"Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 4-1/699 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 130 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 сәуірде № 16835 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 4-1/699 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12016 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидада келесі негізгі түсініктемелер, анықтамалар және қысқартулар пайдаланылады:

      1) ақпараттық жүйенің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – Интернет желісінде www.qoldau.kz мекенжайы бойынша орналастырылған, осы тізілім деректеріне қолжеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін интернет-ресурс;

      2) астық иесі – астық қабылдау кәсіпорнына астықты сақтауға берген жеке немесе заңды тұлға;

      3) астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – уақыттың нақты сәтіне астық қолхаттарын ұстаушыларды сәйкестендіруді, астық қолхаттарымен мәмілелерді тіркеуді қамтамасыз ететін астық қолхаттары және оларды ұстаушылар туралы мәліметтердің жиынтығы, сондай-ақ олардың өтінішіне немесе олар бойынша құқықты іске асыруға тіркелген шектеулердің сипаттамасы және ақпараттық жүйеде көрсетілген басқа да мәліметтер;

      4) астық қолхаттарының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) – астық қолхаттары және оларды ұстаушылар бойынша ақпараттарды сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған тізілімді жүргізудің автоматтандырылған жүйесі;

      5) астық қолхаты – астықтың нақты көлеміне құқық меншігін растайтын эмиссияға жатпайтын құжатсыз құнды қағаз түріндегі қойма куәлігі;

      6) астық қолхатын тіркеуші – (бұдан әрі – тіркеуші) – Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындалатын құнды қағаздар нарығында жұмыс тәжірибесі бар жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға;

      7) астық қолхатын ұстаушы – астық қолхаты бойынша құқыққа ие тізілімде тіркелген адам;

      8) бұйрық – астық қолхатын ұстаушының меншігіндегі астыққа қатысты нақты іс-қимылды жүзеге асырылуын көрсете отырып тізілімде астық қабылдау кәсіпорынымен немесе астық қолхатын ұстаушымен қалыптастырылатын, ұлттық куәландырушы орталық берген электрондық цифрлық қолтаңба қойылатын электрондық құжат;

      9) дербес шот – мәмлені тіркеу және астық қолхаты бойынша құқықты есепке алу мақсатында тіркелген адамды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тізілімде көрсетілген жазбалар жиынтығы;

      10) дербес шоттан көшірме – уақыттың нақты сәтіне астық қолхаты бойынша тіркелген адамның құқығын растайтын және ақпараттық жүйеде тіркеушімен қалыптастырылатын құнды қағаз болып табылмайтын электрондық құжат;

      11) кепіл ұстаушы – астық қолхаты бойынша кепілі туралы шартпен (бұдан әрі – кепіл шарты) көзделген міндеттемеде астықты кепілге ұстаушы болып табылатын адам;

      12) клиент – тіркеушінің қызметін пайдаланатын немесе пайдалануға ниеті бар адам;

      13) өкілетті орган – өз құзыреті шегінде астық нарығына қатысушылардың қызметтерін үйлестіруді және реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      14) Q-chain үлестірілген деректер базасы (бұдан әрі – q-chain) – астық қолхаттарымен операциялар туралы ақпаратты қамтитын, тіркеушінің ішкі қағидалары бойынша blockchain технологиясы негізінде жасалған, деректер блоктарының үзілмейтін бірізді тізбегі;

      15) транзакция – алдыңғы және кейінгі жазбалар (бар болған жағдайда) туралы ақпаратты қамтитын блокта қалыптастырылған, q-chain желісіндегі астық қолхаттарымен операциялар туралы логикалық тұрғыдан біріктірілген бірізді жазбалардың жиынтығы;

      16) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – ЭЦҚ құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнның өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      3. Тізілімді ақпараттық жүйемен ықпалдастыру үшін ведомстволық ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті ұйымдастыру жолымен тізілімге құқық және жер кадастрларының деректері, рұқсаттар мен хабарламалар, жеке және заңды тұлғаларды тіркеу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы орталық атқарушы органдардың, басқа да орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мәліметтері негізінде тіркеуші қалыптастырады және жүргізеді, атап айтқанда:

      1) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтерді жүзеге асыруға лицензиясы (бұдан әрі – лицензия) бар заңды тұлғаларға қатысты – рұқсаттар мен ескертулер саласында басқаруды және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      2) астық қабылдау кәсіпорындары, қаржылық есептіліктің депозитарийіне ұсынатын ақпаратқа қатысты – бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      3) астық қабылдау кәсіпорындарына тіркелген жылжымайтын объектілерге қатысты – жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік техникалық тексеру саласындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік реттеуді жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      4) астық қабылдау кәсіпорындарына тіркелген жер учаскелеріне қатысты – жер қатынастары саласында реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      5) тізілімде тіркелген заңды тұлғаларға, филиалдары мен өкілдіктеріне қатысты – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      6) астық қабылдау кәсіпорындарының лицензиарларына және олардың кеңістіктік (географиялық) деректеріне қатысты - мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган;

      7) астық қабылдау кәсіпорындары мен астық қолхаттарын ұстаушылар шығарған электрондық шот-фактуралар бойынша мәліметтерге қатысты – салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      8) ішкі нарыққа және экспортқа астық тасымалдау туралы мәліметтерге қатысты – ұлттық темір жол компаниясы;

      9) тізілімде тіркелген жеке тұлғаларға қатысты – сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды және сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізбесін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Астық қолхаттарымен операцияларға:

      1) астық қолхатын шығару;

      2) астық қолхатын өтеу;

      3) астық қолхатын бөлу;

      4) астық қолхаттарын біріктіру;

      5) астық қолхатын сату/сатып алу;

      6) астық қолхатын есепке қосу/есептен шығару;

      7) астық қолхатын кепілге беру/алу;

      8) астық қолхатының кепілі жөніндегі мәліметтерді өзгерту;

      9) астық қолхатын кепілден алу/қайтару;

      10) астық қолхаты бойынша сауда-саттық жүргізу туралы хабарлама;

      11) астық қолхатының деректерін өзгерту;

      12) астық қолхатындағы астық сипаттамаларын өзгерту;

      13) астық қолхатын бұғаттау/бұғаттаудан шығару жатады.";

      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:

      "13-1. Астық қолхаттарымен операциялар q-chain желісіне беріледі, ол тіркеушінің ішкі қағидаларына сәйкес есептеу қуаттылықтарында орналастырылады және оған қол жеткізу www.q-chain.kz веб-порталын пайдалана отырып қамтамасыз етіледі.

      Q-chain желісінде деректерді сақтау тіркеушінің ішкі қағидаларына сәйкес, асинхронды бөлінген дерекқор технологияларын қолдана отырып, орталықтандырылмаған түрде жүзеге асырылады.

      www.q-chain.kz веб-порталын пайдаланушыларға мыналар: транзакция нөмірі немесе бұйрық нөмірі немесе астық қолхатының нөмірі көрсетілген электрондық сұранымға сәйкес бұйрық және / немесе астық қолхаттары (астық қолхаттарын ұстаушылардың жеке деректерін көрсетпей) мәртебесін тексеру жөніндегі функция қолжетімді болады. Электрондық сұранымға пайдаланушының ЭЦҚ-сымен қол қойылады.";

      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Астық қолхаты сапасы бойынша біркелкі астықтың әрбір партиясына шығарылады. Тапсырылған барлық астық көлеміне шығарылатын астық қолхаттарының саны астық қолхатын шығаруға арналған бұйрықта айқындалады.

      Астық қолхатын шығару Жеке кабинетте мынадай тәртіпте жүргізіледі:

      1) астық иесінен астық қабылданған күннен бастап Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күнтізбелік үш күннен кеш емес мерзімде астық қабылдау кәсіпорны астық қолхатын шығаруға арналған бұйрықты осы Қағидалардың 16-тармағы 2) - 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен астық иесінен астық қабылданған күнді енгізе отырып тіркейді. Бұйрық сақталғаннан кейін оның мәртебесі ақпараттық жүйеде "Келісілмеген" деп өзгертіледі;

