Басым тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 124 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 мамырда № 16851 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 36-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Басым тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің міндетін атқарушы
Б. Ақшолақов

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушысының
2018 жылғы 13 сәуірдегі
№ 124 бұйрығымен
бекітілген

Басым тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі

      Ескерту. Тізбесі жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.03.2024 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Тауарлар:

      1) мұнай немесе газ құбырлары;

      2) бұрғылау құбырлары;

      3) ұңғымаларды бұрғылау кезінде пайдаланылатын өзге де шеген, сорғы-компрессорлық және бұрғылау құбырлары;

      4) бұрғылау қондырғылары, бұрғылау станоктары үшін жабдық, қосалқы бөлшектер және олардың шығыс материалдары;

      5) бұрғылау қондырғыларын, мұнай кәсіпшілігіндегі жабдықтарды пайдалануға арналған электротехникалық жабдықтар;

      6) химиялық реагенттер, соның ішінде бұрғылау ерітінділері;

      7) ұңғымалау жабдықтары, фонтанға қарсы жабдықтар, пакерлер, тежегіштер, нығыздауыш;

      8) мұнай кәсіпшілігіндегі жабдықтар, соның ішінде айырғыш, сорғылар, теңселме. Мұнай кәсіпшілігіндегі жабдықтарға қосалқы бөлшектер және оған шығыс материалдар;

      9) қорғау костюмдері, жұмыскерлерге арналған арнайы киім, жеке қорғаныс құралдары.

      2. Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;

      1) құрылыс-монтаждау жұмыстары;

      2) ұңғымаларды күрделі жөндеу;

      3) сараптама және зертханалық зерттеулер;

      4) бұрғылау жұмыстары (анықталған көмірсутектер кенжатынының (кен орнының) ең жоғарғы нүктесінің абсолюттік тереңдігі 4500 метрден кем болмайтын, табылған кенжатындағы (кен орнындағы) күкіртті сутектің құрамы қабаттық флюидте 3,5 және одан да көп пайызды құрайтын, аномальдық коэффициенті 1,5 және одан да көп жоғары қаттық қысымы бар қайраң кен орындарын, күрделі кен орындарын қоспағанда);

      5) геологиялық, геофизикалық және сейсмологиялық барлау бойынша көрсетілетін қызметтер (анықталған көмірсутектер кенжатынының (кен орнының) ең жоғарғы нүктесінің абсолюттік тереңдігі 4500 метрден кем болмайтын, табылған кенжатындағы (кен орнындағы) күкіртті сутектің құрамы қабаттық флюидте 3,5 және одан да көп пайызды құрайтын, аномальдық коэффициенті 1,5 және одан да көп жоғары қаттық қысымы бар қайраң кен орындарын, күрделі кен орындарын қоспағанда);

      6) жобалау және инжиниринг (анықталған көмірсутектер кенжатынының (кен орнының) ең жоғарғы нүктесінің абсолюттік тереңдігі 4500 метрден кем болмайтын, табылған кенжатындағы (кен орнындағы) күкіртті сутектің құрамы қабаттық флюидте 3,5 және одан да көп пайызды құрайтын, аномальдық коэффициенті 1,5 және одан да көп жоғары қаттық қысымы бар қайраң кен орындарын, күрделі кен орындарын қоспағанда);

      7) мұнай қайтарымдылығын арттыру (анықталған көмірсутектер кенжатынының (кен орнының) ең жоғарғы нүктесінің абсолюттік тереңдігі 4500 метрден кем болмайтын, табылған кенжатындағы (кен орнындағы) күкіртті сутектің құрамы қабаттық флюидте 3,5 және одан да көп пайызды құрайтын, аномальдық коэффициенті 1,5 және одан да көп жоғары қаттық қысымы бар қайраң кен орындарын, күрделі кен орындарын қоспағанда);

      8) мұнай-газ жабдығына техникалық қызмет көрсету және жөндеу (ілеспелі кепілді қызмет көрсету және жөндеуі бар шетелдік компаниялар жеткізетін жоғары технологиялық жабдықтарды қоспағанда).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады