Ресми статистикалық ақпараттың сапасын бағалау әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 63 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 маусымда № 17011 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ресми статистикалық ақпараттың сапасын бағалау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Қ.К. Орынханов) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
2018 жылғы 23 мамырдағы
№ 63 бұйрығымен
бекітілген

Ресми статистикалық ақпараттың сапасын бағалау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ресми статистикалық ақпараттың сапасын бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Әдістеме ресми статистикалық ақпараттың сапасын бағалаудың негізгі аспектілері мен өлшемшарттарын айқындайды.

      3. Әдістемені Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (бұдан әрі – Комитет) ресми статистикалық ақпараттың сапасын бағалау кезінде қолданады.

      4. Әдістемеде Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар және келесі анықтамалар пайдаланылады:

      1) ағымдардың айналы статистика бойынша ассиметриясы – елдер арасында кіріс және шығыс ағымдардың айырмашылығы немесе абсолютті айырмашылығы;

      2) дәлдік – есептеулердің шынайы мәндерге жуықтау дәрежесімен шартталған өлшемшарт;

      3) импутация – қалып кеткен, қате немесе басқа мәндермен мәні келмейтіндерді ауыстыру процесі;

      4) келісушілік - әртүрлі дереккөздерден алынған ресми статистикалық ақпаратты біріктіруге және бірге пайдалану мүмкіндігімен шартталған өлшемшарт;

      5) қолжетімділік және айқындылық – пайдаланушылар үшін ресми статистикалық ақпаратты алу, пайдалану және талқылау шарттары және мүмкіндіктерімен шартталған өлшемшарт;

      6) өзектілік – статистикалық деректердің пайдаланушылардың ағымдағы және мүмкін қажеттіліктеріне сәйкестігінің дәрежесімен шартталған өлшемшарт;

      7) салыстырмалылық – ресми статистикалық ақпаратты уақыт, өңірлер бойынша немесе басқа қызмет салалары бойынша салыстыру дәрежесімен шартталған өлшемшарт;

      8) уақтылық – ресми статистикалық ақпараттың пайда болу (жарияланымдар) күні мен ол сипаттайтын оқиға немесе құбылыстың арасындағы уақыт аралығымен шартталған өлшемшарт;

      9) ұқыптылық – ресми статистикалық ақпаратты жариялау күнінен бастап жоспарлы күнге дейінгі уақыт тежелісімен шартталған өлшемшарт.

2-тарау. Ресми статистикалық ақпараттың сапасын бағалау

      5. Ресми статистикалық ақпараттың сапасын бағалау ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыратын Комитеттің құрылымдық бөлімшелерімен Сапа бойынша есепте ұсынылған мәлеметтер негізінде өткізіледі.

      6. Сапа бойынша есеп ресми статистикалық ақпаратты құру әдіснамасының оны пайдаланушыларға ұсыну мақсатында сапасын бағалау өлшемшарттарына сәйкес келу дәрежесі туралы ақпаратты қамтиды. Сапа бойынша есепті толтыру бойынша құрылым осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген.

      7. Сапа бойынша есеп "е-статистика" интеграцияланған ақпараттық жүйесіндегі Метадеректер компонентінде (бұдан әрі – Метадеректер) қалыптастырылады және Комитетте ішкі келісім үшін қағаз форматында жүктеледі.

      8. Сапа бойынша есептерді сапа менеджменті жүйесінің мәселелеріне жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасары бекітеді. Бекітілген сапа бойынша есептер Комитеттің интернет-ресурсында жарияланады.

      9. Сапа бойынша есепте өзгерістер болмаған кезде сертификаттау күні ("Жаңартылған метадеректерді соңғы растау" S.3.1- тармағы) жаңартылады. Сапа бойынша есепке өзгерістер енгізу кезінде Комитеттің интернет-ресурсында сапа бойынша есептің өзектендірілген және қайта бекітілген нұсқасы жарияланады.

      10. "Құқықтық база" S.7, "Құпиялық және деректерді қорғау" S.8, "Жарияланым саясаты" S.9, "Өзектілік" S.14, "Сапа бойынша құжаттама" S.12.2-тармақтары бойынша ақпаратты бұл мәселелер құзыретіне кіретін Комитеттің тиісті құрылымдық бөлімшелер Сапа бойынша есепті қалыптастыру және өзектендіру үшін Метадеректер жүйесін толтыруға жауапты құрылымдық бөлімшеге ұсынады.

3-тарау. Ресми статистикалық ақпараттың сапасын бағалау өлшемшарттары

      11. Сапаны бағалаудың негізгі өлшемшарттары:

      1) қолжетімділік және айқындылық;

      2) өзектілік;

      3) дәлдік;

      4) уақыттылық және ұқыптылық;

      5) келісушілік және салыстырмалылық болып табылады.

      12. Ресми статистикалық ақпараттың сапасын бағалауда жоғарыда көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес тікелей және жанама бағалау болып бөлінеді.

      Тікелей бағалау кезінде нәтижелер сандық мәнді қамтиды және өлшемшарттардың шектелген саны бойынша (уақтылық, дәлдік және деректердің салыстырмалылығы) шығады.

      Жанама бағалау кезінде сапа өлшемшарттарына сәйкестігі жағынан ресми статистикалық ақпаратты сипаттайтын ақпарат ұсынылады.

1-параграф. Қолжетімділік және айқындылық

      13. Ресми статистикалық ақпараттың қолжетімділігі және айқындылығын бағалау үшін келесілер ұсынылады:

      1) қарастырылатын көрсеткіштер тобымен байланысты тұрақты немесе арнайы баспасөз-хабарламалары туралы ақпарат;

      2) басылым жылын және бар болған жағдайда, электрондық түрдегі құжаттарға сілтеме көрсетумен қарастырылатын көрсеткіштер тобын пайдаланатын жарияланымдар тізбесі;

      3) қарастырылатын көрсеткіштер тобы бойынша қолжетімді on-line режимдегі деректер базасы. Сипаттама вебсайттың домен атауларын және on-line режимдегі деректер базасына сілтемелерді қамтиды.

2-параграф. Өзектілік

      14. Өзектілікті бағалау үшін келесілерден тұратын ақпараттар ұсынылады:

      1) пайдаланушыларды және олардың қажеттіліктерін сипаттау (пайдаланушылар жіктелімін; пайдаланушылардың қанағаттандырылмаған қажеттіліктері және олардың себептері туралы ақпарат; болашақта қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша жоспарларды ұсынумен);

      2) пайдаланушылардың қөзқарастарын және пікірлерін жинау жиілігі және әдістерін сипаттаумен пайдаланушылардың қанағаттанушылығын анықтау үшін шаралар (пайдаланушылардың қанағаттанушылығын зерттеу, пайдаланушыларға басқа да кеңестер);

      3) халықаралық ұйымдардың сұрауларымен салыстырғанда деректер толықтығы туралы ақпарат.

3-параграф. Дәлдік

      15. Дәлдікті бағалау үшін келесі іс-қимылдар сақталынады:

      1) жалпы дәлдікті растау үшін шығыс статистикалық деректердегі кездейсоқ және жүйелі қателіктерінің негізгі дереккөздері сипатталады және негізгі есептерге олардың әсерінің ерекше екпінімен барлық қателіктердің сомалық бағасын қамтамасыз етеді. Жүйелі қателіктер санын азайту үшін қабылданған шараларды қоса, жүйелі қатені бағалау сандық немесе сапалық мәнде, немесе екі жағдайда да кездеседі;

      2) іріктемелі байқау кезінде жиынтықтың мәні арасындағы айырмашылығы және оның жауапты алмаған кезде түзету туралы ақпаратты көрсетумен кездейсоқ іріктемеден алынған бағасы, дұрыс емес жіктелімі және түсіп қалған мәндерді өңдеу сияқты басқа да анықталмаған дереккөздер туралы ақпарат ұсынылады;

      3) пайдаланушыларға жауаптардан бас тарту деңгейін және олармен байланысты тәуекелдердің ауытқуы (қамту кемшілігі, өлшеу қателері, жауапты алмау қатесі, өңдеу қатесі, модельді қолданудағы қате) және әртүрлі типті қателерді азайту үшін қолданылған әрекеттерді ұсыну;

      4) артық қамтуға қатысты және толық емес қамту дәрежесі бойынша бас және іріктемелі жиынтық арасындағы алшақтық туралы ақпарат ұсынылады. Деректердің ауытқу/объективті емес тәуекелдерін бағалаумен толық емес қамтудың дәрежесін азайту үшін қолданылған әрекеттерді сипаттайды;

      5) өлшеу қателігі туралы мәлімет ұсынылады. Өлшеу қателіктерінің негізгі дереккөздерін жалпы бағалау және өлшеу қателіктерін түзету үшін қабылданған әрекеттер ұсынылады. Статистикалық нысанды әзірлеу және тестілеу кезінде қабылданған күш-жігер, интервьюерді оқыту туралы ақпарат және жұмыстардың басқа түрлері (сыртқы деректермен салыстырмалығына негізделген, қайталама интервью) сипатталады;

      6) жауаптар алынбаған қателігі туралы мәлімет ұсынады. Жауаптарды ұсынбауға тап болған (шетін мәселелер) ауыспалылар және жауаптың алынбауына байланысты кемшіліктер бойынша сапалық бағалаумен қамтамасыз етіледі. Алғашқы деректерді жинау және жауаптың жоқтығын техникалық өндеуді қоса, келесі әрекеттерді орындау кезінде алынбаған жауаптар санын қысқарту үшін қолданылған күш-жігер және іс-шаралар сипатталады.

4-параграф. Уақыттылық және ұқыптылық

      16. Уақыттылықты бағалау үшін өткізілетін байқаудың мақсаттарына сәйкес мерзімдерде ресми статистикалық ақпараттың келуі туралы ақпарат ұсынылады. Ресми статистикалық ақпаратты түзу және жариялау үшін қажетті уақыт және оны қысқарту үшін қолданылатын күш-жігер көрсетіледі.

      17. Ұқыптылықты бағалау үшін келесілер көрсетіледі:

      1) нақты жариялау күні және жыл сайын бекітілетін Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес жоспарланған белгіленген күні;

      2) жариялау мерзімдеріне негізделген уақытында жарияланған баспасөз хабарламаларының пайызы;

      3) баспасөз хабарламаларының уақытында жарияланбау себептері және жағдайды жақсарту үшін қабылданған шаралар.

5-параграф. Келісушілік және салыстырмалылық

      18. Келісушілікті бағалау үшін келесі ақпараттар ұсынылады:

      1) ресми статистикалық ақпаратты түзу процесі әдіснамасының халықаралық стандарттарға сәйкестік дәрежесі (ресми статистикалық ақпараттың басқа дереккөздерден немесе статистикалық салалардан алынған деректермен келісу дәрежесін қоса). Қарастырылатын статистикалық материалдар және шығыс статистикалық деректермен байланысты басқа ақпарат арасындағы айырмашылықтары сипатталады (ұғымдар және анықтамалар, статистикалық бірліктер немесе жіктелімдер (номенклатура), географиялық бөліну, есепті кезең, түзету әдістерінде пайдаланылатын объектілердегі негізгі айырмашылықтарды қоса);

      2) өндірудің әр түрлі жиілігімен ресми статистикалық ақпараттың үйлесімді болып табылатын дәрежесі. Бір жылдан кем және бір жыл кезеңіндегі есептер салыстырылады және бар болған жағдайда әр түрлі кезеңдердің статистикалық нәтижелері арасындағы келісушіліктің жоқтығының себептері сипатталады;

      3) ресми статистикалық ақпараттың ұлттық шоттармен үйлесімді болып табылатын дәрежесі.

      19. Статистикалық әдіснамаларда, құралдарда және уақыт пен кеңістіктегі рәсімдерде қолданылатын айырмашылықтар ықпалын бағалау үшін келесілер сипатталады:

      1) ресми статистикалық ақпараттың елдер арасында салыстырылатын дәрежесі. Салыстырмалылықтың кез келген проблемалары және олардың себептері сипатталады және әр есепті айырмашылықтың шығыс деректерге әсер ету мүмкіндігі туралы бағалау ұсынылады. Мемлекеттік статистика саласында және халықаралық тұжырымдамалар мен анықтамаларда пайдаланылатын ұғымдардағы ауытқулар туралы ақпарат, сонымен қоса ағымдардың айналы статистика бойынша ассиметрия туралы ақпарат қосылады;

      2) ресми статистикалық ақпараттың уақыт кезеңділігі бойынша салыстырмалылығының дәрежесі. Уақыт кезеңдері бойынша салыстыру үшін ресми статистикалық ақпаратты пайдаланудағы ықтимал шектеулер туралы ақпарат ұсынылады.

      Ресми статистикалық ақпаратты бір кезеңнен басқа кезеңге өндіру процесіне өзгерістер енгізу кезінде салыстырмалы уақытша қатарлардың ұзындығы, уақытша қатарлардың үзілістері болған кездегі есепті кезеңдер, үзілістердің себептері және оларды қысқарту әдістері туралы ақпаратты қоса алғанда, ықтимал салдары туралы ақпарат ұсынылады.

      20. Сапаның әр өлшемшарты бойынша осы Әдістемеге 2-қосымшада келтірілген сапаның стандартты индикаторлар тізбесі пайдаланылады.

  Ресми статистикалық
ақпараттың сапасын
бағалау әдістемеге
1-қосымша

Сапа бойынша есепті толтырудың құрылымы

Бөлімдердің атрибуттары

Есептің бөлімдері

Концепция коды

Бөлімдердің сипаттамасы

Түсініктеме

S.1

Байланыс деректері

CONTACT

Байланыс деректерін қоса алғанда деректер немесе метадеректерге қатысты байланыс үшін жеке тұлға немесе заңды тұлға


S.1.1

Ұйым

CONTACT_ORGANISATION

Ұйымның атауы

Ұйымыңыздың толық атауы

S.1.2

Құрылымдық бөлімше

ORGANISATION_UNIT

Құрылымдық бөлімшенің атауы

Метадеректер файлға қатысты құрылымдық бөлімшенің атауы

S.1.3

Байланыс адамының аты

CONTACT_NAME

Жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Бақылау (көрсеткіш) бойынша жауапты орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

S.1.3.1

Жауапты құрылымдық бөлімше басшысының аты


Басқарма басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Басқарма басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

S.1.5

Байланыс адамының пошталық мекенжайы

CONTACT_MAIL

Ұйымның пошталық мекенжайы

Ұйымның пошталық мекенжайы

S.1.6

Байланыс адамының электрондық мекенжайы

CONTACT_EMAIL

Электрондық мекенжайы

Байқауға (көрсеткішке) жауапты тұлғаның электрондық мекенжайы

S.1.7

Байланыс адамының телефон нөмірі

CONTACT_PHONE

Телефон нөмірі

Байқауға (көрсеткіш) жауапты тұлғаның телефон нөмірі

S.2

Өзектілік- кіріспе

INTRODUCTION

Статистикалық байқаудың жалпы сипаттамасы:
1) Статистикалық байқау жататын статистика саласын, статистикалық байқауды өткізудің мақсаты (көрсеткіштің анықтамасы) және статистикалық деректерді қолдану саласын анықтау. Сонымен қоса, жалпы сипаттамасымен, нәтижелерімен және оның уақыт бойы эволюциясымен сүйемелденген қысқаша тарихын жазу ұсынылады;
2) негізгі пайдаланушыларды және олардың қатысу тәсілін анықтау;
3) пайдаланушылардың пікірлерін алу құралдары арқылы (мысалы, кері байланыс журналы, сауалдар) ақпаратқа қажеттіліктерді анықтау

Статистикалық байқау жататын статистика саласын, статистикалық байқауды өткізу мақсатын (көрсеткіштің анықтамасы, қысқаша тарихы), статистикалық деректерді қолдану саласын, негізгі пайдаланушыларды (пайдаланушыларды жіктеу, пайдаланушылардың қатысу тәсілін (өз пікірін білдіруге мүмкіндік беретін)) қысқаша сипаттау
Пайдаланушылардың пікірлерін алу құралы (мысалы: кері байланыс журналы, сауалдар) арқылы ақпаратқа қажеттілікті айқындау
Басқа зерттеулермен байланысты көрсету және басқа статистикалық деректерді түзуге үлесін көрсету

S.3

Метадеректерді жаңарту

META_UPDATE

Деректер базасына метадеректер элементін енгізу күні немесе оны деректер базасында өзгерту


S.3.1

Жаңартылған метадеректерді соңғы растау

META_CERTIFIED

Енгізілген метадеректердің егер ақпарат өзгертілмеген болса да ағымдағы жағдайға сәйкестігіне статистика саласы әкімшілігінің соңғы растау күні

Бұл метадеректер файлының ағымдағы жағдайға сәйкес келетінін растаудың соңғы күні. Мұндай растау метадеректер файлы өзгермесе де орындалатын болады

S.3.2

Метадеректерді соңғы орналастыруы

META_POSTED

Метадеректерді таратудың соңғы күні

Метадеректердің тиісті файлын таратудың соңғы күні, базалық метадеректерді құру жүйесіне автоматты түрде енгізілетін болады

S.3.3

Метадеректердің соңғы жаңаруы

META_LAST_UPDATE

Метадеректер мазмұнын соңғы жаңартудың күні

Метадеректерді соңғы жаңартудың күні, базалық метадеректерді құру жүйесіне автоматты түрде енгізілетін болады

S.4

Статистикалық ақпаратты ұсыну

STAT_PRES

Пайдаланушыларға кесте, график, немесе карталар түрінде көрсетілуі мүмкін таратылатын деректердің сипаттамасы


S.4.1

Деректерді сипаттау

DATA_DESCR

Таратылатын деректер мен көрсеткіштерге жататын деректер жиынтығының негізгі сипаттамалары

Деректер жиынтығының негізгі сипаттамасын, оны жеңіл түсінетіндей, негізгі таратылатын деректер мен көрсеткіштерге сілтемемен қысқаша сипаттау

S.4.2

Жіктеу жүйесі

CLASS_SYSTEM

Объектілерді топтау немесе олардың жалпы сипаттамасы негізінде оларды топтарға бөлу

Пайдаланылатын жіктелімдер және олардың электрондық түрде қолжетімді туралы ақпаратты беру

S.4.3

Секторлық қамту

COVERAGE_SECTOR

Статистикалық деректермен қамтылатын негізгі экономикалық немесе өзге де секторлар

Құралатын деректер жиынтығымен қамтылған экономикалық немесе басқа салалар тізілімі және қолданылатын класс/топтардың параметрлері (мысалы, жұмысшылар саны)

S.4.4

Статистикалық тұжырымдама-лар және анықтаулар

STAT_CONC_DEF

Статистикалық байқаулардың статистикалық сипаттамасы, ауыспалылар

Статистикалық байқау туралы жалпы мәліметтерді сипаттау, соның ішінде: респонденттер тобы (респонденттерді қамту, мысалы, нысандағыдай ЭҚЖЖ бойынша). Зерттеу күні (тапсыру мерзімі, мысалы: есепті жылдан кейінгі 3 қаңтарда. Деректерді жинау құралдары (индексі, нысан атауы, соңғы қайта қаралуы, қай жерде қолжетімді). Байқаудың түрі (іріктемелі, жаппай, құрамалы)

S.4.5

Статистикалық объект

STAT_UNIT

Ақпарат сол үшін ізделінетін және соңғы қорытындыда сол үшін статистикалық деректер жиналатын жиынтық

Деректер жеткізілетін статистикалық байқаулардың базалық объектілер тізбесі. Бұл байқау объектілері (мысалы, кәсіпорын, жергілікті бөлімше, жеке үй шаруашылықтары және өзгелері) негізгі статистикалық сұрауларда пайдаланылатын есептілік объектілерінен айырмашылығы болуы мүмкін

S.4.6

Бас жиынтық (зерттеу бірлігінің іріктеу қағидаты)

STAT_POP

Зерттеудің бас және іріктемелі жиынтығын қалыптастыру

Зерттеудің бас және іріктемелі жиынтығын қалыптастыру

S.4.7

Аумақтық қамту

REF_AREA

Өлшенетін статистикалық құбылыс жататын ел немесе географиялық аймақ

Өңірлік қамту (өңірлік бөлініс)

S.4.8

Қамту уақыты

COVERAGE_TIME

Деректер қолда болған уақыт ұзақтығы

Деректер жиынтығын қамтитын уақыт кезеңдерін сипаттауы қажет (яғни, деректер таратылатын уақыт ұзақтығын, мысалы, 1985-2006 жылдар бойы немесе белгілі бір жылдық деректерге 2000-…)

S.4.9

Базалық кезең

BASE_PER

Көрсеткіштер қатары үшін база ретінде пайдаланылатын немесе кейбір константалар қатары жататын уақыт кезеңі

Көрсеткіштер қатары үшін база ретінде пайдаланылатын немесе кейбір уақыт қатары жататын уақыт кезеңін сипаттау қажет (мысалы, белгілі бір жылдық деректер үшін 2000 базалық жыл)

S.5

Өлшем бірлігі

UNIT_MEASURE

Деректер мәндері өлшенетін бірлік

Ресми статистикалық ақпаратты тарату үшін пайдаланылатын өлшем бірліктерін атап өту (мысалы, %, тұлға, саны). Сонымен қоса, өлшемнің нақты анықтамасын қосу керек (мысалы, мың, миллион)

S.6

Есепті кезең

REF_PERIOD

Өлшенетін байқау жатуы тиіс кезең немесе уақыт сәті

Статистикалық ауыспалылар уақыттың белгілі бір сәттеріне жатады, мысалы, белгілі бір күнге немесе белгілі бір уақыт кезеңіне (мысалы, ай, күнтізбелік жыл немесе бірнеше күнтізбелік жыл).
Егер белгіленген базалық кезең нақты базалық кезеңмен сәйкес келмесе, мысалы, белгіленген базалық кезеңге деректер жоқ болған жағдайда, мұндай алшықтықты да солай түсіндіру керек

S.7

Құқықтық негіз

INST_MANDATE

Ұйымға жауапкершілікті жүктейтін және оған алғашқы және әкімшілік деректерді жинау, өңдеу және ресми статистикалық ақпаратты таратуға құқық беретін заң, нормативтік қағидалар жиынтығы немесе өзге формалды нұсқаулықтар жиынтығы


S.7.1

Құқықтық база

INST_MAN_LA_OA

Ұйымға жауапкершілікті жүктейтін және оған алғашқы және әкімшілік деректерді жинау, өндеу және ресми статистикалық ақпаратты таратуға құқық беретін құқықтық актілер немесе өзге формалды және формалды емес келісімдер

Заңдарды, заңға тәуелді актілер, Комитеттің бұйрықтары және басқа нормативтік-құқықтық актілер атап өту қажет

S.8

Құпиялылық және деректерді қорғау

CONF

Заңсыз жарияланғаннан кейін дереккөздің мүдделеріне немесе өзге де сәйкес тұлғаларға зақым келтіруі мүмкін дәрежені айқындайтын деректердің ерекшелігі


S.8.1

Құпиялылық саясаты

CONF_POLICY

Кейбір тұлға немесе экономикалық субъектіге қатысты деректерді заңсыз жариялауға тікелей немесе жанама жол бермеу үшін заңдық шаралар немесе өзге формалды рәсімдер

Алғашқы статистикалық деректердің кұпиялылығына қатысты нормативтік құқықтық акт көрсету

S.8.2

Құпиялылық –
деректермен жұмыс істеу

CONF_DATA_TR

Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету және оларды заңсыз жариялауға жол бермеу үшін микро- және макродеректермен (кестелік нысандағы деректерді қоса) жұмыс істеуде қолданылатын нормативтік қағидалар

Сипаттау қажет:
- алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету үшін микро және макродеректермен жұмыс істеуде қолданылатын нормативтік қағидалар, сонымен қоса, деректердің құпиялылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету рәсімдері мен шарттарын;
- деректерді өндеу кезінде агрегаттау әдістерін (жиынтықтау, өлшеу, салмақтарды анықтау үшін негіз)

S.9

Жарияланымдар саясаты

REL_POLICY

Барлық пайдаланушылар арасында ресми статистикалық ақпаратты тарату қағидалары


S.9.1

Жарияланым күнтізбесі

REL_CAL_POLICY

Жыл сайын бекітілетін ресми статистикалық ақпаратты тарату графигі (бұдан әрі – График)

Графикті және оның қолжетімділігін көрсетумен тиісті ресми статистикалық ақпаратты жариялау қағидаттарын сипаттау қажет

S.9.2

Графикке қол жеткізу

REL_CAL_ACCESS

Графикте тұратын ақпаратқа қол жеткізу

Кестеге қол жеткізуді жүзеге асыру арқылы сілтемені көрсету қажет

S.9.3

Пайдаланушы үшін қол жеткізу

REL_POL_US_AC

Пайдаланушылар үшін жариялау қағидаттары, тарату шектері, ресми статистикалық ақпаратты жариялау туралы пайдаланушыларды хабарлау әдісі

Әр түрлі санаттағы пайдаланушылар үшін ресми статистикалық ақпаратқа қол жеткізу шарттарын сипаттау, Графикті бекіту және оны орналастыру орны туралы ақпарат, жарияланымдар саны (пайдаланушы ресми статистикалық ақпаратты ала алатын қарапайымдылығы мен жеңілдігінің сипаттамасы)

S.10

Тарату жиілілігі

FREQ_DISS

Ресми статистикалық ақпаратты тарату жүзеге асырылатын кейбір белгіленген уақыт кезеңіндегі уақытша интервал

Ресми статистикалық ақпарат қандай жиілікпен таратылатынын көрсету қажет (мысалы, ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын)

S.11

Тарату форматы,
қолжетімділік және нақтылық

DISS_FORMAT / ACCESS_CLARITY

Тасығыштар, пайдаланушылар арасында ресми статистикалық ақпаратты тарату үшін әр түрлі әдістер және форматтар және оларға қолжетімділігі.
Қолжетімділік және нақтылық шарттардың және режимдердің қарапайымдылығы мен оңайлығына қатысты, оларға сәйкес пайдаланушылар ресми статистикалық ақпаратты пайдалану және тиісті көмекші ақпаратпен интерпретациялау және қолдау үшін оларға қол жеткізуді жүзеге асыра алады


S.11.1

Жаңалықтарды жариялау

NEWS_REL

Деректерге қатысты тұрақты және арнайы баспасөз хабарламалары

Деректерге қатысты тұрақты және арнайы баспасөз хабарламаларын сипаттау қажет

S.11.2

Жарияланымдар

PUBLICATIONS

Тұрақты немесе арнайы жарияланымдар, олар арқылы қоғам үшін ресми статистикалық ақпарат қолжетімді болып табылады

Жарияланым түрін, қайдан табу, серпінді кестелерге қол жеткізуді (басқаша айтқанда Талдау) және өзгелері көрсету.
Ресми статистикалық ақпаратты тарату нысаны мен олардың сипаттамасын көрсету (пайдаланушының ресми статистикалық ақпаратты түсінуінің қарапайымдылығы мен жеңілдігінің сипаттамасы)

S.11.3

Онлайндық деректер базасы

ONLINE_DB

Таратылатын ресми статистикалық ақпаратқа қол жеткізуді жүзеге асыруға болатын on-line режимдегі деректер базасы туралы ақпарат

Тиісті ресми статистикалық ақпарат үшін оn-line режимдегі деректер базасын сипаттау қажет (сайттардың домендік атауларын және онлайндық деректер базасына сілтеме)

S.11.3. 1

AC1. Деректер кестесі -кеңестер

DATATABLE_CONSULT

Белгіленген уақыт кезеңіне статистика саласының ішінде кестелер бойынша сұранымдар саны

On-line режимдегі қараулар немесе кестелерді жүктеу саны

S.11.4

Микродеректерге қолжетімділік

MICRO_DAT_ACC

Микродеректер де солай таратылатындығы/таратылмайтын-дығы туралы ақпарат

Микродеректер нысанындағы деректер жиынтығына қолжетімділікті алу шарттары мен мүмкіндіктерін сипаттау (мысалы, зерттеушілер үшін). Сондай-ақ микродеректерді иесіздендіру қағидаларын қысқаша сипаттау

S.11.5

Өзге де

DISS_OTHER

Өзге де таратылатын маңызды ресми статистикалық деректерге сілтеме

Өзге де маңызды ресми статистикалық ақпаратты таратудың құралдарын сипаттау (мысалы, басқа шығарылымдарда, саяси құжаттарда); тарату практикасының әр түрлі аспектілеріне шолу жасау және олардың ресми статистикалық ақпараттың қолжетімділігіне және анықтылығына әсері

S.11.5. 1

AC 2. Метадеректер – кеңестер

METADATA_CONSULT

Берілген уақыт кезеңіне статистикалық сала шеңберінде метадеректер бойынша өтініштер саны

"Өтініштер саны" дегеніміз метадеректер файлы неше рет қаралған дегенді білдіреді

S.12

Құжаттаманың қолжетімділігі

ACCESS_DOC

Пайдаланушылар деректер бойынша құжаттаманы алуға, пайдалануға және интерпретациялауға болатын, яғни анықтау үшін немесе объектті, жобаны, ерекшелігін, нұсқаулықты немесе рәсімді сипаттау үшін пайдаланылатын сипаттамалық мәтінге сәйкес шарттар және тәртіптер


S.12.1

Әдіснама бойынша құжаттама

DOC_METHOD

Қолда бар әдіснамалық құжаттарға сипаттамалық мәтін және сілтеме

Әдіснамалық материалдардың қолжетімділігіне сілтемелерді көрсету

S.12.2

Сапа бойынша құжаттама

QUALITY_DOC

Сапаны басқару және сапаны бағалауда қолданылатын рәсімдер туралы құжаттама

Сапаға қатысты барлық құжаттардың бар болуын сипаттау (сапа бойынша есептер және өзгелері)

S.13

Сапаны басқару

QUALITY_MGMNT

Статистикалық өнімдер мен процестер сапасын басқару үшін ұйымдағы жүйелер мен құрылымдар


S.13.1

Сапаны қамтамасыз ету

QUALITY_ASSURE

Көрсетуге болатын барлық ұйымдасқан жүйелік қызмет процестер статистикалық нәтижелердің талаптарына жауап беретініне сенімділікті қамтамасыз етеді

Ұйымда қолданылатын сапаны қамтамасыз етудің жалпы жүйесін қысқаша сипаттау

S.13.2

Сапаны бағалау

QUALITY_ASSMNT

Сапаның стандартты өлшемшарттары негізінде деректер сапасын жалпы бағалау

Негізгі жетістіктер және әлеуетті кемшіліктерді анықтау арқылы статистикалық нәтижелердің жалпы сапасын сапалы бағалау (сапаның стандартты өлшемшарттары)
Сапа аспектілерінің кез келген артықшылықтарын және кемшіліктерін, сондай-ақ қоса сапаны арттыру үшін жоспарланған шараларды атап өту керек

S.14

Өзектілік

RELEVANCE

Пайдаланушылардың ағымдағы және әлеуетті қажеттіліктеріне жауап беретін ресми статистикалық ақпараттың дәрежесі


S.14.1

Пайдаланушылардың қажеттіліктері

USER_NEEDS

Пайдаланушыларды және олардың ресми статистикалық ақпаратқа қатысты тиісті қажеттіліктерін сипаттау

Пайдаланушыларды маңыздылығына қарай жіктеу:
- оларға статистикалық нәтижелер не үшін қажет екенін көрсету;
- әр түрлі санаттағы пайдаланушыларға қандай негізгі нәтижелер/көрсеткіштер қажет екенін және маңызды пайдаланушылар үшін кез келген жетіспейтін нәтижелерді сипаттау;
- пайдаланушылардың қанағаттанбаған қажеттіліктері туралы ақпаратты келтіру, олардың неге толықтай қанағаттандырыл-маған себептерін сипаттау;
- болашақта қажеттіліктерін мүмкіндігінше толық қанағаттандырылуы бойынша жоспарларды сипаттау;
- талаптардан айырмашылығы бар анықтамалар туралы толық мәлімет келтіру

S.14.2

Пайдаланушы-лардың қанағаттану-шылығы

USER_SAT

Пайдаланушылардың қанағатанушылығын анықтау үшін өлшемшарттар

Пайдаланушылардың қажеттіліктері мен пікірлері туралы мәліметтерді жинау жүйелігін сипаттау (мысалы, пайдаланушылардың қанағаттану-шылығын анықтау үшін сауалнама, пайдаланушылармен өзге де консультациялар), сондай-ақ пайдаланушылардың қанағаттанушылығын талдаудың негізгі нәтижелері (кейбір көрсеткіштің нысанында) және пайдаланушылардың қанағаттану-шылығына қатысты соңғы жүргізілген сауалнама деректері

S.14.3

Толықтығы/ R1. Деректердің толықтығы - үлес

COMPLETENESS/ COMPLETENESS_RATE_U

Қолда бар деректер ұяшықтары санының талап етілетін деректер ұяшықтары санына қатынасы (бұл индикатор тек Еуропалық статистикалық жүйе деңгейіндегі нормалар/нұсқаулар немесе қаулылар болған кезде ғана қолданылады)

Тиісті нормативтік талаптармен/ нұсқаулармен салыстыру бойынша ресми статистикалық ақпараттың толықтығы туралы сапалы деректерді ұсыну

S.15

Дәлдік және сенімділік (байқау түрін ескерумен толтырылады)

ACCURACY

Дәлдік: Статистикалық деректерді пайдаланумен бағалануы тиіс есептеулердің немесе бағалардың дәл немесе шынайы мәндерге жуықтығы.
Сенімділік: бастапқы бағалаған мәннің кейін бағаланған мәнге жуықтығы


S.15.1

Жалпы дәлдік

ACCURACY_OVERALL

Белгілі бір деректер жиынтығымен немесе саламен байланысты бірнеше компоненттерден тұратын дәлдікті бағалау

Қателердің себептерін талдау қажет және оларға алдағы уақытта жол бермеу үшін кейінгі шараларды көрсету

S.15.2

Іріктеме қатесі - индикаторлар/ A1.

SAMPLING_ERR/ SAMPLING_ERR_IND_ U

Іріктеме қатесі (стандартты қате, сенімділік интервалы, вариация коэффициенті)

Салыстырмалы стандартты (вариация коэффициенті).
Шекті (сенімділік интервалының шамасы).
Іріктеменің стандартты қатесі

S.15.3

Іріктемемен байланысты емес қате

NONSAMPLING_ERR/ UNIT_NONRESPONSE_ RATE_U/ ITEM_NONRESPONSE _RATE_U

Сауалнамаға негізделген бағалардағы қате, бұл іріктеменің ауытқуларына жатқызуға болмайды

Іріктемемен байланысты емес, пайдаланушыларға бағытталған жиынтық (сандық болғаны дұрыс) қателердің бағасын, жауапсыз қалған сұрақтар үлесін және онымен байланысты қателер тәуекелін (қамту қателері; артық/жеткіліксіз қамту және әр түрлі тізімдер; өлшеу қателері, респонденттер және интервьюерлер қолданатын пікіртерім құралының әсері; жауаптарының жоқтығынан қателік; респонденттің жауап деңгейі (жауаптың жоқтығы), жауаптар жоқтығының себептерін және тиісті бағаларын қоса алғанда, негізгі ауыспалылар үшін жауапсыз сұрақтар деңгейі; өңдеу қателіктері; редакциялау, кодтау және деректерді қою қателерін, қолданылатын кезде, модель туралы гипотезаның қателерін: бағалау кезінде пайдаланылатын арнайы модельдерін және әр түрлі типтегі қателерді азайту үшін қабылданған шараларды келтіру

S.15.3. 1

Қамту қатесі

COVERAGE_ERR

Мақсатты жиынтық және іріктелген топ арасындағы айырмаға әкеп соғатын зерделенетін жиынтықтың барлық компоненттерін қажетті деңгейде қамтудың мүмкін еместігі салдарынан туындаған қате

Қамту қателігі артық қамту, жеткіліксіз қамту және жіктеудегі қателерді біріктіреді. Толық іріктелмеген топтар қамту қателігіне жиі жеп сағады.
Байқау бірліктер жауаптарының жоқтығы, бөлек сұрақтарға жауаптарының жоқтығы, кезең бойынша жауаптар жоқтығының % сипаттау, мысалы, байқау бірліктерінің жауаптарының жоқтығы жылына 5% жуық

S.15.3. 1.1

A2. Қамтуды арттыру - үлес

OVERCOVERAGE_RAT E

Зерттелетін халыққа тиесілі емес құрылым арқылы қолжетімді бірлік арақатынасы (көрінетін саладан тыс)

Қамтуды арттырудың қателері

S.15.3. 1.2

A3. Жалпы бірліктер - арақатынас

COMMON_UNIT_SHA RE

Зерттеудің жалпы бірлік санына байланысты зерттеумен және әкімшілік дереккөздермен қамтылған бірліктер арақатынасы (санақтар және құрылымдық статистика үшін)

Бірліктерді сипаттау

S.15.3. 3

Жауап жоқ болу қателері

NONPESPONSE_ERR

Жауаптың жоқ болу қателері


S.15.3. 3.1

A4. Жауап жоқ болу бірлігі – үлесі

UNIT_NONRESPONSE_ RATE_P

Респондент жауабының болмауы, ақпаратсыз қалған бірліктер санының пропорциясы немесе қамтылған (тиісті) бірліктерінің жалпы санына қолданылмайтын ақпарат

Жауаптың болмауы бірліктерін сипаттау

S.15.3. 3.2

A5. Жауап жоқ болу тармағы – үлесі

ITEM_NONRESPONSE_ RATE_P

Қандай да бір сұрақтың жауабы жоқ болуы

Жауапсыз қалған сұрақтарды сипаттау

S.16

Уақыттылық және ұқыптылық

TIMELINESS_PUNCT

Уақыттылық – ресми статистикалық ақпараттың пайда болу (жарияланымдар) күні мен ол сипаттайтын оқиға немесе құбылыстың арасындағы уақыт аралығымен шартталған өлшемшарт


S.16.1

Уақыттылық

TIMELINESS/TIMELG_FINAL_U

Уақыттылық – ресми статистикалық ақпараттың пайда болу (жарияланымдар) күні мен ол сипаттайтын оқиға немесе құбылыстың арасындағы уақыт аралығымен шартталған өлшемшарт


S.16.1.1

TP1. Күту кезеңі – алғашқы нәтижелер

TIMELAG_FIRST

Есепті кезеңнің соңғы күнінен бастап алғашқы нәтижелер жарияланған күнге дейінгі күндер (саны апта немесе айлар)

Есепті кезеңнің аяқталу сәтінен бастап, алғашқы нәтижелер жарияланған күніне дейін өлшенетін өндіріске шығындалған уақытты көрсету. Егер ақпарат оны өңдеуге кеткен уақыттың кесірінен өзектілігін жоғалтса, уақтылықты қысқарту тәсілдерін әзірлеу керек

S.16. 1.2

TP2. Күту кезеңі – соңғы нәтижелер

TIMELAG_FINAL_P

Базистік кезеңнің соңғы күнінен бастап толық және түпкілікті нәтижелерді жариялаған күнге дейінгі күндер саны (апта немесе ай)

Есепті кезеңнің аяқталу сәтінен бастап, толық және түпкілікті нәтижелерді жариялау күніне дейін өлшенетін өндіріске шығындалған уақытты көрсету. Егер ақпарат оны өңдеуге кеткен уақыттың кесірінен өзектілігін жоғалтса, уақтылықты қысқарту тәсілдерін әзірлеу керек

S.16.2

Ұқыптылық

PUNCTUALITY / PUNCTUALITY_RELEAS E_P

Ұқыптылық – ресми статистикалық ақпаратты жариялау күнінен бастап жоспарлы күнге дейінгі уақыт тежелісімен шартталған өлшемшарт


S.16.2.1

Ұқыптылық/TP3

PUNCTUALITY / PUNCTUALITY_RELEAS E_U

Ұқыптылық – ресми статистикалық ақпаратты жариялау күнінен бастап жоспарлы күнге дейінгі уақыт тежелісімен шартталған өлшемшарт, яғни жоспарланған нәтижелерден ауытқуы

Графикке сәйкес ресми статистикалық ақпаратты нақты жариялау күні мен жоспарланған күн арасындағы уақыт кезеңін көрсету. Сәйкессіздіктер себептерін талдау қажет және оларды ликвидациялау үшін келесі шараларды көрсету

S.17

Салыстырма-лылық

COMPARABILITY

Ресми статистикалық ақпаратты уақыт, өңір немесе басқа да қызмет салалары бойынша салыстыру дәрежесімен шартталған өлшемшарт


S.17.1

Географиялық салыстырмалығы

COMPAR_GEO

Географиялық территориялар арасында ресми статистикалық ақпараттың салыстырмалығы

Елдер арасындағы салыстырмалылық проблемаларын, проблемалардың пайда болуының ықтималды себептерін және оларды шешу жолдарын сипаттау

S.17.1.1

Ағындардың айналы статистика бойынша ассиметриясы – коэффициент/СС1

ASYMMETRY_COEFF

Осы екі мәннің орташа мәніне бөлінген екі ел арасындағы кіріс және шығыс ағындардың айырмашылығы немесе абсолютті айырмашылығы (сауда, миграция және төлем теңгерімі статистикасы үшін сипатты)

Осы екі мәннің орташа мәніне бөлінген екі ел арасындағы кіріс және шығыс ағындардың айырмашылығы немесе абсолютті айырмашылығын сипаттау (сауда, миграция және төлем теңгерімі статистикасы үшін тән)

S.17.2

Салыстырылатын уақытша қатарлардың ұзақтылығы/CC2

COMPAR_TIME / COMPAR_LENGTH_U

Соңғы үзілістен бастап уақытша қатарлардағы есепті кезеңдер саны

Ұзақ уақыт ішіндегі салыстырмалылықты, динамикалық қатары үзілетін есепті кезеңдерді сипаттау

S.18

Келісушілік

COHERENCE

Әртүрлі дереккөздерден алынған ресми статистикалық ақпаратты біріктіруге және бірге пайдалану мүмкіндігімен шартталған өлшемшарт


S.18.1

Сыртқы келісушілік, айқасқан

COHER_X_DOM

Айқас келісушілік

Статистикалық процесс әдіснамасының қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкестігін сипаттау

S.18.2

Ішкі келісушілік

COHER_INTERNAL

Ішкі келісушілік

Комитеттің басқа басқармалары және өзге де ведомстволарының нәтижелерімен келісілуін сипаттау

S.19

Жүктеме

COST_BURDEN

Респонденттерге жүктеме

Мыналарды:
- операцияларды автоматтандыру дәрежесін;
- жинау, кодтау, тексеру, есептеу, ресімдеу, тарату және тағы басқалар (келесі дәрежелерді көрсету: жартылай, толық автоматтандырылған, автоматтандырыл-маған);
- Респонденттерге уақытша жүктемені (нысанды толтыруға жұмсалатын орташа уақытын көрсету);
- басқа зерттеулермен қайталануын
(иә (көрсету), жоқ);
- әкімшілік және басқа да дереккөздерді пайдалануын (иә (көрсету), жоқ) сипаттау

S.20

Деректерді қайта қарау

DATA_REV

Бұрын бекітілген және жарияланған ресми статистикалық ақпараттың мәндерінің өзгеруі


S.20.2

Деректерді қайта қарау /А6

REV_PRACTICE / DATA_REV_AVGSIZE_ U

"Қайта қарау" - бұрын бекітілген және жарияланған ресми статистикалық ақпаратқа кез келген өзгерістерді енгізу (негізгі көрсеткіштің соңғы және бастапқы есептеу арасындағы айырмашылығы)

Ресми статистикалық ақпаратты бекіткеннен және жарияланғаннан кейін қайта есеп беру.
Деректерді қайта қараудың негізгі себептерін және олардың мінездемелерін сипаттау (деректердің жаңа дереккөздерінің болуы, жаңа әдістер)

S.21

Статистикалық деректерді өңдеу

STAT_PROCESS



S.21.1

Бастапқы деректер

SOURCE_TYPE

Статистикалық агрегаттарды анықтау үшін пайдаланылатын алғашқы статистикалық деректердің мінездемесі және компоненттері

Деректер жиынтығы неге негізделгенін көрсетіңіз – сауалнамаға, әкімшілік деректер дереккөздерінде, бірнеше деректер дереккөздерінің комбинациясына немесе басқа статистикалық қызмет нәтижеесінде алынған деректерге.
Егер іріктеме пайдаланылса, онда іріктеме мінездемесін келтіру қажет:
- іріктемені қалыптастыру рәсімі (әрлендіру), іріктемелі зерттеулер үшін іріктемені сипаттау, мысалы, бір сатылы кластерлік іріктеме (кездейсоқ іріктеме);
- іріктеме көлемін, іріктеме үлесін және іріктеме бірліктерін сипаттау;
- бас жиынтыққа тарату (өлшеу, салмақты есептеу);
- іріктемені ротациялау әдістерін сипаттау.
Егер әкімшілік дереккөздер пайдаланылса, сондай дереккөздерді сипаттау

S.21.2

Зерттеу кезеңділігі

FREQ_COLL

Алғашқы деректер жинайтын жиілігі

Деректерді жинаудың жиілігін көрсетіңіз (айлық, жылдық)

S.21.3

Алғашқы статистикалық деректерді жинау әдісі (тәсілі)

COLL_METHOD

Ресми статистика үшін алғашқы статистикалық деректерді жинаудың жүйелі рәсімі

Респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді алу үшін пайдаланылатын әдісті (пошта, қолма-қол, тіркеу, интервью, on-line режимі және өзгелері) сипаттау

S.21.4

Алғашқы статистикалық деректердің анықтығы

DATA_VALIDATION

Алғашқы статистикалық деректерді жинау нәтижелерін бақылау және статистикалық нәтижелерінің сапасын қамтамасыз ету процесі

Алғашқы және шығыс деректердің анықтығын тексеру рәсімдерін және осындай тексерулердің нәтижелерін бақылау әдістерін сипаттау. Дәйектілікті тексеру келесілерден тұруы мүмкін: бас жиынтықтың қамтылуына және қатысқан респонденттерндің бөлігі талап етілетіне сәйкестігін тексеру, статистикалық поцестерді алдыңғы циклдармен салыстыру (егер қолданылса), алғашқы статистикалық деректерді басқа тиісті деректермен (жеке де, өзге) салыстыру, статистикалық деректердің келіспеушілігін талдау, микро және макродеректерді редакциялау, статистикалық деректерді осы пәндік саланың күтілімдері және ақпаратымен салыстыру, "шығарындыларды" анықтау

S.21.5

Импутация - үлесі/А7

DATA_COMP

Қалып қойған, дұрыс емес немесе тұрақты емес мәндерді басқа мәндермен ауыстыру процесі, мәндердің жалпы санына ауыстыру саны

Импутациялау рәсімін (әдістерін) сипаттау

S.21.6

Түзету

ADJUSTMENT

Ұлттық немесе халықаралық стандарттарымен сәйкестікке келтіру мақсатында статистикалық деректерді өзгерту үшін немесе айқындалған деректер жиынтығын компиляциялау кезінде деректер сапасындағы айырмашылықты жою ушін пайдаланылатын рәсімдер жиынтығы

Түзетуге жататын уақытша қатарларды және уақытша қатарларды түзету үшін пайдаланылатын статистикалық рәсімдерді сипаттау (мысалы, маусымдық ауытқуларға түзетулер, уақытша қатарларды декомпозициялау, немесе басқа ұқсас әдістер).
Түзету түрі (мысалы, маусымдық ауытқуларға түзету, күнтізбелік, тренд-цикл) және, егер қолданылған болса, пайдаланылатын күнтізбені көрсету.
"Шығарындылар" анықталған және ауыстыруды орындаған жағдайда, қандай "шығарындылар" анықталғанын (импульсті, уақытша өзгерістер, деңгейлердің жылжуын) көрсету.
Түзету үшін пайдаланылған бағдарламалық қамтамасыз етуді және оның нұсқасын сипаттау

S.21.6. 1

Маусымдық ауытқуларға тузетулер

SEASONAL_ADJ

Бағалық және маусымдық ауытқуларды деңгейлестіру (қолданған жағдайда)

Маусымдық деңгейлестіру рәсімін сипаттау, қандай көрсеткіш бойынша, бағдарламалық пакет атауы, динамикалық қатардағы мәндер санын көрсету

S.22

Ескерту

COMMENT_DSET

Қорытынды бөлігі

Шешімдер, ұсынымдар, қорытындылар, ескертулер

  Ресми статистикалық
ақпараттың сапасын
бағалау әдістемесіне
2-қосымша

Сапаның стандартты индикаторларының тізбесі

Сапа өлшемшарты

Көрсеткіш

Қолжетімділік және түсініктілік

AC1. Деректер кестесі - сұраулар

AC2. Метадеректер - өтініштер

Өзектілік

R1. Деректердің толықтығы - үлес

Дәлдік

A1. Іріктеме қатесі - индикаторлар


A2. Қамтуды арттыру - үлес


A3. Жалпы бірліктер - арақатынас


A4. Жауап жоқ болу бірлігі - үлес


A5. Жауап жоқ болу тармағы- үлес


A6. Деректерді қайта қарау – орташа өлшем


A7. Импутация - үлес

Уақыттылық және ұқыптылық

TP1. Күту кезеңі – алғашқы нәтижелер

TP2. Күту кезеңі – соңғы нәтижелер

TP3. Ұқыптылық – жеткізу және жарияланым

Салыстырмалылық және келісімділік

CC1. Айналы статистика ағыны бойынша ассиметрия – коэффициент

CC2. Салыстырмалы уақытша қатарлар ұзақтығы

      1) "деректердің толықтығы" – қолда бар деректер ұяшықтары санының талап етілетін деректер ұяшықтары санына қатынасы - R1 (бұл индикатор тек Еуропалық статистикалық жүйесі деңгейінде қаулылар немесе нормалар/нұсқаулар болған кезде ғана қолданылады);

      2) "іріктеме қатесі" – салыстырмалы стандартты қате (ағаттық), вариация коэффициенті немесе сенімділік интервалы (статистикалық тіркелімдерді қоспағанда) - A1;

      3) "қамтуды арттыру" – бас жиынтықтан алынған, бірақ іріктемелі жиынтыққа жатпайтын бірліктер үлесі - A2;

      4) "жалпы бірліктер" – зерттеудің жалпы бірлік санына байланысты зерттеумен және әкімшілік дереккөздермен қамтылған бірліктер арақатынасы (санақтар және құрылымдық статистика үшін тиесілі) - A3;

      5) "жауап жоқ болу бірлігі" – ақпаратсыз немесе қолданылмайтын ақпараты бар бірліктер санының қамтылатын (сәйкес келетін) бірліктер санына ара қатынасы - A4;

      6) "жауап жоқ болу тармағы" – нақты бір тармақ бойынша жауап бермеген қамтылған бірліктердің қамтылған бірліктердің жалпы санына ара қатынасы - A5;

      7) "деректерді қайта қарау" - бұрын бекітілген және жарияланған ресми статистикалық ақпаратқа кез келген өзгерістерді енгізу (негізгі көрсеткіштің соңғы және бастапқы есептеуі арасындағы айырмашылығы) - A6;

      8) "импутация" – мәндердің жалпы санына ауыстырылған мәндер саны - A7;

      9) "күту кезеңі–алғашқы нәтижелер" – есепті кезеңнің соңғы күнінен алғашқы нәтижелердің жарияланған күніне дейін күндер саны (апта немесе айлар) - TP1;

      10) "күту кезеңі – соңғы нәтижелер" – есепті кезеңнің соңғы күнінен бастап толық және түпкілікті нәтижелерді жариялаған күнге дейінгі күндер саны (апта немесе айлар) - TP2;

      11) "ұқыптылық – жеткізу және жариялау" - ресми статистикалық ақпаратты жариялау күнінен бастап жоспарлы күнге дейінгі уақыт тежелісімен шартталған өлшемшарт, яғни жоспарланған нәтижелерден ауытқуы - TP3;

      12) "айналы статистика ағыны бойынша ассиметрия" – осы екі мәннің орташа мәніне бөлінген екі ел арасындағы кіріс және шығыс ағындардың айырмашылығы немесе абсолютті айырмашылығы (сауда, миграция статистикасы және төлем теңгерімі үшін тиесілі) - CC1;

      13) "салыстырмалы уақытша қатарлар ұзақтығы" – соңғы үзілістен бастап уақытша қатарлардағы есепті кезең саны - CC2;

      14) "деректер кестесі" – белгілі бір уақыт кезеңіне статистика саласы ішіндегі деректер кестесі бойынша сауалдар саны (on-line режимдегі қараулар немесе кестелерді жүктеу саны) - AC1;

      15) "метадеректер – өтініштер" – аталған уақыт кезеңіне статистика саласы аясында метадеректер бойынша өтініштер саны. "Сұраулар саны" дегеніміз метадеректер файлы қанша рет қаралды дегенді білдіреді - AC2.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады