Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 320 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 11 маусымда № 17032 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 243-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасу жөніндегі жұмыс тобы туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Премьер-

      Министрінің орынбасары –

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ___________________Ө. Шөкеев

      2018 жылғы "_____"__________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Еңбек

      және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      __________________М. Әбілқасымова

      2018 жылғы "_____"__________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ________________Б. Сұлтанов

      2018 жылғы "_____"________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
11 мамырдағы
№ 320 бұйрығымен
бекітілген

Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу жөніндегі жұмыс тобы туралы ереже

1-тарау. Жалпы ереже

      1. Осы Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасу жөніндегі жұмыс тобы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 243-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген және пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасу жөніндегі жұмыс тобын (бұдан әрі – жұмыс топ) қызметін реттейді.

      2. Жұмыс тобы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Кодексін, Қазақстан Республикасының өзгеде нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Жұмыс тобы қызметінің негізгі мақсаты пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу бойынша келіссөздер жүргізу және келіссөздер қорытындысы бойынша шешім қабылдау болып табылады.

      4. Жұмыс тобының құрамы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің немесе оның орнын алмастыратын адамның бұйрығымен бекітіледі.

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі жұмыс тобының басшысы болып табылады.

      5. Жұмыс тобының жұмыс органы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті (бұдан әрі – жұмыс орган) болып табылады.

      6. Келіссөздер қорытындысы бойынша жұмыс тобының шешімі басшы, хатшы және жұмыс тобының барлық қатысушы мүшелерімен қол қойылатын хаттамамен ресімделеді.

2-тарау. Жұмыс топтың негізгі мақсаттары және функциялары

      7. Жұмыс тобының мақсаттары:

      1) пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасуға өтініштерді қарау және бағалау;

      2) пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімнің негізгі шарттарын айқындау болып табылады.

      8. Жұмыс тобының функциялары:

      1) пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасуға арналған өтініштерді уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету;

      2) пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасуға арналған өтініштерді объективті және жан-жақты бағалау;

      3) пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жобасы бойынша ұсыныстарды әзірлеу және келісілген пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімнің жобасын жұмыс топтың жұмыс органына енгізу болып табылады.

3-тарау. Жұмыс тобының қызметін ұйымдастыру және тәртібі

      9. Жұмыс тобы жұмыс тобының басшысы, басшының орынбасары мен мүшелері құрамынан жасалады.

      Жұмыс тобы оның қызметін басшылық ететін, отырыстарда төрағалық ететін, оның жұмысын жоспарлайтын, күн тәртібін бекітетін, оның шешімін іске асыруды жалпы бақылауды жүзеге асыратын жетекші басқарады. Басшы болмаған кезде оның функциясын орынбасары орындайды.

      Жұмыс тобының хатшысы:

      1) жұмыс тобының отырысының күн тәртібін қалыптастырады;

      2) жұмыс тобының отырысына тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді;

      3) жұмыс тобы отырысының хаттамасын жасайды.

      10. жұмыс органы жұмыс тобының ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде:

      1) жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасуға арналған өтінішті Кодекстің 243-бабының 2-тармағына сәйкес көзделген құжаттар мен материалдарының болуына қарайды;

      2) белгіленген заңнамада оның функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдарда ақпаратты сұрайды және алады;

      3) жұмыс тобы отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар дайындалады; жұмыс тобы отырысын өткізгенге дейін үш жұмыс күн ішінде жұмыс тобы мүшелеріне жіберетін қажетті құжаттарды, материалдарды жібереді;

      4) жұмыс тобы мүшелерін, сондай-ақ пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасуға өтініштерді берген адамды (бұдан әрі – Өтініш иесі) отырысқа шақырады және тыңдайды;

      11. Жұмыс органы пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасуға өтініштер келіп түскен сәттен бастап бір айдан кешіктірмей пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасу бойынша келіссөздерді өткізуді бастау күні туралы Өтініш иесіне хабарлайды.

      12. Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасу бойынша келіссөздер пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасу бойынша келіссөздерді өткізуді бастау күні туралы Өтініш иесіне хабарлама жіберген күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі.

      13. Жұмыс тобының отырысы қажеттілігі бойынша жүргізіледі және егер оларға жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санынан кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп саналады.

      14. Жұмыс тобының шешімі қатысушы мүшелердің жалпы санынан дауыстардың көпшілігімен қабылданады. Жұмыс тобының мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие болады. Хатшы жұмыс тобының мүшесі болып табылмайды. Дауыс тең болған жағдайда, жұмыс тобына жетекшісінің дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.

      Жұмыс топтың мүшелері қабылданған шешіммен келіспеулері мүмкін, өз пікірлерін жазбаша түрде жаза алады, жұмыс тобының хаттамасына қоса беріледі.

      15. Жұмыс тобы отырысының нәтижелері бойынша жұмыс тобының хатшысы үш жұмыс күн ішінде шешімі басшы, хатшы және барлық жұмыс тобы мүшелерімен қол қойылған хаттаманы жазады және жұмыс органына ұсынады.

      Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісілген жобаны келісу туралы қорытынды шешімді қабылдау жағдайда, жұмыс тобы отырысының хаттамасына келісілген келісім жобасы қоса тіркеледі, оған да өтініш иесімен немесе оның уәкілетті органымен қол қойылады.

      16. Жұмыс тобы қызметін ұйымдастыру, материалдарды жинауды сақтауды жұмыс органы қамтамасыз етеді.

4-тарау. Жұмыс тобы қызметін тоқтату

      17. Жұмыс тобы өз қызметін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы негізінде тоқтатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады