Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 224 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 маусымда № 17039 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-169/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.10.2020 № ҚР ДСМ-169/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 151-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру қағидалары бекітілсін.

      2. "Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы №440 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11748 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А. В. Цойға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрі

      ___________________ Т. Дүйсенова

      20___ жылғы " " ___________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________________ Т. Сүлейменов

      20___ жылғы " " ____________

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 5 мамырдағы
№ 224 бұйрығымен
бекіткен

Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствасының аумақтық бөлімшелерінің тексеру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер).

      2. Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайлары, тексеруді Жасанды иммунтапшылығы синдромын алдын-алу және оған қарсы күрес саласында қызмет атқаратын денсаулық сақтау ұйымдары жүргізетін адамның иммун тапшылығының вирусы қоздыратын ауру жағдайын қоспағанда, аумақтық бөлімшесімен тексерілуіне жатады.

2 тарау. Халықтың инфекциялық және паразиттік аурулары жағдайларын тексеру тәртібі

      3. Халықтың аумақтық бөлімшелер шұғыл хабарлама түскен күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде халықтың инфекциялық және паразиттік аурулары жағдайларына эпидемиологиялық тексеруді жүргізеді.

      4. Карантиндік және аса қауіпті аурулар тіркелгенде шұғыл хабарламаны бергеннен бастап 3 сағатта эпидемиологиялық тексеру басталады. Өлімге әкелген жағдайлар тіркелген кезде, сондай-ақ инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулардың өзара байланысқан және бір инкубациялық кезеңде 3 және содан да көп жағдайлары тіркелгенде соңғы шұғыл хабарламаны берген күннен бастап тәулік ішінде (24 сағат) эпидемиологиялық тергеу жүргізіледі.

      5. Сирек кездесетін, Қазақстан Республикасының аумағында жойылған немесе қайтадан пайда болатын халықтың инфекциялық және паразиттік аурулары тіркелгенде аумақтық бөлімшелермен штаб құрылады, оның құрамына аумақтық бөлімше, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның республикалық органдары мен ұйымдарының, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері қосылады.

      Штабтың жанында мынадай:

      1) құрамына эпидемиолог/паразитолог мамандар кіретін эпидемиологиялық тексеру және талдау;

      2) құрамына бактериолог/вирусолог дәрігерлер, зертханашы-дәрігерлер кіретін зертханалық диагностикалау;

      3) құрамына денсаулық сақтау ұйымдарының дәрігерлері (инфекционистер, терапевтер, педиатрлар, невропатологтар, отбасылық дәрігерлер және басқа да мамандар) кіретін науқастарды анықтау және емдеу;

      4) құрамына гигиена бейіні бойынша санитариялық дәрігерлер кіретін санитариялық-гигиеналық қадағалау;

      5) құрамына дезинфекционист дәрігері, дезнұсқаушы, дезинфекторлар кіретін дезинфекциялау топтары ұйымдастырылады.

      6. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша инфекциялық және паразитарлық аурулардың жағдайына инфекция көзін анықтау мақсатында эпидемиологиялық тергеу жүргізгенде байланыста болған адамдарға және инфекцияның таралуына қатысы болуы мүмкін адамдарға зертханалық тексеру жүргізіледі.

      7. Эпидемиологиялық тексеру барысында дәрігер эпидемиолог (паразиолог) халықтың инфекциялық және паразиттік аурулары жағдайларының клиникалық сипаттамасын талдайды, ол үшін медициналық мекемеде медициналық құжаттамамен танысады, осы мекеме дәрігерлерімен әңгімелеседі, науқастардан және науқастармен байланыста болған тұлғалардан сұрайды, бар зертханалық деректерді талдайды және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама өткізу үшін ошақтан сынамалар алады. Инфекция көзін іздеп табу мақсатында жанасқан түлғалардың зертханалық тексеруін ұйымдастырады (бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық және басқалар). Ең маңызды симптомдар мен белгілер Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 7-1-бабының 1 тармағына 2) тармақшасына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес бекітілетін, ошақтың эпидемиологиялық тексеру картасына толық жазылады (сипаттамасы және 24 сағат ішінде ең көп болған нәжісі, температурасының қисығы және басқа).

      8. Аумақтық бөлімшелер мен зертхана қызметкерлерімен бірге зертханалық диагностиканың дұрыстығын мынадай критерий:

      1) зертхананың техникалық жабдықталғандығы, өлшеуші құралдарын тексеру уақтылығы;

      2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен бекітілген және (немесе) мемлекеттік өлшеулер жүйесі тізбесіне енгізілген зертханалық зерттеу жүргізу әдістемелерін сақтау;

      3) қолданылатын орталардың, агглютинация сарысуларының, диагностикумдардың, сынақ-жүйелерінің сапасы (жарамдылық мерзімі, сақтау талаптарын бұзбау, өсу сапасы);

      4) зертханаішілік бақылау жүргізудің толықтығы мен сапасы;

      5) зертханада жұмыс істейтін персоналдың кәсіптік деңгейі бойынша бағалау керек.

      9. Диагнозды этиологиялық ашу үшін науқастардың материалын қолданыстағы әдістемелік құжаттарға сәйкес зерттеледі. Көрсеткіш бойынша зерттеулер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның зертханалық ұйымдарында жүргізіледі, бөлінген патогенді өсірінділер сәйкестендіру үшін тиісті референс-зертханаға жіберіледі.

      10. Халықтың инфекциялық және паразитарлық ауруларына эпидемиологиялық тергеу жүргізу барысында аумақтық бөлімшелер жинастырған эпидемиологиялық анамнез және науқастарды сұрастыру негізінде, сонымен бірге медициналық ұйымдармен ауруларды тексеру кезінде алынған клиникалық және зертханалық мәліметтерге сүйеніп қорытынды диагноз қойылады.

      11. Науқастардан және науқаспен байланыста болғандардан сұрақ алу кезінде эпидемиолог (паразитолог) маман мыналарды:

      1) инкубация кезеңі ішінде ұқсас ауру белгілері бар байланыста болған адамдардың тобын;

      2) тегін, аты-жөнін, туған күнін, мекенжайын, байланыс телефондарын, жұмыс/оқу орнын;

      3) ауру басталған күнін (қысқа инкубациялық кезенді аурулар үшін – ауру басталған анық күні), ауруханаға жатқан күні мен орнын, аурудың негізгі белгілерін;

      4) инфекцияның болуы мүмкін көздері, факторлары және берілу жолдары туралы мәліметтерді;

      5) ұйымдасқан ұжымға соңғы рет барған, елді мекеннен, облыстан, елден тысқары шыққан күнін;

      6) алынған профилактикалық егу туралы мәліметтерді анықтайды.

      12. Инфекциялық және/немесе паразиттік ауруларды сырттан әкелу жағдайы тіркелген кезде мыналарды:

      1) науқастың соңғы 3 жыл ішінде эндемиялық елдерге бару мерзімін;

      2) науқастың эпидемологиялық маусымында сырқаттану кезінен диагноз қойғанға дейінгі уақытта Қазақстан Республикасының және облыстың, ауданның аумағынан орын ауыстыруын;

      3) соңғы 3 жыл ішінде белгісіз генездің қызбалық ауруларының болуын және соңғы 3 күн ішінде қызбаның болуын нақтылау керек;

      4) соңғы 3 ай ішінде қанның құйылғаны не құйылмағаны;

      5) зооноздық және карантиндік аурулар жағдайлары тіркелген елді мекенге арасында паразит тасымалдаушы немесе қоздырушылардың көзі болуы мүмкін халықтың көптеген топтарының (маусымдық жұмысшылар, қоныс аударушылар) келген-келмегені анықтайды.

      13. Карантиндік инфекциялар, аса қауіпті аурулар, сондай-ақ топталған ауруларды тіркелгенде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі үй басын аралауды ұйымдастырады.

      14. Науқас инкубация кезеңі/ауру ағымында ұйымдасқан ұжымға немесе эпидемиологиялық маңызды объектіге (мұнда инфекцияның одан әрі таралуы мүмкін) барған жағдайда шұғыл хабарлама берілген кезден бастап халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі күнтізбелік 7 күн мерзімде сол объектіні тексеруді және аурудың ары қарай таралуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырып, жүргізеді артынан Кодекстің 7-1-бабының 1 тармағы 2) тармақшасына сәйкес бекітетін нысан бойынша санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісін толытырады.

      15. Инфекциялық және паразитарлық аурулардың жағдайына тергеу жүргізу барысында декреттелген контингент арасында инфекция көзіне күдік туғызған кезде соңғылары зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алғанға дейін және тұрғындарға қауіп туғызбас үшін объектің басшысы бұйрығымен немесе аумақтық бөлімшенің қаулылары бойынша жұмыстан шеттетіледі.

      16. Басқа аймақтардан келген улану себебі болған (күдікті тағам немесе шикізат) инфекция көздерімен туындаған халықтың инфекциялық және паразитарлық ауруларын тексеру барысында, сол орында санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру үшін денсаулық сақтау ұйымымен ауру туралы хабарламаның аумақтық бөлімшеге уақытылы берілуі тексеріледі.

      17. Эпидемиологиялық тексеру нәтижелері Кодекстің 7-1-бабының 1 тармағы 2) тармақшасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен инфекциялық ауру ошағының эпидемиологиялық тексеру Картасына (бұдан әрі – ИАОЭТ Картасы) жазылады.

3 тарау. Халықтың кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру тәртібі Параграф 1. Кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайы бойынша аумақтық бөлімшелерге хабарлау тәртібі

      18. Жұмыс беруші кәсіптік ауру мен уланудың әр жағдайына тексеріс жүргізу үшін екі комиссия құрады:

      1) жұмысшының еңбек жағдайына санитариялық-эпидемиологиялық сипаттама жасау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – СЭС комиссиясы);

      2) жіті және созылмалы кәсіптік аурулар мен уланулардың жағдайларын тергеу комиссиясы (бұдан әрі – комиссия).

      19. Ұйым (кәсіпорын) таратылған жағдайда комиссияны және СЭС комиссиясын құру туралы бұйрықты жұмыс беруші-заңды қабылдап алушы шығарады.

      20. Кәсіптік аурулар мен уланудың әрбір жағдайына тергеу жүргізудің басы медициналық ұйымның Кодекстің 7-1-бабының 1 тармағы 2) тармақшасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган бекітетін "Инфекциялық ауру, тамақтан, кенеттен кәсіби улану, екпеге әдеттегіден бөлек реакция болғаны туралы шұғыл хабарлама" (бұдан әрі – шұғыл хабарлама) медициналық құжаттамасы аумақтық бөлімшелер жолдауы болып табылады және бір уақытта жұмыс берушіге хабарланады.

      21. Жұмыскердің жіті кәсіптік аурудың немесе уланудың бастапқы диагнозын анықтау туралы шұғыл хабарлама бір тәулік ішінде, ал созылмалы кәсіптік ауру туралы – 3 күнтізбелік күн ішінде науқастың зиянды еңбек жағдайында байланыста болған соңғы жұмыс орнының мекен-жайы бойынша аумақтық бөлімшеге және жұмыс берушіге осы Қағиданының 1 қосымшасындағы формасына сәйкес жіберіледі.

      22. Шұғыл хабарлама жіті кәсіптік аурудың немесе уланудың диагнозы өзгерген немесе алынып тасталған жағдайда медициналық ұйымдармен (аудан, қала, облыстың), ал созылмалы кәсіптік ауру немесе улану және олардың салдарлары, сонымен бірге жұмыс жасауды қойғаннан кейін ұзақ мерзім ішінде орын алғанда, кәсіптік патология және сараптама саласында арнайыландырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымымен (әрі қарай - МДҰ) аумақтық бөлімше мен жұмыс берушіге 3 жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

      23. Жіті кәсіптік аурудың немесе уланудың диагнозы өзгерген немесе алынып тасталған жағдайда, 24 сағат ішінде, ал созылмалы кәсіптік ауру диагнозында – 7 жұмыс күні ішінде жаңа шұғыл хабарлама аумақтық бөлімшеге, жұмыс берушіге және жұмысшының жұмыс орны бойынша медициналық ұйымға беріледі.

      24. Созылмалы кәсіптік ауру немесе улануды қойғаннан кейін, аумақтық бөлімше мамандарымен науқас мәліметтері осы Қағиданың 2 қосымшасына нысанына сәйкес кәсіби ауруы, улануы алғашқы рет анықталған адамдарды есепке алу журналына толтырылады.

Параграф 2. Жұмысшының еңбек жағдайына санитариялық-эпидемиологиялық сипаттама жасау жөніндегі комиссиясының жұмыс тәртібі

      23. Жұмыс беруші аумақтық бөлімшенің жазбаша хабарламасын алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде СЭС комиссиясын құрады, кейіннен комиссияның барлық мүшелерін жазбаша хабардар етеді.

      24. СЭС комиссиясының құрамы тақ саннан тұрады, оның құрамына жұмыс берушінің өкілі, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қызметі маманы (немесе жұмыс беруші тағайындаған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі жауапты тұлға), аумақтық бөлімшенің өкілі, зардап шегуші жұмысшы немесе ұқсас жұмыс орнының, учаске мен цехтың жұмысшысы, кәсіподақтың немесе жұмысшының өкілі кіреді. СЭС комиссиясының төрағасы болып жұмыс беруші сайланады (ұйым басшысы немесе оның орынбасары).

      25. Жұмысшының еңбек жағдайының санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамасын (бұдан әрі – СЭС) жасау үшін жұмыс беруші:

      1) жұмыс орнындағы (учаскедегі, цехтағы) еңбек жағдайын сипаттайтын құжаттар мен материалдарды, оның ішінде мұрағаттық құжаттарды береді; өткізілген медициналық тексерістер туралы мәліметтер; кезеңдік медициналық тексеріс барысында анықталған науқастарды сауықтыру бойынша шаралар жоспарын; еңбекті қорғау бойынша жұмысшының білімің тексеру нұсқаулықтары мен хаттамаларын тіркеу журналынан көшірме; жұмысшы түсініктемесінің, онымен бірге жұмыс жасайтын жұмысшылардан, басқа тұлғалардан сұрау алу хаттамалары; зерттеулер мен сынақтардың қорытындылары; жұмысшының денсаулығына тиген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесі туралы медициналық құжат; жұмысшыға жеке бас қорғаныс құралдары берілгендігін рассау құжаттарының көшірмесі; осы өндіріске (объектіге) аумақтық бөлімшелермен және еңбек бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен бұрын берілген ұйғарымдар көшірмесі;

      2) комиссия мүшелерінің талап етуі бойынша жұмыс орнындағы еңбек жағдайын бағалау мақсатында жеке қаражат есебінен жұмысшының еңбек жағдайына санитариялық-эпидемиологиялық сипаттама беру мақсатында жұмыс орнында немесе осыған ұқсас жұмыс орнында, өндірістік бақылау мәліметтерін ескере отырып, зертханалық-аспаптық және басқа гигиеналық зерттеулер жүргізіледі;

      3) тексеру құжаттарының сақталуы мен есебін қамтамасыз етеді.

      28. СЭС жасау процесінде СЭС комиссиясы:

      1) Осы Қағиданың 25 тармағының 1 тармақшасында көрсетілген құжаттарды зерделейді;

      2) жұмыскердің қызметтестерінен, санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттары талаптарының бұзылуына жол берген адамдардан сұрайды;

      3) кәсіптік аурудың немесе уланудың жағдайы мен туындау себептері анықталады;

      4) кәсіби ауру туындаған немесе кәсіптік ауру мен улануға күмән туындаған жұмыс орнына тексеру жүргізіледі;

      5) зиянды өндірістік факторларға зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізіледі;

      6) жұмыс істейтіндердің еңбегінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы бағаланады:

      7) ұйымның сантариялық-эпидемиологиялық тексеру актісін, зертханалық тексеру нәтижелерін, еңбек жағдайы бойынша өндірістік объектінің аттестациялау материалдары зерделенеді;

      8) алдын ала және мерзімдік медициналық тексеру материалдары, мерзімдік медициналық тексеру кезінде анықталған ауруларды сауықтыру бойынша іс-шаралар жоспары, еңбекті қорғау жағдайы және санитариялық-сауықтыру шаралары бойынша жоспардың орындалуы туралы мәліметтер зерделенеді;

      29. СЭС комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін еркін нысанда қорытынды дайындалады және аумақтық бөлімшеге беріледі, ол 3 күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің 2015 жылғы 30 мамырдағы №415 "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) бекітілген нысанда СЭС құрады.

      30. Көрсетілген нәтижелерден басқа СЭС зардап шегуші жұмысшының жұмыс орны мен жұмыс берушінің заңды мекен-жайы көрсетіледі. Егер зардап шеккен жұмысшы жұмыс жасайтын немесе жасаған жұмыс берушінің орналасқан жері мен нақты мекен-жайы және жұмысты (оқуды) орындаудың басқада орындары әр облыстарда, аудандарда, қалаларда, республикалық маңызы бар қалалар мен астанасында болса, СЭС кәсіптік ауру мен улану орын алған объектінің нақты мекен-жайы бойынша жүргізіледі.

      31. Егер кәсіптік аурулар немесе улану әртүрлі аумақтық бөлімшелерінің бақылауындағы обьектілерінде туындаған болса, соңғы жұмыс орны бойынша аумақтық бөлімше.(арнайы сұраныс бойынша тиісті аумақтық бөлімшелерінен және басқа да ұйымдардан арнайы сұраныс бойынша алынған материалдардың негізінде) СЭС құрады. Сұраныс жолданған ұйымдар СЭС құруға қажет сұратылған құжаттардың көшірмелерің 15 күнтізбелік күн ішінде ұсынады.

      32. Қосымша жұмыс атқару кезінде пайда болған кәсіптік ауруға СЭС құруға қосымша жұмыс атқарылған орында жүзеге асырылады.

Параграф 3. Жіті және созылмалы кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайларын тексеру бойынша комиссияның жұмыс тәртібі

      33. Жұмыс беруші қорытынды диагноз қойылғаны туралы МДҰ шұғыл хабарлама алған сәттен бастап жіті немесе созылмалы кәсіптік аурудың немесе уланудың әрбір жағдайына тексеру жүргізуге комиссия құрады, сонынан комиссия мүшелерің жазбаша хабарландырады:

      1) шұғыл түрде – еңбекке жарамдылығын жоғалтатын, саны 2 және одан да көп адам сырқаттанатын (зардап шегетін), өлім-жітімге әкеліп соғатын, аса қауіпті инфекцияларымен жіті кәсіптік ауруды немесе улануды. Комиссия төрағасы мемлекеттік еңбек инспекторы (аса қауіпті инфекциялар кезінде – бас мемлекеттік санитариялық дәрігер немесе оның орынбасары) болып табылады;

      2) 24 сағат ішінде – жіті кәсіптік аурудың немесе уланудың алдын ала қойылатын диагнозын. Комиисия төрағасы жұмыс беруші (ұйымның басшысы немесе оның орынбасары) болып табылады;

      3) 10 жұмыс күні ішінде – созылмалы кәсіптік ауруды немесе улану Комиссия төрағасы жұмыс беруші (ұйымның басшысы немесе оның орынбасары) болып табылады.

      33 Комиссияның құрамы тақ саннан тұрады, оның құрамына жұмыс берушінің өкілі, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қызметінің маманы (немесе жұмыс беруші тағайындаған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі жауапты тұлға), медициналық ұйымның өкілдері, аумақтық бөлімшенің маманы, кәсіподақтың немесе жұмысшының өкілі кіреді. Даулы жағдайларда тексеріске медициналық ұйымның профпатология бойынша мамандандырылған мамандары қатысады.

      Комиссия мүшелері кәсіптік аурулар немесе улануларға тексеруді комиссия құрамында ғана жүргізеді. Комиссия мүшелеріне өз бетінше жеке тексеру жүргізуге жол берілмейді.

      35. Халықтың кәсіптік аурулар немесе улану жағдайына тексеріс жүргізу барысында комиссия:

      1) жұмыскердің қызметтестерінен, санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттары талаптарының бұзылуына жол берген адамдардан сұрайды;

      2) кәсіптік аурудың немесе уланудың жағдайы мен туындау себептерін анықтайды;

      3) кәсіби ауру немесе улану туындаған жұмыс орнына тексеру жүргізіледі;

      4) зиянды өндірістік факторларға зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізілуің ұйымдастырады;

      5) жұмыс істейтіндердің еңбегінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайына баға береді;

      6) ұйымның сантариялық-эпидемиологиялық тексеру актісін, зертханалық тексеру нәтижелерін, еңбек жағдайы бойынша өндірістік объектінің аттестациялау материалдарын зерделейді;

      7) алдын ала және мерзімдік медициналық тексеру материалдары, мерзімдік медициналық тексеру кезінде анықталған ауруларды сауықтыру бойынша іс-шаралар жоспары, еңбекті қорғау жағдайы және санитариялық-сауықтыру шаралары бойынша жоспардың орындалуы туралы мәліметтер зерделейді;

      8) нұсқаулықтарды және жұмыскердің еңбекті қорғау бойынша білімін тексеру хаттамалары журналын зерделейді;

      9) қызметкердің денсаулығына келтірілген зақымның ауырлық сипаты мен деңгейі туралы медициналық құжаттаманы зерделейді;

      10) жұмыскерге жеке қорғаныш құралдарын бергендігін растайтын құжаттардың көшірмесің зерделейді;

      11) осы өндіріске (обьектіге) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық ведомоство бөлімшелерінің және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік органның бұрын берген ұйғарымдарының көшірмелерің зерделейді;

      Жұмысшының еңбек жағдайының санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамасы кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайларын тексеру барысында қолданылады.

      36. Кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайына тексеріс жүргізу барысында комиссия мүшелері қаджетті құжаттар мен ақпаратты сұратады. Сұраныс жіберілген ұйым талап етілген тексеру жүргізуге және санитариялық-эпидемиологиялық сипаттама құруға қажетті құжаттардың көшірмесін күнтізбелік 15 күннің ішінде жібереді.

      37. Комиссияның тексеру нәтижесі бойынша 3 жұмыс күні ішінде жұмыс берушімен "Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу бойынша нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылдың 28 желтоқсанында № 1055 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12655 болып тіркелген) бекітілген нысанына сәйкес Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы акт (бұдан әрі – Акт) толтырылады, ол үш күн ішінде зардап шегушіге немесе оның сенімді тұлғасына және аумақтық бөлімшеге жолданады.

      38. Акт басқа да тексеріс материалдарымен бірге жұмыс берушіде және аумақтық бөлімшелерде сақталады.

      39. Акт негізінде жұмыс беруші айлық мерзім ішінде кәсіптік аурулар мен уланулардың алдын алу бойынша шаралар жоспарын дайындайды, оның орындалуы бойынша және комиссияның шешімің аумақтық бөлімшеге жазбаша түрде хабарлайды.

      40. Басқа ұйымға жұмыс істеуге жіберілген жұмысткерде кәсіптік ауру немесе уланулар пайда болған жағдайда аталған кәсіптік ауру туындаған ұйымда құрылған комиссия тексереді. Комиссия құрамына жұмыскерді жіберген жұмыс берушінің (ұйымның, жеке кәсіпкердің) өкілетті өкілі кіреді. Жұмыс берушінің уәкілетті өкілінің келмеуі немесе уақытында келмеуі тексеру мерзімін өзгертуге негіз болып есептелмейді.

      41. Қосымша жұмыс атқару кезінде жұмысшыда пайда болған кәсіптік ауру немесе улану, қосымша жұмыс атқарылған орын бойынша тексеріледі.

      42. Тексеру кезінде кәсіптік аурудың пайда болуына әсер еткен зиянды өндірістік факторлармен қарым-қатынаста болмаған, сонымен бірге жұмыс жасамайтын тұлғалар үшін созылмалы аурулар мен уланулардың туындау себептері мен салдарларын тексеру, зиянды өндірістік факторлары бар бұрынғы жұмыс орны бойынша жүзеге асырылады.

      43. Егер зардап шегуші жұмыс істейтін немесе жұмыс жасаған жұмыс берушінің және орындалатын жұмыстың (оқудың) басқа да орындарының тұрақты мекенжайы әртүрлі облыста, ауданда және қалада, республикалық маңызы бар қалалар мен астанада болса, кәсіптік ауру немесе улану жағдайын тексеру Актісің жасау, жағдайды тіркеу және есепке алу кәсіптік ауру немесе улану орын алған обьектінің нақты орнында жүргізіледі. Актіде зардап шегушінің нақты жұмыс орны мен жұмыс берушінің заңды мекенжайы көрсетіледі.

      44. Кәсіптік аурулар немесе улануды ретроспективті тексеру нәтижелері бойынша, Акт мұрағаттық мәліметтерден қалпына келтіріледі немесе белгіленген тәртіпте кәсіптік аурулар немесе уланулардың орын алуы мен диагностикалануының бұрын болғанынан тәуелсіз, қайтадан құрылады немесе осы Акттың объектінің басшысының қолы мен мөрімен расталған дубликаты беріледі.

      45. Кәсіптік, инфекциялық және паразитарлық ауруларды тексеру ИАОЭТ картасына (бұдан әрі – ИАОЭТ Картасы) жазылады, ол Актіге қосымша болып есептеледі және сонымен бірге сақталады.

      Кәсіптік, инфекциялық және паразитарлық ауруларды тексеру нәтижесі бойынша ИАОЭТ картасы инфекциялық немесе паразитарлық аурулар диагнозын қойған медициналық ұйымға, аумақтық бөлімшеге, МДҰ, жұмыс берушіге және жұмысшыға жолданады.

  Халықтың инфекциялық және
паразиттік, кәсіптікаурулары
менуланужағдайларын
тексеруқағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Кәсіби ауру және улану туралы хабарлама Извещение о профессиональном заболевании и отравлении

      1.Тегі, аты, бар болған кезде әкесінің аты (Фамилия, имя, отчество)

      _____________________________________________________________________

      2. Жынысы(Пол)________________________________________________________

      3.Жасы(Возраст)______________________________________________________

      толық жасы (полных лет)

      4.Ұйымның атауы, оның меншіктік түрі (наименование организации, ее форма

      собственности) ____________________________________________________________

      5.Цехтің, бөлімшенің, учаскенің атауы (Наименование цеха,

      отделения,участка) _________________________________________________________

      6. Жалпы еңбек өтілі (Общий стаж работы).____________________________

      7. Еңбек өтілі (Стаж работы). Кәсіби ауруды туғызған өндірістік зиянды факторлармен

      жанасуда болған. (В контакте с вреднымипроизводственными факторами, вызвавшими

      профессиональное заболеваниесостоял)________________________________________

      8.Негізгі диагнозы (Основной диагноз) _______________________________

      Қосымша (Сопутствующий) _____________________________________________

      9.Ауруды тудырған зиянды өндірістік фактор (Вредный производственныйфактор,

      вызвавший заболевание) _____________________________________________________

      10.Қорытынды диагноз қойылған күн (Дата установления окончательногодиагноза)

      _____________________________________________________________________

      11.Диагнозды қойған ұйымның атауы (Наименование организации,установивший

      диагноз)__________________________________________________________________

      12.Хабарламаның тіркеу нөмірі (Регистрационный номер извещения № ___)

      "____" ___________________ күні 20 ж.(г.)

      Ұйымның Хабарлама жіберілген күн (Дата отправления извещения)

      мөрінің орны "____"___________________________ 20 ж.(.)

      Место печати Хабарламаны жіберген адамныңолы

      ___________________________________________________________________

      организации (Подпись лица, пославшего извещение) тегі, аты, бар болған кезде әкесінің

      аты(фамилия, имя, отчество)

  Халықтың инфекциялық
және паразиттік, кәсіптік
аурулары мен улану
жағдайларын тексеру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Кәсіби ауруы, улануы алғашқы рет анықталған адамдарды есепке алу ЖУРНАЛЫ ЖУРНАЛ учета лиц, у которых впервые выявлено профессиональное заболевание, отравление

      Басталды (Начат) "____"______________________________ 20 ж.(г.)

      Аяқталды (Окончен) "____"_________________________________ 20 ж.(г.)

Тіркеу нөмірі Регистрационный номер

Т.А.Ә.

Жынысы

Жасы

Ұйымның атауы

Цех, бөлімше, учаске

Кәсібі

Жұмыс өтілі

Ф.И.О.

Пол

Возраст

Наименование организации

Цех, отделение, участок

Профессия

Стаж работы

Жалпы еңбек өтілі

Кәсіби ауруды туғызған өндірістік зиянды факторлармен жанасуда болған

Общий стаж работы

В контакте с вредными производственными факторами, вызвавшими профессиональное заболевание состоял

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      жалғасы:

Өндірістік зиянды факторлар

Диагнозы

Қорытынды диагнозды қойған ұйымның атауы

Ескерту

Вредные производственные факторы

Диагноз

Наименование организаций, установившей окончательный диагноз

Примечание

10

11

12

13


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады