Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттерін қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормалары бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік полициясы бөліністері қызметкерлерінің қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және іс-әрекетін тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12171 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 қазанда жарияланды) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 748 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі орталық аппараты комитеттерінің төрағалары, департаменттері мен дербес басқармаларының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және көліктегі полиция департаменттерінің бастықтарына ішкі істер органдарының бөліністерін портативті бейнетіркегіштермен және деректерді зарядтаудың, архивтеудің және сақтаудың мультимедиялық терминалдарымен (деректерді алу жүйесі) жарақтауды тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен кезең-кезеңімен жүзеге асырсын.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.06.2019 № 578 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Техникалық қызмет департаменті (Н.Ә. Балтабаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін бір данада ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрық ресми жаряланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Техникалық қызмет департаментіне (Н.Ә. Балтабаев) жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-полковнигі | Қ. Қасымов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________Б. Сұлтанов
2018 жылғы 2 сәуір
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 171 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттерін қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормалары
Ескерту. Заттай нормалар жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.06.2019 № 578 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/с № | Мүліктің атауы | саны (жинақ) | Тиесілігі | Ескертпе | Пайдалану мерзімі |
1 | Портативті бейнетіркегіш (бейнежетон) | 1 | Патрульдік полициясының әрбір қызметкеріне, Көліктегі және метрополитендегі патрульдік полицияның әрбір нарядына (ауысымына), әрбір учаскелік полиция инспекторына, заңсыз көші-қонға қарсы күрес арнайы бөлінісінің әрбір қызметкеріне және ішкі істер органдарының әрбір кезекші жедел-тергеу тобына. | Қызмет өткеру кезінде қолдану үшін | 7 жыл |
2. | Деректерді зарядтаудың, архивтеудің және сақтаудың мультимедиялық терминалы (деректерді алу жүйесі) | 1 | Әрбір полиция департаменті, Көліктегі полиция департаменті, қалалық, аудандық желілік органдарға, әрбір ішкі істер органдарының кезекші бөліміне | 1 станция 56 портативті бейнетіркегішке дейін | 7 жыл |