      2) "Келісілмеген" деген мәртебемен сақталған бұйрықты астық қабылдау кәсіпорны астық иесіне келісімге жібереді және бұйрықтың мәртебесі ақпараттық жүйеде "Келісілуде" деп өзгертіледі;

      3) "Келісілуде" деген мәртебедегі бұйрық Жеке кабинетте астық иесіне:

      не бұйрықты келісу үшін (ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Келісілген" деп өзгертіледі);

      не астық қабылдау кәсіпорны бұйрыққа енгізген мәліметтер бойынша ескертулер енгізу үшін (ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Қайтадан пысықтауға жіберілді" деп өзгертіледі) қолжетімді болады;

      4) "Қайтадан пысықтауға жіберілді" деген мәртебедегі бұйрық бойынша астық қабылдау кәсіпорны:

      не астық иесінің ескертулері бойынша бұйрықтың деректерін өзгертеді (ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Келісілуде" деп өзгертіледі);

      не өзінің дәлелдерін көрсете отырып, астық иесінің ескертулері бойынша бұйрықтың деректерін өзгертпейді (ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Келісілуде" деп өзгертіледі);

      не иесінен астық қабылдаған күннен бастап, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күнтізбелік үш күннен кешіктірмей астықты иесіне қайтаруды қамтамасыз ете отырып, бұйрықты жояды (ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Жойылды" деп өзгертіледі);

      5) "Келісілген" деген мәртебедегі бұйрық бойынша астық қабылдау кәсіпорны бұйрыққа енгізілген мәліметтермен келісетінін растайды және ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Қол қойылуда" деп өзгертіледі;

      6) "Қол қойылуда" деген мәртебедегі бұйрық бойынша клиенттердің ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, бұйрыққа қол қою жүзеге асырылады;

      7) астық иесі мен астық қабылдау кәсіпорнының (бірінші басшысы және бас бухгалтері) ЭЦҚ-сымен бұйрыққа қол қойылғаннан кейін ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Қол қойылды" деп өзгертіледі, ал тізілімдегі астық қолхаты:

      осы Қағидалардың 16-тармағы 1) және 7) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді көрсете отырып шығарылады;

      астық қолхатын ұстаушының дербес шотында "Белсенді" деген мәртебемен көрсетіледі.

      Клиенттермен астық қолхаттары бойынша операциялар жүргізу кезінде астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасында жасалған астықты сақтаудың шарты бойынша құқығы мен міндеттері және оған сәйкес шығарылған аталған астық қолхаты клиентке бір уақытта астық қолхатында көрсетілген көлемдегі астыққа арналған астық қолхаты бойынша құқықтарды бере отырып, беріледі.

      Астықты астық қабылдау кәсіпорны өңдеген не астықтың сапалық көрсеткіштері орташаланған (астықтың орташа өлшенген сапасы) жағдайда астық иесі мен астық қабылдау кәсіпорнының келісімі бойынша осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес алдыңғы астық қолхаттарын өтей отырып, жаңа астық қолхатын шығаруға жол беріледі.

      15. Астық қабылдау кәсіпорны иесінен астық қабылданған күннен бастап, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күнтізбелік үш күннен кеш емес мерзімде астықты иесіне қайтаруды қамтамасыз етеді:

      1) егер клиенттердің біреуі ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, бұйрыққа қол қойғанға дейін бұйрықтың күші жойылса (ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Жойылды" деп өзгертіледі);

      2) егер астық қабылданған күннен бастап Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күнтізбелік үш күн өткен соң астық иесі мен астық қабылдау кәсіпорны (бірінші басшысы және бас бухгалтері) ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, бұйрыққа қол қоймаған болса, онда ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Жойылды" деп өзгертіледі.";

      17, 18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Сондай-ақ, астық қолхатының басқа да белгiлері бар:

      1) тіркеушінің атауы, оның мекенжайы және телефон нөмірі;

      2) астық қолхатының мәртебесі ("Жойылды", "Бөлінген", "Шоғырланған", "Сатылған", "Есептен шығарылған", "Сатуда", "Электрондық сатуда", "Сату болды", "Белсенді", "Кепілде");

      3) кепіл шарты бойынша мәлімет ("Кепілде" мәртебесімен астық қолхаты бойынша);

      4) Q-chain желісіндегі транзакция нөмірі;

      5) астық қолхатын бұғаттау ("Бұғатталған", "Ерікті") және оны бұғаттау үшін негіздеме бойынша мәлімет.

      18. Астық қолхатын ұстаушы немесе кепіл ұстаушы (кепілге салынған астықты сауда-саттықта өткізген, осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес электрондық сауда-саттықты қоспағанда) астықты талап ету үшін астық қабылдау кәсіпорны орналасқан жерге өзі келеді немесе уәкілетті өкілін жібереді.

      Астық қолхатын өтеу Жеке кабинетте келесі тәртіпте жүргізіледі:

      1) астық қолхатын ұстаушы немесе кепіл ұстаушы астық қолхатын өтеуге бұйрықты тіркейді. Бұйрық сақталғаннан және оған астық қолхатын ұстаушы немесе кепіл ұстаушы ЭЦҚ қойғаннан кейін ақпараттық жүйедегі бұйрықтың мәртебесі "Келісуде" деп өзгертіледі және астық қабылдау кәсіпорнындағы Жеке кабинетте қолжетімді болады.

      Астық қолхатын ұстаушының немесе кепіл ұстаушының оған астық қолхаты бойынша астықты бергенге дейін бұйрықтың күшін жоюына жол беріледі (ақпараттық жүйедегі бұйрықтың мәртебесі "Күші жойылды" деп өзгертіледі);

      2) астық қолхаты бойынша астық берілгеннен және астық қабылдау кәсіпорыны бұйрыққа астықтың берілген күні туралы мәліметті енгізгеннен кейін бұйрыққа астық қабылдау кәсіпорнының (бірінші басшысы және бас бухгалтері) ЭЦҚ-сымен қол қойылады. Бұл ретте ақпараттық жүйедегі бұйрықтың мәртебесі "Қол қойылды" деп өзгертіледі, ал тізілімде астық қолхаты астық қолхатын ұстаушының дербес шотында "Өтелді" деген мәртебемен көрсетіледі.

      Егер сақталған күннен бастап, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күнтізбелік үш күн өткен соң клиенттердің ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, бұйрыққа қол қойылмаған болса, онда ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Жойылды" деп өзгертіледі.

      19. Астық қолхатын ұстаушы немесе кепіл ұстаушы бұйрықты сақтаған күннен бастап, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күнтізбелік үш күн ішінде астық қабылдау кәсіпорны мынадай:

      Заңның 31-бабында көзделген;

      астық қолхатын осы Қағидалардың 14-тармағының он сегізінші абзацына сәйкес шығарған;

      осы астық қолхаты бойынша астық сақтағаны үшін берешегі болмаған жағдайларды қоспағанда, астықты сақтау шартының талаптарына сәйкес астық қолхаты бойынша астықты беруді қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:

      "20-1. "Кепілде" деген мәртебедегі астық қолхатын бөлу астық қолхатын ұстаушының кепіл ұстаушы алдындағы борышының бір бөлігін өтеу кезінде жүзеге асырылады және Жеке кабинетте мынадай тәртіпте жүргізіледі:

      1) кепіл ұстаушы астық қолхатын бөлуге арналған бұйрықты тіркейді, онда жиынтық көлемі бөлуге кепіл ұстаушы бастамашылық еткен астық қолхаты бойынша астық көлеміне тең болуы тиіс астықтың сандық сипаттамалары жөніндегі мәліметтер көрсетіледі. Бұйрық сақталғаннан және оған кепіл ұстаушы ЭЦҚ-сымен қол қойғаннан кейін ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Қол қойылуда" деп өзгертіледі және астық қолхатын ұстаушының Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      Астық қолхатын ұстаушыға оған кепіл ұстаушы қол қойғанға дейін бұйрықтың күшін жоюына жол беріледі (ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Күші жойылды" деп өзгертіледі);

      2) "Қол қойылуда" деген мәртебедегі бұйрық бойынша астық қолхатын ұстаушы:

      не ЭЦҚ-ны пайдалана отырып бұйрыққа қол қояды (ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Қол қойылды" деп өзгертіледі);

      не бұйрықтың күшін жояды (ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Күші жойылды" деп өзгертіледі);

      3) бұйрыққа клиенттер ЭЦҚ-сымен қол қойғаннан кейін тізілімде:

      жаңа астық қолхаттары шығарылады және кепіл ұстаушы мен астық қолхатын ұстаушының дербес шоттарында "Кепілде" деген мәртебемен көрсетіледі;

      бөлу жүргізілген астық қолхатының күші жойылады және кепіл ұстаушы мен астық қолхатын ұстаушының дербес шоттарында "Бөлінген" деген мәртебемен көрсетіледі.

      Егер сақталған күннен бастап, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күнтізбелік үш күн өткен соң клиенттердің ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, бұйрыққа қол қойылмаса, онда ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Жойылды" деп өзгертіледі.";

      22-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Қол қойылуда" деген мәртебедегі бұйрық бойынша сатып алушы клиенттің ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, бұйрыққа қол қою жүзеге асырылады (астық қолхатын ұстаушы "Төлемге қарсы жеткізу" опциясын пайдалану кезінде астық қолхатына жүргізілген төлем туралы мәліметті бұйрыққа енгізе отырып).

      Бұл ретте ақпараттық жүйедегі бұйрықтың мәртебесі "Қол қойылды" деп өзгертіледі, ал тізілімде астық қолхаты:

      астық қолхатын ұстаушының дербес шотында "Сатылды" деген мәртебемен ("Төлемге қарсы жеткізу" опциясын пайдалану кезінде тіркеуші сату бағасын Жеке кабинетінде көрсетілген астық қолхатын ұстаушының есеп айырысу шотына сатып алушы клиент бұйрыққа қол қойған күннен бастап, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күнтізбелік екі күн ішінде аударады);

      сатып алушы клиенттің дербес шотында "Белсенді" деген мәртебемен көрсетіледі.

      Егер сақталған күннен бастап, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күнтізбелік үш күн өткен соң клиенттердің ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, бұйрыққа қол қойылмаса, онда ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Жойылды" деп көрсетіледі.";

      23-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Қол қойылуда" деген мәртебедегі бұйрық бойынша тіркеушінің ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, бұйрыққа қол қою жүзеге асырылады. Бұл ретте ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Қол қойылды" деп өзгертіледі, ал тізілімде астық қолхаты:

      астық қолхатын ұстаушының дербес шотында "Есептен шығарылды" деген мәртебемен;

      сатып алушы клиенттің дербес шотында "Белсенді" деген мәртебемен көрсетіледі.

      Егер сақталған күннен бастап, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күнтізбелік үш күн өткен соң тіркеушінің ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, бұйрыққа қол қойылмаса, онда ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Жойылды" деп өзгертіледі.";

      24-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Қол қойылуда" деген мәртебедегі бұйрық бойынша кепіл ұстаушының ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып бұйрыққа қол қою жүзеге асырылады. Бұл ретте бұйрықтың мәртебесі ақпараттық жүйеде "Қол қойылған" деп өзгертіледі, ал тізілімде астық қолхаты астық қолхатын ұстаушының және кепіл ұстаушының дербес шоттарында "Кепілде" деген мәртебемен көрсетіледі.

      Егер сақталған күннен бастап, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күнтізбелік үш күн өткен соң клиенттердің ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып бұйрыққа қол қойылмаса, онда бұйрықтың мәртебесі ақпараттық жүйеде "Күші жойылды" деп өзгертіледі.";

      мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:

      "24-1. Астық қолхатының кепілі жөніндегі мәліметтерді өзгерту Жеке кабинетте мынадай тәртіпте жүргізіледі:

      1) кепіл ұстаушы бұйрықта осы Қағидалардың 24-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мәліметтерді көрсете отырып және бұйрыққа "Acrobat Reader" электрондық форматында өзгерістер мен толықтырулары бар кепіл шартын тіркей отырып, астық қолхатының кепілі жөніндегі мәліметтерді өзгертуге арналған бұйрықты тіркейді. Бұйрық сақталғаннан және оған кепіл ұстаушының ЭЦҚ-сымен қол қойылғаннан кейін ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Қол қойылуда" деп өзгертіледі және астық қолхатын ұстаушының Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      Астық қолхатын ұстаушыға оған кепіл ұстаушы қол қойғанға дейін бұйрықтың күшін жоюға жол беріледі (ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Жойылды" деп өзгертіледі);

      2) "Қол қойылуда" деген мәртебедегі бар бұйрық бойынша астық қолхатын ұстаушы:

      не ЭЦҚ-ны пайдалана отырып бұйрыққа қол қояды. Бұл ретте ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Қол қойылды" деп өзгертіледі, ал тізілімде астық қолхаты кепіл ұстаушы мен астық қолхатын ұстаушының дербес шоттарында "Кепілде" деген мәртебемен көрсетіледі;

      не бұйрықтың күшін жояды (ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Жойылды" деп өзгертіледі);

      Егер сақталған күннен бастап, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күнтізбелік үш күн өткен соң клиенттердің ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, бұйрыққа қол қойылмаса, онда ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Жойылды" деп өзгертіледі.";

      25-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Қол қойылуда" деген мәртебедегі бұйрық бойынша бұйрыққа қол қою кепіл ұстаушының ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып жүзеге асырылады. Бұл ретте бұйрықтың мәртебесі ақпараттық жүйеде "Қол қойылған" деп өзгертіледі, ал тізілімде астық қолхаты:

      астық қолхатын ұстаушының дербес шотында "Белсенді" деген мәртебемен көрсетіледі.

      кепіл ұстаушының дербес шотында көрсетілмейді.

      Егер сақталған күннен бастап, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күнтізбелік үш күн өткен соң клиенттердің ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, бұйрыққа қол қойылмаса, онда бұйрықтың мәртебесі ақпараттық жүйеде "Жойылды" деп өзгертіледі.";

      27-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Қол қойылуда" деген мәртебедегі бұйрық бойынша тіркеушінің ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, бұйрыққа қол қою жүзеге асырылады. Бұл ретте ақпараттық жүйедегі бұйрықтың мәртебесі "Қол қойылды" деп өзгертіледі, астық қолхатын ұстаушының Жеке кабинетінде көрсетілген мекенжайға астық қолхаты бойынша сауда-саттық жүргізілгені туралы хабарламаның веб-порталда жарияланғаны туралы электрондық хабарлама жіберіледі. Тізілімде астық қолхаты оны ұстаушының дербес шотында "Сауда-саттықта" немесе "Электрондық сауда-саттықта" (сауда-саттықты жүргізу күніне дейінгі кезеңде) деген мәртебемен көрсетіледі.

      Егер сақталған күннен бастап, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күнтізбелік үш күн өткен соң клиенттердің ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, бұйрыққа қол қойылмаса, онда бұйрықтың мәртебесі ақпараттық жүйеде "Жойылды" деп өзгертіледі;

      3) тіркеуші, егер электрондық сауда-саттықты жүргізу нәтижесінде мынадай жолдармен жеңімпаз анықталса, астық қолхатының сатып алушыға сатылуын қамтамасыз етеді:

      сауда-саттықты жүргізу күнінде оның нәтижелері туралы хаттамаға жеңімпазбен қол қойылуы;

      Жеке кабинетте көрсетілген астық қолхатын сатушының есептік шотына сауда-саттықты жүргізген күннен бастап, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күнтізбелік үш күн ішінде жеңімпаздың астық қолхатының бастапқы бағасынан он бес пайыз көлеміндегі кепілді жарнасын аударылуы;

      Жеке кабинетте көрсетілген астық қолхатын сатушының есептік шотына осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген астық қолхатын есепке алуға/есептен шығаруға арналған бұйрыққа жеңімпаз қол қойған күннен бастап (бірақ сауда-саттықтың жүргізілген күнінен бастап күнтізбелік он күннен кеш емес), Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күнтізбелік үш күн ішінде сату бағасының (кепілді жарнаны шегерумен) аударылуы;

      осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген астық қолхатын есепке алуға/есептен шығаруға арналған бұйрыққа тіркеушінің ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып қол қойылды (бірақ сауда саттықтың жүргізілген күнінен бастап күнтізбелік он үш күннен кеш емес);

      Бұл ретте тізілімде астық қолхаты:

      "Сауда-саттық болды" (сауда-саттық жүргізілген күнінен бастап және жеңімпаз бен тіркеуші астық қолхатын есепке алуға/есептен шығаруға арналған бұйрыққа қол қойғанға дейін) деген мәртебемен астық қолхатын ұстаушының;

      "Сатылды" (жеңімпаз бен тіркеуші астық қолхатын есепке алуға/есептен шығаруға арналған бұйрыққа қол қойғаннан кейін) деген мәртебемен астық қолхатын ұстаушының;

      "Белсенді" деген мәртебемен сатып алушының (электрондық сауда-саттықтың жеңімпазы) дербес шотында көрінеді;";

      28-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Қол қойылуда" деген мәртебедегі бұйрық бойынша астық қолхатын ұстаушының ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, бұйрыққа қол қою жүзеге асырылады. Бұл ретте ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Қол қойылды" деп өзгертіледі, ал тізілімде астық қолхатында астық сақтау бойынша қызмет үшін төлем жүргізгенге дейінгі күн көрсетіледі.

      Егер сақталған күннен бастап, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күнтізбелік үш күн өткен соң клиенттердің ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, бұйрыққа қол қойылмаса, онда ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Жойылды" деп өзгертіледі.";

      32-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Кепілде" деген мәртебедегі (астық қолхаты бойынша сауда-саттық жүргізу, астық қолхатын бөлу, астық қолхатын кепілден алу/қайтару, астық қолхатының кепілі жөніндегі мәліметтерді өзгерту және астық қолхатының деректерін өзгерту туралы хабарламаны жариялау үшін);";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Сыртқы веб-порталды пайдаланушыларға ЭЦҚ пайдалана отырып ақпараттық жүйеде тіркелу талап етілмейді. Бұл ретте оларға веб-порталда келесі функциялар қолжетімді:

      1) тізілім бойынша құқықтық және анықтамалық ақпараттармен танысу;

      2) лицензиарлар, астық қабылдау кәсіпорындары, сондай-ақ оларға берілген лицензиялар бойынша мәліметтерді қарап шығу;

      3) астық қабылдау кәсіпорындарының жылдық қаржылық есептіліктері мен аудиторлық есептерін қарап шығу;

      4) астық қабылдау кәсіпорындарының (элеватор, астық қабылдау пункті) құқық меншігінде бар астықты сақтау жүргізілетін астық қоймалары, оның ішінде астық қоймаларының техникалық сыйымдылығы және олардың астықпен жүктелуі бойынша мәліметтерді қарап шығу;

      5) астық қоймаларының жылжымайтын объектілеріне (жер учаскесіне) тіркелген ауыртпалықтардың (кепіл, сенімдегі басқару және т.б.) және шектеулердің (қамау және басқа да) бар-жоғы туралы мәліметтерді қарап шығу;

      6) тіркеуші веб-порталда:

      - астық қабылдау кәсіпорнының астық қоймасының мүліктік кешенінен оқшаулануы туралы;

      - кепіл ұстаушының немесе астық қолхатын ұстаушының сауда-саттықты жүргізгені туралы;

      - астық қабылдау кәсіпорнына уақытша басқарудың енгізілгені туралы жергілікті атқарушы органның сотқа берілген өтініші туралы және астық қабылдау кәсіпорнына уақытша басқарудың енгізілгені туралы сот шешімінің заңды күшіне енгені туралы жарияланған хабарларды қарап шығу;

      7) астық қабылдау кәсіпорындары көрсететін астық сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтер бағаларының (тарифтерінің) прейскуранттарын қарау;

      8) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 18-03/241 бұйрығымен бекітілген Астық нарығы мониторингін жүргізу қағидаларына сәйкес тізілімге берілетін мониторингтің деректерін қарап шығу.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      Орынбасары –
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ________ Д. Абаев

      2018 жылғы 2 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ________ Ж. Қасымбек

      2018 жылғы 19 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 17 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 13 сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады