Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 18-03/241 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 7 маусымда № 7713 тіркелді.

      "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 12-1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 17.07.2018 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса берілген Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Статистика агенттігінің төрағасы

      ________________ А. Смайылов

      2012 жылғы 11 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 8 мамырдағы
№ 18-03/241 бұйрығымен бекітілді

Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасы

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.06.2016 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 12-1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және астық нарығының мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 17.07.2018 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) тіркеуші – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын, бағалы қағаздар нарығында жұмыс тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;

      2) астық нарығына қатысушылар – астықты өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, өңдеуге және өткізуге қатысатын заңды және жеке тұлғалар;

      3) астық нарығының мониторингі (бұдан әрі – мониторинг) – астық нарығына қатысушылар астықты өндіруді, сақтауды, тасымалдауды, өңдеуді және өткізуді қоса алғанда онымен жүзеге асыратын операциялар туралы деректерді жинауға, өңдеуге және талдауға бағытталған тұрақты іс-шаралар жиынтығы;

      4) бағдарламалық қамтамтылым – тіркеуші әзірлеген және шаблондар түрінде бағдарламалық қамтамтылымда ұсынылған есептіліктің және ақпараттың әр түрлі нысандарын дайындауға арналған "Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі" (ЕББЖ) бағдарламалық қамтамтылым;

      5) мамандандырылған ұйым – агроөнеркәсіптік кешен салаларын тұрақты дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін бәсекелестік нарықта жоқ немесе мардымсыз көрсетілетін жекелеген қызмет түрлерімен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің шешімі бойынша құрылған немесе өңірлердің экономикасын дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар) ұйым;

      6) электрондық есеп – ұлттық куәландырушы орталық берген электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылатын мониторингтің деректерімен бағдарламалық қамтамасыз етудің толтырылған тиісті шаблоны.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.04.2020 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мониторингті астық нарығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.04.2020 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мониторинг жүргізу тәртібі

      4. Мониторинг кезеңдері:

      1) деректерді жинау;

      2) деректерді өңдеу;

      3) деректерді талдау.

      5. Мониторинг деректері:

      1) астықты ішкі нарықта және экспортқа тасымалдау туралы;

      2) астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы ақпаратты қамтиды.

      6. Мониторинг деректерін талдау үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұлттық тасымалдаушыдан және темір жол көлігіндегі басқа тасымалдаушылардан алынатын және астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) қоса берілетін астықты ішкі нарықта және экспортқа тасымалдау туралы ақпарат пайдаланылады.

      7. Ауыл шаруашылығы нарықтарының мониторингі саласындағы мамандандырылған ұйым (бұдан әрі – Мамандандырылған ұйым) астықтың орташа нарықтық бағалары туралы ақпаратты тізілімге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша апта сайынғы негізде ұсынады.

      8. Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы ақпаратты ай сайын осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге жолдайды.

      9. Жергілікті атқарушы органдар тізілімге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша астық қабылдау кәсіпорнына уақытша басқарудың енгізілгені туралы ақпарат береді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.04.2020 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мониторинг деректерін өндеу және талдау кезінде астық қабылдау кәсіпорындары, Мамандандырылған ұйым, ұлттық тасымалдаушы және темір жол көлігіндегі басқа тасымалдаушылар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – субъектілер) тізілімге ұсынатын деректер пайдаланылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.04.2020 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген ақпарат субъектінің ақпараттық жүйесінің астық қолхаттарының тіркеуші ақпараттық жүйесімен onlіne-режимінде веб-сервистер арқылы интеграциялық өзара іс-қимылы арқылы тізілімге ұсынылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.04.2020 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11-1. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген ақпарат тіркеушіге мынадай тәртіппен ұсынылады:

      1) бағдарламалық қамтылымның тиісті шаблоны толтырылады, ол астық қолхаттарының тіркеуші ақпараттық жүйесінің www.qoldau.kz веб-порталында (бұдан әрі – Портал) жүктеп алу үшін еркін қолжетімді болып орналастырылады;

      2) шаблонды толтыру нәтижесінде электрондық есеп қалыптастырылады, оған субъектінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылуы және бағдарламалық қамтылымдағы электрондық есепті тізілім құрылымына жіберу мен қосуға арналған сервис пайдаланыла отырып, тізілімге жіберілуі қажет.

      Тіркеуші электрондық есеп түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-да көрсетілген субъектінің электрондық мекенжайына электрондық есепті тізілімге қосу немесе оны қабылдамау себептері туралы электрондық хабарлама жібереді. Тіркеушінің электрондық есепті қабылдаудан бас тартуы субъектінің осы Қағидаларда көрсетілген талаптарды орындамауы негіз болып табылады.

      Ескерту. 2-тарау 11-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 17.07.2018 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.04.2020 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      12. Алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 17.07.2018 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мониторинг деректерін талдауды, деректерді Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынуды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      14. Мониторинг деректері астық нарығына қатысушылар үшін жалпы қолжетімді болып табылады, деректерге рұқсатты тіркеуші Портал арқылы қамтамасыз етеді.

  Астық нарығының мониторингін
жүргізу қағидасына
1-қосымша

20____ жылғы "___" ______ жағдай бойынша астықты
ішкі нарықта және экспортқа тасымалдау туралы ақпарат

      (ұлттық тасымалдаушының және басқа да тасымалдаушылардың атауы және мекенжайы)

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.05.2019 № 219 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Астық тасымалдау туралы мәліметтер (деректер құрамы) жағдай туындаған кезде хабарлама-сұраным түрінде мынадай көлемде беріледі:

      1) identifier (ID) (жүк жөнелтудің бiрегей нөмiрі) жазба;

      2) тиелген күні;

      3) жүк жөнелтушiнiң коды (12 мәнді код);

      4) жүк жөнелтушiнiң бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;

      5) жүк жөнелтушiнiң атауы;

      6) жүк алушының коды (республика ішіндегі қатынаста 12 мәнді код, халықаралық қатынаста 4 мәнді код);

      7) жүк алушының бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бар болса);

      8) жүк алушының атауы;

      9) жөнелту станциясының коды (бірыңғай желілік белгі коды);

      10) межелі станцияның коды (бірыңғай желілік белгі коды);

      11) мемлекетаралық түйiсу пунктінің коды;

      12) межелі елдің коды;

      13) вагон нөмірі;

      14) жүкқұжат нөмірі (жөнелту нөмірі);

      15) жүк коды (жүктердің бірыңғай тарифтік-статистикалық номенклатурасы);

      16) жүк коды (жүктердің үндестірілген номенклатурасы);

      17) жүк салмағы;

      18) вагон типі;

      19) төлеушінің коды;

      20) төлеушінің атауы.

      Астық тасымалдау туралы мәліметтер бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл сипаттамасы ақпараттық жүйелердің иелері бекіткен Тиісті ақпараттық жүйелерді интеграциялау жөніндегі техникалық талаптарда келтірілген.

  Астық нарығының мониторингін
жүргізу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

20 __ жылғы "__" _________ астықтың орташа нарықтық бағалары
туралы ақпарат

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.05.2019 № 219 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Индексі: № 3-АОНБ.

      Есепті кезең: апталық.

      Ұсынатын тұлғалар тобы: ауыл шаруашылығы нарықтарының мониторингі

      саласындағы мамандандырылған ұйым.

      Қайда ұсынылады: астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық

      тізіліміне.

      Ұсыну мерзімі: жұма сайын.

Атауы

Өлшем бірлігі

Облыстар

Ақмола

Ақтөбе

Алматы

Атырау

Батыс Қазақстан

Жамбыл

Қарағанды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

3-сыныпты бидай

теңге/тонна








2-сыныпты арпа

теңге/тонна








      кестенің жалғасы

Облыстар


Қостанай

Қызылорда

Маңғыстау

Түркістан

Павлодар

Солтүстік Қазақстан

Шығыс Қазақстан

Нұр-Сұлтан қаласы

Алматы қаласы

Шымкент қаласы

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19





















      Басшы __________ _____________________________________

      (қолы)            (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Орындаушы ________ __________________________________

      (қолы)            (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Телефоны _________ 20 __ жылғы "__" _________

      Ескертпе: Астықтың орташа нарықтық бағалары туралы ақпарат нысанын толтыру

      жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  Астықтың орташа нарықтық
бағалары туралы ақпарат
нысанына
қосымша

Астықтың орташа нарықтық бағалары туралы ақпарат нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме

      1. Астықтың орташа нарықтық бағалары туралы толтырылған ақпарат астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне ұсынылады, ұсыну мерзімі апта сайын, айдың әр жұмасы.

      2. Астықтың орташа нарықтық бағалары туралы ақпарат нысанында:

      1) нысанның 1-бағанында астықтың атауы және сыныптылығы көрсетіледі;

      2) нысанның 2-бағанында өлшем бірлігі көрсетіледі;

      3) 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-бағандарда облыстағы астықтың бір тонна бағасы теңгемен көрсетіледі.

  .
  Астық нарығының мониторингін
жүргізу қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

20___ жылғы "____" _____________ жай-күй бойынша астық қабылдау
кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы ақпарат

      Индексі: № 1-ҚКЖ

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатын тұлғалар тобы: лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары.

      Қайда ұсынылады: астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік

      электрондық тізіліміне.

      Тапсыру мерзімі: әр айдың 1-іне қарай.

Астық қабылдау кәсіпорнының атауы

Жалпы сыйымдылығы, мың тонна

Барлық астық, мың тонна

Астық қабылдау кәсіпорнының жүктелгендігі, %

1

2

3

4

5












      Басшы _____________ _________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Орындаушы ___________ _______________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Телефоны _________ 20 __ жылғы "_____" _________

      Ескертпе: Астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы

      нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада

      көрсетілген.

  Астық қабылдау кәсіпорындарының
жүктелгендігі туралы ақпаратының
нысанына
қосымшасы

Астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы нысанды
толтыру жөніндегі түсіндірме

      1. Астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы толтырылған ақпарат:

      астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне ұсынылады, ұсыну мерзімі – ай сайын, әр айдың 1-іне дейін;

      2. Астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы ақпарат нысанында:

      1) нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) нысанның 2-бағанында астық қабылдау кәсіпорнының атауы көрсетіледі;

      3) нысанның 3-бағанында астық қабылдау кәсіпорнының жалпы сыйымдылығы көрсетіледі;

      4) нысанның 4-бағанында көрсетілген кезеңдегі астықтың жалпы саны көрсетіледі;

      5) нысанның 5-бағанында көрсетілген кезеңде астық қабылдау кәсіпорнының жүктелгендігі пайызбен көрсетіледі.

  Астық нарығының
мониторингін жүргізу
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Астық қабылдау кәсіпорнының уақытша басқаруды енгізу туралы ақпарат

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.04.2020 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20___ жылғы "____" _____________ жай-күй бойынша

      Индексі: 1 – ЖАО.

      Есептілік кезеңі: қажеттілігіне қарай.

      Ұсынылатын тұлғалар тобы: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі.

      Қайда ұсынылады: астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне.

      Ұсыну мерзімі: астық қабылдау кәсіпорнының уақытша басқаруды енгізу туралы соттың шешімін қабылдау күнінен бастап (3) үш жұмыс күні ішінде.


р/с

Астық қабылдау кәсіпорнының атауы

Жалпы сыйымдылығы, мың тонна

Барлық астық, мың тонна

Астық қабылдау кәсіпорнының жүктелуі, %

Сот шешімі туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6













      Басшы __________ ___________________________________________

                  (қолы)       (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Орындаушы ________ ________________________________________

                        (қолы)            (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Телефоны __________________________ 20 __ жылғы "_____" __________

      Ескертпе: Астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу туралы нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада көрсетілген.

  Астық қабылдау
кәсіпорнын уақытша
басқаруды енгізу туралы
ақпараттың нысанына
қосымша

Астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу туралы нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      1. Астық қабылдау кәсіпорнының уақытша басқаруды енгізу туралы толтырылған ақпарат:

      астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне, ұсыну мерзімі – қажеттілігіне қарай, астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу туралы сот шешімін қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде;

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынылады, ұсыну мерзімі – ай сайын, әр айдың 1-іне дейін.

      2. Астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы ақпарат нысанында:

      1) нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) нысанның 2-бағанында астық қабылдау кәсіпорнының атауы көрсетіледі;

      3) нысанның 3-бағанында астық қабылдау кәсіпорнының жалпы сыйымдылығы көрсетіледі;

      4) нысанның 4-бағанында көрсетілген кезеңдегі астықтың жалпы саны көрсетіледі;

      5) нысанның 5-бағанында көрсетілген кезеңде астық қабылдау кәсіпорнының жүктелуі пайызбен көрсетіледі;

      6) нысанның 6-бағанында астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу туралы сот шешімінің нөмірі мен күні, соттың атауы және сот шешімінің заңды күшіне ену күні көрсетіледі.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады