"Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және олардың өкілеттіктері қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 147 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 72 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 мамырда № 16959 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және олардың өкілеттіктері қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 147 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9711 болып тіркелген, 2014 жылғы 3 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкiмшісін) тағайындау және оның өкілеттіктері қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкiмшісін) тағайындау және оның өкілеттіктері қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және олардың өкілеттіктері қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкiмшісін) тағайындау және оның өкілеттіктері қағидалары";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкiмшісін) тағайындау және оның өкілеттіктері қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) банк және өзге де операцияларды жүргізуге, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан (бұдан әрі – лицензия) айыруға байланысты банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (бұдан әрі – ұйым) уақытша әкімшілігін (уақытша әкiмшісін) тағайындау тәртібі, ұйымның жұмыс тәртібі және ұйымның уақытша әкімшілігінің өкілеттіктері айқындалады.";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:

      1) уақытша әкiмшiлiк (уақытша әкiмші) – уәкiлеттi орган мүліктiң сақталуын қамтамасыз ету және ұйымды басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру үшiн тағайындайтын орган (бұдан әрі – уақытша әкiмшiлiк);

      2) уақытша әкiмшiлiктiң басшысы – уәкiлеттi орган өз қызметкерлерінің қатарынан не уәкілетті органның қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалардың қатарынан тағайындайтын адам;

      3) уақытша әкiмшiлiктiң мүшесi – уәкiлеттi орган өз қызметкерлерінің не уәкілетті органның қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалардың қатарынан тағайындайтын адам;

      4) уәкілетті органның қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалар – депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметкерлері.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Уақытша әкімшіліктің құрамын уәкілетті орган ұйымның филиалдары мен өкілдіктерінің болуына, сондай-ақ алдағы жұмыс сипатына және көлеміне қарай айқындайды.

      Уақытша әкімшілік басшысы және мүшелері уақытша әкімшіліктің құрамына уәкілетті органның қызметкерін тағайындау жағдайын қоспағанда, олардың келісімімен тағайындалады.

      Уақытша әкімшіліктің құрамына кіретін, уәкілетті органның, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметкерлері болып табылатын адамдар уақытша әкімшіліктегі қызметінің барлық кезеңіне негізгі жұмыс орны бойынша лауазымдық міндеттерді орындаудан босатылады.

      Көрсетілген кезеңде олардың жалақысы және негізгі жұмыс орны бойынша белгіленген өзге де төлемдері сақталады.

      Уақытша әкімшілік басшысы болып жоғарғы экономикалық не заңгерлік білімі бар адам тағайындалады.

      Басшылықтың жазбаша тапсырмасы бойынша уақытша әкімшілікке оған жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруға, сондай-ақ уақытша әкімшілік қызметін бақылауды жүзеге асыруға көмек көрсететін уәкілетті орган қызметкерлерінің ұйымның үй-жайларына кіру және уақытша әкімшіліктің иелігіндегі құжаттарға қол жеткізу рұқсаты болады.";

      5-тармақ алып тасталсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Уақытша әкiмшiлiк уәкiлеттi орган оны тағайындаған күнi өз мiндеттерiн орындауға кiрiседi. Уәкiлеттi органның Банктер туралы заңның 48-бабына және Сақтандыру туралы заңның 55-бабына сәйкес қабылданған ұйымды лицензиясынан айыру және уақытша әкiмшiлiктi тағайындау туралы шешiмдерiнiң көшiрмелерiн уақытша әкiмшiлiк дереу ұйымның басшысына (оның орнындағы адамға) қол қойдырып тапсырады және (немесе) ұйымға электрондық, факсимильді немесе өзге байланыс құралдары арқылы жібереді. Уақытша әкімшілік тағайындалған күні ұйымда Банктер туралы заңның 62-бабына, Сақтандыру туралы заңның 55-1-бабына сәйкес тағайындалған ұйымды басқару жөніндегі уақытша әкімшілік жұмыс істеген жағдайда, уәкілетті органның лицензиядан айыруға байланысты тағайындалған уақытша әкімшілік тағайындау туралы бұйрығы уақытша әкімшіліктің басшысына (оның орнындағы адамға) қол қойдырып тапсырылады және (немесе) ұйымға электрондық, факсимильді немесе өзге байланыс құралдары арқылы жіберіледі. Уәкiлеттi органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешiмдерін қол қойдырып тапсыруға және (немесе) ұйымға электрондық, факсимильді немесе өзге байланыс құралдары арқылы жіберу мүмкіндігі болмаған кезде уақытша әкімшілік бұл туралы акт жасайды және ақпаратты уәкілетті органға жібереді.

      Ұйым басшысының (оның орнындағы адамның) болмағаны немесе оның уәкілетті органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешiмдерімен танысып шығудан бас тартуы, оның ішінде уәкiлеттi органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешiмін электрондық, факсимильді немесе өзге байланыс құралдары арқылы жіберу мүмкін болмаған жағдайда, уақытша әкімшілікке ұйымның үй-жайына кіруге, мүлкі мен құжаттамасын көруге кедергі жасамаса, уақытша әкімшілік уәкілетті органның оны тағайындау туралы шешімінде көрсетілген күні өз міндеттерін орындауға кіріседі.

      Ұйымның басшысы (оның орнындағы адам) немесе өзге де адамдар уақытша әкімшілік жұмысына кедергі жасайтын болса, Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көзделген іс-қимылдар жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Ұйымның филиалдары не өкілдіктері болған кезде филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша уақытша әкімшіліктің басшысына есеп беретін уақытша әкімшілік бөлімшесі (бұдан әрі – бөлімше) құрылады.

      Бөлімшені уақытша әкімшіліктің басшысы уәкілетті орган уақытша әкімшілікті тағайындаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей уақытша әкімшіліктің мүшелері қатарынан тағайындайтын басшысы (бұдан әрі – бөлімше басшысы) басқарады.

      Бөлімше басшысы өз қызметін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген және өзіне уақытша әкімшіліктің басшысы берген сенімхат негізінде жүзеге асырады.

      Бөлімше басшысы бөлімшенің жұмысын басқарады және үйлестіреді, ұйымның әкімшілік-аумақтық бірлігіндегі мүлкінің және кепіл беруші ұйымның иелік етуіне берген кепіл мүліктің сақталуын қамтамасыз ету өкілеттіктерін жүзеге асырады.";

      10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Уақытша әкімшілік ұйым басшысынан (оның орнындағы адамнан) және өзге де материалдық жауапты адамдарынан өзіне ұйымның мөрлерін (бар болса), мөртабандарын, клише, кілттерін, пломбаларын және Қағидалардың 15-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарын дереу өткізуін талап етеді.

      Ұйымның басшысы (оның орнындағы адам) және ұйымның өзге де материалдық жауапты адамдары мөрлерді, мөртабандарды, клише, кілттерді, пломбаларды және Қағидалардың 15-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды бермеген жағдайда уақытша әкімшілік Қағидалардың 19 және 20-тармақтарына сәйкес уақытша әкімшіліктің жұмыс істеуіне кедергі ету туралы акт (бұдан әрі – кедергі ету туралы акт) және 2 (екі) жұмыс күні ішінде қажетті мөрлердің, мөртабандардың, клише, кілттер мен пломбалардың телнұсқаларын жасау бойынша шаралар қабылдайды.

      Уақытша әкімшілік мөрдің телнұсқасын әзірлеген күннің алдындағы жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға мөрдің телнұсқасының және мөрдің телнұсқасы бедерлемесін (бар болса) әзірленгендігі туралы ақпарат жібереді.

      11. Уақытша әкімшіліктің жұмыс жасау мерзімі ішінде ұйымның ағымдағы міндеттемелерін орындауға байланысты мәмілелерді, уақытша әкімшіліктің шығыстар сметасын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымның мүлкімен мәмілелер жасауға және орындауға, оның ішінде кез келген нысандағы кредиторлық берешекті өтеуді қоса алғанда, ұйымның міндеттемелерді орындауына, қарсы біртектес талаптарды есепке алуды жүзеге асыруға жол берілмейді.

      12. Уақытша әкімшілік шығындарды азайту мақсатында уәкілетті органға хабарлама жібере отырып, ұйымның мүлкін жалға береді.

      Мүлікті жалға бергеннен түскен ақша ұйымның банктік шотына аударылады.

      Уақытша әкімшілікпен жасалған жалға беру шартын жасау уақытша әкімшіліктің алғашқы талап етуі бойынша мүлікті босатуға (қайтаруға) және жалданған мүлікті жалға беру (қосалқы жалдау) мүмкін еместігіне кедергі жасауға шектеулер қоюға жалға берушінің келісімі болған жағдайда жүзеге асырылады.

      Уақытша әкімшілік жалға алушыны таңдауды тендер өткізу арқылы жүзеге асырады, соның нәтижесінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4181 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында банктерді еріксіз тарату қағидаларының 84-2, 84-3, 84-4, 84-5 және 84-6-тармақтарының талаптарына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4257 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 77 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату туралы ереженің 82-2, 82-3, 82-4 және 82-5-тармақтарына сәйкес шарт жасалады.

      Ұйымның бұрынғы қызметкерлері, ұйымның кредиторлары болып табылатын тұлғалар, сондай-ақ ұйымның уақытша әкімшілігінің төрағасы, мүшелері және жұмысқа тартылған қызметкерлері тендерге қатысуға жіберілмейді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Уақытша әкімшілік ұйымның мүлкін сақтауын қамтамасыз ету мақсатында ұйымның ақшасы бар болса:

      1) үй-жайлардың, ғимараттардың, қақпалардың, металл шкафтардың, сейфтердің (бұдан әрі – арнайы құрылғылар) құлыптарын, кілттерін арнайы кіру құрылғыларын пайдалана отырып, ауыстыруды жүзеге асырады;

      2) қажет болғанда күзет қызметін (ғимараттар, үй-жайлар, ұйымның мүлкі) көрсететін ұйыммен жасалған шартты бұзып, күзету қызметін ұсынатын басқа заңды тұлғалармен шарт жасайды.

      Уақытша әкімшілік уәкілетті органға уәкілетті органның тиісті бөлімшелерінің электронды құжаттарды сақтау мен ұйымның автоматтандырылған жүйесіне кіру рұқсаты үшін пайдаланатын кілттер мен парольді ауыстыру жөніндегі өтінішпен хабарласады.";

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Уақытша әкімшілік мынадай іс-қимылдарды орындайды:

      1) ұйымды басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асырады және ұйымның барлық құжаттарына қол қояды;

      2) тағайындалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      банктің корреспонденттік шоттары бар банктерге және уәкілетті органға Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларының (бұдан әрі – № 207 қағидалар) талаптарына сәйкес ресімделген қолтаңбалар мен мөр бедерінің (бар болса) үлгілері бар жаңа құжаттарды ұсынады;

      ұйымның бухгалтерлік есеп деректерімен банктік шоттардағы (оның ішінде шетелдік банктердегі) қалдықтарды салыстырып тексереді және салыстырып тексеру қорытындысы бойынша акт жасайды;

      уақытша әкімшілік жасамаған ұйымның мүлікті иелігінен шығару мәмілелерін тіркеуге, сондай-ақ ұйым кепіл ұстаушы болып табылатын мүліктен ауыртпалықты алуға тыйым салуды белгілеу мақсатында тіркеуші органдарды, тіркеушіні, орталық депозитарийді және қор биржасын уәкілетті органның ұйымды лицензиядан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімдері туралы хабардар етеді;

      3) уәкілетті органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімін Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімдік баспасөз басылымдарының кем дегенде екеуінде орыс және мемлекеттік тілдерінде хабарландыру жариялау арқылы ұйымның акционерлерін, кредиторларын және дебиторларын хабардар етеді;

      4) активтерге, міндеттемелерге (баланстық және баланстан тыс), ұйымның құжаттарына түгендеу жүргізеді, олардың сақталуын қамтамасыз етеді, Қағидалардың 6-тарауында белгіленген тәртіп бойынша мүліктер мен құжаттарды қабылдау-өткізу актісі бойынша қабылдайды;

      5) толық материалдық жауапкершілігі бар, оның ішінде бухгалтерлік есепті жүргізетін адамдардың және автоматтандырылған ақпараттық жүйеге рұқсаты бар адамдардың ұйымның қаржылық және өзге де есептілігін жасау бойынша аясын анықтайды;

      6) ұйымның активтерін анықтайды;

      7) ұйымның мүлкіне ауыртпалық қойған органдарға орындалған міндеттемелер бойынша ауыртпалықты алып тастау туралы өтінішхат береді;

      8) қолма-қол ақшаны ұйымның банктік шотына одан әрі есепке алу үшін қолма-қол ақшаның инкассациясын ұйымдастырады;

      9) уақытша әкімшілік жұмыс істеген кезеңде қызметкерлермен еңбек қатынастарын жалғастыру қажеттігі жоқ болса, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлермен еңбек шарттарын тоқтатады;

      10) өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін еңбек шарттары, өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша адамдарды тартады;

      11) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеулі қызмет көрсету шарттарын бұзады;

      12) егер олардың іс-әрекеттерімен (әрекетсіздіктерімен) ұйымға зиян келтірілген болса, ұйымның атынан соттарға шағым түсіреді, оның ішінде ұйымның органдары мүшелерін, бас бухгалтерін және өзге тұлғаларын жауапкершілікке тартады;

      13) өз функцияларын жүзеге асыру барысында үшінші тұлғалардың қылмыстық белгісі бар іс-әрекет жасағаны анықталса, құқық қорғау органдарына және уәкілетті органға ақпарат жібереді;

      14) ұйымның мүлкі мен құжаттарын қабылдау-өткізу аяқталған соң уақытша әкімшілік тарату комиссиясына уақытша әкімшіліктің жұмысты орындау туралы есебін бекітуге уәкілетті органға ұсынады;

      15) мерзімі өткен банктік қарыздар бойынша сыйақы есептеуді тоқтатады және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес мерзімі өткен банктік қарыздар бойынша провизиялар құрады;

      16) Қағидалардың 43-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау-өткізу актісіне қол қойылғаннан кейін кредиторлармен және дебиторлармен жұмыс жүргізеді;

      17) "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымда көзделген барлық қосымша төлемдер мен жеңілдіктердің күшін жояды.

      17. Банктің уақытша әкімшілігі мынадай іс-қимылдарды орындайды:

      1) тағайындалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға уәкілетті органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімін жібереді;

      2) тағайындалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұйымның шоттары ашылған шетелдік банктерге уәкілетті органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімінің көшірмелерін және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес нотариалды куәландырылған, аударылған және апостильденген, қолтаңбалардың үлгілері бар құжаттарды жібереді;

      3) лицензиядан айырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5770 тiркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 176 қаулысымен бекiтiлген Банктiк операцияларды жүргiзуге берiлген лицензиядан айырылған банктiң активтерiн және мiндеттемелерiн бiр мезгiлде басқа банкке (банктерге) беру операциясын жүргiзу ережесiнде белгiленген тәртiпте банктiң активтерiн және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың алдындағы мiндеттемелерiн бөлiгiмен не толық көлемде бiр мезгiлде басқа банкке (банктерге) беру операциясын жүргiзу туралы шешiм қабылдайды;

      4) тағайындалған күнiнен бастап 30 (отыз) жұмыс күнiнен кеш емес мерзімде депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға кепiлдiк берiлуі тиіс депозиттер туралы және депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйыммен келiсiлген нысандар бойынша оларға есептелген сыйақы сомасы жөніндегі ақпаратты береді;

      5) банкке келiп түсетiн ақшаның, оның iшiнде қарыз алушылардың бұрын берiлген кредиттер бойынша қайтарғанын, қарыздар бойынша сыйақы мен өзге де кiрiстердi, сондай-ақ тұрақсыздық айыптарын, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды, банктiң аванстық төлемдерiнiң қайтарылуын, сондай-ақ банкке меншiк құқығында тиесiлi бағалы қағаздарды өтеуден болған қаражатты қоса алғанда, бұрын жасалған мәмiлелерден болған кiрiстердiң есепке жазылуын бақылайды;

      6) "Мерзiмiнде төленбеген төлем құжаттары" шоттары бойынша картотекадан төлем құжаттарын қайтарады;

      7) банктің клиенттеріне банктің сейфтік ұяшықтарында орналастырылған мүліктерін қайтарады;

      8) № 207 қағидаларда айқындалған тәртіппен банк клиенттерінің ағымдағы шоттарын жабады;

      9) банктің банк шоттарын салыстырып тексереді, шетелдік банктердегі және Қазақстан Республикасының банктеріндегі корреспонденттiк шоттардан ақшаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттiк шоттарға аударады және шетелдік банктердегі және Қазақстан Республикасының банктеріндегі корреспонденттiк шоттарды жабады;

      10) егер Қазақстан Республикасының банк заңнамасында және Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, ұйымда белгіленген тарифтер мен мөлшерлемелерге сәйкес ұйымның қызметі үшін ақы алады.";

      18-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде Сақтандыру туралы заңның 54-1-бабында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14787 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 303 қаулысымен бекітілген Сақтандыру портфелін беру қағидаларында және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктерінде көзделген тәртiппен уәкiлеттi органмен келiсiлуге тиiс сақтандыру портфелiн табыстау туралы шешiм қабылдайды;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттарын және мүлкін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан уақытша әкімшіліктің басшысына (уақытша әкiмшісіне) қабылдау-өткізудің жиынтық актісіне қол қойған күннен бастап күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шарттарының тiзiлiмiн ұсынады;";

      19-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Егер ұйымның басшылары және қызметкерлері немесе олардың тапсыруы бойынша әрекет ететін өзге адамдардың заңсыз әрекет жасауы немесе әрекет етпеуі арқылы уақытша әкімшілік оған жүктелген қызметтерді толық немесе ішінара жүзеге асыра алмайтын жағдайлар жасаса, уақытша әкімшілік кедергі ету туралы актіні жасайды.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Лицензиядан айырған және уақытша әкімшілікті тағайындаған күннен бастап ұйым Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген шығыстарға байланысты жағдайларды қоспағанда, қаржылық қызметті, оның ішінде бар шоттар бойынша операцияларды жүзеге асыруды тоқтатады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Еңбекке ақы төлеу шығыстары ұйымның бар филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, ұйым қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу шығындарын көздейді.

      Еңбекке ақы төлеу бөлігіндегі шығыстар сметасын қалыптастыру кезінде есеп айырысулар жасалған еңбек шарттарына, ақылы қызмет көрсету шарттарына және жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарға негізделеді.

      Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу талаптарын өзгертуді уақытша әкімшілік 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 46-бабына сәйкес жүзеге асырады.";

      29 және 31-тармақтар алып тасталсын;

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Болжанбаған шығыстар уақытша әкімшіліктің кезек күттірмейтін қажеттіліктеріне жұмсалатын, Қағидалардың 25- тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделмеген, мөлшері банк үшін – 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіштен және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін – республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жоспарланбаған шығындарын білдіреді.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Ревизия сақтау орындарындағы (кассалардағы, банкоматтардағы, қоймалардағы, жеке материалды жауапты тұлғалардағы (сейфтердегі және құндылықтарды сақтаудың басқа орындарындағы) барлық банкноталарды, монеталарды, қатаң есептегі бланктерді, өзге құндылықтарды және құжаттарды тексерумен жүргізіледі. Ревизияның нәтижелері актімен ресімделеді.

      Қолма-қол ақшаның және (немесе) құндылықтардың кем шығуы расталғанда материалды жауапты тұлға уақытша әкімшіліктің басшысына түсіндірме жазба ұсынады.

      Қолма-қол ақшаның кем шығуы жөніндегі бұзушылық фактісі анықталғанда материалды жауапты тұлға ревизия нәтижелері бойынша акті ресімдеу күні құралған қолма-қол ақшаның кем шығуын өтейді.

      Материалды жауапты тұлға қолма-қол ақшаның кем шығу сомасын өтей алмаған (өтеуден бас тартқан) жағдайда осы факті бойынша құжаттар құқық қорғау органдарына немесе сотқа тапсырылады.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Түгендеу нәтижелері бойынша уақытша әкімшілік ұйымның мүлкі мен құжаттарын түгендеу (салыстырып тексеру) нәтижелерін ескере отырып, оларды қабылдайды, ал ұйымның басшысы, бас бухгалтері және қызметкерлері тапсырады.

      Ұйымның бұрынғы басшылығынан уақытша әкімшілік басшысына ұйымның құжаттары мен мүлкін қабылдап-өткізу 3 (үш) данада жасалатын қабылдап-өткізу актісімен ресімделеді. Бір қабылдап-өткізу актісі уәкілетті органға жіберіледі.

      Ұйымның құжаттары мен мүлкін қабылдап-өткізу актісі ұйымның бұрынғы басшылығына актіні алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын қол қою мерзімімен жіберіледі.

      Ұйымның бұрынғы басшылығы қабылдап-өткізу актісіне қол қоймаған жағдайда бұл туралы белгі қойылады және Қағидалардың 19 және 20-тармақтарына сәйкес кедергі ету туралы акті жасалады.";

      Қосымшаға сәйкес нысан бойынша Уақытша әкімшіліктің шығыстар сметасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Банктерді қадағалау департаменті (Қизатов О.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 сәуірдегі
№ 72 қаулысына
қосымша
  Банктің, сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымының
уақытша әкімшілігін
(уақытша әкiмшісін) тағайындау
және оның өкілеттіктері
қағидаларына
қосымша
  Нысан
  "Бекітілді"
  Уақытша әкімшілік басшысы
____________________________
(қолы)
  20___ жылғы "____"
  ____________

      ______________________________________________________________

      ұйымның атауы

уақытша әкімшілігінің __________________ жылғы ______ айындағы шығыстарының сметасы

Шығыстар баптарының атауы

Жоспарланған шығыстар сомасы (мың теңге)

1

2

3

1

Қызметкерлерге еңбекақы төлеу


1.1

Уақытша әкімшілік басшысына және мүшелеріне, сондай-ақ еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін ұйымның қызметкерлеріне еңбекақы төлеу


1.1.1

Лауазымдық еңбекақы


1.1.2

Табыс салығы


1.1.3

Міндетті зейнетақы жарналары


1.2

Өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсететін тұлғаларға еңбекақы төлеу


2

Бюджетке аударымдар


2.1

Салықтар


2.2

Төлемдер


2.3

Өзге де салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер


3

Әкімшілік шығыстар


3.1

Қызметтік және шаруашылық қажеттікке арналған көлікті жалдау қызметтері


3.2

Байланыс қызметтері (телекоммуникация шығыстары, телефон, телеграф пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесу, почта және анықтама қызметтерінің қызмет көрсету шығыстары)


3.3

Үйлер мен ғимараттарды (меншікті және кепілге қойылған мүлікті) күзету және сигнализация қызметтері


3.4

Көлікті күзету қызметі


3.5

Көліктерге арналған тұрақтар ұсыну қызметі


3.6

Көлік тіркеу қызметі


3.7

Көлікті техникалық бақылаудан өткізу қызметі


3.8

Көлікті сақтандыру қызметі


3.9

Коммуналдық қызметтер


3.10

Мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылатын негізгі құрал-жабдықтарды және тауар-материалдық құндылықтарды ағымдағы жөндеу, техникалық сервистік қызмет көрсету (тексеру), демонтаж жұмыстары


3.11

Үй-жайды жалдау


3.12

Тіркеу органдарында жылжымайтын мүлікті және тиісті құжаттаманы тіркеу қызметі


3.13

Мүлікті бағалау қызметі


3.14

Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қызметі


3.15

Жылыту жүйесін іске қосуға дайындау қызметі


3.16

Сантехникалық жұмыстар


3.17

Мүлікті сақтау қызметі


3.18

Құжаттарды нотариалды куәландыру және аппостильдеу қызметі


3.19

Мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру қызметі


3.20

Сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қызметі


3.21

Инкассациялау қызметі


3.22

Сараптама өткізу қызметі


3.23

Бағдарламалық қамтамасыз етуге қызмет көрсету


3.24

Құжаттарды аудару қызметі


3.25

Телефон нөмірлерін орнату, ауыстыру немесе көшіру


3.26

Бағалы қағаздарды тіркеуші қызметі


3.27

Құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу қызметі


3.28

Банк шотына қызмет көрсету, банк шотын ашпай жүзеге асырылған ақша аударымы және төлемі бойынша қызмет


3.29

Жеке сот орындаушыларының қызметі


3.30

Қызметкерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру қызметі


3.31

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар


4

Тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу шығыстары


4.1

Офистік жабдықты жұмыс күйінде ұстауға арналған шығыстар


4.2

Көлік құралдарын ұстауға арналған шығыстар


4.3

Үй-жайларды ұстауға арналған шығыстар


4.4

Қағаз және бланк өнімдер сатып алуға арналған шығыстар


4.5.

Кеңсе тауарларын сатып алуға арналған шығыстар


4.6

Жанар-жағар май материалдарын сатып алуға арналған шығыстар


5

Іссапар шығыстары


6

Жаңылыс нұсқау бойынша келіп түскен ақшаны қайтару шығыстары


7

Банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру бойынша операцияларды жүргізуге арналған банк шығыстары


8

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық көлемде сақтандыру портфелін басқа сақтандыру ұйымына беру бойынша шығыстары


9

Кездейсоқ шығыстар


Айына жиынтығы


      Бас бухгалтер ________________________________________ ________

      (тегі, аты, әкесінің аты) (ол бар болса)             (қолы)

      Орындаушы ________________________________________ _________

      (тегі, аты, әкесінің аты) (ол бар болса)             (қолы)

      Телефон нөмірі ___________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады