Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және оларды қарау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 365 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 маусымда № 17003 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертуі!
      Осы бұйрық 29.06.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 188-бабының 6-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 14.09.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және оларды қарау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2018 жылғы 23 мамырдағы
№ 365 бұйрығымен
бекітілген

Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруге өтініштерді беру және оларды қарау қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 14.09.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруге өтініштерді беру және оларды қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 188-бабының 6-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдаң әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруге өтініштерді беру және оларды қарау тәртібін айқындайды.

      2. "Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

      4. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасымен айқындалатын аумақтар бойынша беріледі. Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасын Кодекстің 60-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітеді.

      5. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруге арналған өтініште көрсетілген аумақ екі жүз блоктан аспауы тиіс.

      6. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны:

      1) Кодекстің 25-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда;

      2) көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін басқа тұлғаның пайдалануындағы, оның ішінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа тау-кендік теліммен не Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін оның келісімінсіз өткізілген тікелей келіссөздердің нәтижелері бойынша немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың қорытындылары бойынша қол қойылған, көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты жасасу туралы қолданыстағы хаттамада айқындалған жер қойнауы учаскесі аумағының шегінде толық орналасқан блокқа қатысты;

      3) жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген жер қойнауы учаскесі аумағының, оның ішінде барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшартқа тау-кендік теліммен айқындалған келісімшарттық аумақ , сондай-ақ оған қатысты Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін өткізілген тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша не жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс қорытындылары бойынша келісімшарт жасасу туралы хаттама қолданылатын аумақ шегінде толық орналасқан блокқа қатысты;

      4) пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған басқа лицензия бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлау учаскесінің аумағына, оның ішінде пайдалы қатты қазбалар немесе кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа геологиялық бөлуде айқындалған келісімшарттық аумаққа, сондай-ақ оған қатысты Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін өткізілген тікелей келіссөздердің нәтижелері бойынша не жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың қорытындылары бойынша пайдалы қатты қазбаларды немесе кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға келісімшарт жасасу туралы хаттама қолданылатын пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау жөніндегі келісімшартқа геологиялық бөлуде айқындалған аумаққа толық немесе ішінара жататын блокқа қатысты;

      5) пайдалы қатты қазбаларды өндіру учаскесі аумағының немесе пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруге өтініш берілген аумақтың, оның ішінде пайдалы қатты қазбалар немесе кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісімшартқа тау-кендік теліммен айқындалған келісімшарттық аумақ, сондай-ақ оған қатысты Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін өткізілген тікелей келіссөздердің нәтижелері бойынша не жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың қорытындылары бойынша пайдалы қатты қазбаларды немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге келісімшарт жасасу туралы хаттама қолданылатын аумақ шегінде толық орналасқан блокқа қатысты;

      6) пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру салдарларын жою жүргізілетін аумақ шегінде толық орналасқан блокқа қатысты;

      7) уран өндіру учаскесі аумағының шегінде толық орналасқан блокқа қатысты беруге жол берілмейді.

      7. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия толық блоктардан басқа мынадай толық емес (ішінара) блоктарға да:

      1) жақтары толық;

      жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген, оның ішінде барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшартқа тау-кендік теліммен не Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін өткізілген тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс қорытындылары бойынша келісімшарт жасасу туралы қолданыстағы хаттамамен айқындалған жер қойнауы учаскесінің аумағын;

      жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген, оның ішінде барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшартқа тау-кендік теліммен не Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін өткізілген тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс қорытындылары бойынша қол қойылған, қолданыстағы барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған хаттамамен айқындалған жер қойнауы учаскесінің аумағын;

      пайдалы қатты қазбаларды өндіру учаскесінің аумағы немесе пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруге арналған өтініші бар, оның ішінде пайдалы қатты қазбалар немесе кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісімшартқа тау-кендік теліммен не Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін өткізілген тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша не жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың қорытындылары бойынша қол қойылған пайдалы қатты қазбаларды немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшартты жасасу туралы қолданыстағы хаттамамен айқындалған, пайдалы қатты қазбалар немесе кең таралған пайдалы қазбаларды барлау учаскесінің аумағын;

      пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру салдарларын жою жүргізілетін аумақты;

      уран өндіру учаскесінің аумағын қамтитын блокқа;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген аумақтарда (аумақта) ішінара орналасқан блоктың басқа толық емес (ішінара) немесе толық блокпен ең болмағанда бір ортақ жағы болған және осындай ортақ жағы көрсетілген аумақтарда орналаспаған жағдайда, осындай блоккқа;

      3) Кодекстің 25-бабының 1-тармағында көрсетілген аумақтарға ішінара жатқызылатын блокқа қатысты беріледі.

      Барлауға арналған лицензияға көмірсутектерді немесе пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жер қойнауы учаскесінің ішінара аумағына шығатын блокты енгізуге осы учаскелер бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.

      Барлау учаскесінің аумағы осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген аумақтардың шекаралары бойынша, оның ішінде толық емес (ішінара) блоктардан қалыптастырылды деп есептеледі. Барлауға арналған лицензияға енгізілген толық емес (ішінара) блокты қалыптастыру үшін негіз болған мән-жайлар тоқтатылған кезде барлау учаскесі аумағының шекараларын айқындау мақсатында осы блок толық деп танылады..

      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген қағида Кодекстің 25-бабының 1-тармағында көрсетілген аумақтарға ішінара жатқызылатын және барлау учаскесінің аумағына енгізілген блоктарға қолданылмайды. Осындай блоктар шегінде бұл блоктар Кодекстің 25-бабының 1-тармағында көзделген аумақтар мен объектілерді қозғайтын бөлікте жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салу қолданылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      8. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін "Minerals.gov.kz" жер қойнауын пайдаланушылардың бырыңғай платформасы (бұдан әрі - ЖҚПБП) арқылы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес "Пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензияны беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген, көзделген құжаттармен бірге пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беру туралы өтініш береді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жер қойнауы мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына алғаш рет енгізілетін және Кодекстің 278-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген аумақтарға жатпайтын аумақтар шегінде пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беру туралы өтініштерді қабылдаудың басталу күні Кодекстің 60-бабының 1) тармақшасына сәйкес бекітілетін жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасында көзделген күн болып табылады, бірақ жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасы бекітілген немесе оған тиісті өзгерістер енгізілген күннен бастап екі айдан ерте емес.

      Егер өтініште көрсетілген барлау аумағы осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген жағдайларда блоктың бір бөлігін қамтыса, өтінішті қарау кезінде лицензия шарттарын айқындау мақсаттары үшін көрсетілген блок толық болып есептеледі..

      Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелері нотариаттық куәландыруға жатады.

      Өтініш қазақ және орыс тілдерінде беріледі. Өтінішке қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалады. Өтінішке қоса берілетін, шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері қазақ және орыс тілдеріне аударылып ұсынылады, олардың дұрыстығын нотариус куәландырады.

      9. Өтінішті беру сәті өтініштің "Minerals.gov.kz" ЖҚПБП арқылы көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен күні мен уақыты болып танылады және есепке алуға жатады.

      10. Өтініштер "Minerals.gov.kz" ЖҚПБП-да бірегей есептік нөмірді, тіркеу күні мен уақытын (сағатын, минутын) көрсете отырып тіркеледі.

      Әрбір өтініш жеке тіркеледі.

      11. Берілген өтініш туралы мәліметтер жауапты қызметкермен өтініш берілген күннен бастап екі күн ішінде құзыретті органның интернет-ресурсында және "Minerals.gov.kz" ЖҚПБП-да орналастырылуға тиіс және мыналарды қамтиды:

      1) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      заңды тұлғалар үшін - өтініш берушінің атауы;

      2) өтініш беруші пайдалы қатты қазбаларды барлау үшін пайдалануға беруді сұрайтын жер қойнауы учаскесін айқындайтын блоктың (блоктардың) коды не аумақтың координаттары;

      3) өтініштің келіп түскен күні мен уақыты.

      Көрсетілетін қызметті беруші Интернет-ресурста және "Minerals.gov.kz" ЖҚПБП-да орналастырылған мәліметтерді өтініштерді қарау нәтижелері бойынша лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы белгімен толықтырады.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және осы Қағидалардың қосымшаның 9-тармағында көзделген пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия беруден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде, сондай-ақ осы Қағидалардың 16 және 17-тармақтарының ережелерін ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушыға Кодекстің 198-бабында көзделген қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      13. Хабарлама өтініш берушіге жіберілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында және "Minerals.gov.kz" ЖҚПБП-да орналастырылады.

      14. Пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді өтініш беруші көрсетілетін қызметті берушіге хабарлама жіберілген күннен бастап қырық жұмыс күнінен кешіктірмей "Minerals.gov.kz" ЖҚПБП арқылы береді.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын тиісінше қамтамасыз ету ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей береді не хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында және "Minerals.gov.kz" ЖҚПБП-да орналастырған күннен бастап 35 (отыз бес) жұмыс күні өткен соң оны беруден бас тартады.

      15. Егер өтініште көрсетілген аумаққа осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген блок немесе мәлімделген аумақтың басқа блогымен ортақ жағы жоқ блок жатса, мұндай блок лицензияға енгізілмейді, бұл туралы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны "Minerals.gov.kz" ЖҚПБП арқылы хабардар етеді. Хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оған ұсынылатын блоктардың барлығынан немесе бөліктерінен бас тартады. Егер көрсетілген мерзім өткен соң көрсетілетін қызметті алушы барлық блоктардан бас тартпаса немесе блоктардың бір бөлігінен бас тартпаса, өтініш мәні бойынша осы тармақтың ережелерін ескере отырып қаралады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес жіберілетін хабарламада мәлімделген аумақтың Кодекс талаптарына анықталған сәйкессіздіктері туралы көрсетіледі.

      Егер өтініште көрсетілген қандай да бір толық емес (ішінара) блок немесе толық емес (ішінара) блоктар осы Қағидалардың 7-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген шарттарға сәйкес келмесе, осы блок (блоктар) Кодекстің 188-бабы бірінші бөлігінің қағидалары бойынша лицензияға енгізілмейді.

      16. Осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген жағдайда, өтініш лицензияға енгізілуге жатпайтын блоктарды және өтініш беруші бас тартқан блоктарды қоспағанда, өтініште көрсетілген блоктарға қатысты қаралады.

      17. Егер 15 және 16-тармақтардың ережелерін қолдану нәтижесінде блоктар Кодекстің 19-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін бөлек жер қойнауы учаскелерін пайдалануға беруге жататын екі және одан да көп жер қойнауын қалыптастырса, көрсетілетін қызметті беруші осындай жер қойнауы учаскелерінің әрқайсысына жеке лицензиялар береді. Бұл жағдайда лицензия беру үшін қосымша алым алынбайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген блоктардың кез келгенімен ортақ жағы жоқ блоктарды лицензия беруге арналған өтінішті қарау кезінде көрсетілетін қызметті беруші назарға алмайды.

      18. Егер лицензия беруге арналған өтініште көрсетілген блок толық болмаса, мұндай толық емес блок Кодекстің 27-тарауының ережелеріне қайшы келмеген жағдайда берілетін лицензияға енгізілуге жатады.

      Егер пайдалы қатты қазбаларды барлауға берілген лицензия толық емес (ішінара) блокты қамтыса, блоктар санын есептеу мақсатында бұл блок толық қаралады.

      19. Сол бір блокты қамтитын пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензиялар беруге арналған өтініштерді көрсетілетін қызметті беруші олардың түсу кезектілігі тәртібімен қарайды.

      20. Қабылдау басталған күннен бастап бір ай ішінде келіп түскен, жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына алғаш рет енгізілетін аумақтар шегінде пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензиялар беруге арналған өтініштер осы Қағидалардың 12, 13, 14, 15, 16, 17-тармақтарында көзделген ережелер ескерілмей қаралады және бірдей басымдыққа ие болып есептеледі.

      Сәйкес келетін блоктар болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген өтініштерді қабылдау аяқталған күннен кейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 12, 13, 14-тармақтарына сәйкес Кодекстің 198-бабында көзделген пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну қажеттігі туралы хабарламаны жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын тиісінше қамтамасыз ету ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей береді не хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында және "Minerals.gov.kz" ЖҚПБП-да орналастырылған күннен бастап 35 (отыз бес) жұмыс күні өткен соң оны беруден бас тартады.

      Егер осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген мерзім ішінде келіп түскен өтініштерді қарау нәтижесінде лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданбаған сол бір блок (блоктар) бірнеше өтініштерге енгізілгені анықталса, осы блок (блоктар) бойынша көрсетілетін қызметті алушылар арасында Кодекстің 278-бабы 6-тармағының екінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші айқындайтын тәртіп пен мерзімде аукцион өткізіледі.

      21. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген өтініштерді қабылдау аяқталған күннен кейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей бірден астам өтініш берілген блоктарды айқындайды және тиісті көрсетілетін қызметті алушыларға сәйкес келетін блоктар туралы хабарлама жібереді.

      Өтініш берушіге сәйкес келетін блоктар туралы хабарламаны және аукционға қатысуға шақыруды көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өзінің лицензияға берген өтінішінде көрсетілген электрондық мекенжайына жібереді. Көрсетілген хабарламада аукцион өткізу туралы хабарлама жарияланатын тізілімнің веб-порталы туралы нақты мәліметтер, басымдығы аукцион қорытындылары бойынша айқындалуға жататын көрсетілетін қызметті алушының блоктарының кодтары және аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін нұсқаулыққа сілтеме де болуға тиіс.

      22. Аукционды өткізу туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті беруші тізілімнің веб-порталында осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес хабарлама жіберілгеннен кейін 10 (он) жұмыс күнінен кейін мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.

      23. Аукцион 10 (он) жұмыс күнінен ерте емес, бірақ аукцион өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      24. Объект бойынша сауда-саттық қатысушылардың бірі қол қою бонусының барынша расталған мөлшеріне дейін жүргізіледі. Бір ғана қатысушы тіркелген аукцион, егер қатысушы қол қою бонусының бастапқы мөлшерін растаған болса, өтті деп танылады.

      Әрбір сатылған объекті бойынша аукцион қорытындылары аукцион өткізілетін күні электрондық цифрлық қолтаңба бар құзыретті орган тізілімнің веб-порталында қол қоятын аукцион қорытындылары туралы хаттамамен ресімделеді.

      Аукцион қорытындылары туралы хаттама аукцион қорытындыларын және қатысушы растаған қол қою бонусының мөлшерін төлеу жөніндегі міндеттемелерді тіркейтін құжат болып табылады.

      25. Аукцион қорытындысы бойынша блокты (блоктарды) лицензияға қосуға басымдық аукцион жеңімпазына ол берген лицензияға өтінішке сәйкес беріледі.

      Қол қою бонусының ең жоғары мөлшерін растаған қатысушы аукционның (сауда-саттықтың) жеңімпазы болып танылады.

      Қол қою бонусын жеңімпаз аукцион қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей төлеуге тиіс.

      26. Осы Қағидалардың 25-тармағына сәйкес қол қою бонусы төленбеген жағдайда, аукцион қорытындыларының тізіліміне сәйкес әрбір келесі қатысушы кезектілік тәртібімен ол растаған қол қою бонусының мөлшерін ескере отырып, жеңімпаз болып есептеледі. Келесі қатысушыға да лицензияға берілген өтінішке сәйкес лицензияға блокты (блоктарды) қосуға басымдық беріледі. Бұл жағдайда қол қою бонусы жеңімпаз мәртебесін жоғалтқан аукционның алдыңғы қатысушысы үшін қол қою бонусын төлеу мерзімі өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде төленуге тиіс.

      Қатысушылардың ешқайсысы қол қою бонусын төлемеген жағдайда, ЭЦҚ-сы бар құзыретті орган тізілімнің веб-порталында аукцион нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды.

      27. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға қол қойылған бонус сомасы төленген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензия береді не 5 (бес) жұмыс күні өткеннен кейін оны беруден бас тартады.

      28. Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік – процестік Қодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73 бабына сйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші оң нәтиже немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды ресімдейді.

      29. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензия беру немесе дәлелді бас тарту болып табылады.

      30. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "Minerals.gov.kz" ЖҚПБП-дегі жеке кабинетіне жіберіледі.

      31. Өтініште көрсетілген мәліметтерде лицензияны мәні бойынша беру туралы шешім қабылдауға әсер етпейтін және анықталатын, сондай-ақ өтінішке қоса берілген құжаттармен салыстыру арқылы тексерілетін грамматикалық немесе арифметикалық қателердің, қате жазулардың болуы (блок (блоктар) туралы мәліметтерден басқа) лицензия беруден бас тартуға негіз болып табылмайды.

      32. Осы Қағидалардың қосымшаның 9-тармағының 9) тармақшасына сәйкес бас тарту мұндай бас тартуға негіз болған себептер көрсетілмей шығарылады.

      33. Лицензия беруден бас тарту көрсетілетін қызметті алушыны өтінішті қайта беру құқығынан айырмайды.

      34. Осы өтініш қаралған кезде пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған басқа лицензияға енгізілген блоктарды ғана қамтитын қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия беруге арналған өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.

      35. Кезекті өтініш алдыңғы қаралған өтініш бойынша лицензия беруден бас тартқаннан кейін ғана қаралады.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіні "Minerals.gov.kz" ЖҚПБП арқылы алдыңғы өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы хабардар болған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні өткен соң кезекті өтінішті қарауға кіріседі.

      Егер бас тарту туралы шешімге көрсетілетін қызметті алушы сотқа шағым жасаса, кезекті өтінішті қарау туралы мәселені шағымды қарау нәтижелері бойынша сот шешімі күшіне енгеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші шешеді.

      36. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      37. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен немесе өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      38. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, шағымды қарайтын орган жүргізеді.

      Шағымдар шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымды қарайтын органның атына келіп түскен шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      39. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

  Пайдалы қатты қазбаларды
барлауға арналған лицензияны
беруге өтініштерді беру және
оларды қарау қағидаларына
қосымша

"Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 17.05.2024 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "Minerals.gov. kz" жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформа (бұдан әрі – "Minerals.gov. kz" ЖҚПБП) арқылы жүзеге асырылады

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензиялар беру:
1) өтініштің Қағидаларға сәйкестігін қарау және пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жіберу не өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тарту– 10 жұмыс күні;
2) лицензия беру немесе дәлелді бас тарту - 45 жұмыс күні.
жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына алғаш рет енгізілетін аумақтар шегінде пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензиялар беру:
1) өтініштің Қағидаларға сәйкестігін қарау және пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жіберу не өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тарту – 20 жұмыс күні;
2) лицензия беру немесе дәлелді бас тарту - 45 жұмыс күні.
аукцион арқылы пайдалы қ қатты азбаларды барлауға лицензиялар беру:
1) Өтініш берушіге сәйкес блоктар туралы хабарлама және аукционға қатысуға шақыру – 20 жұмыс күні;
2) Аукцион өткізу туралы хабарлама-10 жұмыс күні;
3) Аукцион өткізу-15 жұмыс күні;
4) Қол қою бонусын төлеу - аукцион қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 20 жұмыс күні (әрбір келесі үшін жеңімпаз қол қою бонусын төлемеген жағдайда 10 жұмыс күні);
5) лицензия беру немесе қол қойылған бонус сомасын төлемеген жағдайда, дәлелді бас тарту – 5 жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензиялар беру немесе дәлелді бас тарту.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Төлем Кодекстің 201-бабы және 277-бабының 11-тармағы шеңберінде лицензияны беруді қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 727-бабына сәйкес жүзеге асырылады

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) "Minerals.gov. kz" ЖҚПБП – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, мереке және демалыс күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.);
2) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикадағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1. Өтініш мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттары туралы мәліметтер;
заңды тұлғалар үшін – көрсетілетін қызметті алушының атауы; оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді немесе өтініш берушінің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат), көрсетілетін қызметті алышуны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын басшылар, заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер;
2) егер мұндай адамды өтініш беруші тағайындаған болса, өтініш беру кезінде көрсетілетін қызметті алушының атынан әрекет ететін адамның өкілеттігін растайтын құжат;
3) көрсетілетін қызметті алушы сұрау салынған жер қойнауы учаскесінде жүргізуге ниетті барлау жөніндегі жұмыстардың түрлерін, әдістерін, тәсілдерін, шамамен мерзімдерін және көлемдерін жазбаша сипаттау;
4) егер сұрау салынатын учаскеде немесе оның бір бөлігінде мұндай адам жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын болса, адамның пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруге келісімі;
5) көрсетілетін қызметті алушының пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға қаржылық және кәсіптік мүмкіндіктері бар екенін растайтын құжаттар;
6) егер сұратылып отырған жер қойнауы учаскесінің аумағы елді мекендердің жерлеріне және оларға іргелес жатқан аумақтарға бір мың метр қашықтықта толық немесе ішінара қатысты болса, Кодекстің 25-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жергілікті халықты әлеуметтік-экономикалық қолдау туралы келісім;
7) көрсетілетін қызметті алушының республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын, өтініш берілген күннің алдындағы күнтізбелік он күннен ерте емес берілген салық органының салық берешегінің жоқтығы туралы анықтамасы.
Осы Қағидалардың 5-тармағының екінші абзацына сәйкес берілген пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беру туралы өтінішке осы тармақта көзделген құжаттардан басқа, өтініш берушінің өндірістік қызметі (технологиялық процесі) жер қойнауын пайдаланумен байланысты (байланысты) екенін растайтын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның қорытындысы қоса беріледі.
2. Көрсетілетін қызметті алушының барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жеткілікті қаржылық мүмкіндіктерінің болуын растау үшін мынадай құжаттардың бірі ұсынылады:
1) отыз күн мерзім ішінде көрсетілетін қызметті алушыда лицензияны беруге өтініш берілген күннің алдындағы үш ай шегінде сұрау салынатын лицензиялар қолданысының бірінші жылында барлауға талап етілетін ең төменгі шығыстарды жабу үшін жеткілікті мөлшерде ақшаның болуын (қалдығын) растайтын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі немесе Ұлттық пошта операторындағы банктік шоты бойынша ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірме.
Егер қаражаттың қозғалысы жөніндегі операциялар нәтижесінде мәлімделген отыз күндік кезеңнің қандай да бір күнінде ақша қаражатының қалдығы осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында талап етілгеннен кем болып табылса, онда мұндай үзінді өтініш берушінің қаржылық мүмкіндіктерінің бар екенін растайтын құжат болып танылмайды. Өтініш берушіде қаржылық мүмкіндіктерді растау мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банкте бірнеше шоттар болған кезде үзінді көшірмелер ұсынылған бірнеше шоттар бойынша ақша қаражатының қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер де жиынтығында ескерілуі мүмкін;
2) қарыздың нысаналы мақсаты ретінде пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі өтініш берушінің қызметін қаржыландыруды көздейтін, сондай-ақ сұрау салынатын лицензияның қолданылу бірінші жылында барлауға талап етілетін ең төмен шығыстарды жабу үшін жеткілікті қарыз (қаржыландыру) сомасын растайтын ақша қарызы шартының (қарыздың алдын ала шарты) немесе қызметті қаржыландыру туралы шарттың көшірмесі;
3) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жасалған, лицензияны беруге өтініш берілген күннің алдындағы қатарынан алты күнтізбелік ай немесе алдыңғы күнтізбелік жыл үшін дайындалған, онда өтініш берушінің таза активтерінің мөлшері оның міндеттемелерінен сұрау салынатын лицензия қолданысының бірінші жылындағы барлауға арналған ең төмен шығыстардың шамасына асатын аудиторлық есебі бар қаржылық есептілігі;
4) Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын қор биржасы танитын рейтингтік агенттіктің өтініш берушіге өтініш берілген күннің алдындағы жыл ішінде көрсетілетін қызметті беруші айқындайтын ең төмен рейтингтік бағалаудан төмен емес рейтингтік баға беру туралы хаты.
Егер көрсетілетін қызметті алушының қаржылық мүмкіндіктерінің бар екендігін растайтын құжат ретінде қарыз шартының (қарыздың алдын ала шартының) немесе қарыз беруші қаржы ұйымы болып табылмайтын тұлға әрекет ететін (қаржыландыратын) қызметті қаржыландыру туралы шарттың көшірмесі ұсынылса, өтінішке осы адамның осы тармақтың 1), 3) немесе 4) тармақшаларында көзделген қаржылық мүмкіндіктерінің бар екендігін растайтын құжаттардың бірі қосымша қоса беріледі.
3. Көрсетілетін қызметті алушының барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жеткілікті кәсіби мүмкіндіктерінің болуын растау үшін мынадай құжаттардың кез келгені ұсынылады:
1) штатта маманның болуы туралы анықтама немесе геология немесе геофизика саласындағы маманмен қызметтер көрсету шартының көшірмесі;
2) көрсетілетін қызметті алушыға осы тармақтың 1) тармақшасында санамаланған мамандардың бірі бар сұрау салынған барлауға лицензия берілген жағдайда, мердігер ұйыммен көрсетілетін қызметтерді көрсету шартының немесе Кодекстің 6-тарауына сәйкес өтініш беруші тағайындайтын оператордың көрсетілетін қызметтерді көрсету шартының көшірмесі.
Егер көрсетілетін қызметті алушының кәсіби мүмкіндіктерінің бар екендігін растайтын құжат ретінде мердігер ұйыммен қызмет көрсету шартының немесе Кодекстің 6-тарауына сәйкес өтініш беруші тағайындайтын оператордың қызметтер көрсету шартының көшірмелері ұсынылса, өтінішке қосымша тартылатын ұйымның (оператордың) штатында осы тармақтың бірінші бөлімнің 1) тармақшасында көрсетілген мамандардың бірінің бар екендігі туралы анықтама немесе тиісті маманмен қызмет көрсету шартының көшірмесі қоса беріледі.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарда белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздердің бірі болған кезде:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы;
4) өтініш немесе оған қоса берілетін құжаттар Кодексте көзделген талаптарға сәйкес келмесе;
5) өтінішке осы Қағидаларда талап етілетін құжаттар қоса берілмесе;
6) өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан немесе көрсетілетін қызметті алушыны тікелей немесе жанама бақылайтын немесе оның бақылауындағы адамнан толық немесе ішінара сұратылған жер қойнауы учаскесін қамтитын, пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия кері қайтарып алынса;
7) сұрау салынатын аумақ толығымен осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген аумаққа және (немесе) блоктарға жататын болса;
8) өтініш берілгенге дейін күнтізбелік бір жыл ішінде көрсетілетін қызметті алушы немесе өтініш берушіні тікелей немесе жанама бақылайтын немесе оның бақылауындағы адам сұрау салынатын жер қойнауы учаскесінен немесе оның бір бөлігінен бас тартса;
9) лицензияны беру елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруге немесе жер қойнауын пайдалану құқықтарының шоғырлануына әкеп соқса;
10) сұратылып отырған жер қойнауы учаскесінің аумағы мөлшері бойынша шектен асып кетсе немесе осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
11) өтініш берілген күннің алдындағы бес жыл ішінде көрсетілетін қызметті алушы немесе көрсетілетін қызметті алушыны тікелей немесе жанама бақылайтын немесе оның бақылауындағы адам өз пайдалануындағы жер қойнауы учаскелерінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарларын жою жөніндегі міндеттемелерді орындамаса немесе тиісінше орындамаса;
12) көрсетілетін қызметті алушының Кодекс талаптарына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын тиісінше қамтамасыз етуді көрсетілетін қызметті беруші ұсыну мерзімін сақтамаса, лицензияны беруден бас тартады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасында құзыретті органның жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына алғаш рет енгізілетін және осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген аумақтарға жатпайтын аумақтар шегінде пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияларды беруге өтініштерді қабылдауды бастау күні көзделуге тиіс деп белгіленсін. Көрсетілген күн жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасы бекітілген немесе оған тиісті өзгерістер енгізілген күннен бастап екі айдан ерте белгіленбейді.
Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына алғаш рет енгізілетін аумақтар шегінде пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияларды қараудың және берудің мынадай ерекшеліктері белгіленсін:
1) қабылдау басталатын күннен бастап бір ай ішінде келіп түскен өтініштер Кодекстің 188-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында көзделген ережелер ескерілмей қаралады және бірдей басымдығы бар деп есептеледі;
2) егер осы бөліктің 1) тармақшасында көзделген мерзім ішінде келіп түскен өтініштерді қарау нәтижесінде сол бір блок (блоктар) лицензияны беруден бас тарту туралы шешім қабылданбаған бірнеше өтініштерге енгізілгені анықталса, осы блок (блоктар) бойынша өтініш иелері арасында құзыретті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде аукцион өткізіледі. Өтініш иесінің аукционға қатысудан бас тартуы немесе аукционға келмей қалуы тиісті блок бойынша оның өтінімін қабылдамауға негіз болып табылады.
3) аукцион қорытындысы бойынша осы бөліктің 2) тармақшасында көрсетілген өтініштер бойынша лицензияларды беру аукционның жеңімпазы деп танылған адамның өтініші аукцион өткізілген блокқа (блоктарға) қатысты басым деп есептелетіні ескеріле отырып, Кодекстің 188-бабына және 189-бабының басымдығы туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Осы бөліктің 1) тармақшасында көзделген мерзім өткеннен кейін берілген, барлауға арналған лицензияны беруге өтініштер Кодекстің 27-тарауында көзделген, пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны қарау және беру туралы ережелерге сәйкес қаралады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған – www. miid. gov. kz.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 983-334, Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады