Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелерді және оның үлгілік нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 213 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 18 сәуірде № 16774 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 27 мамырдағы № 293 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.05.2022 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.03.2019 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 100-бабы 2-тармағының 24-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелер;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің үлгілік нысаны бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.03.2019 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін оны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бұл ретте Қағидалардың 3-тармағының екінші бөлігі 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 2 сәуірдегі
№ 213 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттары, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелері

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2020 № 506 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттары, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелер (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 100-бабы 2-тармағының 24-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелерін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) ауыл шаруашылығы техникасы – жекелеген операцияларды немесе технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру арқылы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыруға арналған техникалық құрал, оның ішінде техникалық жағынан күрделі бұйым түсініледі.

      2) ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру – ауыл шаруашылығы техникасының сериялық өндірісінің жүйесі;

      3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім (бұдан әрі – келісім) – индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мен Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғасы (бұдан әрі – өндіруші) арасында азаматтық заңнамаға, Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттарына және осы Қағидаларға сәйкес жасалатын азаматтық-құқықтық шарт.

      3. Келісім ауыл шаруашылығы техникасының әрбір атауы бойынша өндірушімен мынадай мерзімге: Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН) 8701, 843351 0009, 843359 1109 бойынша астық жинайтын және сүрлем жинайтын тракторлар, комбайндар тауар позицияларын үшін - 12 жылға, қалған ауыл шаруашылығы техникасы үшін - 10 жылға жасалады.

      Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің үлгілік нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшада келтірілген.

      Келісім, өндірушіге "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 399-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және 451-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылады.

2-тарау. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу тәртібі мен шарттары

      4. Келісім өндіруші мынадай:

      1) ауыл шаруашылығы техникасын шығару мүмкіндігі үшін жылына кемінде мынадай: 150 бірлік ЕАЭО СЭҚ ТН-ның 8701, 8433 51 000 9, 8433 59 110 9 тауар позицияларының тракторлар, астық жинайтын және сүрлем жинайтын комбайндары, ЕАЭО СЭҚ ТН-ның 8432 31 110 0, 8432 39 110 0, 8432 39 190 0 тауар позицияларының егіс кешендері үшін 50 бірлік, қалған ауыл шаруашылығы техникасы үшін 500 бірлік өндірістік қуаттардың болуы;

      2) келісімге қол қойылған күні кемінде мынадай: ЕАЭО СЭҚ ТН 8433 51 000 9, 8433 59 110 9, 8701 тауар позицияларының астық жинайтын комбайндар, сүрлем жинайтын комбайндар, тракторлары үшін айлық есептік көрсеткіштің 375000-еселенген (үш жүз жетпіс бес мың еселенген) мөлшерінен және қалған ауыл шаруашылығы техникасы үшін айлық есептік көрсеткіштің 70000-еселенген (жетпіс мың еселенген) мөлшерінен кем емес сомаға өндірістік активтердің болуы;

      3) құны айлық есептік көрсеткіштің 32000-еселенген (отыз екі мың еселенген) мөлшерінен кем ауыл шаруашылығы техникасы үшін өндірушінің осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген ауыл шаруашылығы техникасын өндіру жөніндегі технологиялық операцияларды (бұдан әрі – технологиялық операциялар) орындау;

      4) құны айлық есептік көрсеткіштің 32000-еселенген (отыз екі мың еселенген) мөлшерінен асатын ауыл шаруашылығы техникасы үшін өндірушінің осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін және ауыл шаруашылығы техникасына жинақтаушыларды дамыту жөніндегі міндеттемелерді орындау;

      5) ЕАЭО СЭҚ ТН 8433 51 000 9, 8433 59 110 9, 8701 тауар позицияларының астық және сүрлем жинайтын комбайндар, тракторлары үшін дайындамаларды июді, пішуді, дәнекерлеуді, жинауды және бояуды қоса алғанда, дайындау бойынша операцияларды кәсіпорында ұйымдастыру шарттарын орындаған жағдайда жасалады.

      5. Келісім жасасу үшін өндіруші уәкілетті органға еркін нысанда жазылған жазбаша өтініш жібереді.

      Өтінішке мынадай құжаттар:

      1) технологиялық операцияларды ескере отырып қалыптастырылған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді іске асырудың жоспар-кестесінің жобасы (бұдан әрі – жоспар-кесте) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде, екі данада,;

      2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпорын туралы мәліметтер;

      3) ұсынылған күнге негізгі қаражатты көрсете отырып, өндіруші басшысының қолымен расталған қаржылық есептілік;

      4) берілетін өндіріс құпияларын (ноу - хау) және техникалық құжаттаманы қолдана отырып, лицензия бойынша Қазақстан Республикасының аумағында өнім өндіру технологиясын пайдалануға арналған лицензиялық келісім (шарт).қоса беріледі.

      6. Уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде өндіруші ұсынған құжаттардың қарайды және келісім жасасу туралы немесе келісім жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және өндірушіні жазбаша хабарлайды.

      7. Келісім жасасу туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган өндірушіге келісімнің және жоспар-кестенің жобаларын мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жібереді.

      8. Өндіруші келісім мен жоспар-кестенің жобаларын алған күннен бастап он екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өндірушінің қолымен расталған келісім мен жоспар-кесте жобаларының даналарын не болмаса келісімді жасасудан уәжді бас тарту туралы хабарламаны жібереді.

      9. Уәкілетті органға өндірушінің қолымен расталған келісім мен жоспар-кесте жобаларының даналарын осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда өндіруші келісімді жасасудан бас тартқан болып саналады.

      10. Өндірушінің қолымен расталған келісім жобасының және жоспар-кестенің даналарын алғаннан кейін уәкілетті орган жеті жұмыс күні ішінде келісімге және жоспар-кестеге қол қояды, тіркейді және бір данасын өндірушіге жібереді.

      Жасалған келісімдерді есепке алуды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      11. Өндірушіге мынадай:

      1) осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған;

      2) өндіруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтаған;

      3) жоспар-кесте жобасында мәлімделген ауыл шаруашылығы техникасының ұқсас модельдері бойынша жасалған келісімдердің болуы, өндірістік қуаттардың және ауыл шаруашылығы техникасы нарығының көлемі жүктелген жағдайларда келісім жасасудан бас тартады.

3-тарау. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді өзгерту және бұзу үшін негіздемелер

      12. Келісімге мынадай негіздер бойынша:

      1) келісімнің ережелерін нашарлатуға әкелмеген жағдайда өндірушінің қызметіне қатысы Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде;

      2) өндіруші келісімнің қолданылуы кезінде ауыл шаруашылығы техникасының басқа модельдерінің өндірісін іске қосқан жағдайда;

      3) заңды тұлғаның атауы өзгерген жағдайда;

      4) келісімде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кез келген өзге де жағдайларда өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.

      13. Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу келісімге қосымша келісім жасау арқылы жүзеге асырылады.

      14. Келісім мынадай:

      1) тараптардың келісімі бойынша;

      2) өндіруші анықталған бұзушылықтарды, хабарламада көрсетілген мерзімде, уәкілетті органның бастамасы бойынша бір жақты тәртіпте жоймаған жағдайда;

      3) уәкілетті органды алдын ала хабардар ете отырып, өндірушінің бастамасы бойынша;

      4) келісімде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда бұзылады.

      15. Осы Қағидалардың 14-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша келісім бұзылған кезде бастамашыл тарап келісімді бұзудың болжамды күніне дейін отыз жұмыс күні бұрын Келісімде көзделген тәртіппен екінші тарапты хабардар етуі тиіс.

      16. Өндіруші келісімнің талаптарын орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты келісімді бұзған кезде өндіруші келісім жасалған күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына және келісімге сәйкес ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша ұсынылған жеңілдіктерді өтейді.

4-тарау. Ауыл шаруашылығы техникасына қатысты өндірісті оқшаулауды бағалаудың баллдық жүйесі

      17. Келісім жасасу кезінде осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес технологиялық операцияларды (1 технологиялық операция = 1 балл) орындау кезінде өндірушіге баллдар беріледі.

      18. Балл өндірушінің осы Қағидалардың 19-тармағының талаптарын орындалуын тексеру қорытындылары бойынша уәкілетті органның хаттамалық шешімімен өндірушіге беріледі.

      19. Өндірушіге мынадай:

      ЕАЭО СЭҚ ТН 8433 51 000 9 коды бойынша (астық жинайтын комбайндар):

      келісім жасасу сәтінде және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы кемінде 21 балл жиналған;

      келісім жасалған сәттен бастап үшінші және төртінші жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша кемінде 28 балл жиналған;

      келісім жасалған сәттен бастап бесінші және алтыншы жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша кемінде 35 балл жиналған;

      келісім жасалған сәттен бастап жетінші және одан кейінгі жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша кемінде 40 балл жиналған;

      ЕАЭО СЭҚ ТН 8433 59 110 9 коды бойынша (сүрлем жинайтын комбайндар):

      келісім жасасу сәтінде және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы кемінде 19 балл жиналған;

      келісім жасалған сәттен бастап үшінші және төртінші жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша кемінде 24 балл жиналған;

      келісім жасалған сәттен бастап бесінші, алтыншы жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша кемінде 28 балл жиналған;

      келісім жасалған сәттен бастап жетінші және одан кейінгі жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша кемінде 33 балл жиналған;

      ЕАЭО СЭҚ ТН 8701 коды бойынша (тракторлар (8709 тауар позициясының тракторларынан басқа):

      келісім жасасу сәтінде және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы кемінде 17 балл жиналған;

      келісім жасалған сәттен бастап үшінші және төртінші жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша кемінде 33 балл жиналған;

      келісім жасалған сәттен бастап бесінші, алтыншы жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша кемінде 40 балл жиналған;

      келісім жасалған сәттен бастап жетінші және одан кейінгі жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша кемінде 44 балл жиналған жағдайларда жеңілдіктер мен преференциялар алу беріледі.

      20. Осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына берілетін жеңілдіктер мен преференцияларды алуға арналған талаптар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы техникасын және ауыл шаруашылығы техникасының жиынтықтауыштарын өндірушілеріне де қолданылады.

      21. Өндіруші осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген тиісті кезеңдерде баллдарға қол жеткізбеген жағдайда, келісім осы Қағидалардың 14-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұзылады.

  Қазақстан Республикасының
заңды тұлғаларымен ауыл
шаруашылығы техникасын
өнеркәсіптік құрастыру туралы
келісім жасасу қағидалары мен
шарттарына, сондай-ақ оны
өзгерту және бұзу
үшін негіздемелеріне
1-қосымша

Ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша технологиялық операциялар

ЕАЭО СЭҚ ТН* коды (тобы)

Ауыл шаруашылығы техникасының атауы

Технологиялық операциялар**

8424 49 100 0

Айналмалы әрекетті суару жүйесі және фронтальды әрекетті суару жүйесі

1. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім (бұдан әрі – келісім) жасалған сәтте және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру:
1) дөңгелектерді орнату;
2) тақтайшаларды орнату;
3) редукторларды орнату;
4) шлангілерді орнату.
2. Келісім жасалған сәттен бастап үшінші жылы келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша баспалдақтарды дайындау және орнату бойынша операцияларды жүзеге асыру.
3. Келісім жасалған сәттен бастап бесінші жылы келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша спринклерлерді құрастыру және орнату бойынша операцияларды жүзеге асыру.
4. Келісім жасалған сәттен бастап жетінші жылы келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша жинау, бояу, пішу және ию бойынша операцияларды жүзеге асыру.

8424 49 910 0, 8424 82 910 0, 8424 82 990 0

Тракторларда орнатуға немесе осы тракторлармен тіркеп-сүйретуге арналған ұнтақтарды бүріккіштер мен бөлгіштер (бүріккіштер)

1. Келісім жасалған сәтте және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру:
1) доңғалақ осінің арқалықтарын құрастыру және орнату;
2) реттелетін тіректі, тіркеме ілмегін, сақтандыру арқанын орната отырып, оталғышты құрастыру;
3) доңғалақ осінің білігіне бекіте отырып, жарты раманы құрастыру және орнату;
4) штангаларды кейіннен маятникті механизмге бекіте отырып құрастыру және орнату;
5) маятникті тетікті кейіннен параллелограммалық аспаға бекіте отырып құрастыру және орнату;
6) доңғалақтарды орнату;
7) инжекторлық араластырғыштарды орнатумен сыйымдылықты құрастыру;
8) жоғары қысымды сорғыны құрастыру және орнату;
9) гидрожүйені гидро бөлгішті, жоғары қысымды жеңдерді орната отырып құрастыру және параллелограммалық аспаның гидроцилиндрлерімен біріктіру;
10) басқару пультін құрастыру және орнату;
11) жартылай Рамада электр жабдығының бұрамаларын монтаждау;
12) маятникті механизмнің жұмысқа қабілеттілігін, тербелістерді сөндірудің Гидромеханикалық жүйесінің жұмысқа қабілеттілігін, штангаларды орналастыру жетегін, гидрожүйенің, басқару пультінің және электр жабдығының герметикалығын тексеру;
13) жазуларды жазу, тақтайшаларды жасау және орнату.
2. Келісім жасалған сәттен бастап үшінші жылы кемінде 4, төртінші жылы кемінде 7, бесінші жылы, келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша мынадай операциялардың кемінде 11-ін жүзеге асыру:
1) жартылай рама дайындамаларын дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
2) штангалардың дайындамаларын дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау (конструкцияда бар болса);
3) оталғыш дайындамаларын дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
4) қанаттар дайындамаларын дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
5) сорғы кронштейнінің дайындамаларын дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
6) аспап жәшігін дәнекерлеуді, пішуді, иуді қоса алғанда, дайындау (немесе металл емес аспап жәшігін өндіру);
7) қарсы тіректерді дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау (немесе қарсы металл емес тіректерді өндіру);
8) доңғалақтар қанаттарын дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау (немесе доңғалақтардың металл емес қанаттарын өндіру);
9) бункерді дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау (немесе металл емес бункерді өндіру);
10) гидравликалық жеңқұбырлар дайындау;
11) бояу.

8428 90 710 0, 8428 90 790 0

Әмбебап аспалы тиегіштер, шөмеле тасығыштар

1. Келісім жасалған сәтте және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру:
1) рамалық конструкцияларды, аспалы құрылғыларды және жұмыс органдарын дәнекерлеу;
2) рамалық конструкцияларды, аспалы құрылғылар мен жұмыс органдарын, экстерьер элементтерін құрастыру, бояу;
3) гидрожабдықты құрастыру;
4) төлкелерді, осьтерді дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
5) лонжерондарды дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
6) жебені дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
7) шөмішті дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
8) тартқыштарды дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
9) бояу, жазулар салу, тақтайшалар орнату.
2. Келісім жасалған сәттен бастап үшінші және төртінші жылдары кемінде 6, бесінші және одан кейінгі жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша мынадай операциялардың кемінде 9-ын жүзеге асыру:
1) лонжерондарды дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
2) жебені дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
3) тіреулерді (жиналмалы) дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
4) тіреулерді (жиналмайтын) дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
5) кронштейндерді дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
6) тартқыштарды дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
7) шөміштерді, дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
8) гидравликалық жеңқұбырларды дайындау;
9) бояу.

8429 51 990 0, 8429 59 000 0

Өзге де фронтальды (ауыл шаруашылығында қолданылатын) бір шөмішті тиегіштер

1. Келісім жасалған сәтте мынадай операцияларды жүзеге асыру:
1) раманы құрастыру;
2) жүк көтергіш жебені құрастыру;
3) кабинаны орнату (конструкцияда болған жағдайда);
4) гидробакты орнату;
5) отын багын орнату;
6) балластты және теңгермелі жүктерді орнату;
7) интерьер мен экстерьердің пластикалық бөлшектерін орнату;
8) экстерьер элементтерін ию және бояу;
9) қуатты қондырғыны құрастыру және монтаждау;
10) гидрожабдықты құрастыру және монтаждау;
11) артқы көпірді монтаждау;
12) топсалы тіректі құрастыру және орнату;
13) гидрожүйенің май құбырларын орнату;
14) май және су радиаторын құрастыру және орнату;
15) кабинаны монтаждау;
16) кабина әйнектерін монтаждау (конструкцияда болған жағдайда));
17) орындықты орнату;
18) электр жабдықтары жүйелерін, фарларды, шамдарды монтаждау;
19) аспаптар қалқаншасын және электр сымдарының бұрауларын құрастыру және орнату;
20) аккумуляторлық батареяны орнату;
21) үстіңгі бетін құрастыру және орнату;
22) алдыңғы және артқы доңғалақтарды орнату;
23) пайдалану сұйықтықтарын толтыру;
24) тиегіш жүйелерін сынау және тексеру.
2. Келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша екінші жылы келісім жасалған сәттен бастап мынадай операцияларды жүзеге асыру:
1) гидробакты пішуді, июді, дәнекерлеуді, бояуды қоса алғанда дайындау;
2) отын багын пішуді, июді, дәнекерлеуді, бояуды қоса алғанда дайындау;
3) кабинаны пішуді, июді, дәнекерлеуді, бояуды, жинауды қоса алғанда (конструкцияда болған жағдайда) дайындау.
3. Келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша үшінші жылы келісім жасалған сәттен бастап мынадай операцияларды жүзеге асыру:
1) алдыңғы және артқы жарты рамасын пішуді, июді, дәнекерлеуді, бояуды, жинауды қоса алғанда, дайындау;
2) интерьер мен экстерьердің пластикалық бөлшектерін вакуумдық қалыптау;
3) дайындалған пластикалық бөлшектерді кесу және бақылау.
4. Келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша төртінші жылы келісім жасалған сәттен бастап мынадай операцияларды жүзеге асыру:
1) Жүк көтергіш жебені пішуді, июді, дәнекерлеуді, бояуды қоса алғанда дайындау;
2) балластты және теңгермелі жүктерді өндіру, бояу және монтаждау.

8432 10 000 0

Соқалар

1. Келісім жасалған сәтте және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру:
1) раманы дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
2) гидрожабдықтарды, электр жабдықтарын құрастыру;
3) көтергіш раманы және рамалық конструкцияларды, корпустарды, аспалы құрылғыларды, жұмыс органдарын құрастыру;
4) доңғалақ тетігін құрастыру және орнату;
5) бояу, жазулар салу, тақтайшалар орнату.
2. Келісім жасалған сәттен бастап үшінші және төртінші жылдары кемінде 6, бесінші және одан кейінгі жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша мынадай операциялардың кемінде 10-ын жүзеге асыру:
1) соқа алдын, тіреулерді дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
2) консольдерді дәнекерлеуді, пішуді, июді, қоса алғанда, дайындау;
3) алдыңғы брусті дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
4) аспа кронштейнін дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
5) аспаны дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
6) үйінді тіреуін дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
7) доңғалақтарды бекіту кронштейнін дайындау;
8) лемехтерді дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
9) үйінділерді дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
10) бояу.

8432 21 000 0

Дискілі тырмалар

1. Келісім жасалған сәтте және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру:
1) гидрожабдықтарды, электр жабдықтарын құрастыру;
2) раманы, тіркеме құрылғысын, дискілі жұмыс органдарын дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
3) шассиді құрастыру және орнату;
4) тірек табандарын және көлік кергіштерін құрастыру және орнату;
5) бояу, жазулар салу, тақтайшалар орнату.
2. Келісім жасалған сәттен бастап үшінші және төртінші жылдары кемінде 4, бесінші және одан кейінгі жылдары, келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша мынадай операциялардың кемінде 8-ін жүзеге асыру:
1) таптауыш раманы дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
2) таптауышты дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
3) реттеу тартпасын дәнекерлеуді, пішуді, июді, қайрауды, тесуді қоса алғанда, дайындау;
4) біліктер мен тартпаларды дәнекерлеуді, пішуді, июді, қайрауды, тесуді қоса алғанда, дайындау;
5) планкалар дайындау;
6) төлкелерді, осьтер мен кронштейндерді дәнекерлеуді, пішуді, июді, қайрауды, тесуді қоса алғанда, дайындау;
7) каток күпшесін дәнекерлеуді, қайрауды, тесуді, бұранда шығаруды қоса алғанда, дайындау;
8) бояу.

8432 31 110 0, 8432 39 110 0,
8432 39 190 0

Пневматикалық егіс кешендері

1. Келісім жасалған сәтте және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру:
1) бункер шассиін құрастыру;
2) гидравликалық, пневматикалық жүйені орнату;
3) сепкіштің рамасы мен қанаттарын құрастыру;
4) аунату және көлік доңғалақтарын, жұмыс органдарын орнату;
5) майлау материалдарын толтыру, экстерьерьер элементтерін монтаждау;
6) бояу.
2. Келісім жасалған сәттен бастап үшінші жылы кемінде 3, төртінші және одан кейінгі жылдары, келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша мынадай операциялардың кемінде 7-ін жүзеге асыру:
1) тұқымға арналған бункерді дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау (не тұқымға арналған металл емес бункерді дайындау);
2) рамалар мен рамалық конструкцияларды дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
3) бункер шассиін дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
4) гидравликалық жеңқұбырларды дайындау;
5) көтергіш раманы және рамалық конструкцияларды, корпустарды бояу;
6) бункерлерді, жұмыс органдарын және экстерьер элементтерін бояу (технологиялық құжаттамада бар болса));
7) аунату және көлік доңғалақтарын көтеру-түсіру тетігін дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау, жұмыс органдарын орнату.

8432 31 190 0

Егіншіліктің жыртылмаған (топырақ сақтау) жүйесінде қолданылатын сепкіштер

1. Келісім жасалған сәтте және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру:
1) раманы дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
2) сепкіш рамасын құрастыру;
3) астық қалыптау жәшігін құрастыру;
4) себу аппаратын орнату;
5) қалыптау аппаратын орнату;
6) катоктар батареяларын құрастыру;
7) бояу, жазулар салу, тақтайшалар орнату;
8) жетек тетігін құрастыру.
2. Келісім жасалған сәттен бастап үшінші және төртінші жылдары кемінде 6, бесінші және одан кейінгі жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша мынадай операциялардың кемінде 9-ын жүзеге асыру:
1) Астық қалыптау жәшігін дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
2) сницаларды дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
3) каток рамаларын дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
4) тұтқаны дайындау;
5) ашаны, фиксаторды, бағыттаушыны дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
6) жоғарғы және төменгі буынды дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
7) катоктар батареяларын дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
8) гидравликалық жеңқұбырларын дайындау;
9) бояу.

8433 20 500 0, 8433 20 900 0

Қозғалтқышсыз тракторларда монтаждалатын шалғылар (тіркемелі дестелегіштерден басқа)

1. Келісім жасалған сәтте және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру:
1) қоршаудың артқы және алдыңғы бөлігін құрастыру (конструкцияда бар болса);
2) қаптамаларды, тартқыш сақтандырғышты, жетекті, редукторды орнату (конструкцияда бар болса);
3) аспа рамасын құрастыру;
4) көтеру тетігін, кесу брусын құрастыру және орнату;
5) гидрожабдықты құрастыру, орнату;
6) бояу, жазулар салу, тақтайшалар орнату;
7) раманы дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
8) қаптамаларды дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау (не металл емес қаптамалар өндіру);
9) бояу.
2. Келісім жасалған сәттен бастап үшінші және төртінші жылдары кемінде 4, бесінші және одан кейінгі жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша мынадай операциялардың кемінде 6-ын жүзеге асыру:
1) раманы, аспа рамасын дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
2) рама жақтауын дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
3) теңестіру тетігін дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
4) далалық бөлгішті дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
5) тартқыш сақтандырғышты дайындау;
6) бояу.

8433 20 500 0

Тіркемелі дестелегіштер

1. Келісім жасалған сәтте және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру:
1) гидравликалық жабдықты құрастыру, орнату және сынау;
2) кесу аппаратын құрастыру және орнату;
3) доңғалақтарды құрастыру және орнату;
4) саусақты брусты орнату;
5) қаптамалар мен бөлгіштерді құрастыру және орнату;
6) карданды шынжырлы және ременді берілістерді құрастыру және орнату.
2. Келісім жасалған сәттен бастап үшінші және төртінші жылдары кемінде 3, бесінші және одан кейінгі жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша мынадай операциялардың кемінде 6-ын жүзеге асыру:
1) дестелегіш рамаларын дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
2) қорғау қаптамалары мен бөлгіштерді дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
3) массаны жылжыту үшін қаптаманы және үстелдерді дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
4) тіркемелі құрылғыны дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
5) мотовильді, тіректерді, раскосиналарды, жүгірткілерді дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
6) бояу.

8433 30 000 0

Пішен дайындауға арналған өзге де машиналар (аударғыштар)

1. Келісім жасалған сәтте және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру:
1) осьтерді, шкивтерді дәнекерлеуді, пішуді, июді, тесуді, қайрауды, фрезерлеуді қоса алғанда, дайындау;
2) иінтіректі дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
3) тырмалар құрастыру және орнату;
4) шынжырлы құрылғыны құрастыру;
5) арқалықтарды және секцияларды көтеру тетігін орнату;
6) доңғалақтарды құрастыру және орнату;
7) гидрожабдықты құрастыру, орнату және сынау;
8) бояу, жазулар салу, тақтайшалар орнату;
9) шынжырлы құрылғыны дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
10) арқалықтарды дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау.
2. Келісім жасалған сәттен бастап үшінші және төртінші жылдары кемінде 2, бесінші және одан кейінгі жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша мынадай операциялардың кемінде 4-ін жүзеге асыру:
1) тістерді дайындауды қоса алғанда, тырнауыш шеттерін дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
2) шынжырлы құрылғыны дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
3) шынжырлы беріліс корпусын дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
4) тартқышты дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау.

8433 40 000 1

Нығыздаушы-іріктегіштер

1. Келісім жасалған сәтте және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру:
1) шассиден раманы құрастыру;
2) сницаны (оталғышты) жинау;
3) нығыздаушы камераны құрастыру;
4) нығыздаушы тетігін құрастыру;
5) іріктегішті құрастыру;
6) тізбекті берілістер мен механизмдерді орнату;
7) байлау тетігін орнату;
8) қорғаныш қаптамаларын орнату;
9) кардан біліктері мен редукторларын орнату;
10) граблиндерді жинау;
11) гидрожабдықтарды, электр жабдықтарын құрастыру;
12) бояу, жазулар салу, тақтайшалар орнату.
2. Келісім жасалған сәттен бастап үшінші және төртінші жылдары кемінде 5, бесінші және одан кейінгі жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша мынадай операциялардың кемінде 9-ын жүзеге асыру:
1) қорғаныш қаптамаларын дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
2) сницаны (оталғышты) дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
3) престеу камерасын (артқы, алдыңғы камера) дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
4) граблинді дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
5) қаптаманы дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
6) лобавинаны дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
7) қысқыштар мен кронштейндерді дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау.

8433 51 000 9

Астық жинайтын комбайндар

1. Келісім жасалған сәтте және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру кезінде кемінде 21 балл жинау:
1) қозғалтқышты орнату;
2) қозғалтқыштың ауа сүзгісін орнату;
3) аккумуляторлық батареяны орнату;
4) шыны тазалағышты орнату, шамдарды орнату;
5) габаритті шамдарды орнату;
6) жарқыл шамдарын орнату;
7) дыбыс сигналдарын орнату;
8) жарық шағылыстырғыштарды орнату;
9) қозғалтқыш бұрауын орнату;
10) көлбеу камера орнату;
11) баспалдақтар мен қоршауларды орнату;
12) белдіктерді орнату;
13) жетекші және басқару доңғалақтарын орнату;
14) рульдік басқарудың гидроцилиндрлерін орнату;
15) кондиционерді орнату және толтыру;
16) басқару пультін орнату (компьютерлер);
17) жабысқақ аппликациялар жағу;
18) тақтайшаны орнату;
19) комбайнды толтыру, сынау;
20) түсіргіш иірмекті орнату;
21) ұсатқышты, шашқышты немесе үйгішті орнату.
2. Келісім жасалған сәттен бастап үшінші және төртінші жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша мынадай операцияларды жүзеге асыру кезінде кемінде 28 балл жинау:
1) мотор астындағы раманың дайындамаларын дәнекерлеуді қоса алғанда, дайындау;
2) аспалы дестелегіштерге қойылатын технологиялық операциялар бойынша талаптарға сәйкес аспалы дестелегіштер дайындау (ЕАЭО СЭҚ ТН коды* 8433 59 850 9, 8433 90 000 0);
3) жинаушы платформаның дайындамаларын жиынтықта, дестелегіштерді тасымалдауға арналған арбаларды дәнекерлеуді қоса алғанда, дайындау;
4) гидромоторды, тазалау сүзгісін, жүріс бөлігі жетегінің гидрожүйесінің жоғары және төмен қысымды жеңдерін орнату;
5) дестелегішті көтеру гидроцилиндрлерін орнату;
6) автоматты бақылау жүйесінің пультін монтаждау және жұмыс істеуін тексеру;
7) көлбеу камераны кері айналдыру жүйесін монтаждау.
3. Келісім жасалған сәттен бастап бесінші, алтыншы жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша мынадай операцияларды жүзеге асыру кезінде кемінде 35 балл жинау:
1) мотор астындағы раманың дайындамаларын дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
2) жинаушы платформаның дайындамаларын жиынтықта, дестелегіштерді тасымалдауға арналған арбаларды дәнекерлеуді, пішуді, июді, қалыптауды қоса алғанда, дайындау;
3) дайындамаларды дәнекерлеуді, июді, бункерді пішуді және бояуды қоса алғанда дайындау;
4) моторлы-күштік қондырғыны құрастыру;
5) бөлшектерді, құрастыру бірліктерін дайындауды, дайындамаларды пішуді және қалыптауды, механикалық өңдеуді, дәнекерлеуді, құрастыруды және бояуды қоса алғанда, саманды ұсатқыш-шашқышты немесе үйгішті дайындау;
6) сүйеніштерді, қоршауларды, баспалдақтарды дәнекерлеуді, июді, пішуді, комбайнға орнатуды қоса алғанда, дайындау;
7) дайындамаларды дәнекерлеуді, июді, металдан жасалған отын бактарын пішуді және бояуды қоса алғанда, дайындау.
4. Келісім жасалған сәттен бастап жетінші және одан кейінгі жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша мынадай операцияларды жүзеге асыру кезінде кемінде 40 балл жинау:
1) дайындамаларды дәнекерлеуді, июді, көлбеу камера мен оны тасымалдаушыны пішуді, бояуды қоса алғанда, дайындау;
2) экстерьер элементтерін (қалқаншалар, капоттар, қорғаныш қаптамалары) дәнекерлеуді, июді, пішуді, бояуды қоса алғанда, дайындау;
3) аккумуляторлық және құралдық жәшіктерді дәнекерлеуді, июді, пішуді, бояуды қоса алғанда, дайындау;
4) дайындамаларды пішуді, июді, кабинаны дәнекерлеуді, құрастыруды және бояуды қоса алғанда дайындау;
5) дайындамаларды пішуді, июді, түсіру иірмегін дәнекерлеуді, бояуды қоса алғанда, дайындау.

8433 59 110 9

Сүрлем жинайтын комбайндар

1. Келісім жасалған сәтте және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру кезінде кемінде 19 балл жинау:
1) қозғалтқышты орнату;
2) шыны тазалағышты орнату, шамдарды орнату;
3) габаритті шамдарды орнату;
4) жарқыл шамдарын орнату;
5) дыбыс сигналдарын орнату;
6) жарық шағылыстырғыштарды орнату;
7) қозғалтқыш бұрауын орнату;
8) аккумуляторлық батареяны орнату;
9) қозғалтқыштың ауа сүзгісін орнату;
10) баспалдақтар мен қоршауларды орнату;
11) белдіктерді орнату;
12) рульдік басқарудың гидроцилиндрлерін орнату;
13) кондиционерді орнату және толтыру;
14) басқару пультін орнату (компьютерлер);
15) жабысқақ аппликациялар жағу;
16) тақтайшаны орнату;
17) комбайнды толтыру, сынау;
18) қозғалтқышты сынау және мотор астындағы рамаға орнату;
19) отынды тазалау сүзгісін және отын беру, қозғалтқыштың пайдаланылған газдарын шығару жүйелерін орнату.
2. Келісім жасалған сәттен бастап үшінші және төртінші жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша мынадай операцияларды жүзеге асыру кезінде кемінде 24 балл жинау:
1) гидромоторды, гидросорғышты, тазалау сүзгісін, жүріс бөлігі жетегінің жоғары және төмен қысымды гидрожүйе жеңдерін орнату;
2) автоматты бақылау жүйесінің пультін монтаждау және жұмыс істеуін тексеру;
3) массаны ұсақтағышты кері айналдыру жүйесін монтаждау;
4) сүйеніштерді, қоршауларды, баспалдақтарды дәнекерлеуді, июді, пішуді қоса алғанда, дайындау, комбайнға орнату;
5) капоттар мен аккумуляторлық жәшіктерді дәнекерлеуді, июді, пішуді қоса алғанда, дайындау;
3. Келісім жасалған сәттен бастап бесінші, алтыншы жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша мынадай операцияларды жүзеге асыру кезінде кемінде 28 балл жинау:
1) моторлы-күштік қондырғыны құрастыру;
2) гидростатикалық трансмиссия құрауыштарын орнату;
3) экстерьер элементтерін (қалқаншалар, баспалдақтар, капоттар, қорғаныш қаптамалары) дайындау және бояу;
4) дайындамаларды дәнекерлеуді, пішуді, июді, қалыптауды, аспалы жабдықты, адаптерлерді бояуды қоса алғанда, дайындау;
4. Келісім жасалған сәттен бастап жетінші және одан кейінгі жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша мынадай операцияны жүзеге асыру кезінде кемінде 33 балл жинау:
дайындамаларды пішуді, июді, кабинаны дәнекерлеуді, құрастыруды және бояуды қоса алғанда, дайындау.

8433 59 850 9, 8433 90 000 0

Аспалы дестелегіштер, аспалы жинағыштар

1. Келісім жасалған сәтте және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру:
1) гидравликалық жабдықты құрастыру, орнату және сынау;
2) кесу аппаратын құрастыру және орнату;
3) доңғалақтарды құрастыру және орнату;
4) саусақты білеу орнату;
5) қаптамалар мен бөлгіштерді құрастыру және орнату;
6) карданды шынжырлы және ремендік берілістерді құрастыру және орнату;
7) мотовилді құрастыру және орнату;
8) жазуларды жазу, тақтайшаларды орнату.
2. Келісім жасалған сәттен бастап үшінші және төртінші жылдары кемінде 3, бесінші және одан кейінгі жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша мынадай операциялардың кемінде 5-ін жүзеге асыру:
1) қаңылтыр болатты, құбырларды кесу, ию, бұрғылау, тораптар мен бөлшектерді дәнекерлеу және оларды механикалық өңдеу жолымен жасалған бөлшектерден дестелегіш рамасын дайындау;
2) дайындамаларды пішуді және июді, қорғаныс қаптамалары мен бөлгіштерді дәнекерлеуді, құрастыруды қоса алғанда, дайындау;
3) дайындамаларды пішуді, июді және бұрғылауды, дәнекерлеуді, механикалық өңдеуді, қаптаманы және массаны жылжыту үшін үстелдерді жинауды қоса алғанда (конструкцияда бар болса) дайындау);
4) бояу;
5) дайындамаларды пішу мен июді, токарлық және фрезерлік өңдеуді, бұрғылауды, дәнекерлеуді, механикалық өңдеуді және құрастыруда бар болған кезде қалыптарды, тіреулерді, раскосиналарды, жүгірткілерді қконституцияда бар болса) дайындау.

8479 89 970 8

Малды тіркеуге арналған станоктар

1. Келісім жасалған сәтте және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру:
1) негізгі раманы дәнекерлеуді, пішуді, иілуді қоса алғанда дайындау;
2) дәнекерлеуді, пішуді, есіктерді июді қоса алғанда дайындау;
3) таразы платформасын дайындау;
4) механикалық өңдеу;
5) бояу.
2. Келісім жасалған сәттен бастап үшінші және төртінші жылдары кемінде 3, бесінші және одан кейінгі жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша мынадай операциялардың 5-тен кемін жүзеге асыру:
1) арбаны дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
2) доңғалақтарды жинау және орнату;
3) көтергіш тетікті орнату және құрастыру;
4) көтерме тетікті дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда дайындау;
5) қысқыш тетікті дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау.

8701

Тракторлар (8709 тауар позициясының тракторларынан басқа)

1. Келісім жасау сәтінде және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру кезінде кемінде 17 балл жинау:
1) дыбыс сигналын орнату;
2) сөндіргішті орнату;
3) қозғалтқышқа, артқы көпірге және гидробак;
4) гидрожүйені сынау және тексеру; қозғалтқыш;
5) газ серіппелерін, айналарды және күнге қарсы күнқағарды орнату;
6) шамдар мен габариттік фарларды орнату алдыңғы және артқы;
7) шыны тазартқыштарды орнату;
8) аккумуляторлық батареяларды орнату;
9) артқы қанаттарды құрастыру және орнату;
10) аспаптар қалқаншасын мен электр сымдарының жгуттарын құрастыру және орнату;
11) рульдік колонканы, алдыңғы жетекші көпірді қосатын тартқышты орнату;
12) перделерді, тұрақ тежегіші рычагын, тартқыштарды, ілінісу муфтасын орнату;
13) алдыңғы және артқы доңғалақтарды орнату;
14) шлангілерді, жылытуды және руль дөңгелегін орнату;
15) қаптауды құрастыру және орнату;
16) тақтайшаларды, тұтқаларды және тыстарды орнату;
17) төсеніштер мен бүйір панельдерін орнату.
2. Келісім жасалған сәттен бастап үшінші және төртінші жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша мынадай операцияларды жүзеге асыру кезінде кемінде 33 балл жинау:
1) жартылай рамалы алдыңғы осьті орнату;
2) қозғалтқышты орнату;
3) артқы көпірді орнату;
4) гидробакты орнату;
5) тракторға кабинаны орнату;
6) гидроаспаларды құрастыру және орнату;
7) карданды тіректі құрастыру және орнату валмен;
8) ауа баллондарын құрастыру және орнату;
9) гидрожүйенің май құбырларын орнату;
10) отын бактарын құрастыру және орнату;
11) цилиндрлі рульдік тартқышты орнату;
12) руль колонкасын құрастыру және орнату және бұғаттау краны;
13) алдыңғы қанаттардың кронштейндерін орнату;
14) май және су радиаторын құрастыру және орнату;
15) гидрожүйені және гидрокөтергіш рульдік басқаруды орнату;
16) жоғары қысымды жеңдерді дайындау.
3. Келісім жасалған сәттен бастап бесінші және алтыншы жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша мынадай операцияларды жүзеге асыру кезінде кемінде 40 балл жинау:
1) интерьер элементтерін дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда дайындау (не интерьер металл емес элементтерін дайындау) құрастыру және бояу;
2) моторлы-күштік қондырғыны құрастыру;
3) экстерьер элементтерін (қауырсындарды, қоршауларды, баспалдақтарды, қалқандарды, капоттарды, қорғаныш қаптамаларын) дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда дайындау, экстерьерьер элементтерін бояу;
4) гидрожабдықты құрастыру және монтаждау;
5) доңғалақтарды шиномонтаждауды жүзеге асыру;
6) балластты және теңгермелі жүктерді өндіру, сырлау және монтаждау;
7) электр жабдығы жүйесін монтаждау.
4. Келісім жасалған сәттен бастап жетінші және одан кейінгі жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша мынадай операцияларды жүзеге асыру кезінде кемінде 44 балл жинау;
1) гидробактар мен отын бактарын дәнекерлеуді, пішуді, июді, монтаждауды қоса алғанда, дайындау;
2) көтергіш раманы (жарты раманы), рама жиектерін дәнекерлеуді, пішуді, июді, құрастыруды қоса алғанда, дайындау;
3) көтергіш раманы (жарты раманы), рама жиектерін бояу;
4) дайындамаларды пішуді және июді, кабинаны дәнекерлеуді, құрастыруды және бояуды қоса алғанда, дайындау.

8716 20 000 0

Ауыл шаруашылығы үшін өздігінен тиелетін немесе өздігінен тиелетін тіркемелер мен жартылай тіркемелер

1. Келісім жасалған сәтте мынадай операцияларды жүзеге асыру:
1) рессорларды доңғалақ осіне орнату, рессорларды басқыштармен бекіту;
2) рамаға арба тіректерін орнату;
3) арба орнату және рамаға бекіту;
4) буферлерді, бамперлерді, алдыңғы шамдарды бекіту кронштейндерін және нөмірлік белгіні орнату және бекіту, сақтандыру тірегін орнату;
5) демді орнату және бекіту, доңғалақтарды құрастыру және оларды арба осіне орнату;
6) тұрақ тежегішін орнату;
7) ресиверді, пневматикалық таратқышты орнату және құрастыру, құбырларды қосу;
8) магистральдық пневматикалық тежегіш жүйесінің сүзгісін орнату, пневматикалық тежегіш жүйесін герметикалыққа сынау, тежегіштерді реттеу, шанақты құрастыру және дәнекерлеу, раманың кронштейндерін дәнекерлеу;
9) шанақты көтерудің теңгергіші мен гидроцилиндрін орнату және құрастыру, гидравликалық құбырды қосу;
10) шанақты шассиге орнату;
11) сақтандыру арқанын орнату, шанақтың түбіне гидроцилиндр тірегін бекіту;
12) раманың тіректеріне шанақты орнату, рамаға қатысты шанақтың орналасуын реттеу, шанақ тіректерін дәнекерлеу, раманың тіректеріне шанақты бекіту;
13) дыбысқа реттелетін тіректі орнату, гидрожүйені герметикалыққа сынау,
14) бояу, жазулар салу, тақтайшалар орнату.
2. Келісім жасалған сәттен бастап екінші, үшінші және төртінші жылдары кемінде 5, бесінші және одан кейінгі жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша мынадай операциялардың 9-дан кемін жүзеге асыру:
1) арқалықтарды дәнекерлеуді, пішуді, иілуді қоса алғанда, дайындау;
2) кронштейндерді, тіректер мен лонжерендерді дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда, дайындау;
3) дәнекерлеуді, пішуді, бүйір табақтарын және түптің табақтарын июді қоса алғанда дайындау;
4) тіректер мен бөренелерді дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда дайындау;
5) дәнекерлеуді, пішуді, қаптамаларды, орамалар мен баспалдақтарды июді қоса алғанда дайындау;
6) дәнекерлеуді, пішуді, борттарды июді қоса алғанда дайындау;
7) шанақ рамасының дәнекерленуін, пішуін, июді қоса алғанда дайындау;
8) баспалдақтарды дәнекерлеуді, пішуді, июді қоса алғанда дайындау;
9) дәнекерлеуді, пішуді, шанақ негізін июді қоса алғанда дайындау.

      Ескертпе:

      ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасы.

      **Технологиялық операциялар ауыл шаруашылығы техникасының конструкциясында аталатын бөлшектер мен тораптар болған кезде қолданылады.

  Қазақстан Республикасының
заңды тұлғаларымен ауыл
шаруашылығы техникасын
өнеркәсіптік құрастыру туралы
келісім жасасу қағидалары мен
шарттарына, сондай-ақ оны
өзгерту және бұзу
үшін негіздемелеріне
2-қосымша

Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін және ауыл шаруашылығы техникасына жинақтаушыларды дамыту жөніндегі міндеттемелер

      1. Келісімді жасасқан сәтте кемінде бес жүз миллион теңге сомасына негізгі құралдардың болуы, келісімді жасасқан сәттен бастап бесінші және кейінгі жылдары кемінде 1 миллиард теңге сомасына негізгі құралдардың болуы.

      2. Келісімді жасасқан сәттен бастап бесінші және кейінгі жылдары тиісті ауыл шаруашылығы техникасы бойынша технологиялық операциялардың кемінде 30% - ын орындау.

      3. Өндірушінің уәкілетті органмен Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасына жинақтаушы өндірушілерді (бұдан әрі-жинақтаушы) дамыту жөніндегі Жол картасын жасауы.

      4. Өндірушінің жиынтықтауыштарды сатып алуға өнім берушілермен ұзақ мерзімді шарттар келісімі жасалған сәттен бастап бір жыл ішінде жасасуы.

      5. Өнім берушінің бағасы мен сапасы өндірушінің талаптарына сәйкес келген жағдайда, өндіруші компаниялар тобының зауыттарына келісім жасалған сәттен бастап 5 жылдан кешіктірмей жинақтаушылардың өнеркәсіптік партияларын жеткізу (екі түрден кем емес).

  Қазақстан Республикасының
заңды тұлғаларымен ауыл
шаруашылығы техникасын
өнеркәсіптік құрастыру туралы
келісім жасасу қағидалары мен
шарттарына, сондай-ақ оны
өзгерту және бұзу
үшін негіздемелеріне
3-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жүзеге асырудың жоспар-кестесі

ЕАЭО СЭҚ ТН* коды

Ауыл шаруашылығы техникасының атауы (моделі)

Ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша технологиялық операциялар

Орындау мерзімдері

1

2

3

4

5












      Ескертпе:

      * ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасы.

      Уәкілетті орган                                     Өндіруші

      _________________                                     _________________

      Күні 20__ жылғы "___" _______

  Қазақстан Республикасының
заңды тұлғаларымен ауыл
шаруашылығы техникасын
өнеркәсіптік құрастыру туралы
келісім жасасу қағидалары мен
шарттарына, сондай-ақ оны
өзгерту және бұзу
үшін негіздемелеріне
4-қосымша
  Нысан

      Кәсіпорын туралы мәліметтер

      1. Ауыл шаруашылығы техникасын (атауы) жылына шығару бойынша өндірістік қуаты __________________.

      2. Көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларының тізбесі:

Мемлекеттік қолдау шарасы

Мемлекеттік қолдау шараларын көрсету кезеңі

Сомасы, млн. теңге

1

2

3

4





      3. Өндірісте пайдаланылатын технологиялық жабдықтардың тізбесі:

Технологиялық жабдықтың атауы

Саны, дана

1

2

3




      4. Өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасының ағымдағы оқшауландыру деңгейі, %.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 2 сәуірдегі
№ 213 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің үлгі нысаны

      Ескерту. Бұйрық үлгі нысанмен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.03.2019 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.08.2019 № 633 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      (_______________________________________________________________)

      (ауыл шаруашылығы техникасының атауы көрсетіледі)

      Нұр-Сұлтан қаласы                                           _________________

                                                                  (күні, айы, жылы)

      Осы Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы

      техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) бұдан әрі

      Тараптар деп аталатын ________________________________

                              (өкілеттігін растайтын құжат)

      негізінде әрекет ететін ___________________________________________

                                    (уәкілетті органның атауы)

      атынан __________________________________________________________

      (басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса))

      ____________________________________ (бұдан әрі – уәкілетті орган)

      (уәкілетті органның атауы)

      және ___________________________________________ негізінде әрекет ететін

      (өкілеттігін растайтын құжат)

      __________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының атауы)

      атынан _____________________________________________________________

      (басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса))

      (бұдан әрі – өндіруші) арасында жасалды.

      Уәкілетті орган мен өндіруші төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты.

1-тарау. Келісімнің мәні

      1. Осы Келісімнің мәні ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру кезінде ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін дамытуға бағытталған өзара міндеттемелерді белгілеу және іске асыру жөніндегі тараптардың өзара іс-қимылы болып табылады.

      Ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру деп ауыл шаруашылығы техникасын сериялық өндіру жүйесі түсініледі.

      2. Келісім, келісімді іске асыру жоспар-кестесінде (бұдан әрі – жоспар-кесте) көрсетілген ауыл шаруашылығы техникасына қолданылады.

2-тарау. Тараптардың міндеттері мен құқықтары

      3. Өндіруші:

      1) жоспар-кестеге сәйкес келісімді іске асыруға;

      2) есепті жылдан кейінгі әрбір күнтізбелік жылдың 1 сәуіріне дейін уәкілетті органға жоспар-кестенің орындалуы туралы ақпаратты ұсынуға.

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндеттенеді.

      4. Уәкілетті орган:

      1) осы Келісімнің шарттарын нашарлау жағына өзгертуге әкеп соқтыратын Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда Келісімнің шарттарын өзгертпеуге;

      2) Келісімнің іске асырылуын бақылауды;

      2-1) оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесі талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндеттенеді.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2020 № 506 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Өндіруші:

      1) өзіне алған міндеттемелерді іске асыру үшін келісімнің шарттарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген іс-қимыл жасауға;

      2) уәкілетті органға келісім жасасқан өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын енгізуге қатысты ұсыныстар жіберуге;

      3) аутсорсинг шеңберінде басқа заңды тұлғаларды тарта отырып, уәкілетті орган осындай операцияларды орындау жөніндегі бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі болған жағдайда, ауыл шаруашылығы техникасын өндіру жөніндегі технологиялық операциялардың кейбірін орындауға. Аутсорсинг деп өндірушінің Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын басқа заңды тұлғаға жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді беруі және оларды шарттың негізінде Қазақстан Республикасының аумағында осы басқа заңды тұлғаның орындауына беру түсініледі;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды орындауға құқылы.

      6. Уәкілетті орган:

      1) келісімнің шарттарын орындау бойынша қажетті ақпаратты сұратуға;

      2) келісім жасасқан өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын енгізуге қатысты ұсыныстар әзірлеуге және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынуға;

      3) келісімді іске асыру жоспар-кестесіне өзгерістер енгізуге;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.

3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      7. Келісімді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

4-тарау. Форс-мажор

      8. Тараптардың ешқайсысы, егер орындау кезінде мұндай орындамау немесе кідіріс еңсерілмейтін күш (форс-мажор) мән-жайларынан туындаған болса, Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапты болмайды.

      9. Форс-мажорға әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, дүлей зілзалалар (өрттер, ірі авариялар, коммуникациялардың бұзылуы және тағы сол сияқтылар) мен өзге де төтенше және алдын алу мүмкін емес оқиғалар жатады.

      10. Форс-мажорлық мән-жайлардан туындаған келісім бойынша жұмыстарды толық немесе ішінара тоқтата тұру кезінде форс-мажордың қолданылу мерзіміне іске асыру мерзімдерін ұзарта отырып, келісім кезеңдерін іске асыру жоспар-кестесіне өзгерістер енгізіледі.

      11. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда, олардан зардап шеккен тарап олар туындаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде бұл туралы екінші Тарапқа оқиғаның басталу күнін және форс-мажорлық мән-жайларды сипаттай отырып, жазбаша хабарлама тапсыру арқылы хабарлайды.

      12. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайды шешу үшін дереу келіссөздер жүргізеді және осындай жағдайлардың салдарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.

5-тарау. Құпиялылық

      13. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Келісімді іске асыру жөніндегі жұмысқа қатысты барлық құжаттар, ақпараттар мен есептер бойынша оның қолданылу мерзімі ішінде құпиялылық шарттарын сақтайды.

      14. Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың жазбаша келісімін алмай, келісімнің мазмұнына қатысты ақпаратты немесе құпия деп есептелетін және мынадай.

      1) ақпарат сот талқылауы барысында пайдаланылатын;

      2) ақпарат келісім бойынша Тараптардың бірінің қызмет көрсететін үшінші тұлғаларға берілген жағдайда, мұндай үшінші тұлға осындай ақпараттың құпиялылық шарттарын сақтау және оны тараптар белгілеген мақсаттарда және тараптар белгілеген мерзімде ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған;

      3) ақпарат банкке немесе келісім бойынша тарап қаржы қаражатын алатын өзге қаржы ұйымына берілсе, мұндай банк немесе қаржы ұйымы осындай ақпараттың құпиялылық шарттарын сақтау міндеттемесін өзіне алған;

      4) ақпарат Өндірушінің кез келген банктік шоттарына қатысты, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктерде ашылған кез келген ақпаратқа, оның ішінде банктік құпия болып табылатын ақпаратқа рұқсаты бар Қазақстан Республикасының салық немесе өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарына берілген жағдайлардан басқа осы Келісімнің ережелерін іске асыруға байланысты өзге де ақпаратты ашуға құқылы емес.

6-тарау. Дауларды реттеу

      15. Осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы кез келген дау консультациялар мен келіссөздер жолымен шешіледі.

      16. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.

7-тарау. Қорытынды ережелер, келісімнің күшіне енуі және қолданысын тоқтатуы

      17. Осы Келісім ________ жылға дейін қолданылады.

      18. Келісімнің мазмұны уәкілетті органның осы келісімнің шарттарын нашарлау жағына өзгертуге әкелетін нормативтік құқықтық актілері қабылданған жағдайда өзгертуге жатпайды.

      19. Осы Келісім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.

      20. ______ қаласында ___ "___" ____________ ______ әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде бірдей заңды күші бар екі данада, тараптардың әрқайсысы үшін 1 (бір) данадан жасалды. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

Уәкілетті орган _________________

Өндіруші _________________


     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады