Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына) және орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламаларының нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 168 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 маусымда № 17016 болып тіркелді.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 131-бабының 6-тармағына және 179-бабының 6-тармағына, сондай-ақ "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына) бағдарламаларының нысаны;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламаларының нысаны;

      3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына) және орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламаларын көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органға ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қағаз және электрондық нұсқада оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде ресми жариялау үшін оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексі қолданысқа енгізілген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      __________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 18 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитетінің төрағасы

      ________________ Н. Айдапкелов

      2018 жылғы 22 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 11 мамырдағы
№ 168 бұйрығына
1-қосымша
Нысан

Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына) бағдарламасы

      Индекс: 1-ЖСБ

      Жиілігі: жыл сайын

      Өкілдік ететін тұлғалар аясы: көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдаланушылар

      Қайда ұсынылады: көмірсутектер және уран өндіру жөніндегі уәкілетті орган

      Ұсыну мерзімі: сатып алу жүргізу үшін жоспарланған жылдың 1 (бірінші) ақпанынан кешіктірмей, немесе келісімшарт жасалған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі

Сатып алынатын заттың коды

ӨСЖ бойынша ТЖҚ коды

Сатып алынатын ТЖҚ атауы мен қысқаша (қосымша) сипаттамасы

Өлшем бірілігі

Заттай түрінде сатып алудың жоспарланған көлемі

ҚҚС қоспағанда, жоспарланған сатып алу сомасы, мың теңге

Сатып алу тәсілі

Сатып алуды өткізу мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

8

9




Тауарлар









Жұмыстар









Қызметтер






      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ТЖҚ - тауарлар, жұмыстар мен қызметтер

      ӨСЖ - өнімнің статистикалық жіктеуіші

      ҚҚС - қосылған құн салығы

      Ескертпе: Осы нысанның қосымшасында нысанды толтыру бойынша түсініктеме келтірілген.

  Тауарларды, жұмыстар мен
қызметтерді сатып алудың
жылдық (бір қаржы жылына)
бағдарламасының нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме "Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына) бағдарламасы"

      1. 1-бағанда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі көрсетіледі;

      1) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) қолданысқа енгізілгенге дейін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасаған жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірін көрсетеді;

      2) Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасаған жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірін көрсетеді;

      2. 2-бағанда Көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына) және орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламаларын ұсыну қағидаларының қосымшасына сәйкес Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу үшін жіктеу коды атты 1-кестеге сәйкес сатып алынатын заттың коды көрсетіледі;

      3. 3-бағанда Өнімнің (тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің) Үлгілік статистикалық жіктеуішіне сәйкес 10 белгі деңгейінде тауардың, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі;

      4. 4-бағанда сатып алынатын тауардың, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттары, қасиеттері және сипаттамалары) көрсетіледі;

      5. 5-бағанда Мемлекетаралық өлшем бірлігі мен есеп жіктеуішіне сәйкес тауардың өлшем бірлігінің коды көрсетіледі. Жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша баған толтырылмайды;

      6. 6-бағанда тауардың көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес заттай көрінісіндегі тауарды сатып алудың жоспарланатын көлемі көрсетіледі. Жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша баған толтырылмайды;

      7. 7-бағанда қосылған құн салығын қоспағанда мың теңге (жүздік үлесімен бөлшек сан) құндық көрінісінде тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жоспарланатын сомасы көрсетіледі;

      8. 8-бағанда тауарды, жұмысты немесе көрсетілетін қызметті сатып алу тәсілін:

      1) Кодтардың 2-кестесіне сәйкес, тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді Кодекске сәйкес сатып алатын жер қойнауын пайдаланушылар;

      2) Кодтардың 3-кестесіне сәйкес, жер қойнауын пайдалану құқығына ие, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлесі) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке (бұдан әрі – Қор) тиесілі заңды тұлғалар көрсетеді;

      9. 9-бағанда Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алудың өткізу орны көрсетіледі;

      10. 10-бағанда Кодтардың 4-кестесіне сәйкес, тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізудің мерзімі көрсетіледі;

      11. 11-бағанда Кодтардың 4-кестесіне сәйкес, тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді жеткізудің мерзімі көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 11 мамырдағы
№ 168 бұйрығына
2-қосымша
Нысан

Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламасы

      Индекс: 1-ОСБ

      Жиілігі: жыл сайын

      Өкілдік ететін тұлғалар аясы: көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдаланушылар

      Қайда ұсынылады: көмірсутектер және уран өндіру жөніндегі уәкілетті орган

      Ұсыну мерзімі: жоспарланған бес жылдық кезеңнің бірінші жылының 1 (бірінші) ақпанынан кешіктірмей, немесе келісімшарт жасалған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт нөмірі

Сатып алынатын заттың коды

ӨСЖ бойынша ТЖҚ коды

Сатып алынатын ТЖҚ атауы мен қысқаша (қосымша) сипаттамасы

Өлшем бірілігі

Заттай түрінде сатып алудың жоспарланған көлемі

ҚҚС қоспағанда, жоспарланған сатып алу сомасы, мың теңге

Сатып алу тәсілі

Сатып алуды өткізу мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

8

9




Тауарлар









Жұмыстар









Қызметтер






      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ТЖҚ - тауарлар, жұмыстар мен қызметтер

      ӨСЖ - өнімнің статистикалық жіктеуіші

      ҚҚС - қосылған құн салығы

      Ескертпе: Осы нысанның қосымшасында нысанды толтыру бойынша түсініктеме келтірілген.

  Тауарларды, жұмыстар мен
қызметтерді сатып алудың орта
мерзімді (бес қаржы жылына)
бағдарламаларының нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

"Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламасы"

      1. 1-бағанда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі көрсетіледі;

      1) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) қолданысқа енгізілгенге дейін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасаған жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірін көрсетеді;

      2) Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасаған жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірін көрсетеді;

      2. 2-бағанда Кодтардың 1-кестесіне сәйкес, сатып алу мәнінің коды көрсетіледі;

      3. 3-бағанда Өнімнің (тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің) Үлгілік статистикалық жіктеуішіне сәйкес 10 белгі деңгейінде тауардың, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі;

      4. 4-бағанда сатып алынатын тауардың, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттары, қасиеттері және сипаттамалары) көрсетіледі;

      5. 5-бағанда Мемлекетаралық өлшем бірлігі мен есеп жіктеуішіне сәйкес тауардың өлшем бірлігінің коды көрсетіледі. Жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша баған толтырылмайды;

      6. 6-бағанда тауардың көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес заттай көрінісіндегі тауарды сатып алудың жоспарланатын көлемі көрсетіледі. Жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша баған толтырылмайды;

      7. 7-бағанда ҚҚС қоспағанда мың теңге (жүздік үлесімен бөлшек сан) құндық көрінісінде тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жоспарланатын сомасы көрсетіледі;

      8. 8-бағанда тауарды, жұмысты немесе көрсетілетін қызметті сатып алу тәсілін:

      1) Кодтардың 2-кестесіне сәйкес, тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді Кодекске сәйкес сатып алатын жер қойнауын пайдаланушылар;

      2) Кодтардың 3-кестесіне сәйкес, жер қойнауын пайдалану құқығына ие, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлесі) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде Қорға тиесілі заңды тұлғалар көрсетеді;

      9. 9-бағанда Кодтардың 4-кестесіне сәйкес, тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізудің жоспарлы жылы көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 11 мамырдағы
№ 168 бұйрығына
3-қосымша

Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына) және орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламаларын көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органға ұсыну қағидалары

      1. Осы Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына) және орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламаларын көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органға ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 131-бабының 6-тармағына және 179-бабының 6-тармағына, сондай-ақ "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына), орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламаларын көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органға ұсыну тәртібін белгілейді.

      Осы Қағидалар Кодекстің 277-бабының 3-тармағына сәйкес Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін және жасалған рұқсаттар, лицензиялар мен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қарым-қатынастарға қолданылады.

      2. Жер қойнауын пайдаланушы сатып алуды жүргізу үшін жоспарланатын жылдың 1 (бірінші) ақпанынан кешіктірмей немесе келісімшарт жасалған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органға алдағы кезеңдерге арналған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына) бағдарламасын жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі арқылы ұсынады және оны бірінші басшының немесе уәкілеттік берілген тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

      3. Жер қойнауын пайдаланушы сатып алуды жүргізу үшін жоспарланатын жылдың 1 (бірінші) ақпанынан кешіктірмей немесе келісімшарт жасалған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органға алдағы кезеңдерге арналған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламасын жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі арқылы ұсынады және оны бірінші басшының немесе уәкілеттік берілген тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

      4. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу үшін жіктеу кодтары осы қағидалардың қосымшасында келтірілген.

  Тауарларды, жұмыстар мен
қызметтерді сатып алудың
жылдық (бір қаржы жылына)
және орта мерзімді (бес қаржы
жылына) бағдарламаларын
көмірсутектер және уран өндіру
саласындағы уәкілетті органға
ұсыну қағидаларына қосымша

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу үшін жіктеу кодтары

  1-кесте

Сатып алынатын заттың коды

Атауы

0

Тауар

1

Жұмыс

2

Қызмет

  2-кесте

Сатып алу тәсілінің коды

Атауы

101

Ашық конкурс

103

Бір көзден сатып алу

104

Тауарлық биржаларда

105

Төмендету әдісімен ашық конкурс (электрондық сауда-саттық)

112

Тәсілдерді қолданбай*

  3-кесте

Сатып алу тәсілінің коды

Атауы

201

Ашық тендер

209

Жабық тендер

210

Екі кезеңді ашық тендер

211

Екі кезеңді жабық тендер

202

Баға ұсыныстарын сұрату

203

Бір көзден сатып алу

208

Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы

204

Тауарлық биржалар арқылы

212

Қор қағидаларының нормаларын қолданбай**

  4-кесте

Уақыт кезеңінің коды

Атауы

QAN1

1-тоқсан

QAN2

2-тоқсан

QAN3

3-тоқсан

QAN4

4-тоқсан

SAN1

1 жартыжылдық (1-2 тоқсандар)

SAN2

2 жартыжылдық (3-4 тоқсандар)

ANNгг

жыл***

      Ескертпе: *Кодекстің 131-бабының 1-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында және 179-бабының 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тәсілдерді қолданбай;

      ** "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы Заңының 19-бабының 2-тармағына сәйкес Ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесі бекітетін Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары;

      *** жылды белгілеу кезінде ANN префиксі және жылдың соңғы екі саны қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады