"Басым жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2024 жылғы 29 наурыздағы № 135 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 наурызда № 34183 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Басым жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 124 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16851 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Басым тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Басым тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі бекітілсін.";

      Басым жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің міндетін атқарушы
Е. Аккенженов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 29 наурыздағы
№ 135
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушысының
2018 жылғы 13 сәуірдегі
№ 124 бұйрығымен
бекітілген

Басым тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі

      1. Тауарлар:

      1) мұнай немесе газ құбырлары;

      2) бұрғылау құбырлары;

      3) ұңғымаларды бұрғылау кезінде пайдаланылатын өзге де шеген, сорғы-компрессорлық және бұрғылау құбырлары;

      4) бұрғылау қондырғылары, бұрғылау станоктары үшін жабдық, қосалқы бөлшектер және олардың шығыс материалдары;

      5) бұрғылау қондырғыларын, мұнай кәсіпшілігіндегі жабдықтарды пайдалануға арналған электротехникалық жабдықтар;

      6) химиялық реагенттер, соның ішінде бұрғылау ерітінділері;

      7) ұңғымалау жабдықтары, фонтанға қарсы жабдықтар, пакерлер, тежегіштер, нығыздауыш;

      8) мұнай кәсіпшілігіндегі жабдықтар, соның ішінде айырғыш, сорғылар, теңселме. Мұнай кәсіпшілігіндегі жабдықтарға қосалқы бөлшектер және оған шығыс материалдар;

      9) қорғау костюмдері, жұмыскерлерге арналған арнайы киім, жеке қорғаныс құралдары.

      2. Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;

      1) құрылыс-монтаждау жұмыстары;

      2) ұңғымаларды күрделі жөндеу;

      3) сараптама және зертханалық зерттеулер;

      4) бұрғылау жұмыстары (анықталған көмірсутектер кенжатынының (кен орнының) ең жоғарғы нүктесінің абсолюттік тереңдігі 4500 метрден кем болмайтын, табылған кенжатындағы (кен орнындағы) күкіртті сутектің құрамы қабаттық флюидте 3,5 және одан да көп пайызды құрайтын, аномальдық коэффициенті 1,5 және одан да көп жоғары қаттық қысымы бар қайраң кен орындарын, күрделі кен орындарын қоспағанда);

      5) геологиялық, геофизикалық және сейсмологиялық барлау бойынша көрсетілетін қызметтер (анықталған көмірсутектер кенжатынының (кен орнының) ең жоғарғы нүктесінің абсолюттік тереңдігі 4500 метрден кем болмайтын, табылған кенжатындағы (кен орнындағы) күкіртті сутектің құрамы қабаттық флюидте 3,5 және одан да көп пайызды құрайтын, аномальдық коэффициенті 1,5 және одан да көп жоғары қаттық қысымы бар қайраң кен орындарын, күрделі кен орындарын қоспағанда);

      6) жобалау және инжиниринг (анықталған көмірсутектер кенжатынының (кен орнының) ең жоғарғы нүктесінің абсолюттік тереңдігі 4500 метрден кем болмайтын, табылған кенжатындағы (кен орнындағы) күкіртті сутектің құрамы қабаттық флюидте 3,5 және одан да көп пайызды құрайтын, аномальдық коэффициенті 1,5 және одан да көп жоғары қаттық қысымы бар қайраң кен орындарын, күрделі кен орындарын қоспағанда);

      7) мұнай қайтарымдылығын арттыру (анықталған көмірсутектер кенжатынының (кен орнының) ең жоғарғы нүктесінің абсолюттік тереңдігі 4500 метрден кем болмайтын, табылған кенжатындағы (кен орнындағы) күкіртті сутектің құрамы қабаттық флюидте 3,5 және одан да көп пайызды құрайтын, аномальдық коэффициенті 1,5 және одан да көп жоғары қаттық қысымы бар қайраң кен орындарын, күрделі кен орындарын қоспағанда);

      8) мұнай-газ жабдығына техникалық қызмет көрсету және жөндеу (ілеспелі кепілді қызмет көрсету және жөндеуі бар шетелдік компаниялар жеткізетін жоғары технологиялық жабдықтарды қоспағанда).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады