қабылдау | ||||
9 | Тағайындау сәтінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде кредиторлар комитетімен шарт жасау | ||||
10 | Оңалту рәсімінде кредиторлар комитетімен жасасқан шарт талаптарын орындау | ||||
11 | Кредиторлар жиналысының хаттамасын үш данада жасау және оған қол қойғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бір данасын уәкілетті органға, екіншісін – кредиторлар комитетіне беру | ||||
12 | Кредиторлар комитеті отырысының хаттамасына қол қойған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға, кредиторлар комитеті мүшелеріне жолдау | ||||
13 | Кредиторлар жиналысын өткізу күні, уақыты және орны туралы "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 25-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде кредиторларды хабардар ету | ||||
14 | Кредиторлар комитеті отырысын өткізу туралы хабарламаны отырысты өткізу күніне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жолдау | ||||
15 | Оңалту жоспарының орындауын ұйымдастыру | ||||
16 | Оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды кредиторлар жиналысымен келісу | ||||
17 | Оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысхатты кредиторлар жиналысымен келіскеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей сотқа жолдау | ||||
18 | Кредиторлар талаптары тізілімін жүргізу | ||||
19 | Кредиторлар талаптарын қанағаттандыру барысында есеп айырысудың кезектілігін және қағидаларын сақтау | ||||
20 | Заңның 7-бабында қөрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер жасаған мәмілелерді анықтау | ||||
21 | Заңның 7-бабында қөрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер жасаған мәмілелерді жарамсыз деп тану не сот тәртібімен, оның ішінде мұндай мәмілені анықтаған кредитордың ұсынысхаты бойынша мүлікті қайтару туралы талаптар қою | ||||
22 | Оңалту рәсімін тоқтата тұру туралы, оңалту рәсімін тоқтату туралы немесе оңалту рәсімін тоқтату және борышкерді банкрот деп тану туралы Заңда қарастырылған жағдайларда және мерзімдерде сотқа жүгіну | ||||
23 | Алдыңғы айдағы қаржылық жағдай туралы, қарапайым коммерциялық операциялар барысында жасалған мәмілелер туралы ақпаратты кредиторлар комитеті мүшелерінің назарына әрбір айдың он бесі күнінен кешіктірмей жеткізу | ||||
24 | Өзінің қызметін жүзеге асыру барысы туралы, борышкердің қаржылық жағдайы туралы ақпаратты кредитордың жазбаша сұрауы бойынша оны алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей ұсыну | ||||
25 | Борышкердің құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, борышкердің мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, борышкерге тиесілі мөрлерді, мөртабандарды, материалдық және өзге де құндылықтарды шеттету (босату) туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жаңадан тағайындалған оңалтушы басқарушыға беру | ||||
26 | Егер борышкердiң оңалту рәсiмi қолданылғаннан кейiн туындаған ақшалай мiндеттемелерінiң жалпы сомасы оңалту рәсiмi енгізілген кездегi кредиторлық берешектiң жалпы сомасының жиырма пайызынан асып түссе, борышкердiң жаңа ақшалай мiндеттемелерiн туғызатын мәмiлелердi кредиторлар комитетiмен келiсу | ||||
27 | Оңалту жоспарын орындау барысында борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукцион өткізу тәртібін сақтау | ||||
28 | Оңалту рәсімін жүргізу үшін әкімшілік шығыстардың сметасын және тартылатын қызметкерлер санын бекітуге кредиторлар комитетіне ұсыну | ||||
29 | Борышкердің өндiрiп алынуы мүмкiн емес дебиторлық берешегiнiң сомасын бекiтуге кредиторлар жиналысына ұсыну | ||||
30 | Электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарламаны орналастыру үшін Заңмен белгіленген мерзімде уәкілетті органға жолдау | ||||
31 | Қорытынды есепті кредиторлар жиналысымен келісу | ||||
32 | Қорытынды есепті Заңда белгіленген мерзімде сотқа ұсыну |
Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы (-лары):
___________ _________ _________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған кезде))
Тексеру парағын алғаны туралы белгі Уақытша әкімші:
__________________________ ____________________
(Т.А.Ә. (болған кезде)) (қолы)
Күні 20____ ж. "____" __________
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 41 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 115 бірлескен бұйрығына 3-қосымша |
Өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде уақытша басқарушының қызметін тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________
________________________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акті ___________________________________________________
(№, күні)
________________________________________________________________________________
(тексеруді тағайындау мәні)
Уақытша басқарушының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) ___________________________
________________________________________________________________________________
Уақытша басқарушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _____________________________
Орналасқан орнының мекенжайы ___________________________________________________
№ | Талаптардың тізбесі | Талап етіледі | Талап етілмейді | Талаптарға сәйкес | Талаптарға сәйкес емес |
1 | Банкроттық туралы іс бойынша сот шешімі шығарылғанға дейін оның төлем қабілетсіздігі белгілерінің бар не жоқ екенін растау мақсатында бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік құжаттарының негізінде борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтердің жинауын жүзеге асыру | ||||
2 | Борышкердің қаржылық жағдайы туралы қорытындыны сотқа ұсыну | ||||
3 | Банкроттық туралы істің қозғалғандығы туралы және кредиторлардың талаптарын қою тәртібі туралы хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін тағайындау туралы ұйғарымды сот шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жолдау | ||||
4 | Сот талқылауы кезеңінде борышкер мүлкінің меншік иесінің, құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкердің активтерін шығаруына жол бермеу мақсатында олардың бақылауын қамтамасыз ету | ||||
5 | Қарапайым коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді келісу туралы борышкердің өтінішін "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) белгіленген мерзімдерде бес жұмыс күні ішінде қарау | ||||
6 | Борышкердің банкрот деп танылғандығы туралы хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін борышкерді банкрот деп таныған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жолдау | ||||
7 | Банкрот деп танылғандығы туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаның банк шоттарының бары және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдықтары туралы және қозғалысы туралы ақпаратты беру туралы сұрау салуды борышкерді банкрот деп таныған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жолдау | ||||
8 | Банкрот қызметкерлерін алдағы уақытта еңбек шартының тоқтатылатыны туралы хабардар ету | ||||
9 | Борышкердің мүлкін қорғау мен бақылауды қамтамасыз ету | ||||
10 | Кредиторлар талаптары тізілімін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте, мерзімде және нысан бойынша қалыптастыру | ||||
11 | Борышкердің мүлкіне түгендеуді жүргізу | ||||
12 | Кредиторлардың алғашқы жиналысына түгендеу бойынша есепті ұсыну | ||||
13 | Егер банкроттық басқарушы тағайындалғанға дейін мұндай мүліктің құны елеулі төмендеген жағдайда (тез бұзылатын тауарлар, мал және жедел өткізуді талап ететін өзге де тауарлар) банкрот мүлкінің сатуын жүзеге асыруды уәкілетті органмен келісу | ||||
14 | Өзінің қызметін жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты кредитордың, борышкердің мүлкі иесінің жазбаша сұрау салуы негізінде сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оларға ұсыну | ||||
15 | Өзінің қызметін жүзеге асыру туралы ағымдағы және уәкілетті орган сұраған ақпаратты уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, тәртіпте және мерзімде ұсыну | ||||
16 | Кредиторлардың алғашқы жиналысын ұйымдастыру және өткізу | ||||
17 | Кредиторлар жиналысының хаттамасын үш данада жасау және оған қол қойғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бір данасын уәкілетті органға, екіншісін – кредиторлар комитетіне беру | ||||
18 | Кредиторлар жиналысын өткізу күні, уақыты және орны туралы кредиторларға хабардар ету | ||||
19 | Борышкер мен оның кредиторларының мүдделерін қозғайтын сот актісі шығарылған жағдайда, осы сот актісіне шағымдану туралы мәселені қарау үшін өтініші бойынша банкроттық туралы іс қозғалған кредиторға не борышкерге алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде сот актісі көшірмесін ұсыну | ||||
20 | Борышкерге, сот іс бойынша өндірісті тоқтата тұру немесе қысқарту туралы ұйғарымын, борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешімді шығарған не борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімін жойған жағдайларда, құрылтайшылық құжаттарды, есепке алу құжаттамасын, мөрлерді, мөртабандарды, материалдық және өзге де құндылықтарды соттың тиісті сот актісін қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беру | ||||
21 | Банкротқа тиесілі құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мүлікке құқығын белгілейтін құжаттарын, мөрлерін, мөртабандарын, материалдық және өзге де құндылықтарын банкроттық басқарушыны тағайындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған (уәкілетті органға) беру | ||||
22 | Борышкерден (оның шеттетілген лауазымды тұлғаларынан) банкроттың құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мүлікке құқығын белгілейтін құжаттарын, мөрлерін, мөртабандарын, материалдық және өзге де құндылықтарын қабылдау, сол сияқты шеттетiлген лауазымды адамдардың көрсетілген құжаттар мен мөрлердi уақытша басқарушыға беруi бөлiгiнде сот шешiмiн орындау бойынша атқару парағын беру туралы өтiнiшпен сотқа жүгiну | ||||
23 | Тиісті тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту үшін әдейі немесе жалған банкроттық белгілері анықталған сәттен бастап бір ай мерзімінде құқық қорғау органдарына жүгіну | ||||
24 | Электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарламаны орналастыру үшін Заңмен белгіленген тәртіпте және мерзімде уәкілетті органға жолдау |
Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы (-лары):
___________ _________ _________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған кезде))
Тексеру парағын алғаны туралы белгі Уақытша әкімші:
__________________________ ____________________
(Т.А.Ә. (болған кезде)) (қолы)
Күні 20____ ж. "____" __________
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 41 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 115 бірлескен бұйрығына 4-қосымша |
Банкроттық рәсімін жүргізуіне банкроттық басқарушының қызметін тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________
________________________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акті ___________________________________________________
(№, күні)
________________________________________________________________________________
(тексеруді тағайындау мәні)
Банкроттық басқарушының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) _______________
______________________________________________________________________________
Банкроттық басқарушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ______________________
Орналасқан орнының мекенжайы _________________________________________________
№ | Талаптардың тізбесі | Талап етіледі | Талап етілмейді | Талаптарға сәйкес | Талаптарға сәйкес емес |
1 | Уақытша басқарушыдан банкроттың құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мүлікке құқығын белгілейтін құжаттарын, банкротқа тиесілі мөрлерін, мөртабандарын, материалдық және өзге де құндылықтарын оны тағайындаған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде қабылдау | ||||
2 | Егер банкрот, оған тиесілі (тиесілі болған) мүлік туралы ақпаратты және растайтын құжаттардың көшірмелерін уақытша басқарушы бермесе, көрсетілген ақпаратты және құжаттарды ұсыну туралы сұрау салуды оны тағайындағаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға жолдау | ||||
3 | Банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдықтары және қозғалысы туралы ақпаратты ұсыну туралы сұрау салуды оны тағайындағаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жолдау | ||||
4 | Банкроттың мүлкін қорғау мен бақылауды қамтамасыз ету | ||||
5 | Банкрот алдында берешегі бар тұлғаларға берешекті сот тәртібімен өндіріп алу туралы талапты осындай тұлғаларды анықтау сәтінен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде талап қою | ||||
6 | "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабында қөрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер жасаған мәмілелерді анықтау | ||||
7 | Заңның 7-бабында қөрсетілген мән-жайлар кезінде жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану не сот тәртібімен, оның ішінде мұндай мәмілені анықтаған кредитордың ұсынысхаты бойынша мүлікті қайтару туралы талаптар қою | ||||
8 | Банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін борышкер жасасқан шарттарды он жұмыс күні ішінде кредиторлар комитеті шешімінің негізінде бұзу немесе өзгерту | ||||
9 | Банкроттың мүлкін (активтерін) сату жоспарын Заңда белгіленген тәртіпте әзірлеу | ||||
10 | Сату жоспарын бекіту үшін кредиторлар жиналысына ұсыну | ||||
11 | Сату жоспарын іске асыру | ||||
12 | Кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізу | ||||
13 | Заңның 11-бабының 5-тармағында белгіленген тұлғаларды анықтау | ||||
14 | Заңның 11-бабының 5-тармағында белгіленген тұлғаларды субсидиарлық жауапкершілікке тарту туралы талап арызбен сотқа жүгіну | ||||
15 | Кредиторлар комитеті Еесеп айырысуға өту туралы шешімін қабылдағаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асыру | ||||
16 | Банкроттық рәсімін жүзеге асыру барысы туралы, борышкердің қаржылық жағдайы туралы ақпаратты жазбаша сұрау салу бойынша сұрау салу келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде кредиторға хабарлау | ||||
17 | Кредиторлар жиналысын өткізу күні, уақыты және орны туралы Заңның 25-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде кредиторларды хабардар ету | ||||
18 | Кредиторлар комитеті отырысын өткізу күні, уақыты және орны туралы кредиторларды хабардар ету | ||||
19 | Банкрот пен оның кредиторларының мүдделерін қозғайтын, осы сот актісіне шағымдану туралы мәселені қарау үшін кредиторлар комитетіне сот актісі көшірмесін ұсыну | ||||
20 | Кредиторлар комитетімен оны тағайындау күнінен бастап он жұмыс күні ішінде банкроттық рәсімін жүргізу келісімшартын жасау | ||||
21 | Кредиторлар комитетімен жасасқан келісімшарт талаптарын орындау | ||||
22 | Банкроттық рәсімінің әкімшілік шығыстары сметасын тағайындау күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде құру | ||||
23 | Кредиторлар комитеті бекіткен сметаға сәйкес әкімшілік шығыстарды бөлу | ||||
24 | Банкроттық рәсімін жүргізу үшін әкімшілік шығыстардың сметасын және тартылатын қызметкерлер санын бекітуге кредиторлар комитетіне ұсыну | ||||
25 | Банкроттың құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мүлікке құқығын белгілейтін құжаттарын, мөрлерін, мөртабандарын, материалдық және өзге де құндылықтарын Заңмен анықталған тұлғаларға (борышкерге, оңалту басқарушыға, сатып алушыға, жаңадан тағайындалған банкроттық басқарушыға) Заңның 89-бабы 1-тармағының 16) тармақшасында белгіленген жағдайларда және мерзімдерде беру | ||||
26 | Борышкердің өндiрiп алынуы мүмкiн емес дебиторлық берешегiнiң сомасын бекiтуге кредиторлар жиналысына ұсыну | ||||
27 | Борышкердің мүлкіне түгендеуді жүргізу | ||||
28 | Борышкердің жаңадан анықталған не қайтарылған мүлкіне (активтеріне) қатысты түгендеу жүргізілгені туралы есепті кредиторлар комитетіне өзінің қорғауына және бақылауына осы мүлікті қабылдаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде беру | ||||
29 | Банкроттық рәсімін жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарын кредиторлар комитетіне бекіту үшін жолдау | ||||
30 | Банкроттық рәсімі мерзімін ұзартуды кредиторлар жиналысымен келісу | ||||
31 | Уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, тәртіпте және мерзімде өз қызметін жүзеге асыру туралы ағымдағы және уәкілетті орган сұрау салған ақпаратты ұсыну | ||||
32 | Егер талаптарды есепке жатқызу кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігін бұзбаса, басқа тұлғалар тартылмай, тікелей, өзаралық негізде болып табылса, кредиторлар комитеті шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей талаптарды есепке жатқызу туралы кредиторға мәлімдеу | ||||
33 | Борышкер мүлкінің меншік иесіне немесе құрылтайшысына (қатысушысына) не оның уәкілетті тұлғасына оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы қорытындыны оңалту жоспарын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсыну | ||||
34 | Банкроттық рәсімі барысында әдейі банкроттық фактілері анықталған жағдайда, банкроттық рәсімінің нәтижелері бойынша банкрот мүлкінің жеткіліксіз болуына қарай қанағаттандырылмай қалған кредиторлар талаптарының сомаларын өндіріп алу туралы құрылтайшыларына (қатысушыларына) және (немесе) лауазымды тұлғаларына қатысты талап арызбен сотқа жүгіну | ||||
35 | Әдейі немесе жалған банкроттық белгілері анықталған сәттен бастап бір ай мерзімінде тиісті тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгіну | ||||
36 | Электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарламаны орналастыру үшін Заңмен белгіленген тәртіпте және мерзімде уәкілетті органға жолдау | ||||
37 | Банкроттың банк шоттарын, сот қорытынды есепті бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жабу | ||||
38 | Сот қорытынды есепті бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде салық төлеуші куәлігінің және қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің бланкілерін (олар болған кезде) мемлекеттік кірістер органына тапсыру, банкроттың мөрін жою | ||||
39 | Қорытынды есепті кредиторлар жиналысымен келісу | ||||
40 | Сотқа Заңда белгіленген мерзімдерде тарату теңгерімін қоса бере отырып өз қызметі туралы қорытынды есепті ұсыну |
Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы (-лары):
___________ _________ _________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған кезде))
Тексеру парағын алғаны туралы белгі Уақытша әкімші:
__________________________ ____________________
(Т.А.Ә. (болған кезде)) (қолы)
Күні 20____ ж. "____" __________