"Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы № 6 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 сәуірде № 16822 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 118 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10617 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 7-бабы 4) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидаларында:

      "Биоотын айналымының теңгерімі" биоотын айналымы бойынша декларацияның" 1-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаевқа) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      Н. Айдапкелов

      2018 жылғы 5 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 4 қаңтардағы
№ 6 бұйрығына
1-қосымша
  Биоотын айналымы бойынша
декларацияны ұсыну
қағидаларына
1-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

"Биоотын айналымының теңгерімі" биоотын айналымы бойынша декларация

      есепті кезең 20___ жылғы ______ айы

      Индексі: БОАД 1

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатындар: биоотын айналымы бойынша қызметін жүзеге асырушы жеке және

      заңды тұлғалар

      Қайда ұсынылады: мемлекеттік кірістер органына

      Ұсыну мерзімі: ай сайын есептіден кейінгі айдың 20 күніне дейін

      ЖСН/БСН

      Атауы

      Есепті кезең ________ ай _____ жыл

      Мемлекеттік кірістер органының коды

р/с№

Био отын түрі

Био отынның ДСН коды

Қызметін жүзеге асыру мекенжайы

Өнім беруші/ алушы

Өнім беруші/ алушының атауы

Өнім берушінің/алушының ЖСН/БСН

Есепті кезең басына қалдығы

Биоотын түсті

Барлығы

өз өндірісінен

жеке және заңды тұлғалардан

ішкі орын ауыстыру бойынша

импорт бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13















Жиыны












      Кестенің жалғасы:

Алушылардан өнімдерді қайтару

Өткізілді (тиеп жөнелтілді)

Ілеспе жүкқұжат

Жеткізушілерге өнімді қайтару

Бүлінгені, жоғалғаны

Нормалар шегіндегі шығыны

Есепті кезеңнің соңындағы қалдығы

Барлығы

жеке және заңды тұлғаларға одан әрі сату үшін

жеке және заңды тұлғаларға, олардың жеке қажеттіліктері үшін (соңғы тұтынушыға)

жеке қажеттіліктеріне пайдаланылды

ішкі орын ауыстыру бойынша

экспортқа

нөмірі

күні

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26



























      Жеке кәсіпкер ________________________/____________

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (қолы)

      Басшысы __________________________/____________

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (қолы)

      Бас бухгалтер ________________________/____________

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (қолы)

      Декларация қабылданған күн __________________

      ____________________________________________________________ / _____________

      (Декларацияны қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (қолы)

      Пошта штемпелінің күні _________________ (декларация поштамен ұсынылған

      жағдайда толтырылады)

      Ескертпе:

      декларацияны толтыру бойынша түсіндірме осы нысанның қосымшасында келтірілген;

      аббревиатурларды ашып жазу:

      БОАД – биоотын айналымы бойынша декларация;

      Био отынның ДСН коды – биоотынның дербес сәйкестендіру нөмірі- коды көрсетіледі;

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі;

      Т.А.Ә. - тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда).

  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны толтыру бойынша түсіндірме биоотын айналымы бойынша декларация "Биоотын айналымының теңгерімі" биоотын айналымы бойынша декларация

      Нысан мынадай үлгіде толтырылады:

      1-бағанда реті бойынша нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда биоотын түрі көрсетіледі;

      3-бағанда био отынның ДСН коды көрсетіледі;

      4-бағанда қызметін жүзеге асыру мекенжайы көрсетіледі;

      5-бағанда биоотынның өнім берушісі немесе биоотынның алушысы көрсетіледі;

      6-бағанда биоотын өнім берушінің немесе биоотын алушының атауы көрсетіледі;

      7-бағанда биоотын өнім берушінің немесе биоотын алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) көрсетіледі;

      8-бағанда биоотынның есепті кезең басындағы қалдығы (тоннада) көрсетіледі;

      9-бағанда барлық түскен биоотын (тоннада) көрсетіледі;

      10-бағанда өз өндірісінен биоотын түскен (тоннада) көрсетіледі;

      11-бағанда жеке және заңды тұлғалардан биоотын түскен (тоннада) көрсетіледі;

      12-бағанда ішкі орын ауыстыру бойынша биоотын түскен (тоннада) көрсетіледі;

      13-бағанда импорт бойынша биоотын түскен (тоннада) көрсетіледі;

      14-бағанда алушылардан өнімдерді (биоотын) қайтару (тоннада) көрсетіледі;

      15-бағанда барлық өткізілген (тиеп жөнелтілген) биоотын (тоннада) көрсетіледі;

      16-бағанда жеке және заңды тұлғаларға одан әрі сату үшін өткізілген (тиеп жөнелтілген) биоотын (тоннада) көрсетіледі;

      17-бағанда жеке және заңды тұлғаларға, олардың жеке қажеттіліктері үшін (соңғы тұтынушыға) өткізілген (тиеп жөнелтілген) биоотын (тоннада) көрсетіледі;

      18-бағанда жеке қажеттіліктерге пайдалану үшін тиеп жөнелтілген биоотын (тоннада) көрсетіледі;

      19-бағанда ішкі орын ауыстыру бойынша тиеп жөнелтілген биоотын (тоннада) көрсетіледі;

      20-бағанда экспортқа биоотын (тоннада) өткізілген (тиеп жөнелтілген) көрсетіледі;

      21-бағанда биоотынға ілеспе жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі;

      22-бағанда биоотынға ілеспе жүкқұжаттың күні көрсетіледі;

      23-бағанда жеткізушілерге өнімді (биоотынды) қайтару (тоннада) көрсетіледі;

      24-бағанда биоотынның бүлінгені, жоғалғаны (тоннада) көрсетіледі;

      25-бағанда биоотынның нормалар шегіндегі шығыны (тоннада) көрсетіледі;

      26-бағанда биоотынның есепті кезеңнің соңындағы қалдығы (тоннада) көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады