Биоотын айналымы бойынша декларацияның нысанын, ұсыну қағидаларын және мерзімін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 118 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 сәуірде № 10617 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 22.01.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 4) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 22.01.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидалары және мерзімі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес биоотын айналымы бойынша декларация нысаны бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 22.01.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзiмдi баспа басылымдарында және "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 118 бұйрығына
1-қосымша

      Ескерту. Жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 22.01.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидалары және мерзімі

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 22.01.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Биоотын айналымының теңгерімі" (бұдан әрі – Декларация) биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну тәртібі мен мерзімін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 22.01.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Биоотын айналымы бойынша қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар осы осы бұйрықпен бекітілген нысан бойынша аталған қызметті жүзеге асыру орны бойынша мемлекеттік кірістер органына декларация тапсырады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 22.01.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Декларация мемлекеттік кірістер органына ай сайын есептіден кейінгі айдың 20 күніне дейін ұсынылады.

      Егер декларацияны ұсыну мерзімінің соңғы күні жұмыс күніне келмесе, онда декларацияны ұсыну мерзімінің соңғы күні одан кейінгі жұмыс күні болып табылады.

      4. Биоотын айналымы бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, декларацияны өз таңдауы бойынша ұсынады:

      1) келу тәртібімен – қағаз тасығышта;

      2) пошта бойынша тапсырыстық хат хабарламасымен - қағаз тасығышта;

      3) ақпараттық жүйлер арқылы электрондық түрде.

      Мемлекеттік кірістер органдарына пошта бойынша тапсырыстық хат хабарламасымен декларацияны ұсыну күні пошталық немесе басқа да мекемелердің байланысын қабылдау туралы белгі болып табылады.

      5. Биоотын айналымы бойынша қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну мерзімін ұзарту туралы өтініштің (бұдан әрі – өтініш) негізінде декларацияны ұсыну мерзімін ұзатады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 22.01.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Декларация табиғи көрсеткіштерде (тоннада) ұсынылады.

      7. Осы Қағидаларға сәйкес ұсынылатын декларация жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғаның басшысы, бас бухгалтері қол қояды. Электрондық түрде ұсынылатын декларация электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 02.10.2019 № 1078 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жеке және заңды тұлғалар бұрын ұсынылған декларацияға толықтырулар енгізу және (немесе) қателерді түзету қажет болғанда жағдайда, бұрын ұсынылған декларацияға түзету нысанын ұсынады.

      Түзету нысанында жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі, есепті кезең және тек жолдың белгілі бір бағандарының мәнін ұлғайту немесе азайту қажеттілігіне қарай қосу немесе алу мәнімен бағандарына өзгеріс енгізу қажет жолдардың нөмірлері көрсетіледі.

  Биоотын айналымы бойынша
декларацияны ұсыну
қағидаларына 1-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

"Биоотын айналымының теңгерімі" биоотын айналымы бойынша декларация

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 22.01.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Биоотын айналымы бойынша
декларацияны ұсыну
қағидалары және мерзімі

      Ескерту. 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 22.01.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Биоотын айналымы бойынша декларацияларды ұсыну мерзімін ұзарту туралы өтініш

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 02.10.2019 № 1078 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі ___________

      _________________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе атауы ______________

      ________________________________________________________________

      Биоотын айналымы бойынша декларацияларды ұсыну мерзімін ұзартуды сұраймын.

      Есепті кезең: Айы ____________ Жылы _______

      Өтініш беру күні __________________________

      _______________________________________________ /____________

      (басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) (қолы)

      Өтініш қабылдау күні _______________________

      _______________________________________________ /____________

      (өтінішті қабылдаған уәкілетті тұлғаның (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))

      Мемлекеттік кірістер органының коды ___________ Мөртаңба орны

      Пошталық штемпель күні ____________________________________________________

      (пошта бойынша өтініш ұсынылған жағдайда толтырылады)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 118 бұйрығына
2-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ескерту. Бұйрық 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 22.01.2024 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ұсынылады: мемлекеттік кірістер органына

      Әкімшілік деректер нысаны: https://kgd.gov.kz/ru/section/akcizy-0

      интернет-ресурсында орналастырылған

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: "Биоотын айналымының теңгерімі" биоотын айналымы бойынша декларация

      Әкімшілік деректер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-цифрлық қысқаша мәні): БАД 1

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезең: ай

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар шеңбері: биоотын айналымы бойынша қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20-сы күнінен кешіктірмей

"Биоотын айналымының теңгерімі" биоотын айналымы бойынша декларация

      ЖСН/БСН __________________________

      Атауы ______________________________

      Есепті кезең ________ жылғы _____ ай ______

      Мемлекеттік кірістер органының коды ______

Био отын түрі

Қызметін жүзеге асыру мекенжайы

Өнім беруші/ алушы

Өнім беруші/ алушының атауы

Өнім берушінің/алушының ЖСН/БСН

Есепті кезең басына қалдығы

Келіп түскен биоотын

Барлығы

өз өндірісінен

жеке және заңды тұлғадан

ішкі өткізу бойынша

импорт бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12














Жиыны











      кестенің жалғасы

Алушылардан қайтарылған өнімдер

Өткізілді (тиеп жөнелтілді)

Тауарларға ілеспе жүкқұжат

Жеткізушілерге өнімді қайтару

Бүлінгені, жоғалғаны

Нормалар шегіндегі шығыны

Есепті кезеңнің соңындағы қалдығы

Барлығы

жеке және заңды тұлғаларға одан әрі сату үшін

жеке және заңды тұлғаларға, олардың өз қажеттіліктері үшін (соңғы тұтынушыға)

өз қажеттіліктеріне пайдаланылды

ішкі өткізу бойынша

экспортқа

нөмірі

күні

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25



























      Дара кәсіпкер/Заңды тұлғаның басшысы

      _________________________________________________/_______________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)             (қолы)

      Бас бухгалтер

      _____________________________________________________/_______________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)                   (қолы)

      Декларация қабылданған күн 20___ жылғы "___" ____________

      _____________________________________________ / ______________

      (Декларацияны қабылдаған                                     (қолы)

      лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған кезде)

      Пошта штемпелінің күні _________________ (декларация поштамен

      ұсынылған жағдайда толтырылады)

      Ескертпе:

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН –жеке сәйкестендіру нөмірі.

  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Биоотын айналымының теңгерімі" биоотын айналымы бойынша декларация" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      Нысан мынадай үлгіде толтырылады:

      "ЖСН/БСН" жолында "Биоотын айналымының балансы" биоотын айналымы туралы декларацияны (бұдан әрі – декларация) ұсынатын тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) көрсетіледі;

      "Атауы" жолында декларацияны тапсырушы тұлғаның атауы көрсетіледі;

      "Есептік кезең" жолында декларация ұсынылатын кезеңнің айы мен жылы көрсетіледі;

      "Мемлекеттік кірістер органының коды" деген жолда декларацияны ұсынатын тұлғаның биоотын айналымы бойынша қызметті жүзеге асыратын жердегі мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі;

      кестеде:

      1-бағанда реті бойынша нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда биоотын түрі көрсетіледі;

      3-бағанда қызметін жүзеге асыру мекенжайы көрсетіледі;

      4-бағанда биоотынды жеткізуші немесе биоотынды алушы көрсетіледі;

      5-бағанда биоотынды жеткізушінің немесе биоотынды алушының атауы көрсетіледі;

      6-бағанда биоотынды жеткізушінің немесе биоотынды алушының ЖСН немесе БСН көрсетіледі;

      7-бағанда биоотынның есепті кезеңнің басындағы қалдығы (тоннамен) көрсетіледі;

      8-бағанда барлық түскен биоотын (тоннамен) көрсетіледі;

      9-бағанда өз өндірісінен түскен биоотын (тоннамен) көрсетіледі;

      10-бағанда жеке және заңды тұлғалардан түскен биоотын (тоннамен) көрсетіледі;

      11-бағанда ішкі өткізу бойынша түскен биоотын (тоннамен) көрсетіледі;

      12-бағанда импорт бойынша түскен биоотын (тоннамен) көрсетіледі;

      13-бағанда алушыдан қайтарылған өнімдер (биоотын) (тоннамен) көрсетіледі;

      14-бағанда барлық өткізілген (тиеп жөнелтілген) биоотын (тоннамен) көрсетіледі;

      15-бағанда жеке және заңды тұлғаларға одан әрі сату үшін өткізілген (тиеп жөнелтілген) биоотын (тоннамен) көрсетіледі;

      16-бағанда жеке және заңды тұлғаларға, олардың өз қажеттіліктері үшін (соңғы тұтынушыға) өткізілген (тиеп жөнелтілген) биоотын (тоннамен) көрсетіледі;

      17-бағанда өз қажеттіліктеріне пайдалану үшін тиеп жөнелтілген биоотын (тоннамен) көрсетіледі;

      18-бағанда ішкі өткізу бойынша тиеп жөнелтілген биоотын (тоннамен) көрсетіледі;

      19-бағанда экспортқа өткізілген (тиеп жөнелтілген) биоотын (тоннамен) көрсетіледі;

      20-бағанда тауарларға ілеспе жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі;

      21-бағанда тауарларға ілеспе жүкқұжаттың күні көрсетіледі;

      22-бағанда жеткізушілерге өнімді (биоотынды) қайтару (тоннамен) көрсетіледі;

      23-бағанда биоотынның бүлінгені, жоғалғаны (тоннамен) көрсетіледі;

      24-бағанда биоотынның нормалар шегіндегі шығыны (тоннамен) көрсетіледі;

      25-бағанда биоотынның есепті кезеңнің соңындағы қалдығы (тоннамен) көрсетіледі.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады