Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік полициясы бөліністері қызметкерлерінің қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және іс-әрекетін тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 748 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 қазанда № 12171 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 171 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 05.03.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік полициясы бөліністері қызметкерлерінің қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және іс-әрекетін тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормалары бекітілсін.

      2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ішкі істер департаменттерінің бастықтары тіркеудің техникалық құралдарымен жарақтауды тиісті жылға жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде кезең-кезеңмен жүзеге асырсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр полиция


генерал-полковнигі

Қ. Қасымов

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы "___" ___________



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 748 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік полициясы бөліністері қызметкерлерінің қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және іс-әрекетін тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы

р/с №

Мүлік атауы

Саны (к-т)

Тиесілігі

Ескертпе

Пайдалану уақыты

1

Портативтік бейнетіркегіш (бейнежетон)

1

Жол-патрульдік полициясының әрбір қызметкеріне

Қызмет өткеру кезінде қолдану үшін

7 жыл

2.

Деректерді зарядтаудың, мұрағаттаудың және сақтаудың мультимидиялық терминалы (деректерді босату жүйесі)

50

Әрбір Ішкі істер департаментіне

1 станция 56 портативтік бейнетіркегішке дейін

7 жыл


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады