Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 147 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 сәуірде № 16818 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы №1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылға арналған стипендиясын министрліктер мен "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының арасында бөлу бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Г.І. Көбенова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялау үшін жолдауды;

      4) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 12 сәуір
№ 147 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылға арналған стипендиясын министрліктер мен "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының арасында бөлу

Мемлекеттік орган, "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы

Стипендия

студенттерге

магистранттарға

1.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

932

7

2.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

11

-

3.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

84

-

4.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

47

1

5.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

2

-

6.

"Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы

4

-

Барлығы

1080

8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады