БҰЙЫРАМЫН:
1. "Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және оларды қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 365 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17003 болып тіркелген):
Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруге өтініштерді беру және оларды қарау қағидаларына қосымшадағы 8-жолдың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) отыз күн мерзім ішінде көрсетілетін қызметті алушыда лицензияны беруге өтініш берілген күннің алдындағы үш ай шегінде сұрау салынатын лицензиялар қолданысының бірінші жылында барлауға талап етілетін ең төменгі шығыстарды жабу үшін жеткілікті мөлшерде ақшаның болуын (қалдығын) растайтын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі немесе Ұлттық пошта операторындағы банктік шоты бойынша ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірме.
Егер қаражаттың қозғалысы жөніндегі операциялар нәтижесінде мәлімделген отыз күндік кезеңнің қандай да бір күнінде ақша қаражатының қалдығы осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында талап етілгеннен кем болып табылса, онда мұндай үзінді өтініш берушінің қаржылық мүмкіндіктерінің бар екенін растайтын құжат болып танылмайды. Өтініш берушіде қаржылық мүмкіндіктерді растау мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банкте бірнеше шоттар болған кезде үзінді көшірмелер ұсынылған бірнеше шоттар бойынша ақша қаражатының қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер де жиынтығында ескерілуі мүмкін;".
2. "Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру үшін өтініш беру және оны қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 366 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17001 болып тіркелген):
Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруге өтініштерді беру және оларды қарау қағидаларына қосымшадағы 8-жолдың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) өтініш берушіде лицензия беруге өтініш берілетін күннің алдындағы алты ай шегінде отыз күндік мерзім ішінде сұратылған лицензия қолданысының бірінші жылында өндіруге талап етілетін ең төмен шығыстарды өтеу үшін жеткілікті мөлшерде ақшаның тұрақты болуын (қалдығын) растайтын, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктегі немесе Ұлттық пошта операторындағы банктік шот бойынша ақша қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірме.
Егер қаражат қозғалысы бойынша операциялар нәтижесінде мәлімделген отыз күндік кезеңнің қандай да бір күнінде ақша қаражатының қалдығы осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында талап етілгеннен аз болса, онда мұндай үзінді-көшірме өтініш берушінің қаржылық мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжат болып танылмайды. Өтініш берушіде қаржылық мүмкіндіктерді растау мақсаттары үшін бір екінші деңгейдегі банкте бірнеше шоттар болған кезде жиынтығында олар бойынша үзінді-көшірмелер ұсынылған бірнеше шоттар бойынша ақша қаражатының қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтер де ескеріледі;".
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
А. Бейспеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі