Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 141 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 11 маусымда № 17030 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертуі!
      Осы бұйрық 29.06.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 122-бабының 5-тармағына және 174-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары-

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы

      министрі

      _____________ Ө. Шөкеев

      2018 жылғы 28 мамыр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму

      министрі

      ____________ Ж. Қасымбек

      2018 жылғы 14 мамыр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 11 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 26 сәуірдегі
№ 141 бұйрығымен
бекітілген

Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.05.2023 № 183 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 122-бабының 5-тармағына және 174-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) залал – көмірсутектердің немесе уранның нормаланған ысыраптарынан асатын нақты ысырап көлемін негізге ала отырып, айқындалатын мемлекет шеккен залал;

      2) көмірсутектердің немесе уранның нормаланған ысыраптары – деңгейі жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу үшін жобалау құжаттарындағы техникалық-экономикалық есептеулермен негізделген көмірсутектер немесе уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу жүйелерімен және қабылданған тәсілдерімен технологиялық жағынан байланысты көмірсутектер немесе уранның ысыраптары және (немесе) шикі газды алау етіп жағуға рұқсатта көрсетілген шикі газды жағу көлемі түріндегі ысыраптар;

      3) нақты ысыраптар – залалды есептеу сәтіндегі айқындалған ысырыптар.

      3. Осы Қағидалар меншік нысанына қарамастан, көмірсутектер және (немесе) уран өндіру бойынша барлық жер қойнауын пайдаланушыларға, соның ішінде жер қойнауын пайдалану келісімшарты бойынша операторларға, сенімгерлік басқарушыларға (бұдан әрі – жер қойнауын пайдаланушы) қолданылады.

      4. Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залал мөлшерін айқындау табу фактісі бойынша, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың және (немесе) мемлекеттік органдардың өздерінен залалы бойынша ақпарат болған кезде:

      көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде көмірсутектер саласындағы уәкілетті органы;

      уран өндіру кезінде уран өндіру саласындағы уәкілетті органы жүзеге асырады.

      5. Залалдың мөлшерін айқындауға байланысты туындайтын даулар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 9-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 9-бабына сәйкес шешіледі.

2-тарау. Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уранды өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау тәртібі

      6. Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшері көмірсутектердің немесе уранның нормаланған ысыраптарынан асатын нақты ысырабының көлемін негізге ала отырып белгіленеді және ресми белгіленімдеріне сәйкес есепті кезеңдегі баға белгілеулерінің орташа құнына сүйене отырып құндық мәнде белгіленеді.

      7. Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нормадан тыс ысыраптары үшін залал мөлшерін айқындау мысалдарына сай белгіленеді.

      8. Көмірсутектер немесе уранның нақты ысырабының нормаланған ысыраптардан асып түсуі (бұдан әрі – нормадан тыс ысыраптар) мынадай көлемдерден туындайды:

      көмірсутектердің немесе уранның баланстық қорлары дұрыс есептелген және оларды жер қойнауынан алудың толықтығын бастапқы есепке алу мүмкін болатын біртектес тау-кен-геологиялық жағдайлармен бір жүйеде игерілетін көмірсутектердің баланстық қорлары жер қойнауының әрбір бөлігі бойынша белгіленген ысыраптардан немесе уранның баланстық қорларының кен орын бойынша белгіленген ысыраптардан тыс ысыраптар, сондай-ақ кез келген негізсіз ысыраптар;

      тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасының, кен орнын игеру жобасының немесе жер қойнауын ұтымды пайдалануды және бұзылулардан туындаған аварияларды ескере отырып, уран кен орындарын экономикалық рентабельді игеруді көздейтін Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін бекітілген жобалау құжатын бұзудың нәтижесінде туындаған уранның баланстық қорының ысыраптары;

      алудың коэффициентіне, қорларды уақтылы есептен шығармауға, көмірсутек қорларын алдын ала өтеуге қол жеткізбей, жер қойнауында қалған көмірсутектер немесе уран қорлары;

      жер қойнауында суланудың, жанудың салдарынан туындаған көмірсутектердің баланстық қорларының немесе игеру (өндіру) бойынша талаптарды бұзу салдарынан туындаған өндірілген көмірсутектердің ысыраптары;

      көмірсутектер кен орындарының оңай қол жеткізілетін учаскелерінде өндірудің салдарынан рентабельді өңдеу мүмкін емес болатын олардың баланстық қорларының ысыраптары;

      кәсіпшілікте өндіру, жинау, тасымалдау және дайындау кезінде көмірсутектер ысыраптарынан нормадан тыс ысыраптары;

      базалық жобалау құжатында, игеруді талдауда немесе Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін бекітілген базалық жобалау құжатында көзделген кен орындарын игерудің технологиялық режимін сақтамаудың салдарынан, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын ұтымды пайдалану бойынша талаптарды бұзу салдарынан баған сыртындағы және бағанаралық кеңістік арқылы жоғары жатқан көмірсутектің қатаралық ағылуының салдарынан Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен көмірсутектер немесе уранның алынатын қорларының ысыраптары;

      базалық жобалау құжатын, игеруді талдауды немесе Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін бекітілген базалық жобалау құжатын, оларды алу және кәдеге жаратуды сақтамағандықтан шикi газ, газ конденсатының ысыраптары;

      авариялық жағдайлардың қатері немесе туындауы, персоналдың өміріне немесе халық денсаулығына және қоршаған ортаға қатер төнген жағдайларды қоспағанда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз және (немесе) рұқсат шарттарын сақтамай алау етіп жағылатын шикі газ;

      көмірсутектер саласындағы уәкiлеттi органның жағуға рұқсат етілген көлемінен тыс жағылған шикі газы;

      кен орынды толық игеру кезінде бекітілген жобалау көрсеткіштерімен салыстырғанда қайта өңделетін шикізат сапасының өзгерістері мен ауытқуларына және қайта өңдеудің технологиялық тәртібінің бұзылуына байланысты базалық жобалау құжатында, игеруді талдауда немесе Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін бекітілген базалық жобалау құжатында бекітілген нормаланған ысыраптардан асатын уранның және уранды бастапқы өңдеу кезіндегі олардың құрамындағы ілеспе компоненттердің, аралық өнімдердің (жартылай фабрикаттарды), байыту қалдықтарының, шөгінділердің, қождардың ысыраптары;

      барлау кезінде, оның ішінде жер қойнауы учаскесінде нормаланған ысыраптардан тыс сынамалы пайдалану кезінде шикі мұнайдың (конденсаттың) ысыраптары.

      9. Мұнайдың, конденсат пен газдың, оның ішінде ілеспе (еріген) газдың нормадан тыс қабаттық ысыраптары бекітілген базалық жобалау құжатында, игеруді талдауда немесе Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін бекітілген жобалау құжатында алу коэффициентінен ауытқулармен анықталады.

      10. Шикі газды жағу кезіндегі нормадан тыс ысыраптар базалық жобалау құжатында, игеруді талдауда немесе Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін бекітілген жобалау құжатында көрсетілген және (немесе) қорларды есептеген кезде қабылданған компоненттердің құрамы негізінде пайдалы қазбалардың мемлекеттік балансында тұрған газдың компоненттік құрамы бойынша анықталады.

      Компоненттердің құрамы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген соңғы бекітілген жобалау құжаттарынан ескеріледі.

      11. Жеке есепке алу аспаптары болмаған кезде жобалық ысыраптарды есептеу Қазақстан Республикасының пайдалы қазба қорларының мемлекеттік балансында есепте тұрғанжәне (немесе) базалық жобалау құжатында, игеруді талдауда немесе Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін бекітілген жобалау құжатында көрсетілген өндірілетін пайдалы қазбадағы еріген газдың құрамы бойынша жүргізіледі.

      Компоненттердің құрамы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген соңғы бекітілген жобалау құжаттарынан ескеріледі.

      12. Бастапқы қайта өңдеу (дайындау) процесінде жол берілген көмірсутектердің немесе уранның нормадан тыс ысыраптарының сандық мәні көмірсутектердің немесе уранның тиісті типі (сорты) үшін технологиямен белгіленген алу шамасы мен оның тауарлық өнімге нақты қол жеткізілген алынуы арасындағы айырма бойынша анықталады.

  Көмірсутектерді барлау мен
өндіру және уран өндіру кезінде
жер қойнауын ұтымды және
кешенді пайдалану бойынша
талаптардың бұзылуы
салдарынан келтірілген
залалдың мөлшерін
айқындау қағидаларына
қосымша

Нормадан тыс ысырабы үшін залал мөлшерін айқындау мысалдары

      1-мысал.

      Жер қойнауын пайдаланушы есепті кезеңде 2658000 тонна мұнай өндірді.

      Осы кезеңде мұнайдың нақты ысырабы 4442 тонна мұнайды, оның ішінде бекітілген нормативтік ысырап 1081 тонна мұнайды құрады.

      Есепті кезеңде жер қойнауын пайдаланушының (бағалардың ресми белгіленімдері, Қазақстан Республикасының ішкі нарығындағы орташа құны) мұнайды сату кезіндегі орташа баға 50,49 АҚШ долларын құрады,

      (4442 - 1081) х 50,49 = 169696,89 АҚШ доллары.

      169696,89 х залал анықталған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетелдік валютадағы шаққандағы ресми бағамы = залал сомасы.

      2-мысал.

      Жер қойнауын пайдаланушы есепті кезеңде барлау және өндіру кезінде жүзеге асырған кезде 300 млн. м3 көлемінде шикі газды жақты. Бұл ретте газда "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған базалық жобалау құжатында, игеруді талдауда немесе бекітілген жобалау құжатында көрсетілген Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансында есепте тұрған компоненттерінің өнеркәсіптік құрамы бар. Қазақстан Республикасының Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен базалық жобалау құжатында, игеруді талдауда немесе "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін бекітілген жобалау құжатында көрсетілген әлеуетті мазмұндардың мәндерінің негізінде компоненттердің, оның ішінде құрғақ газдың (метанның) санын анықтаймыз. Компоненттердің жоғалуы – этан, пропан және (немесе) бутан, әлеуетті жиынтық құрамы 1000 м3 газға 500 кг болғанда 150000 тоннаны құрайды. Құрамы 50 % болған кезде құрғақ газдың және (немесе) метанның ысырабы 150 млн. м3 құрайды.

      Есептік кезеңде құрғақ газ (метан) бойынша ресми баға белгіленімдерінің орташа құны 1000 м3 үшін 80 АҚШ долларын, ал компоненттер бойынша – этан, пропан және (немесе) бутан бойынша әрбір компонент бойынша 1 тоннасы үшін 350 АҚШ долларын құрады.

      Залал сомасы:

      құрғақ газ (метан) үшін: 150000000 х 80:1000 = 12000000 АҚШ доллары;

      компоненттер үшін – этан, пропан және (немесе) бутан: 150000 х 350 = 52500000 АҚШ доллары;

      барлығы: 64500000 АҚШ доллары.

      64500000 х залал анықталған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетелдік валютадағы шаққандағы ресми бағамы = залал сомасы.".

      3-мысал.

      Жер қойнауын пайдаланушы уран кен орнын игереді. Кен орынды толық игеру кезінде 61224 тонна уран сатты:

      уранның нақты ысырабы 2024 тоннаны

      нормаланған ысырап кезінде 1215 тоннаны құрады.

      Есепті кезеңде жер қойнауын пайдаланушының (бағалардың ресми белгіленімдері, Қазақстан Республикасының ішкі нарығындағы орташа құны) уран сатуы кезіндегі орташа баға 228,03 АҚШ долларын құрады,

      (2024 - 1215) х 228,03 = 184476,3 АҚШ доллары.

      184476,3 х залал анықталған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетелдік валютадағы шаққандағы ресми бағамы = залал сомасы.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады