Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 13.01.2023 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1."Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелеріне қызметке конкурстан тыс қабылдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 24 шілдедегі №76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 8585 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде №194 (28133) санында 2013 жылғы 21 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесіне қызметке конкурстан тыс қабылдау қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:
"Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесіне қызметке конкурстан тыс қабылдау қағидалары бекітілсін.";
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелеріне қызметке конкурстан тыс қабылдау қағидасы:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесіне қызметке конкурстан тыс қабылдау қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесіне қызметке конкурстан тыс қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – "Құқық қорғау қызметі туралы" Заң) сәйкес әзірленді.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесіне (бұдан әрі – прокуратура органдары) қызметке өзінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, денсаулығы мен дене бітімінің дамуы жағдайы, білімінің деңгейі бойынша өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданады.";
5-тармақ алынып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қызметке конкурстан тыс іріктеу арқылы қабылданатын тұлғалар (бұдан әрі – кандидаттар) конкурстан тыс қызметке қабылдау туралы еркін нысанда жазылған арызды прокуратура органдарына береді.
Конкурстан тыс іріктеу арқылы қызметке қабылдау туралы шешім қабылдау үшін кандидатты .тағайындау мүмкін болатын прокуратура органының немесе құрылымдық бөлімшесінің басшысы арызды (қызметке қабылдау туралы) тіркеген күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде әңгімелесу өткізеді, алдағы жұмыстың сипаты және лауазым бойынша қызметтік міндеттері туралы түсіндіреді.
Әңгімелесуден өткен кандидат ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшесімен келісіледі.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Әңгімелесу өткізілгеннен соң және ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшесімен келіскеннен кейін кандидат бес жұмыс күнінің ішінде прокуратура органдарының кадр бөлімшесіне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаға қоса берілген 1-қосымшадағы нысанға сәйкес кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;
2) осы Қағидаға қоса берілген 2-қосымшадағы нысанға сәйкес өз қолымен толтырылған өмірбаян;
3) осы Қағидаға қоса берілген 3-қосымшадағы нысанға сәйкес сауалнама;
4) соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме және түйіндеме;
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстырып тексеру үшін);
6) мемлекеттік үлгідегі білімі туралы құжаттардың көшірмесі (түпнұсқа салыстырып тексеру үшін);
7) еңбек жолын бекітетін құжат;
8) әскери билет немесе әскерге шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлік;
9) 4х6 көлемдегі суреті (2 дана);
10) үміткер және оның зайыбы (жұбайы) құқық қорғау қызметіне тұрған кезде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сәйкес тұрғылықты жері бойынша салық органдарына табыстары және мүлкі туралы декларацияны табыс еткенін бекітетін құжат;
11) өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы, өзінің меншігіндегі үлестерді (акциялар пакетін) және пайдаланылуы табыс алуға әкелетін өзге де мүлікті сенімгерлік басқаруға бергенін бекітетін құжат (мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы нотариалды куәландырылған шарт).
Үміткерлер өздерінің білімі, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша мәліметтерді ұсына алады.
Құжаттарды қабылдау, прокуратура органдарына қабылданатын үміткерлерді зерттеу мен іріктеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды прокуратура органдарының кадр бөлімшелері жүзеге асырады.".
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
Қ. Қожамжаров |