Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 2 мамырдағы № 60 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 26 қазандағы № 139 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 қазанда № 24944 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 32 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 17.01.2023 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 2 мамырдағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16894 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Прокуратура органдарының заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізу, сондай-ақ Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың заңды күшіне енген актілері мен шешімдерін бағалау қағидалары";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен олардың лауазымды адамдары, меншік нысанына қарамастан, өзге де ұйымдар қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдердің, заңды күшіне енген сот актілерінің, атқарушылық іс жүргізу, азаматтық, әкімшілік істер бойынша және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдірудің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Көрсетілген міндеттерді іске асыру мақсатында прокурор:

      1) заңдылықтың жай-күйін талдайды;

      2) Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан, өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдерін бағалайды;

      3) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан, өзге де ұйымдардың қызметінде заңдылықтың сақталуына тексерістер жүргізеді;

      4) азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотта мемлекеттің мүдделерін білдіреді, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;

      5) жолданымдарды Заңның 21-бабында көзделген тәртіппен қарайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Заңдылықтың жай-күйін талдау және Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдерін бағалау Заңның 8 және 10-баптарында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен олардың лауазымды адамдарының қызметіндегі тексерістерді прокурор:

      1) физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өзінің қорғалуын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдардың;

      2) шектелмеген адамдар қатарының;

      3) егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуға қажет болса, адамдардың, қоғамның және мемлекеттің;

      4) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесі үшін қызметіне мемлекеттік органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және олардың лауазымды адамдары тарапынан араласу фактілері бойынша олардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін тағайындайды және жүргізеді.

      Физикалық, психикалық немесе өзге де мән-жайларға байланысты өзінің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдарға:

      жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, кемтар балалар, өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарындағы, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы, тәрбиелеудің, оқытудың және әлеуметтік оңалтудың ерекше жағдайларын қамтамасыз ететін оқу-тәрбие мекемелеріндегі балалар;

      заңды күшіне енген сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдар;

      өзінің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін өз бетінше қорғауға қабілеті жоқ өзге де адамдар жатады.

      Шектелмеген адамдар қатары деп жеке белгісіз адамдар тобы немесе олардың сандық құрамын алдын ала анықтау мүмкін емес не қиыншылық туғызатын құқықтық қатынастарға қатысушылардың көпшілігі түсініледі.

      Егер оларды орындау адамның және азаматтың денсаулығы мен өміріне зиян келтірсе не келтіруі мүмкін болса, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірсе немесе төндіруі мүмкін болса, құқықтық акт не әрекеттер (әрекетсіздік) адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптар деп түсініледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Прокурор Нұсқаулықтың 8-тармағында көзделген жағдайларда тексеріс тағайындауға және жүргізуге құқылы.

      Заңның 7-бабы 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда тексерісті тек прокурор ғана жүргізеді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Тексеріс жүргізу туралы қаулыны Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, облыс прокуроры, облыс прокурорының орынбасары, аудан прокуроры және оған теңестірілген прокурорлар (бұдан әрі – аудан прокуроры), сондай-ақ оларды алмастыратын адамдар шығарады.

      Тексеріс жүргізу туралы қаулыда:

      1) нөмірі, күні, мемлекеттік органның атауы, прокурордың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы, тексерістің негізі;

      2) тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы немесе оған қатысты тексеріс жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі);

      3) тексерілетін кезеңі көрсетілген тексеріс нысанасы (тақырыбы);

      4) тексерістің кімге тапсырылғаны және оған тартылатын мамандар туралы мәліметтер;

      5) тексеріс жүргізу мерзімі (басталуы және аяқталуы);

      6) тексерілетін субъектінің құқықтары мен міндеттері;

      7) қаулыға қол қоюға уәкілетті адамның қойылған қолы көрсетіледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Атқарушылық іс жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама шеңберінде жүргізілетіндерден басқа тексеріс жүргізу туралы қаулы тексеріс басталғанға дейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркеледі.

      Тексеріс қажеттілігі Мемлекет басшысының, сондай-ақ Бас Прокурордың тексеріске кідіріссіз шығуды талап ететін тапсырмаларынан туындаған жағдайда, тексеріс жүргізу туралы қаулыны тіркеу құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тексеріс басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      Тексеріс жүргізу туралы қаулы объектіге келген сәтте танысу үшін тексерілетін субъектіге тапсырылады.

      Тексеріс жүргізу туралы қаулының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелгені туралы мәліметтер объектіге келген сәтте не ол тіркелгеннен кейін келесі жұмыс күні ішінде ұсынылады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Тексерісті тағайындау туралы қаулыда көрсетілген адамдар ғана тексеріс жүргізеді.

      Тексеріс жүргізетін адамдардың құрамы тексерісті тағайындаған прокурордың немесе оны алмастыратын адамның шешімімен өзгертіледі.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Заңдылықтың сақталуын тексеру отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде жүргізіледі.

      Қосымша материалдарды талап ету қажет болған кезде, сондай-ақ тексеріс көлемінің елеулі болуына байланысты оны жүргізу мерзімі ерекше жағдайларда Бас Прокурордың, оның орынбасарының, облыс прокурорының келісімі бойынша отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Тексеріс мерзімін ұзарту туралы өтінішхат тексеріс мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей:

      1) Бас Прокурордың орынбасары, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесі басшысының қолы қойыла отырып Бас Прокурорға;

      2) Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесі басшысының қолы қойыла отырып Бас Прокурордың орынбасарына;

      3) облыс прокурорының орынбасарларының, облыстық және оған теңестірілген прокуратураның құрылымдық бөлімшесі басшысының, аудан прокурорының не оларды алмастыратын адамдардың қолдары қойыла отырып, облыс прокурорына қарау үшін енгізіледі.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Тексеріс мынадай жағдайларда:

      сараптама тағайындалған жағдайда – сарапшының қорытындысын алғанға дейін;

      шет мемлекеттерден, мемлекеттік органдардан мәліметтер мен құжаттар алу қажет болған жағдайда – оларды алғанға дейін;

      тексеріс жүргізуге кедергі келтіретін жағдайларда (тексеріске қатысатын адамның науқастануы, форс-мажорлық мән-жайлар, жүргізілетін тексеріс нысанасына қатысы бар адамдарды іздестіру, процестік әрекеттер жасау, арнайы жедел-іздестіру шараларын тағайындау не жүргізу, тексеріс жүргізу немесе қорытынды беру туралы талаптарды жіберу, мекемелерден және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардан мәліметтер мен құжаттар алу қажеттілігімен) - олар жойылғанға дейін тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Тоқтатыла тұрған тексерісті жүргізу мерзімін есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Тексерістерді жүргізу кезінде:

      заңдылықты бұзуға жол берудің себептері мен жағдайлары анықталады;

      заңдылықты сақтау проблемалары (құқықтық және ұйымдастырушылық) және олардың азаматтар мен ұйымдардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарына, бостандықтарына, заңды мүдделеріне әсер етуі анықталады;

      бұзушылықтарды болдырмауға және олардың жолын кесуге жауапты мемлекеттік және уәкілетті органдардың, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарының қызметі бағаланады.

      Тексерістің тақырыбына қарамастан, оны жүргізу туралы қаулыда нысанасы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, құқық бұзушылық профилактикасы туралы және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың қолданылуы (егер тексерілетін орган немесе ұйым құқық бұзушылық профилактикасы субъектісі болып табылса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау бойынша өкілеттікке ие болса), сондай-ақ мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың (тексеріс тақырыбы бойынша) құқықтық актілерінің заңдылығы көрсетіледі.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Тексеріс нәтижелері бойынша мынадай шешімдер:

      Заңның 5-тарауында көзделген прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін енгізу туралы;

      тексеріс нәтижелерін талқылай отырып, кеңестер өткізу туралы;

      ақпараттық хаттарды жіберу туралы;

      материалдарды қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге жіберу (оның ішінде фактілерді Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі – СДТБТ) тіркеу туралы шешім қабылдау үшін) не арнайы прокурорлардың іс жүргізуіне беру туралы;

      материалдарды Ақпаратты есепке алу кітабында (бұдан әрі – АЕК) тіркеу туралы және Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген басқа да шаралар қабылданады.

      Прокурор тексеріс жүргізу барысында, ол аяқталғанға дейін заңдылықты бұзу фактілері бойынша прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін енгізуге, сондай-ақ фактілерді СДТБТ-да тіркеуге шаралар қабылдауға құқылы.

      Жүргізілетін тексеріс мәселелері бойынша түсініктемелер алу үшін лауазымды адамдарды, жеке тұлғаларды, заңды тұлғалардың және өзге де ұйымдардың өкілдерін тексеріс жүргізу туралы қаулыда көрсетілген адамдар не олардың тікелей басшылары шақыруға құқылы.

      Заңның 21-бабына сәйкес қаралатын жолданым шеңберінде лауазымды, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін түсініктеме алу үшін жолданымды қарауды тапсырылған лауазымды адамдар не олардың тікелей басшылары шақыруға құқылы.

      Жүргізілетін тексеріс және Заңның 21-бабына сәйкес қаралатын жолданымдардың мәселелері бойынша қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге материалдарды беру туралы талаптарға Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, оның орынбасары, облыс прокуроры, олардың орынбасарлары, аудан прокуроры, олардың орынбасарлары, оларды алмастыратын адамдар, сондай-ақ тексеріс тағайындау туралы қаулыда көрсетілген адамдар не олардың тікелей басшылары қол қояды.

      Мемлекеттік және меншік нысанына қарамастан өзге де органдар мен ұйымдар, олардың лауазымды адамдары салған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы шараларының дереу күшін жою, заңсыз актінің қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұру туралы талапқа Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, оның орынбасары, облыс прокуроры, олардың орынбасарлары, аудан прокуроры, олардың орынбасарлары немесе оларды алмастыратын адамдар қол қояды.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Прокурорлар мынадай:

      1) мемлекет мүдделерін қозғайтын;

      2) осы Нұсқаулықтың 8-тармағында көзделген қоғамдық мүдделерді немесе азаматтарды қорғау талап етілгенде;

      3) оны сот қажет деп танығанда;

      4) прокурордың бастамасы бойынша қозғалған;

      5) ата-ана құқығынан айыру туралы;

      6) нормативтік құқықтық актінің заңдылығын даулау туралы;

      7) кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы;

      8) бала асырап алу туралы азаматтық істер бойынша процеске кіріседі.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Іс бойынша тарап болып табылмайтын және осы Нұсқаулықтың 26, 27-тармақтарында көзделген істер бойынша процеске кіріскен прокурор сот жарыссөздерінен кейін жалпы істің мәні бойынша қорытынды береді.

      Азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізудің барлық сатыларында прокурорлар өз ұстанымын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, іс материалдарына қатаң сәйкестікте айқындайды, оны дәйекті түрде қорғайды, заңдылық, заңды тұлғалар мен азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі, тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидаттарын басшылыққа алады.

      Азаматтық және әкімшілік процестің барлық сатыларында іс материалдарымен танысу нәтижелерін қатысушы прокурор тиісті жоғары тұрған прокурорға немесе жетекшілік ететін орынбасарға оның қорытындыны бекітуі үшін алдын ала баяндайды.

      Прокурордың қорытындысы жазбаша түрде жасалып, онда мыналар көрсетіледі:

      істің атауы;

      тараптар;

      мәлімделген талаптардың мәні;

      тараптардың сілтеме жасайтын мән-жайлары;

      тараптар ұсынған дәлелдемелер туралы олардың қатыстылығы, жол берілетіндігі, шынайылығы және жеткіліктілігі тұрғысынан прокурордың пікірі;

      қолдануға жататын материалдық және процестік құқықтардың нормалары;

      мәлімделген талаптардың мәні, сот шығындарын бөлу бойынша прокурордың тұжырымдары.

      Сондай-ақ апелляциялық, кассациялық сатыдағы соттарда қайта қарауға жататын іс бойынша қорытындыда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      судья (баяндамашы, алқа құрамы), қайта қарауға жататын сот актілерінің қысқаша мазмұны, соттың ұстанымы;

      бірінші сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан прокурор, оның қорытындысының қысқаша мазмұны;

      шағымның (өтінішхаттың) дәлелдемелері;

      істі зерделеудің нәтижелері;

      шағымның (өтінішхаттың) негізділігі туралы тұжырымдар.

      Сот актілері заңды күшіне енген кассациялық тәртіпте Жоғарғы Соттың қарауына тағайындалған азаматтық және әкімшілік істер бойынша қорытындыларды Бас Прокурордың орынбасары бекітеді.

      Сот актілері заңды күшіне енбеген кассациялық тәртіпте Жоғарғы Соттың қарауына тағайындалған әкімшілік істер бойынша қорытындыларды Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы бекітеді.

      АПК-нің 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес бірінші сатыдағы сотқа тараптарда бар дәлелдемелерді ұсынбау осы дәлелдемелерді апелляциялық, кассациялық сатыдағы сотқа ұсыну мүмкіндігінен айырады.

      Әкімшілік істер бойынша дәлелдеу ауыртпалығы әкімшілік органға және лауазымды адамға жүктелген.

      Сондықтан прокурорлар мемлекеттік заңды тұлғалардың істі соттың дұрыс шешуі үшін қажетті дәлелдемелерді уақтылы ұсынуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдайды.

      Прокурорлар азаматтық және әкімшілік процестерде мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың мүдделеріне олардың өкілдерінің тиісті түрде өкілдік етпеу фактілеріне ден қояды, кінәлі адамдарды жауаптылыққа тартуға бастамашылық жасайды.

      Азаматтық және әкімшілік істердің материалдары бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар тарапынан заңдылықты бұзу анықталған кезде, прокурор сот алдында жеке ұйғарым шығару туралы өтініш жасайды және/немесе ол туралы жоғары тұрған прокурордың назарына жазбаша түрде баянатпен немесе электронды құжат нысанында дереу жеткізеді, ол өз кезегінде мынадай:

      баянатты СДТБТ-да тіркеу туралы;

      материалдарды АЕК-де тіркеу туралы;

      әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау туралы;

      тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы;

      талап қоюды беру туралы;

      кінәлі адамдарды заңда белгіленген жауаптылыққа тарту және бұзушылықтарды жою мақсатында Заңның 5-тарауында көзделген прокурорлық қадағалау және ден қоюдың өзге де актілерін енгізу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

      Прокурорлар жеке ұйғарымдарды қарау тәжірибесін (сапасын) талдайды, заңдылықтың бұзылуы анықталған кезде прокурорлық қадағалау не ден қою шаралары қабылданады.

      Талдау нәтижелері және қабылданған шаралар туралы мәліметтер Нұсқаулықтың 70-тармағына сәйкес Бас прокуратураға жіберілетін ақпаратқа қосылады.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің материалдары бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар тарапынан заңдылықты бұзу анықталған кезде прокурор сот алдында жеке ұйғарым шығару туралы өтініш жасайды және/немесе ол туралы жоғары тұрған прокурордың назарына жазбаша түрде баянатпен немесе электронды құжат нысанында дереу жеткізеді, ол мынадай:

      1) баянатты СДТБТ-ға тіркеу туралы;

      2) материалдарды АЕК-ге тіркеу туралы;

      3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау туралы;

      4) тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы;

      5) сотқа талап қоюды ұсыну туралы;

      6) кінәлі адамдарды заңда белгіленген жауаптылыққа тарту және бұзушылықтарды жою мақсатында Заңның 5-тарауында көзделген прокурорлық қадағалау және ден қоюдың өзге де актілерін енгізу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

      Қажет болған жағдайда прокурорлар шешім қабылдау үшін қосымша мәліметтер мен материалдарды талап етіп алдырады.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Қадағалау және ден қою актісіне қол қойған прокурор олардың орындалуын және заңдылықты бұзуды іс жүзінде жоюды бақылауды қамтамасыз етеді.

      Бұл ретте, прокурорлардың актілерін орындау үшін қабылданған мемлекеттік органдардың шешімдері мен іс-әрекеттерінің орындалу барысын бақылау, мемлекетке келтірілген залалды өтеуге және кінәлілерді заңда белгіленген жауаптылыққа тартуға қол жеткізу қажет.

      Заңда белгіленген негізде, тәртіппен және шекте енгізілген прокурорлық қадағалау актілерін олар жіберілген органдар, ұйымдар және лауазымды адамдар қарауға және орындауға міндетті.

      Заңда белгіленген тәртіппен және шектерде енгізілген прокурорлық қадағалау актілерін қарамау, орындамау не прокурордың заңды талаптарын орындамау заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.".

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізу және Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдерін бағалау қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құрылымдық бөлімшелерінің, прокуратура ведомстволарының, мекемелері мен білім беру ұйымының басшыларына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Қазақстан Республикасы астанасының прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға мәлімет үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Г. Нурдаулетов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2021 жылғы 26 қазандағы
№ 139 Бұйрықтың қосымшасы
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурының
2018 жылғы 2 мамырдағы
№ 60 бұйрығының
2-қосымшасы

Прокуратура органдарының заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізу, сондай-ақ Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың заңды күшіне енген актілері мен шешімдерін бағалау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Прокуратура органдарының заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізу, сондай-ақ Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың заңды күшіне енген актілері мен шешімдерін бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына, 10-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және прокуратура органдарының заңдылықтың жай-күйін талдау жүргізуі және Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, өзін-өзі басқару органдары мен олардың лауазымды адамдарының, өзге де ұйымдардың заңды күшіне енген актілері мен шешімдерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкестігі мәніне бағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Заңдылықтың жай-күйін талдау (бұдан әрі – Талдау) және актілер мен шешімдерді бағалау прокуратура органдарының жоғары қадағалау нысандары болып табылады және Заңның 4-бабында көзделген міндеттерді іске асыру мақсатында жүзеге асырылады.";

2-тарау. Заңдылықтың жай-күйін талдау

      3. Заңдылықтың жай-күйін талдау прокурорлардың субъектілерге (объектілерге) бармастан статистикалық деректерді, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтерін, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істердің, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің материалдарын, сондай-ақ өзге де ақпарат көздерін зерделеу арқылы жүргізіледі.

      Талдау жүргізу Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесі басшысының, облыс прокурорының және оған теңестірілген прокурордың (бұдан әрі – облыс прокуроры), аудан прокурорының және оған теңестірілген прокурордың (бұдан әрі – аудан прокуроры), сондай-ақ олардың орынбасарларының не оларды алмастыратын адамдардың басшылық етуімен тақырыптық-толассыз топқа тапсырылуы мүмкін.

      4. Талдау заңдылықтың жай-күйін бағалау мақсатында нақты мәселе не құқықтық қатынастар/заңнама саласы бойынша жүргізіледі.

      5. Аумақтық прокурорлар тоқсан сайын кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесі бойынша талдау жүргізеді.

      Нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы, сондай-ақ кәсіпкерлер құқықтарының бұзылуына ықпал ететін себептер мен жағдайлар туралы ақпарат бизнеске әкімшілік қысымды төмендету жөніндегі нақты ұсыныстармен бірге Бас прокуратураға есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

      6. Аумақтық прокурорлар жарты жылда бір рет мынадай:

      1) бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігі;

      2) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды (оның ішінде мемлекеттік) жүзеге асыру;

      3) салық заңнамасын қолдану;

      4) экологиялық заңнаманың, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың қолданылуы;

      5) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және олардың лауазымды адамдары тарапынан олардың қызметіне араласу фактілері бойынша ауызша (соның ішінде прокуратура органдарының жанындағы бизнесті қорғау жөніндегі мобильді топтар шеңберінде келіп түскен) және жазбаша жолданымдарын қарау мәселелері бойынша талдау жүргізеді.

      Нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы ақпаратты облыс прокуроры Бас прокуратураға есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей ұсынады.

      7. Аумақтық прокурорлар жылына кемінде бір рет:

      1) жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе өмірлік қиын жағдайда жүрген, оның ішінде тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да осыған ұқсас мекемедегі балаларды асырап алу кезінде заңдылықтың сақталуына;

      2) мінез-құлық ерекшеліктері бар балалармен жұмыс істеу тиімділігіне бағытталған заңнаманың қолданылуына;

      3) мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қолдауға бағытталған заңнаманың қолданылуына (инклюзивті білім беру) талдау жүргізеді.

      Нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы ақпаратты облыс прокуроры Бас прокуратураға есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей ұсынады.

      8. Әскери прокуратура органдары әскери қауіпсіздік саласындағы құқықтық қатынастардың ерекшелігін ескере отырып, жылына кемінде бір рет:

      1) әскери мүлікті, оның ішінде қару мен оқ-дәрілерді қамтамасыз ету және олардың айналымы;

      2) жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз ету;

      3) диверсияға қарсы және терроризмге қарсы қорғалудың жай-күйі;

      4) Мемлекеттік шекараны күзету;

      5) әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізуді жүзеге асырады.

      Әскери прокурорлар заңдылықтың жай-күйін талдауға және күшіне енген актілерді бағалауға байланысты ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды талап еткен кезде сұратылған мәліметтер мен олардың жеткізгіштерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.

      Егер талдау шеңберінде әскери объектілер құрылысының егжей-тегжейін ашатын құжаттар мен өзге де материалдарды талап ету қажет болған жағдайда, осы Қағидалардың 18-тармағында белгіленген тәртіппен тексеру жүргізу туралы мәселеге бастамашылық етіледі.

      Нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы ақпаратты Бас әскери прокурор Бас прокуратураға 25 маусымға және 25 желтоқсанға дейін ұсынады.

      9. Көлік прокуратурасының органдары ерекшелікті ескере отырып, жылына кемінде бір рет:

      1) көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      2) жолаушылардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және көлік қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;

      3) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды (оның ішінде мемлекеттік) жүзеге асыру;

      4) кеден заңнамасы мәселелері бойынша заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізеді.

      Нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы ақпаратты Бас көлік прокуроры Бас прокуратураға 25 маусымға және 25 желтоқсанға дейін ұсынады.

      10. Талдау қадағалау аумағындағы тұрақты негізде жүзеге асырылатын жағдайды мониторингілеу (бақылау) не прокуратура органдары әртүрлі ақпарат көздерінен алған деректер, оның ішінде жолданымдар, мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, меншік нысанына қарамастан, өзге де ұйымдар мен мекемелерден талап етілген ақпараттар, құжаттар мен өзге де материалдар негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі – Бас Прокурор) немесе жоғары тұрған прокуратураның тапсырмалары бойынша жүргізіледі.

      Сондай-ақ талдау мәселелердің өзектілігіне, бағыттардың не өңір ерекшеліктерінің басымдығына қарай Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, облыс прокуроры, облыс прокурорының орынбасары не оларды алмастыратын адамдар бекіткен жылдық немесе тоқсандық жоспар негізінде жүргізіледі.

      11. Талдау жүргізуге Бас Прокурормен, Бас Прокурордың орынбасарымен, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысымен, облыс прокурорымен, облыс прокурорының орынбасарымен, аудан прокурорымен не оларды алмастыратын адамдармен келісілген баянат бойынша бастамашылық жасалады.

      Баянатта:

      1) күні, баянатты берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы;

      2) талдау мәні (тақырыбы);

      3) уәжді негіздер;

      4) талдау кезеңі;

      5) талдау мерзімі;

      6) талдауға тартылатын прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері (талдау тақырыптық-толассыз топқа тапсырылған жағдайда) көрсетіледі.

      Аудан прокуроры бастамашылық жасаған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын заңдылықтың жай-күйін талдау облыс прокурорын бір мезгілде хабардар ете отырып жүргізіледі.

      Әскери прокуратура органдары бастамашылық жасаған заңдылықтың жай-күйін талдау Бас прокуратураны бір мезгілде хабардар ете отырып жүргізіледі.

      Жоғары тұрған прокурор төмен тұрған прокурорлардың заңдылықтың жай-күйін талдауын тоқтатуға құқылы.

      12. Талдау барысында мынадай мәліметтер:

      1) статистикалық деректер;

      2) мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттар туралы ақпарат;

      3) халықпен кездесу қорытындылары;

      4) мемлекеттік органдардың тиімсіз жұмыс істеу фактілері, оның ішінде экстремизм мен терроризмнің профилактикасы, этносаралық және/немесе конфессияаралық негіздегі жанжалдарды, азаматтардың әлеуметтік наразылығын, наразылық акцияларын тудыруы мүмкін қоғамдық тәртіпті бұзуды анықтау, оның алдын алу және оқшаулау мәселелері бойынша;

      5) уәкілетті мемлекеттік органдардың заңды және жеке тұлғалардың жолданымдарын қарау нәтижелері;

      6) бұқаралық ақпарат құралдарындағы (оның ішінде интернет-ресурстардағы) жарияланымдар;

      7) мемлекеттік органдардың, олардың деректер базасының ақпараты;

      8) ақпараттық жүйелер мен ресурстар, оның ішінде құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған;

      9) қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істердің және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің материалдары;

      10) прокуратура мен мемлекеттік органдардың алдыңғы тексерістерінің нәтижелері;

      11) жедел-іздестіру шараларының, арнайы шаралардың және жасырын тергеу әрекеттерінің, оның ішінде құпиясыздандырылған және жедел-іздестіру субъектілері немесе қылмыстық қудалау органы ұсынған нәтижелері;

      12) басқа да ақпарат көздері пайдаланылады.

      Сондай-ақ көптеген жағдайларда мемлекеттік органдардың мәліметтерін, статистикалық деректерді және басқа да ақпаратты уақтылы талдау және оның негізінде ден қою шараларын қабылдау бұзушылықтардың алдын алуға не тексеріс іс-шараларынсыз олардың салдарын барынша азайтуға мүмкіндік беретінін ескере отырып, заңдылықтың бұзылуын, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау үшін жұмыстың талдау әдістері белсенді пайдаланылады.

      13. Прокурор заңнамалық актілерде белгіленген тәртіпте заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізуге және күшіне енген актілерді бағалауға байланысты ақпараттар мен құжаттарға қол жеткізуге құқылы.

      Сұратылған ақпарат прокуратура органдарына прокурор белгілеген мерзімде ұсынылады.

      Осы мерзім үш жұмыс күнінен кем болмауы тиіс.

      Қажет болған жағдайларда адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас салдарларды болғызбау мақсатында сұрау салынған ақпарат, құжаттар және өзге де материалдар дереу ұсынылады.

      Заңдылықтың жай-күйіне жүргізілген талдау, күшіне енген актілерді бағалау мәселелері бойынша прокурордың талаптарын органдар, ұйымдар және лауазымды адамдар орындауға міндетті.

      Талдау мерзімі:

      мәліметтерді, құжаттарды және өзге де материалдарды, оның ішінде азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істерді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді алу қажет болған кезде - олар келіп түскенге дейін;

      сараптама тағайындалған жағдайда - нәтижені алғанға дейін;

      талдауға объективті кедергі келтіретін өзге де факторларға байланысты - олар жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Талдау мерзімі оны жүргізуге келіскен адамның атына уәжді баянат бойынша мерзімі өткенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей тоқтатыла тұрады.

      Талдау оны тоқтата тұруға әкеп соққан мән-жайлар жойылғаннан кейін келесі жұмыс күні қайта басталады.

      14. Қажет болған жағдайда, талдау жүргізген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, фото және бейнетіркеуді қолдану арқылы бару үшін ашық жерлерде (қоғамдық пайдалану орындарында не ашық жерлерде) орналасқан объектіні (субъектіні) шолу арқылы қарап тексеру жүргізіледі.

      15. Талдау отыз күнтізбелік күннің ішінде өткізіледі.

      Қосымша материалдарды талап ету қажет болған жағдайда, сондай-ақ талдаудың елеулі көлеміне байланысты, оны жүргізудің мерзімі жоғары тұрған прокурордың келісімімен отыз күнтізбелік күннен асырылмай ұзартылады.

      16. Талдау жүргізу кезінде:

      1) заңдылықтың жай-күйінің проблемалары және олардың азаматтардың және ұйымдардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделеріне әсер етуі анықталады;

      2) уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметі бағаланады;

      3) анықталған заңдылықты бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюдың тетіктері ұсынылады;

      4) жұмыста жүйелі проблемаларды шешу бойынша кешенді іс-шараларды қабылдауды қажет ететін (оның ішінде заңнамалық және ұйымдастырушылық) басым бағыттар ұсынылады.

      17. Талдау нәтижелері анықтама түрінде ресімделеді, онда:

      1) күні, талдаудың мәні, сондай-ақ талдаумен қамтылған уақыт кезеңі;

      2) статистиканы келтіре отырып, талдау барысында анықталған мәліметтер және талдау үшін маңызы бар өзге де мән-жайлар;

      3) талдау нәтижесінде алынған заңдылықтың жай-күйі туралы тұжырымдар, оның ішінде құқық бұзушылықтар жасаудың себептері мен жағдайлары;

      4) құқық бұзушылықтарды, орын алған проблемаларды, Қазақстан Республикасының заңнамасындағы кемшіліктер мен олқылықтарды шешу және жою тәсілдері туралы ұсыныстар қамтылады.

      Талдау аяқталғаннан кейін анықтама танысу үшін уәкілетті мемлекеттік органға не ұйымға жіберіледі, олар қарсылық танытқан жағдайда анықтама тапсырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды жазбаша ұсынады.

      18. Талдау нәтижелері бойынша мынадай:

      1) қадағалау және ден қою актілерін енгізу, уәкілетті органдарды ақпараттандыру, қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерге не арнайы прокурорлардың іс жүргізуіне тапсыру және өзге де шаралар қабылдау туралы;

      Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне қылмыстық құқық бұзушылық туралы құжаттар мен материалдарды тіркеуді прокуратура органдарында сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше жүзеге асырады;

      2) уәкілетті мемлекеттік органдарға:

      - мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың;

      - Қағидалардың 20-тармағында көзделген тәртіппен кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде квазимемлекеттік сектордың қызметіне тексеріс жүргізу туралы талапты жіберу туралы;

      3) мыналардың:

      - мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың;

      - кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде квазимемлекеттік сектордың қызметіне Нұсқаулықтың 10-тармағында көзделген тәртіппен дербес тексеріс жүргізу туралы;

      4) Бас Прокурорға кәсіпкерлік субъектісінің қызметіне дербес тексеріс тағайындау жөнінде өтінішхатты жіберу туралы;

      5) материалдарды Ақпаратты есепке алу кітабында (бұдан әрі – АЕК) тіркеу және Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген басқа да шараларды қабылдау туралы шешімдердің бірі қабылданады.

      19. Аумақтық прокурорлар АЕК-де тіркелген, Қылмыстық-процестік кодекстің (бұдан әрі – ҚПК) 181-бабы 5-бөлігінің тәртібімен тапсырылған материалдарды есепке алуды ұйымдастырады және уәкілетті мемлекеттік органдармен осындай материалдар, алынған қорытындылар және тексеру актілері бойынша ай сайын салыстырып тексеру жүргізеді.

      20. Тексеріс жүргізу туралы, оның ішінде қадағалау және ден қою актілерінде көрсетілген талаптарға Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, оның орынбасары, облыс прокуроры, олардың орынбасарлары, аудан прокуроры, оның орынбасары не оларды алмастыратын адамдар қол қояды.

      Аудан прокуроры жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексеріс жүргізу туралы, оның ішінде қадағалау және ден қою актілерінде көрсетілген талаптарды, облыс прокурорымен, Бас әскери прокурормен және Бас көлік прокурорымен келісілгеннен кейін, талапты жіберудің орындылығының негіздемесін келтіре отырып жібереді.

      21. Бас Прокурорға кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне дербес тексеріс тағайындау туралы өтінішхатта прокуратура органдарының оны жүргізу қажеттігінің дәлелді негіздемесі, заңдылықтың бұзылу белгілері және уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдаған шаралар көрсетіледі.

      Кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді тағайындау туралы өтінішхат Бас Прокурорға Бас Прокурордың орынбасарының, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесі басшысының, облыс прокурорының, сондай-ақ оларды алмастыратын адамдардың қолымен жіберіледі.

3-тарау. Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың шешімдері мен актілерін бағалау

      22. Прокуратура:

      1) Заңның 24-бабының 2-тармағында көрсетілген актілерді қоспағанда, Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының актілері мен шешімдерінің;

      2) егер осы актілер мен шешімдер физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдарға, шектеусіз адамдар қатарына қатысты болса не жария сипатта болса, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкестігін қадағалауды жүзеге асырады.

      Осы тармақта көзделген қадағалау нормативтік құқықтық актілерді, жекеше қолданыстағы құқықтық актілерді, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың шешімдерін, сонымен қатар заңды күшіне енген қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы сот актілерін бағалау жолымен жүзеге асырылады.

      23. Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, олардың лауазымды адамдарының және өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдерін бағалау талдау, тексеру, Заңның 21-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен жолданымдарды қарау барысында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Бас Прокурордың, Бас Прокурордың орынбасарының, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесі басшысының, облыс прокурорының, аудан прокурорының, олардың орынбасарларының не оларды алмастыратын адамдардың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.

      24. Мемлекеттік органдардың (сот актілерінен басқа), өзге де ұйымдардың және олардың лауазымды адамдарының актілері мен шешімдері оларды қабылдау құзыреттігі мен өкілеттігінің болуы, заңда белгіленген талаптарға сәйкестігі, нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде жоғары тұрған деңгейдегі актілерге қайшы келуі, мемлекеттік тіркеуден өткендігі және заңда белгіленген тәртіпте жарияланғаны (қажеттілігі болған жағдайда) және өзге де мәселелер бойынша зерделенеді.

      25. Конституцияға, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне қайшы келуіне және Республика ратификациялаған халықаралық шарттарға, нормативтік және өзге де құқықтық актілерге, мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың шешімдеріне наразылық енгізіледі.

      26. Наразылық заңсыз актіні, шешімді қабылдаған органға немесе лауазымды адамға немесе жоғары тұрған органға немесе жоғары тұрған лауазымды адамға енгізіледі.

      Егер мұндай актілерге және шешімдерге наразылық енгізу прокурордың өкілеттігіне кірмесе, материалдар құзыреттілігі бойынша тиісті прокурорға жіберіледі.

      27. Наразылықта прокурор заңсыз актінің, шешімнің күшін жоюды не оларды Конституцияға, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және Республика ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкестендіруді және бұзылған құқықты қалпына келтіруді талап етеді.

      28. Наразылық бойынша шешім қабылданғанға дейін Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, егер олардың орындалуы физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өздерін қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзуға әкеп соқса не әкеп соғуы мүмкін болса, шектелмеген адамдар қатарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптарға әкеп соқтыратын болса, наразылық білдірілген құқықтық актінің орындалуын тоқтата тұруға құқылы.

      Актілер мен шешімдерді тоқтата тұру қаулы қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

      Нормативтік құқықтық актінің қолданысын тоқтата тұратын қаулы дереу жариялануға жатады.

      29. Заңсыз шешім, нормативтік құқықтық акт, жеке-дара қолданылатын құқықтық акт қабылдаған және шығарған орган немесе лауазымды адам не жоғары тұрған орган немесе лауазымды адам тиісті наразылықты қабылдамаған кезде прокурор Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде (бұдан әрі – АПК) және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде (бұдан әрі – ӘРПК) көзделген тәртіппен оларды заңсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінеді.

      30. Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерін бағалау ҚПК-де, АПК-де, ӘРПК-де, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады