"Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 234 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 маусымда № 17045 болып тіркелді

      "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 19-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10999 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақта:

      1)және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) абонент – байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасасылған жеке немесе заңды тұлға;

      2) абоненттер туралы қызметтік ақпарат (бұдан әрі – қызметтік ақпарат) – байланыс желілерінде қарсы барлау қызметі мен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсаттарына ғана арналған және мыналарды:

      абоненттік нөмірлер иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, абоненттік нөмірлер туралы ақпаратты;

      ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары туралы ақпаратты;

      биллингтік мәліметтерді (абоненттің алған қызметтері туралы мәліметтерді);

      техникалық регламент талаптарына сәйкес желідегі абоненттік құрылғының тұрған жерін;

      деректер беру желісіндегі мекенжайды;

      деректер беру желісіндегі интернет-ресурстарға өтініш жасау мекенжайын;

      интернет-ресурстың сәйкестендіргіштерін;

      деректер беру желісінің хаттамаларын қамтитын абоненттер туралы мәліметтер;";

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға;";

      25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "25) телекоммуникация желісі – коммутациялық жабдықтан (станциялардан, кіші станциялардан, концентраторлардан), жол-кабельдік құрылыстардан (абоненттік жолдардан, жалғау жолдары мен байланыс арналарынан), беру жүйелері мен абоненттік құрылғылардан тұратын, телекоммуникация хабарларының берілуін қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен байланыс жолдарының жиынтығы;";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Телефон байланысы қызметтерін көрсету тәртібі";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақта:

      1)және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) абонент – байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасасылған жеке немесе заңды тұлға;

      2) абоненттер туралы қызметтік ақпарат (бұдан әрі – қызметтік ақпарат) – байланыс желілерінде қарсы барлау қызметі мен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсаттарына ғана арналған және мыналарды:

      абоненттік нөмірлер иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, абоненттік нөмірлер туралы ақпаратты;

      ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары туралы ақпаратты;

      биллингтік мәліметтерді (абоненттің алған қызметтері туралы мәліметтерді);

      техникалық регламент талаптарына сәйкес желідегі абоненттік құрылғының тұрған жерін;

      деректер беру желісіндегі мекенжайды;

      деректер беру желісіндегі интернет-ресурстарға өтініш жасау мекенжайын;

      интернет-ресурстың сәйкестендіргіштерін;

      деректер беру желісінің хаттамаларын қамтитын абоненттер туралы мәліметтер;";

      30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "30) ұялы байланыс – қызмет көрсетілетін аумақты бірқатар ұяшықтарға бөлуді пайдаланатын, абонент ұяшықтан ұяшыққа өткен кезде байланыстың үзіліссіз болу мүмкіндігін қамтамасыз ететін және радиотолқындар арқылы берілетін екіжақты (көпжақты) ақпарат алмасуға арналған электр байланысының түрі;";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Ұялы байланыс операторы және абонент арасындағы өзара қарым-қатынастар".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсету қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) абонент – байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасасылған жеке немесе заңды тұлға;

      2) абоненттер туралы қызметтік ақпарат (бұдан әрі – қызметтік ақпарат) – байланыс желілерінде қарсы барлау қызметі мен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсаттарына ғана арналған және мыналарды:

      абоненттік нөмірлер иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, абоненттік нөмірлер туралы ақпаратты;

      ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары туралы ақпаратты;

      биллингтік мәліметтерді (абоненттің алған қызметтері туралы мәліметтерді);

      техникалық регламент талаптарына сәйкес желідегі абоненттік құрылғының тұрған жерін;

      деректер беру желісіндегі мекенжайды;

      деректер беру желісіндегі интернет-ресурстарға өтініш жасау мекенжайын;

      интернет-ресурстың сәйкестендіргіштерін;

      деректер беру желісінің хаттамаларын қамтитын абоненттер туралы мәліметтер;

      3) абоненттік нөмір – ол арқылы басқа абоненттік жабдықпен қосылу сол арқылы орнатылатын шартты жасасқан кезде абоненттің пайдалануына бөлінетін және желіде абонентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нөмір;

      4) авторландыру – абоненттің және (немесе) пайдаланушының енгізген аутентификациялық деректерін байланыс операторының серверінде талдау процесі нәтижесінде абонентте және (немесе) пайдаланушыда Интернетке қол жеткізу қызметтерін алуға құқықтарының болуы анықталады;

      5) аутентификациялық деректер – Интернетке қол жеткізу қызметтерін және/немесе олармен технологиялық жағынан байланысты қызметтерді алу құқықтарын растау үшін пайдаланатын абоненттің және (немесе) пайдаланушының бірегей логині (login) және паролі (password), аутентификациялық деректер ретінде абоненттік нөмір де пайдаланылуы мүмкін;

      6) биллинг – абоненттерге көрсетілетін қызметтерді есепке алу операцияларын автоматты түрде орындауға, сондай-ақ оларды тарифтеуге және ақы төлеу үшін шоттар беруге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен;

      7) Интернет – электрондық ақпараттық ресурстарды жіберуге арналған телекоммуникациялардың біріктірілген желілерінің және есептеу ресурстарының дүниежүзілік жүйесі;

      8) Интернетке жылжымалы байланыс желілері қол жеткізу қызметтері – сағатына 150 км дейінгі ауысу жылдамдығымен байланысты үзусіз бір базалық станцияның бір қолданыс аймағынан басқа аймаққа ауыса отырып, абоненттік құрылғының Интернет желісінде жұмыс істеу мүмкіндігі;

      9) Интернетке қоғамдық қол жеткізу пункті – пайдаланушыларға ақылы немесе ақысыз Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсету орны;

      10) Интернетке қоғамдық қол жеткізу пунктінің иесі (бұдан әрі – иесі) – Интернетке қоғамдық қол жеткізу пункті меншікті құқықтарда немесе өзге заңды негіздерде тиесілі жеке немесе заңды тұлға;

      11) Интернетке қол жеткізу қызметі – Интернет желісін пайдалана отырып, деректерді қабылдау және беру бойынша қызмет;

      12) Интернетке қол жеткізу қызметтерінің операторы – байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға;

      13) Интернетке тіркелген байланыс желілері арқылы қол жеткізу – белгілі базалық станцияның қолданыс радиусында абоненттік құрылғының Интернетте жұмыс істеу мүмкіндігі, бір аймақтан басқа аймаққа ауысу кезінде байланыс үзіледі және қайта қалпына келеді;

      14) интернет-ресурс – аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық ресурс;

      15) қысқа мәтіндік хабарлама (бұдан әрі – SMS-хабарлама) – белгілі бірізділікпен терілген әріптерден және (немесе) сандардан және (немесе) символдардан тұратын және ұялы байланыс операторы желісінің техникалық мүмкіндіктерімен және абоненттік құрылғымен мүмкін болатын көлемдегі ақпараттық хабарлама;

      16) пайдаланушы – нақты функцияны және (немесе) міндетті орындау үшін ақпараттандыру объектілерін пайдаланатын ақпараттандыру субъектісі;

      17) техникалық мүмкіндік – байланыс операторының қолданыс аймағында абонентке Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсетуге қажетті жұмыс істейтін техникалық байланыс құралдары мен құрылғыларының болуы, сондай-ақ бос ресурстардың болуы.".

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Интернетке қол жеткізудің қызметтерін көрсету тәртібі";

      2-тарау мынадай мазмұндағы 2-параграфпен толықтырылсын:

      "2-параграф. Интернетке қоғамдық қол жеткізу пункттерінде Интернетке қол жеткізудің қызметтерін көрсету

      36. Интернетке қоғамдық қол жеткізу пункттерінде Интернетке қол жеткізу пайдаланушыларды авторландырудан кейін Интернетке қоғамдық қол жеткізу пунктіне байланыс қызметін көрсететін иеленушілеріне немесе байланыс операторларына беріледі.

      37. Пайдаланушыны авторландыру "Логин", "Пароль" жолы және "Парольды алу" белсенді элементі бар байланыс операторының немесе иесінің интернет-ресурсында пайдаланушыға тиесілі абоненттік нөмір бойынша жүзеге асырылады.

      38. Интернетке қоғамдық қол жеткізу пунктінде Интернетке қол жеткізуге рұқсат алу үшін пайдаланушы арнайы нысандағы "Логин" жолына абоненттік нөмірін енгізу арқылы авторланады және "Парольды алу" нысанының белсенді элементін пайдалану жолымен біржолғы дербес сәйкестендіргішке (парольге) сұрау салады.

      39. Иеленуші немесе Интернетке қоғамдық қол жеткізу пунктіне байланыс қызметтерін көрсететін байланыс операторы пайдаланушының "Логин" жолында көрсетілген абоненттік нөміріне біржолғы дербес сәйкестендіргіш (пароль) қамтылған SMS-хабарламаны жібереді.

      40. Пайдаланушы SMS-хабарламада алынған біржолғы дербес сәйкестендіргішті (парольді) арнайы нысандағы "Пароль" жолына енгізген кезде оны авторландыру аяқталады және пайдаланушыға Интернетке қол жеткізуге рұқсат беріледі.

      41. Пайдаланушы алған біржолғы дербес сәйкестендіргіштің (парольдің) жарамдылық мерзімі Интернетке қоғамдық қол жеткізу пунктінде пайдаланушының абоненттік құрылғысын Интернеттен ажыратқан сәтке дейін қолданылады.

      42. Интернетке қоғамдық қол жеткізу пунктінде пайдаланушыға қайталап Интернетке қол жеткізу қызметін көрсету осы Қағидалардың 38, 39 және 40-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      43. Елді мекендерде ұялы байланыс болмаған жағдайда, иесі пайдаланушының Интернетке қол жеткізуін жеке басын куәландыру құжаты бойынша жүзеге асырады.

      Иесі осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда пайдаланушыларды электрондық есепке алу журналын жүргізеді. Электрондық журнал пайдаланушының тегін, аты мен әкесінің атын (бар болған кезде), Интернетте жұмыс істеуді бастау мен аяқтау уақытын, пайдаланушы жұмыс істеген Интернетке қоғамдық қол жеткізу пункті иесі компьютерінің нөмірін қамтиды.".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      2018 жылғы "____" ________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады